Сабақ Ана тілі Тақрыбы: Қөрікті көктем Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин туралы түсінігін кеңейту «Көктемнің кереметі» мәтінінің мазмұнын ашу



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі488,73 Kb.
#30978
түріСабақ
  1   2   3
Ашық сабақ

Ана тілі


Тақрыбы: Қөрікті көктем

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың Ыбырай Алтынсарин туралы түсінігін кеңейту «Көктемнің кереметі» мәтінінің мазмұнын ашу.

Дамытушылығы: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, мәтіндегі негізгі идеясын түсініп мағынасын толық айтып жеткізуге

ықпал жасау. Сөздік қорын дамыту, және дұрыс қатесіз шаншаң оқуды қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғатта сүюге оның байлығын қорғай білуге тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ – жауап, топтық ойын жарыс түрінде ойды жинақтау түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, слайд, корточкалар.

Барысы:


І Ұйымдастыру кезеңі

Псикологиялық дайындық.

Тілім менің – Ана тілім

Жырым менің – Ана тілім

Қазағыма қасиетті

Жаса мәңгі – Ана тілім

Оқимыз біз, үйренеміз талпынып

Қиналсақта, қысылсақ та алқынып

Асу бермес болсаңдағы сен алып

Меңгереміз, үйренеміз, сені оның

Сабаққа біз даярмыз

Жалқаулықты қоямыз

Үздік оқып әрқашан

Кілең бестік аламыз.

Балалар көңіл күйлерің қалай?

Керемет.


Балалар сабаққа дайындықтарың қалай?

Тамаша.


Мұғалім: Ендеше сабағымызда бастайық.

Үй тапсырмаларын сұрау

Ой қозғау.

Бақташы (ертегісі)

Ертеде бір кемпір мен шал орманда өмір сүріпті. Олар орман

бақташысы екен. Екеуі жыл сайын үйдің бақшасына әр түрлі жеміс ағаштарын отырғызыады екен. Қыс кетіп көктем айы да келген екен. Өткен жылы қарақат пен жүзім ағашын отырғызын баптап күткен жеміс ағаштары мол жеміс берген екен. Екеуі биыл ақылдасып бақшаға алма мен алмұрт ағашын отырғызып баптапкүтіп жемісін жейік деп келіседі. Бірақ ата мен әже әбден қартайған. Көмектесетін ешкімі жоқ екен. Шіркінай бізге көмек беретін балаларымыз болса ғой деп армандап жылайды екен. Олай болса ата мен әжеге алма алмұрт ағашын отырғызуға баптауға көмектеселік.

І – топ Алма ағашы

ІІ – топ Алмұрт ағашы

Ыбырай Алтынсаринның өлеңі ІІ топ бөліп оқиды. Мәнерлеп оқиды. І тапсырма

І – сұрақ І топ Ыбырай Алтынсарин қашан дүниге келді?

Ы.Алтынсарин (1841-1889) Қостанай облысы Қостанай ауданында дүниеге келген.

І – сұрақ ІІ топ. Ыбырай Алтынсарин кім?

Қазақтың тұрғыш ағартушысы педогог ақын жазушы балалар – әдебиетінің ақыны.

ІІ тапсыпма арқылы ағашты отырғыздық.

Мал қай кезде төлдейді?

Көктемде.

Төл туралы өлеңді І – ІІ топ бөліп мәнерлеп оқиды. (Ағаш тамырланады)

Жаңа сабаққа дайындық.

Балалар біз кім? не? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді қай сабақта таныстық.

Заттың атын білдіретін сөздер деген ереже бойынша Қазақ тілі сабағында таныстық.

Олай болса сабағымыздың тақырыбын сөз жұмбақ арқыл ашайық.

Не?


Күн – күркіреді.К

Қызғалдақ – өседі.Ө

Дала – көктеді.К

Мал – төлдеді.Т

Қар – ериді.Е

Төлдер – маңырайды. М

КӨКТЕМ

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақрыбы: «Көктем» екен. Бұл мәтінді жазған Зейнеғаби Иманбаев.



Ой жақыру

Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем

Көктем мезгіліне қандай айлар жатады?

Наурыз, сәуір, мамыр.

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқып беру (талдау жасау)

Оқушылар көз жүгіртіп оқиды.

Мәтінді бөлімдерге бөлу.

Мәтінге ат қоюу.

І – топ Бөлімге ат қояды. Бөлімді талдайды. Қос қараторғай.

ІІ – топ Бөлімге ат қояды. Бөлімді талдайды. Сырғалы торғай.

Ағаш тамырланады.

«Топтастыру» стратегиясы.

Жаңбыр жаууы Жыл құстары келеді



Ағаш гүлденеді

Мал төлдейді Көктем құбылыстары

Табиғат тіріледі Қызу еңбек басталады

(Ағаш бүршік жарды)

Топ бойынша тапсырма беру.

І – топ. Көктем туралы эссе жазу.

ІІ – топ. Көктем туралы сурет салу.

І – топ. Шығарманы талдайды.

ІІ – топ. Сызған суреттерін талдайды.

Екі топта өз ағаштарына өз алма, алмұрттарын іле бастайды.

Сергіту сәті: музыка және видео арқылы.

Жұмбақ шешу арқылы сурет құрастырайық.

Балалар мына сурет әдемі ме?

Жоқ.


Мен жұмбақ оқимын сендер шешіңіздер.

Аспанға жайып қойған,

Ақ мақтамғайып болған.

(бұлт)


Ақ сандығымын ашылды

Ішінен жібек шашылды. (күн)

Қыста киімін тастайды

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)


Гүлдер гүлдер шоқ гүлдер

Қызыл гүлдер, көк гүлдер

Тұра берші ырғалып

Тұра берші нұрланып

Бұл өлеңді не туралы (гүл)
Шарлап келіп даланы

Үйіме үйін салады (қарлығаш)


Кішкентай ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (қозы)


Тастан – тасқа секіреді

Қалқиып қос құлағы (лақ)


Мө – мө деген әні бар

Үй маңынан табылар (сиыр)


Көкке шаншып құйрығын

Келеді шауып жүйрігім (құлыншақ)


Өзі үлкен жануар

Төбесінде тауы бар (бота)


Балалар сурет әдемі болды ма?

Иә өте әдемі болды.

Біз Көктемнің кереметі мәтінінің мазмұнын аша білдік.

Сурет бойынша көктемдегі табиғаттың айту талдау.

Топтастыру (слайд)

Сергіту сәті: видео арқылы.

Мағынамен тану.

І – топ Көктем тақрыбына эссе өлең жазады.

Көрікті көктем айын да келіп жетті. Күн жылынып қар ери бастады. Мал төлдеп, қора маңы дуда – ду. Ағаштар бүршік жарып, ауыл іші

жасыл тоңға оранды. Біз бау бақшаны ауланы тазартық. Жыл құстары

келді. Мен оған ұя жасап қойдым.

ІІ – топ. Көктем тақрыбына сурет салу. Ұя құрастыру.



Реп рефлессия: Алма, алмұрт, ағашпен бүлдендіру.

І – топ алма ағашы.

ІІ – топ алмұрт ағашы.

Бағалау.

Топ басшысы өз тобын жұлдызбен гүлмен жеке-жеке бағалау.



Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. Сұраққа жауап жазу. Мақал-мәтел жұмбақ жаттау.

Каталог: E534B2A8A88DAB2E
E534B2A8A88DAB2E -> Сабақтың тақырыбы: «Менің бөлмем»
E534B2A8A88DAB2E -> Сабақ даярлық сынып Тақырыбы: Ойнайық та,ойлайық
E534B2A8A88DAB2E -> Сабақтың тақырыбы: Ң дыбысы мен әрпі Сабақтың типі: Интербелсенді Сабақтың түрі
E534B2A8A88DAB2E -> Сабақтың мақсаты : Шыншылдық туралы түсініктерін кеңейтіп,дұрыс іс -әрекет құндылығының мағанасын ашу
E534B2A8A88DAB2E -> Plan of the lesson Ашық сабақ жоспары
E534B2A8A88DAB2E -> Новокубанка орта мектебінің қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің 2014-2015 оқу жылының жылдық қорытынды есебі Тақырыбы
E534B2A8A88DAB2E -> Тақырыбы: Менің Отаным –Қазақстан Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет