Сабақ: Ақылды күшік №16 орта мектеп Күні: 13. 03. 2019 Мұғалімнің аты-жөні: Нисанова Т. Т



бет1/16
Дата10.10.2019
өлшемі1,01 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Сынып: 2 «В» Пән: Қазақ тілі Т2 6-бөлім «Салт-дәстүр»

САБАҚ: Ақылды күшік

16 орта мектеп

Күні:13.03.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Нисанова Т.Т.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

2.1.5.1 тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау.

2.2.3.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

2.5.1.2 сөйлеу барысында көптік /тәуелдік/ септік/ жіктік жалғауларын қолдану.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: сөйлеу барысында көптік /тәуелдік/ септік/ жіктік жалғауларын қолданады.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды.



Кейбір оқушылар орындай алады: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысады және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.



Бағалау критерийлері

Тақырыпқа қатысты тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, күшігі жайлы ақпарат бере алады, сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

Жақсы қарым-қатынас орнату




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

5 мин


1. Сәлемдесу

«Шаттық шеңберін» құрайды. Оқушылар шаттық шеңберіңде қол ұстасып тұрып, өлеңді айтады.

Мен оқушы баламын,


Оқу, білім аламын.
Тапсырманы игеріп,
Сабақта белсенді боламын.

Жарайсыңдар балалар!



2.Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Құпия хат» әдісін қолданамын. Екі орындықтың астына 2 конверт жасырылады. 1- ші конвертте АҚЫЛДЫ сөзі, 2-ші конвертте КҮШІК сөзі жасырылады. Оқушылар тақырыпты айқындап, сабақ мақсатын айқындайды. Сабақ тақырыбы: Ақылды күшік
3.Топқа бөлу: Күшіктердің түсіне байланысты 3 топқа бөлінеді.

4. «Балмұздақ таяқшалары» әдісі бойынша өткен тақырыпқа шолу жүргізу. Топтарға балмұздақ таяқшалары таратылады. Әр топта 1 боялған таяқшаны алған оқушы мысық туралы өз жұмысын ұсынады, топтағы оқушылар толықтырып, қолдау көрсетеді.


Өлең жолдары

Жарайсыз!

Конверт

Қима қағаз

Таяқшалар


Жарайсыңдар!

Ортасы

30 мин


Сергіту сәті

Мәтіналды жұмыс

1.«Топтастыру» әдісі арқылы күшік сөзінің мағынасын ашып алайық




Күшік

(Мысалы: кішкентай, менің досым, сүт ішеді, құлағы, көзі, мұрны, аяқтары бар,...) Жарайсыңдар!

Әр дұрыс жауапқа жетон беріледі

2. Жаңа сөздермен жұмыс-суреттермен көрсету- жаңа сөздерді айтады- қайталайды-өздері қайталайды- жеке-жеке айтады.

Қарғыбау-ошейник

Құлақ-уши

Құйрық -хвост

Үреді-лает


«Домино» әдісі (3 топқа бір мәтін беріледі. Ол конверт ішінде шашулы сөйлемдер күйінде болады. Мәтіннің басы, соңы қара түспен белгіленген.)

3.Тапсырма: Мәтінді мұқият тыңдаңдар. Мәтін сөйлемдерін рет-ретімен құраңыз.

Дескриптор

* Мәтін сөйлемдерін рет-ретімен қатесіз құрастыра алады.

* Мәтінді құрастырғанда 2 қате жібереді

* Мәтінді құрастырғанда 3 қате жібереді

Әр топтың құрастырған мәтіндерін тыңдаймыз. Кейін мәтінді қайта тыңдату арқылы топтар өздері құрастырған сөйлемдердің дұрыстығын интерактивті тақтада тексереді.

Ақылды күшік

Әлібектің күшігі бар. Оның аты-Ақтөс. Күшік ақылды. Ақтөстің құлағы, құйрығы қоңыр. Күшіктің қарғыбауы бар. Күшігі Әлібекпен ойнайды. Олар- дос.

«ПАЗЛ» құрастыру әдісі

Топтардың оқушылары кезекпен алдарында жатқан пазлды алып, онда берілген сұраққа жауап береді, қиындыны тақтадағы күшіктің сұлбасына жапсырады

Дескриптор


  • Оқушылар суретті құрастыра алады

  • Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Сұрақтар :

Әлібектің күшігі бар ма?

Оны қалай атайды?

Күшік қандай?

Күшіктің құлағы, құйрығы қандай?

Күшіктің қарғыбауы бар ма?

Күшік не істейді?

Міне, ақылды күшігіміз осы, біздің халқымыз итті жеті қазынаның біріне жатқызады, себебі ит малымызды, үйімізді күзетеді, аңға шыққанда аң аулауға көмектеседі. Иттердің түрлері көп. Мысалы: тазы,алабай, доберман, спаниель, хаски



Фонетикалық ойын

Жуан, жіңішке буынды сөздер оқимын.Оқушылар жуан буынды сөздер айтылса оң қолын, жіңішке буынды сөз айтылса сол қолын көтеру керек.



4.Тапсырма: «Суреттерді сөйлетеміз» әдісі. Жұптық жұмыс

Менің ақылды.

Ақтөстің қоңыр.

Күшіктің бар.

Күшік ойнайды.

Олар


Критерийлер: шығарма құрылымын сақтау. құрамы 4-5 сөйлем кері байланыс
Ақылды күшік менің күшігім бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет