Сабақ: Қазақ тілі мен әдебиеті Мектеп: Ақтөбе қаласы, фмб назарбаев Зияткерлік мектебі



бет1/3
Дата05.06.2017
өлшемі1,91 Mb.
#17565
түріСабақ
  1   2   3
Бекітемін: ӘБ жетекшісі – Ж.А.Ниязова

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 26-29.09.2015 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Димисанова А.Б

Сынып: 10 «G»,«Н» Т2

Қатысқан оқушылар саны: 10/11

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Мәдениет: Мұхит игілігі

Сабақтың тақырыбы

Туризм және мұхиттар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

  • А4 Сенімді және еркін сөйлеу

  • Ж4 Грамматикалық нормалар

Оқыту мақсаттары


  • Кез келген тақырыпта өз пікірін еркін жеткізеді.

  • Тіл мәдениеті нормаларын (сөйлеу, тыңдау әдебі, әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік қолданыстар т.б) сақтай отырып эссе жазады.

Сабақтың мақсаты

Әлем мұхиттарына саяхат жасау арқылы жағалаудағы демалыстардың пайдасы мен шығыны жайында мәлімет беру, оқушыларға өз демалыстарын тиімді ұйымдастырудың жолдарын үйрету.

Жетістік критерийлері

  • Тақырып бойынша өз ойын нақты білдіре алады, сөйлеу мәнері шапшаң және сынып деңгейіне сәйкес келеді.

  • Тіл мәдениеті нормаларын сақтай отырып, алған мәліметін жазба жұмысында пайдалана алады.

Тілдік дағдылар

Круиз, лайнер, борт, палуба, жолаушы, саяхаттаушы, оазис, экзотикалық тірі ағаштар, верф т.б

Ұзақ демалыс басталғанда ........

Менің отбасым ...........

Біз үнемі саяхатқа .............

Денсаулық үшін пайдалы, өйткені ........... т.б


Құндылықтарды дарыту

  • Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

  • Денсаулық: демалыстың адам ағзасына тигізер пайдасы жайында мәліметтермен бөлісу;

  • Үштілділік: тақырыпқа қатысты бейнематериалдарды орыс тілінде көрсетіп, қазақ тілінде талдау, ағылшын тілінен тақырыптарына аударма жасау.

Пәнаралық байланыс

География, медицина, туризм саласы

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады. Медиақұрал арқылы бейнероликтер көреді.

Бастапқы білім

«Мұхиттың адам денсаулығына пайдасы мен зияны» тақырыбында кестені толтыру

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер мен көрнекі құралдар

Сабақтың басы

3 мин



Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады, мұғалім бөлім тақырыбына қатысты сөз айтады. Сөз қандай дыбысқа аяқталса, оқушы сол дыбыстан басталатын сөзбен жалғастырады. Ойын жалғасады.
Мыс, мұхит тасбақа акула т.б





Сабақтың ортасы

7 мин


2 мин

15 мин


6 мин

5 мин


15 мин

7 мин
15 мин




Мағынаны тану кезеңі
Үй тапсырмасы: Мұхиттың адам денсаулығына пайдасы туралы оқушылардан қысқаша мәліметтер сұрау.

Оқушылар назарына бейнеролик ұсыну.


Ой шақыру.

  • Бейнероликтен не байқадыңыз?(алып кеме, саяхат, қала тіршілігі, биік ғимараттар, су бассейндері, демалыстағы адамдар т.б)

  • Бұл кеме қандай суларда жүзеді? (алып суларда, мұхиттарда, материк аралық аралдарда, үлкен теңіздерде т.б)

Оқушылар жауаптары алынып, сабақтың тақырыбына болжам жасалып, мақсаты анықталып, күтілетін нәтижелері белгіленеді.



Суреттерді таңдау арқылы жұпқа бөлінеді.



Суретке қатысты берілетін мәтіндер мазмұнына болжау жасалынады. Барлық жұпқа да А және Ә мәтіндері таратылады. Жұпта оқып, бір-бірінің мәтіндерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтап, талқылап алады. Берілген уақыттан соң, мәтіндер жинап алынады. Мәтінге қатысты тапсырмалар беріледі.

А мәтіні

Теңіз оазисі
Теңіз оазисі (Oasis of the Seas - Оазис морей) – Оазис класындағы әлемдегі ең үлкен лайнер. Кеменің ұзындығы 361 м, ені 47,00м, биіктігі 72 метр. Кеменің үлкендігі сонша - адасып кетуге болады. Титаниктен 5 есе үлкен. Өз ішінде 24 бассейн, 24 мейрамхана, тіпті Нью-Йорк қаласындағы шағын саябақтың көшірмесіне ие, бортқа 5400 адам сияды. Борт жұмысшыларының саны – 2200. Мұз айдыны, ең үлкен ойын орталықтары, оның ішінде казино, 27 ойын орындары, апта сайын 3 шоу көрсетіп, 4 кезеңде жұмыс жасайтын 1380 орындық театр, Blaze – түнгі клубы, джаз-клуб, Dazzles –би кешін өткізетін орындардан тұратын бұл лайнер бүгінгі таңда әлемдік қызығушылық тудырған бірден-бір кеме. Демалушылар 12 мың экзотикалық тірі өсімдіктер мен 56 ағаш түрінің түбінде таза ауамен демалып отырады. Саяхаттаушылар көңілінен шығатын бірнеше киім, азық-түлік дүкендері мен көздің жауын алар карусель, су хауыздары кеменің маңызды демалыс орындары болып саналады, сонымен қатар кемеде балаларға және жастарға арналған орындар бар.
Ә мәтіні

Теңіз көз тартары
"Теңіз көз тартары" (Allure of the Seas - Очарование морей)-2013 жылдың қазанынан бастап әлемдегі ең үлкен саяхат кемесі саналды. Алыптылығы және жайлылығы бір қаланың тыныс-тіршілігіне жүк.

"Теңіз көз тартарының" құрылысы 2008 жылы Финляндияның верфінде (кемелер жасайтын тұрағында) басталған еді. Экуплуатацияға 2010 жылдың 29 қарашасында шығарылыпты. 

Кеменің өлшемі: ұзындығы - 361,8 метр, ені - 64 метр, биіктігі - 72 метр, салмағы - 45 мың тонна.  "Теңіздің көз тартары" өлшемнен бөлек, өз сәнімен де көз тартады.  Лайнер өз бортына 6400 жолаушыны, қызмет қылатын 3000 адамды қабылдай алады.  15 жолаушылар палубасы бар. Онда әлемдік брендтер мен кафелер, мейрамханалар мен сән салондары, ойынхана, джаз-клуб, концерт залдары шоғырланған. Кімде-кім демалыстың белсенділікке толы болғанын қаласа, лайнер ішінен сырғанау (каток), боулинг, су саябағы мен ащы және тұщы су толтырылған бассейн, баскетбол ойнайтын алаңқай, тенниске арналған корт пен гольф алаңы, оған қоса, өрмелеуге тау бөгеттері, серфингпен айналысуға бассейн, жаттығу залдарына бара алады. "Теңіз көз тартары" америкалық "Роял Карибиан" фирмасына тиесілі  және Кариб шығанағы айналасында саяхат жасайтын лайнерде өмір сүру - тәулігіне 1200 АҚШ доллары тұрады. Бірақ егер бір жыл ерте тапсырыс берсеңіз, онда бағасы 1,5 есеге арзан түспек.
1-тапсырма:



Сандарды сөйлет




Теңіз оазисі

Oasis of the Seas

Оазис морей

Теңіз көз тартары

Allure of the Seas



Очарование морей

2010










1380










64










45










47,00










2013










5400










56










1,5










29










27










1200











2-тапсырма:
Берілген мәліметтердің тұсына сәйкес келетін мәтіннің (А немесе Ә) таңбасын қойып шығыңыз.


  1. Тау бөгеттері орналасқан -----------

  2. Ащы су мен тұщы су бассейні бар -----------

  3. 24 мейрамхана мен 24 бассейні бар -----------

  4. Экзотикалық тірі ағаш түрлерінің түбінде демалуға болады ----

  5. Жұмысшыларының саны 2200 адам -----------

  6. Кеме америкалық фирмаға тиесілі -----------

  7. Бортына 6400 жолаушыны сыйғызады -----------

  8. Титаниктен 5 есе үлкен -----------

  9. Финляндияда жасалды -----------

  10. Төрт кезеңде театр жұмыс жасайды -----------

  11. Кемеде шағын саябақта қыдыруға болады -----------

  12. Әлемдік брендтерді табасың -----------


Бағалау. Интербелсенді тақтада дұрыс жауаптары көрсетілген кезде жұптар жұмыстарын сағат тілімен ауыстырып, бағалайды.
Қалыптастырушы бағалау

Оқушыларға жағдаяттардан тұратын диалог сұрақтары таратылады. Дайын жұптар ортаға шығып, сұрақтарға жауап береді.


І деңгейлі сұрақтар
1 жағдаят: Жаз да келіп жетті. Сізге осы екі алып кеменің бірімен демалып қайтуға мүмкіндік туды. Қуанышыңызда шек жоқ.

  1. Барасыз ба?

  2. Сіздің кеме қайда тоқтайды?

  3. Қандай тамақтарға тапсырыс бересіз?

  4. Кемеде бәрі бар, алдымен қайда барасыз? Неліктен?

  5. Қалаған нәрсеңізді алуға сізге қанша ақша қажет? Ол ақшаны қайда жұмсайсыз?

  6. Кімдермен уақытты көбірек өткізесіз? Неліктен?


ІІ деңгейлі сұрақтар:
2 жағдаят: Сіз ұзақ демалысты теңізде өткізуге бел будыңыз. Алдын ала тапсырыспен алдыртқан жолдамаңыз дайын. Ертең алып кеменің біріне мінесіз, сөйтіп мұхиттарға саяхатқа аттанасыз. Алайда, кешкілік күтпеген жағдай болды. Сіз барғалы жатқан аралда белгісіз жұқпалы ауру таралып, барлық саяхатшылар демалысқа барудан бас тартты.

  1. Барасыз ба?

  2. Неліктен? Себептерін баяндаңыз.

  3. Кеткен ақшаңызды қалай қайтарып аласыз?

  4. Ұйымдастырушылар қандай шығынға ұшырауы мүмкін?

  5. Денсаулығыңыз үшін қандай демалыс орындарын таңдайсыз?


Жетістік критерийі:

1-тоқсан 10-сынып Т2 Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу бағдарл. сілтеме

Оқу мақсаты

Тапсырма

А4 Сенімді және еркін сөйлеу


Кез келген тақырыпта өз пікірін еркін жеткізеді.


Тапсырма: Оқушылардың жеке пікірін қажет ететін сөйлеуге арналған диалог сұрақтары беріледі. Дайын жұптар ортаға шығып, кезекпен сұрақтарға жауап береді.

айтылым




Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер .....

  • Тақырып бойынша өз ойын нақты білдіре алса;

  • Сөйлеу мәнері шапшаң және сынып деңгейіне сәйкес келсе

Жұптардың айтылымдары төмендегі кесте арқылы бағаланады.






І жұп

ІІ жұп

ІІІ жұп

ІҮ жұп

Ү жұп

Шапшаң жұп
















Белсенді жұп
















Ұйымшыл жұп

















Жазылым

Тапсырма: Екі сұрақтың бірін таңдап, 150-200 сөзден тұратын эссе жазыңыз.


  • Мұхит жағалауында орналасқан жерлердің демалыс орны ретіндегі маңыздылығы қандай болу керек?




  • Қалай ойлайсыз, саяхатшылар жергілікті жердің экономикасына қандай пайда әкеледі?



Жетістік критерийі:

1-тоқсан 10-сынып Т2 Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу бағдарл. сілтеме

Оқу мақсаты

Тапсырма

Ж4 Грамматикалық нормалар

Тіл мәдениеті нормаларын (сөйлеу, тыңдау әдебі, әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік қолданыстар т.б) сақтай отырып эссе жазады.

Тапсырма: Екі сұрақтың бірін таңдап, 150-200 сөзден тұратын эссе жазады.


жазылым




Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер .....

  • Тіл мәдениеті нормаларын сақтай отырып, алған мәліметін жазба жұмысында пайдалана білсе;

  • Жазба жұмысын эссе түрінде ұсына алса.

Критерийлер арқылы бағалау жүзеге асырылады.



https://www.youtube.com/watch?v=qA5RHgAeFdI
https://www.youtube.com/watch?v=4HaJPprjj6g
слайд
суреттер

Үлестірме парақтар

Слайд

Кеспе қағаздар



Интербелсен-ді тақта

Қалыпт. бағ. парақтары


слайд


Қалып. бағ. парақтары

слайд


Сабақтың соңы

5 мин



Кері байланыс. «Менің кемем»

Оқушылар сабақта алған маңызды мәліметтерін кеменің ішіне жазып, ілулі тұрған картадағы өздері барғысы келетін мемлекет суретіне іледі.


Үйге тапсырма: «Жағалаудағы ең әдемі демалыс орындары» тақырыбында 5 беттен аспайтын таныстырылым жасап, қорғайды.

Түрлі түсті стикерлер

слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)










Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?



Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Теңіз оазисі
Теңіз оазисі (Oasis of the Seas - Оазис морей) – Оазис класындағы әлемдегі ең үлкен лайнер. Кеменің ұзындығы 361 м, ені 47,00м, биіктігі 72 метр. Кеменің үлкендігі сонша - адасып кетуге болады. Титаниктен 5 есе үлкен. Өз ішінде 24 бассейн, 24 мейрамхана, тіпті Нью-Йорк қаласындағы шағын саябақтың көшірмесіне ие, бортқа 5400 адам сияды. Борт жұмысшыларының саны – 2200. Мұз айдыны, ең үлкен ойын орталықтары, оның ішінде казино, 27 ойын орындары, апта сайын 3 шоу көрсетіп, 4 кезеңде жұмыс жасайтын 1380 орындық театр, Blaze – түнгі клубы, джаз-клуб, Dazzles –би кешін өткізетін орындардан тұратын бұл лайнер бүгінгі таңда әлемдік қызығушылық тудырған бірден-бір кеме. Демалушылар 12 мың экзотикалық тірі өсімдіктер мен 56 ағаш түрінің түбінде таза ауамен демалып отырады. Саяхаттаушылар көңілінен шығатын бірнеше киім, азық-түлік дүкендері мен көздің жауын алар карусель, су хауыздары кеменің маңызды демалыс орындары болып саналады, сонымен қатар кемеде балаларға және жастарға арналған орындар бар.

Теңіз көз тартары

"Теңіз көз тартары" (Allure of the Seas)-2013 жылдың қазанынан бастап әлемдегі ең үлкен саяхат кемесі саналды. Алыптылығы және жайлылығы бір қаланың тыныс-тіршілігіне жүк.

"Теңіз көз тартарының" құрылысы 2008 жылы Финляндияның верфінде (кемелер жасайтын тұрағында) басталған еді. Экуплуатацияға 2010 жылдың 29 қарашасында шығарылыпты. 

Кеменің өлшемі: ұзындығы - 361,8 метр, ені - 64 метр, биіктігі - 72 метр, салмағы - 45 мың тонна.  "Теңіздің көз тартары" өлшемнен бөлек, өз сәнімен де көз тартады.  Лайнер өз бортына 6400 жолаушыны, қызмет қылатын 3000 адамды қабылдай алады.  15 жолаушылар палубасы бар. Онда әлемдік брендтер мен кафелер, мейрамханалар мен сән салондары, ойынхана, джаз-клуб, концерт залдары шоғырланған. Кімде-кім демалыстың белсенділікке толы болғанын қаласа, лайнер ішінен сырғанау (каток), боулинг, су саябағы мен ащы және тұщы су толтырылған бассейн, баскетбол ойнайтын алаңқай, тенниске арналған корт пен гольф алаңы, оған қоса, өрмелеуге тау бөгеттері, серфингпен айналысуға бассейн, жаттығу залдарына бара алады. "Теңіз көз тартары" америкалық "Роял Карибиан" фирмасына тиесілі  және Кариб шығанағы айналасында саяхат жасайтын лайнерде өмір сүру - тәулігіне 1200 АҚШ доллары тұрады. Бірақ егер бір жыл ерте тапсырыс берсеңіз, онда бағасы 1,5 есеге арзан түспек.



Каталог: uploads -> doc -> 05d6
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05d6 -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері
05d6 -> Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
05d6 -> Қазақ Әдебиеті нұсқа
05d6 -> Қазақ тілін оқытудағы жаңа бағыттар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет