Сабақ: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері»



бет1/2
Дата24.04.2017
өлшемі291,7 Kb.
#14863
түріСабақ
  1   2
Ашық сабақ: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары

мен салт-дәстүрлері».

 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының әдет-ғұрпы мен  салт-дәстүрінің маңыздылығын, адам қарым-қатынасындағы ролін көрсетіп, ұлт жанашыры болатын азамат тәрбиелеу.

 Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік. Қазақ халқының әдет-ғұрыпымен салт-дәстүрлері туралы оқушыларға баяндап түсіндіріп, маңызын көрсету.

Дамытушылық. Оқушылардың жемісті ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту, түрлі проблемаларды көріп, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру

Тәрбиелік. Адамгершілігі мол, парасатты, ұлттық рухы биік тұлға тәрбиелеу.

 Сабақтың типі: Ашық сабақ

 Сабақтың түрі: Баяндау сабағы.

  Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Слайд, тақырыпқа сәйкес кітаптар, буклеттер, альбомдар, суреттер, интерактивті тақта.



Сабақтың  барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 3мин.

  1. Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  2. Оқушылардың оқу-құралдарын тексеру.

II.  Үй тапсырмасын сұрау: 8мин.

1. «Жеті жарғы» не?

2. Ақсуектер туралы не білесіздер?

3. «Жеті жарғы» қандай құқықтарды көрсетеді?

4. Билер кеңесі?

5. Мүлк мәселесі?

6. Салықтың қандай түрлері болады?

III. Жаңа сабақты түсіндіру: 19 мин.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары

мен салт-дәстүрлері».

Жаңа сабаққа оқушылар алдын ала дайындалып келіп, өздері түсіндіріп береді. Содаң кейін мұғалім жаңа сабаққа қорытынды жасайды. Қосымша деректермен сұрақтарға жауап береді.



Ұлттық салт-дәстүрлер. Ұлт дегеніміз — белгілі бір аймакта тарихи қалыптасқан адамдар тобының әлеуметтік-этникалық бірлестігі. Қазақ ұлты сонау ғасырлар тереңінен, ру-тайпалық дәрежеден бастап, XIV—XV гасырларда тұтас халыктық дәрежеге жеткенше талай салт-дәстүрлерді басынан өткізді. "Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар" дегендей, бізге жеткен тәрбиелік мәні зор бүгінгі ұлтты салт-дәстүрлер халқьмыздың ең қымбат қазынасы.


Қазақ ұлты қалыптасқанға дейінгі ұлттық құрамның негізгі арқауы болған қаңлы, үйсін, керей, найман, т.б. ру-тайпалардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері дамып, жалғасып бізге жетіп отыр. Біздің міндетіміз — оны келешекке жалғастыру. Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі туралы: "Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпактан-ұрпаққа жетеді. Онсыз халыө бет-әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді..."—деп, салт-дәстүрсыз халықты тас мүсінге ұқсатқан.


Каталог: uploads -> doc -> 0874
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0874 -> Литература Учитель: М. С. Ахметова Тема урока Урок поэзии. Стихи С. Есенина и М. Макатаева. Сравнительный анализ
0874 -> Сабақтың тақырыбы: Нарюрморт Сабақтың мақсаты
0874 -> Жүсіп Баласағұнның еңбектеріндегі афоризмдер, ондағы дүниетанымдық көзқарас Мазмұны кіріспе
0874 -> Көкшетау облысының Қызылту ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Кішкенекөл ауылы) дүниеге келді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет