Сабақ Ақпарат, хабар және сигналдарды талдау



Дата08.02.2022
өлшемі19,1 Kb.
#119606
түріСабақ
Байланысты:
№1 Практикалық сабақ
Абай зияткерлік сайысы, Документ, 000cafce-eac7bc97, Махаббат қызық мол жылдар (3)

1 практикалық сабақ
Ақпарат, хабар және сигналдарды талдау


Хабарлама деп – мәліметтерден (ақпарат) тұратын таңбалар (символдар) жиынтығын айтады. Дискретті тарату көзінің хабарламасы (жеделхат мәтіні, ЭЕМ шығысынан берілгендер және тағы басқалар) жұп жиындарды құраса, ал үздіксіз тарату көзінің хабарламасы (сөз, музыка, теле­дидарлық көрініс) тақ жиындарды құрайды.
Хабарламаның уақыт бойынша берілуін көрсететін (тасымалдайтын) физикалық процесті сигнал деп атайды.
Егер сигнал тек дискретті мәндерді қабылдайтын и(1) функциясынан тұрса, онда ол дискретті сигнал болып табылады (күйі бойынша дискретті).
Егер сигнал кейбір интервалда кез келген мәнді қабылдайтын болса, онда ол үздіксіз немесе аналогты сигнал болады.
Кейбір жағдайларда хабарлама уақыттық өсьтің барлығында беріле бермейді, тек қана нақты кездерде берілуі мүмкін. Мұндай хабарламаларды уақыт бойынша дискретті деп атайды.
Электр байланысына қойылатын негізгі мәселелер мен талаптар
Электр байланысына қойылатын талап берілген хабарды алушыға жеткізіліп берудің ең жақсы әдісін табу. Мұндай мәселені дұрыс шешу үшін берілетін хабардың жаратылысымен құрылымын оны түрлендіріп, өзгерту әдістерін оның жүріп өтетін жолының сипаттамасын және ондағы бөгеуіліктерді, келген сигналды қабылдағышта қабылдаудың тиімді шешімдерін табу әдістерін білу керек, сонымен қатар сигналдың қуатына қойылатын шек оның спектр кеңдігі апаратуралардың күрделігі сигналдың жылдамдық қасиеттерін білу керек. Сөйтіп ЭБ қойылатын талапты жалпы түрде тұжырымдалғанда, белгілі жерге жеткізгендегі қателігі ең аз болатын байланыс жүйесінің мүмкінділігіне қарай таңдап алуға болады. Байланыс арнасына қойылатын жалпы талаптың бірі арнаның көлемі, сигналдың көмегімен кем болмауы керек VK≥Vc Арналар мен сигналдардың көлемдері жиілік спектрінің кеңдігіне
Vс = ∆Tс ×∆Fс ×∆Dс . (1.1)
Сигнал өтетін уақыт ұзақтығына және сигнал ауқымына байланысты болады:
Tс -сигнал ұзақтығы;
Fс -сигнал спектрінің кеңдігі;
Dс -сигналдық бөгеулікпен салыстырғандағы деңгейлік ауытқымы;
(1.2)
Рс-сигнал қуаты
Рn-бөгеулік қуаты
Сигналдың арнада бұзылмай өтуі үшін мына шарттарды қанағаттандыру керек:

∆Тс ≤ Тк,


∆Dс ≤ Dк,
∆Fс ≤ Fк.

 Байланыс жүйесінің маңызы
Үлкен көрсеткіштерге жататындар олардың өткізу қабілеті мен жеткізу дәлдігі. Өткізу қабілеті дегеніміз берілген өлшем бірлігі уақытындағы өтетін хабар санын айтады. Арнаның өткізу қабілеті немесе өтетін сигналдың жылдамдығы сол арнаның жиіліктін спектрінің кеңдігінде, сигналды түрлендіру әдісіне және бөгеуілдік шамасына байланысты болады. Жиіліктік спектрліктің кеңдігі сигналдың ауысу процессінің ұзақтығына әсер етеді:
(1.3)

Сигналдық түрлендіру жылдамдығын ең жоғарғы деп алсақ онда ең қарапайым сигнал импульсінің ұзақтығы мынаған тең:


Сонда хабар тарату жылдамдығы:


«Бод» тең. (1.4)
Мұнда жылдамдық өлшемі Бод секундына берілетін ең қарапайым импульс санына тең. Егер арнамен таратылатын хабар екілік импульспен берілетін болса онда осындай арнаны екілік арна деп атап, оның өткізу қабілеттілігін төмендегі теңдікпен есептейді:
. (1.5)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет