Сабақ Адам мінезімен танылады Мақсаты: Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру. Міндеттері



бет1/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,13 Mb.
#674
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
2-сабақ

Адам мінезімен танылады
Мақсаты: Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

  • Жақсы/жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету;

  • Оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық дамытуға

ықпал ету;

  • Өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылармен аманд асқаннан кейін олардың көңіл күйлерін көтеріп, сабақта көңілді орта құру мақсатында «Балалығым – бал дәуренім» әнін айтуды ұсынады.

Балалығым – бал дәуренім

Сөзі А.Айтбайдікі

Әні Қ.Сақайдікі

Әңгімелесу

Адам өмірі – іс-әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көз-қарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез-құлықтың адамның қарым-қатынас жасауында алатын орны, адамның өз мінезін өзгерте алатындығы, оның үнемі өзіне-өзі сын көзбен қарай отырып, өзін-өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.

  1. Мінез дегеніміз не?

  2. Адамның мінезі қайда және қалай танылады?

  3. Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер ете ме?

  4. Адам өз мінезін өзгерте ала ма? Қалай?

Дәйексөз

Оқушылардың мінез-құлық туралы ойларын түйіндеу мақсатында оқулықта мінез туралы нақыл сөз берілген.

Мұғалім оқушылардың мәтінді оқығаннан кейінгі ойын толық тыңдап алған соң, олардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, дәйексөзбен қорытынды жасайды.

Мұғалім көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедұлының: «Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» деген нақыл сөзінен түрлі қабілеттер және мүмкіндіктермен қоса, жақсы мінез де адамның өмір жолын, тағдырын белгілеуге үлкен әсер ететінін оқушыларға түсіндіреді.
Мәтінмен жұмыс

Жаңа сабқатың мазмұнын аша түсу үшін және адамдар арасындағы қарым-қатынаста мінез құлықтың орнын түсіндіру мақсатында оқушыларға Б.Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» әңгімесін оқу тапсырылады.

Әлім мен Жанар

Б.Тұрсынбаев

Жаңа ақпарат

Оқушылардың мәтін арқылы түйген ойлары оқулықтағы жаңа ақпаратпен толыға түседі. Оқулықта адамның мінез-құлқына қатысты негізгі тұжырымдамалар берілген:

«Адамның мінезі оның басқа адамдарға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасынан, іс-әрекеттерінен байқалады.

Адам өзін-өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез-құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болу керек.

Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, өз мінезін жетілдіре алады».

Адамның қасиеттері өзінің жеке бойына тән болса, мінез міндетті түрде қарым-қатынас барысында айқындалады. Оқушылардың жауаптарын пайымдай келе мұғалім: Адам өз мінезін дұрыс қалыптастыру үшін не істеуге болады? Мінезді қалай шынықтыру керек? – деген сияқты сұрақтар қойып, оқушылардың ойларын тыңдай. Осы жерде мұғалім сыныптағы мінез өте жақсы оқушыларға тоқтала кетіп, олардың басқаға үлгі болып, барлық оқушымен жақсы қарым-қатынас жасауы – олардың мінездерінің жайлы да жағымды болғанынан деген қорытынды жасап кетуіне болады.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген криптограмманы шешіп, «Өзін-өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзіне пайымдау жасау тапсырылады.

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларға шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің жақсы қасиеттерін тізбекпен (оң жақтан бастап өзінен кейінгі балаға) айтып шығуды тапсырады. Мұғалім шеңберге тұрады да, өзі бастап үлгі көрсетеді.

4-сабақ

Адамның жан сұлулығы
Мақсаты: Оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Адамның «Жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;

  • Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту;

  • Жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғаілм балалардың көңіл-күйін көтеру, ынтасын арттыру және сабаққа әзірлеу мақсатында Ш.Қалдаяқовтың «Балдырғандар» әнін қосылып айтып, шаттық шеңберін өткізеді.

Балдырғандар әні

Сөзі О.Әубәкіровтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Әңгімелесу

Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс-тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта, «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысады:

Ал енді сендер әдемілік, сұлулық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аламыз ба? Неге?

Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едіңдер?

Адам сұлулығын қандай ісінен байқауға болады?

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім айтылған ойларды бекіте түсу үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарымен берілген «Сұлулық сыры» атты мәтінді оқып, сұрақтар арқылы талдау барысында адамдардың қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен оның ішкі дүниесінің сұлулығын байқауға болатынына оқушылардың көңілін аудартады. Мәтінде Мақсұт ағайдың «Өзіңді өзің өзгерту және жақсылыққа жете білу өзіңнің қолыңнан ғана келетін іс» деген ақыл-кеңесіне мән беру арқылы балалардың жаны сұлу адам болуы өз қолында екендігін түсіндіру де ерекше маңызды болып табылады.

Сұлулық сыры

А.Л.Бжисканың ізімен

Сахналау

Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген диалогті сахналау ұсынылады.

Жан сұлулығы

Дәйексөз

Мұғалім оқушылардың сахналаудан алған әсерлерін қорытындылап, оқулықта берілген Виктор Гюгоның «Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек» деген дәйексөзінің мағынасына мән береді. Адам сыртқы сұлулығы толық болуы үшін адалдық, мейірімділік, сезімталдық, сыйластық сияқты адамгершілік қасиеттерден бастау алатынын түсіндіреді.

Тыныштық сәті

Мұғалім оқушылардың сәл тыныстап, алған білімдерін жинақтап өздерінің ой таразысына салу мақсатында тыныштық сәтін өткізеді. Олардың денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отыруын, 1 минут үзіліс жасауын сұрайды.

Жаңа ақпарат

Оқулықта бірлген жаңа ақпаратты талдау барысында жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттердің болуы қажет екенін түсіндіру мақсаты қойылады. Оқушылар төмендегідей жаңа ақпаратпен танысу арқылы алған білімдерін тиянақтай түседі.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім ажн сұлулығы туралы дәптерде берілген 1,2,3-тапсырмаларды сыныпта немесе үй жұмысы ретінде орындату арқылы оқушылардың сабақтан алған білімдерін өздерінің тұжырымдауына көңіл бөледі.

Жүректен жүрекке

Мұғалім балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып, өз бойларындағы жақсы қасиеттерін таныту мақсатында және алған білімдерін қорытындылау үшін бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады. «Бақытты балалық» шақ әнімен сабақты аяқтауға болады.
Бақытты балалық шақ

Сөзі Ж.Тұрбековтікі

Әні Ә.Есбаевтікі

5-сабақ

Жақсы көңіл-жан шуағы
Мақсаты: жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:



  • өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету;

  • Өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

  • Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамадарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушылар жылы сезімге бой алдырып, жарқын көңіл күйге түсу үшін

мұғалім мейіріммен шаттық шеңберіне шақырады. Балалар өздерінің ақ ниеттерін бере алатындай бір-бірінің көзіне қарап тұрып, шеңбер жасап, «Қуанамын» әнін шырқайды.

Қуанамын

сөзі А.Махамбетованікі,

әні М.Жәутіковтікі

Қуанамын мен күнде,

Таң арайлап атқанда.

Күн шуағын төгіп бір,

Гүл жұпарын шашқанда

Қуанамын мен күнде,

Бұлбұл құстың үніне.

Бейбіт елге мол шуақ,

Төгіп тұрған күніме.
Қуанамын сәт сайын

Әкем еркелеткенде.

Құшағында анамның

Тәтті ұйқыға кеткенде.


Қуанамын әр күні

Болған сайын көңілді.

Ата-анам сыйлаған

Жақсы көрем өмірді.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушыларға оқулықта берілген сұрақтарды оқып, ойлануға шақырады. Оның мақсаты – түрлі көңіл күйдің адамдар арасындағы қарым-қатынасқа әсері, жалпы адамның өмірлік айқындамасын белгілеудегі маңызын ашу.

Қандай сезімдер көңіл күйге жағымды әсер етеді?

Басқа адамдардың көңіл күйіне түсіністікпен қарай аласыңдар ма?

Сендерге айналадағы адамдардың көңіл күйі қалай әсер етеді?

Адамның көңіл күйіне табиғаттың әсері бола ма?

Әңгіменің басты бағыты адамның өз көңіл күйін билей білуіне, өзінің сезімін пайымдай білуіне негізделуі қажет. Егер адам өзінің нені қалайтындығын, өзге адамдардың өзіне деген көзқарасын (жақсы/жаман) бағалай білетін болса, өз қалауын (жақсы/жаман болу) жүзеге асыру өз қолында екендігін түсінеді. Сұрақтар арқылы адамның өзін жақсы ұстауы өзгемен қарым-қатынасының жақсы болуына, өзгенің көңіл күйін дұрыс қабылдай білуіне, өзінің әркеттерін дұрыс бағалай білуіне жетелейді.

Жаңа ақпарат

Оқушыларды оқулықта берілген: «Көңіл күй – адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға деген қатынасының көрінісі. Махаббат, бауырмалдық, жанашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүргеіне қуат береді» деген түйіндемемен таныстыра отырып, мұғалім жақсы көңіл күй, адал ниет, ақ көңіл адам өмірінің нұрлы болуына, басқалармен тез тіл табыса білуге, сол арқылы өзін қоршаған ортамен жарқын жарастыққа, бауырмалдыққа, достыққа, тіпті бақытқа қол жеткізудің алғышарты болатындығына назарларын аудартады.



Сахналау

Оқушыларға адамның көңіл күйі, түрлі сезімдері іс жүзінде қалай көрініс беретіндігін, оның өзге адамдарға қалай әсер ететіндігін терең түсіне білуі мақсатында оқулықта берілген тапсырманы:

Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш;

Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң;

Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық;

Өз достарыңның жеңісіне мақтаныш;

Өзіңнің жіберіп алған қателігіңе реніш деген тақырыптарды сахналап көрсету ұсынылады.

Ойын

Осы мақсатты тереңірек меңгерулері үшін оқушылар екі топқа бөлінеді де, бір-бірлеріне өз ойларын оқулықта берілмеген, қосымша түрлі эмоциялар мен көңіл күйлерді бейнелейді де, қарсы топ мұқият қарап тұрып, қандай көңіл күй екенін табуға тырысады. Мұғалім оқушылардың өз ойларын толық айтуына мүмкіндік береді. Сонан соң осы көңіл күйлерді қандай белгілер арқылы ажыратқандарын сұрайды. Ең бастысы анықталған көңіл күй өзіне қалай әсер еткендігін, өз бойында қандай сезімдер (жақсы/жаман) туғызғанын және не оның өзара қарым-қатынасқа қалай әсер ететіндігін, оны болдырмау үшін өзін қалай ұстау керектігін оқушыларға жетекші сұрақтар беру арқылы анықтайды.



Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқымас бұрын мұғалім «Қандай нәрселер адамды қуанышқа бөлейді?» немесе «Өзінің қай уақытта қуаныш сезім билейді?», «Анаңды қуантқан кездерің болды ма?», «Досыңның қуанғанын қалай білдің?» деген сияқты жанма сұрақтар қойып, «қуаныш» ұғымының мағынасын ашып алуы керек. Мәтінді берудегі мақсат – адамның өз өміріне риза болып, қуаныш сезіміне бөленуі үшін көп нәрсе қажет емес, қанағатсыздық қуанышты тұншықтырады, адамның толыққанды бақытқа қол жеткізуіне кедергі болатындығын оқушылар бойынша сіңіру.

Мұғалім жаңа мәтінді меңгеру жұмысын әр түрлі ұйымдастыра алады. Балалардың өз бетінше материалмен танысуына немесе мәтінді бірнеше бөлікке бөліп оқығанынан кейін, әр бөлігіне жеке-жеке талқылау жасауына болады. Ең бастысы-балалардың «мынау дұрыс», «мынау дұрыс емес» деп кесім айтуына жол бермей, әр кейіпкердің «Аленка, Таня, Ваня, Демушка, Петя және т.б.) жан дүниесін дұрыс ұғына білуіне басшылық жасауы қажет. Әр кейіпкерді өзіндік көзқарасын, ішкі жан дүниесін терең түсіну үшін оқушыларды шартты түрде рөлдерге бөліп, өз еншісіндегі кейіпкердің көзқарасын қорғап шығуға шақыруға болады. Алайда мұғалім аса ептілікпен әңгіме желісін осылардың ішіндегі неғұрлым балалар үлгі алатындай кейіпкердің айналасында шоғырландырғаны жөн. Немесе жалаң насихат айтудан гөрі, осы кейіпкерді (атап айтсақ – Ваняны балалардың өздері қорғап қалатындай етіп, кері бағыттағы оймен (Аленка) пікірталасты өршіте түсуге болады.

Қуаныш

Л.Воронкованың ізімен.

Мұғалім оқушылардың жауабын оқушы жауабын оқушы үшін айналадағы қоршаған ортадан байқаған әрбір жаңа нәрсе, әрбір қол жеткізген жаңа табысы (білімдегі, өнердегі, өмірдегі және т.т.) қуаныш әкелетінін айтып, қорытынды жасайды.

Тапсырма.

Мұғалім көрнекті педагог-ғалым Ы.Алтынсариннің еңбегінен алынған үзіндіні оқып шыққаннан кейін оқушылардың өз пікірлерін айтып, пайымдау жасауына мүмкіндік береді.



Таза бұлақ (үзінді) Ы.Алтынсарин

Менің ойыма бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тұнып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады.

Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта: бұлаққа қарасаң, күн түссе – күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілін сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін...

Оқушылардың пікірін тыңдап болған соң, мұғалім жетекші сұрақтар, мәселен: «Көңіліңді, бойыңды бұлақтай таза сақта дегенді қалай түсінуге болады?», «Адамның мінез-құлқындағы «шөп-шалам», «лай-қоқым» деп нені айтар едіңдер?», «Өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден қалай арылуға болады?» деген сұрақтар арқылы оқушыларға бағыт беріп отырады.



6-сабақ

Жақсы көңіл күй – жан шуағы

Мақсаты: Жақсы көңіл күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы түсініктерін кеңейту:

Міндеттері:

  • Өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету;

  • Өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту;

  • Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге,

адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Адамды қуанышқа кенелтетін оқушылардың бір-біріне игі тілек айтуымен ұйымдастыруға болады.

Дәйексөз

Өткен сабақтағы ұғымдар мен түсініктерді бекіте түсу үшін мұғалім сабақты дәйексөзден бастайды. Мақсат – Уильям Гэзлиттің «Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» деген нақыл сөзінің мағынасын ашу арқылы адал ниет, жақсы көңіл күй, жақсы мінез-құлықтың адами қарым-қатынас жасаудағы, адамның өміріндегі маңыздылығына назар аударту.

Тапсырма

Мұғалім оқушыларды мінез-құлық түрлерімен таныстыру мақсатында өздеріне таныс шығармалар кейіпкерлерінен мысал келтіре отырып, жағымды/жағымсыз мінез-құлықтардың мәнісін ашуды тапсырма ретінде ұсынады. Адамның жаман ниеті оның мінез-құлқына, көңіл күйіне, эмоциясына кері әсер етіп, оның бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерін жояды, рухани жұтаңдыққа әкеліп соқтырады. Сондықтан да оның рухани үйлесімділікке қол жеткізуі пейілінің кеңдігі мен ниетінің тазалығында екендігіне назар аудартады. Мінез-құлықты, көңіл күйді өзгерту әр адамның өз қолында екендігінде берілген тапсырмаларды талқылау барысында көз жеткізеді. Тапсырма дәптерде орындалады.

  1. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам

мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

Абай Құнанбаев

  1. Адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы

тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан.

Жүсіпбек Аймауытов

  1. Тәуір мінез білімнің аздығынан гөрі, жігердің

жетіспеуінен көбірек жапа шегеді.

Генри Спенсер
4. Мінез дегеніміз моральдық әдеттердің жиынтығы.

Анри Стендаль

5. Мінез-құлық - әркім өзінің кейпін көрсететін айна.

Иогани Вольфганг Гете

6. Мінезі бірқалыпты адамдардың өмірі де жайма-шуақ

болады.

Демокрит

Ойын

Дәптерде ұсынылған әрбір портретке қарап отырып, кейіпкердің бейнесін «тірілтіп» және сол мимикаға сәйкес сөз арқылы сахналап көрсету тапсырылады.

Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың өмірінде болған ең қызықты күндерін естеріне түсіріп, «Менің көңіл күйіме әсер еткен оқиғалар» тақырыбына әңгіме құрастыру сұралады. Осы оқиға барысында адамдардың көңіл күйінде қандай өзгерістер болғаны, осы оқиға барысында адамдардың өздерін қалай ұстағаны, өз сезімін бақылай алмағандар жайында сұрақтар арқылы оқушылардың ой кеңістігін саралайды.

Жағдаяттарды талқылау

Жағдаяттарды талқылаудың мақсаты – оқушылардың өзін қоршаған адамдардың көңіл күйіне аса көңіл бөліп, елгезек болуына ықпал ету. Кейіпкерлер арасында туындаған жағдаятты шешу балалардың өз еркіне берілді. Оқушылар кейіпкерлер бойындағы қасиеттерді анықтап, осы жағдайдың алдын алу жолдарын белгілеуге мүмкіндік алады.

1- жағдаят.

Аянның қылығы Абзалға қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?

Абзалға қандай кеңес берер едіңдер?

2- жағдаят.

Теледидар көріп отырған Беріктің ағасы жұмыстан келді де, жағдайын сұрады. Берік болса, жауап бермей, теледидарды қарай берді. Әжесінің бірнеше рет асқа шақырғанын да естіген жоқ. Әжесінің көңілі су сепкендей басылып, ренжіп қалды. Ол немересінің сүйікті тамағын дайындап қойған еді.

Беріктің қылығын қалай түсіндіруге болады?

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушылардың шеңберге тұрып, «Ертегі Сарай» әнін қосылып айтуларын сұрайды да, сабаққа белсенді араласқандары үшін оларға алғыс айтады.

Ертегі Сарай

Сөзі С.Қалиевтікі,

әні Б.Дәлденбайдікі

7-сабақ

Жақсылықпен жаным дос
Мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту;

  • Жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

  • Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер

құрып, ән айтуға шақырады.

Біз өмірдің гүліміз

Сөзі Ә.Дүйсенбиевтікі,

әні Б.Ғизатовтікі

Әңгімелесу

Оқулықта берілген «Ойланайық, пікірлесейік» сұрақтары арқылы мұғалім балалардың игерген біліктері мен өз бойларында қалыптасқан жақсы қасиеттерін айқындайды.

Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта берілген сұрақтар қолданылады:

Балалар жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Жақсылық жасау деген не?

Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Жақсылық жасау адамның парызы ма?

Мұғалім оқушыларға жақсылық жасаудың не екенін және адамның бойында қандай қасиет болғанда ғана жақсылық жасай алатынын түсіндіреді. «Жақсылық жасау адамның парызы ма?» деген сұрақты талдау барысында оқушылардың айтқан ойларын «Мәтінмен жұмыс» айдарында берілген «Жақсылыққа жақсылық» ертегісімен толықтыра түседі.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқып талдауда жақсылық, жақсылық жасай білуді түсіндіруде ертегі мазмұнындағы «Сонда балаға ой түседі. Осы уақытқа дейін жақсылықтың не екеніне түсінбегеніне, тіпті біреуге жақсылық жасамағанына қатты өкінеді» немесе «Бала сол күннен бастап, өз бойындағы жалқаулық пен қайырымсыздық сияқты теріс қылықтардан арылып, риясыз жақсылық жасауға дағдыланыпты» деген негізгі ойға баса назар аударылады.

Жақсылыққа-жақсылық

Ертегі

Мәтінді сұрақтар арқылы талдау барысында балалардың бойында өзімшілдік сияқты жаман қасиеттерді болдырмау, өз еріктерімен шын жүректен риясыз жақсылық жасау, көмектесу, қамқорлық көрсетудің маңыздылығы түсіндіріледі. Жақсы іс-әрекеттерді жасай білуді үйретуге мән беріледі. Мұғалім осы ертегілердегі түйінді ойлар оқушылардың естерінде қалуы үшін дәптердегі 1-тапсырманы орындатып, суреттер салғызуына болады.

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмысты орындатуда оқулықта берілген ертегілердің үзінділерін оқып шығып, өз ойларымен жалғасын айту барысында жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңыздылығын ұғындыру мақсаты қойылады. Шығармашылық жұмысты оқушылардың жекелей немесе топпен орындатуына болады.

1. Қарлығаш пен дәуіт

Ертегі

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді...




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет