Сабақ: Қазақ тілі Сабақ 79-80 Мектеп: №121 Құсмұрын орта мектебі Күні



Дата12.03.2018
өлшемі266,67 Kb.
#38610
түріСабақ


Жамбалина Нургуль Габдурахмановна,

Кушмурун №121 орта мектебінің қазақ тілі пән мұғалімі.

Қостанай облысы, Аулиекөл ауданы



САБАҚ: Қазақ тілі

Сабақ 79-80

Мектеп: №121 Құсмұрын орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жамбалина Н.Ғ.

Сынып: 5-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

6-тарау. Әлемдегі ірі кітапханалар

Сабақтың тақырыбы

Ірі кітапханалар

Сабақтың түрі

Дағдыларды қалыптастыру, білімді бекіту сабағы.

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

А5 Сенімді және еркін жауап беру

Сабақтың мақсаты

Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Барлық оқушылар:

Сөйлесу әрекетіне жетелейтін қарапайым сөйлем үлгілерін қолдану негізінде ірі кітапханалар жай- лы толық ақпарат бере білуге үйрету. Лексикалық тақырып аясында болымсыз етістік тудыратын

-атын, -етін, -йтын, -йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары мен емес көмекші етістігін меңгерту..

Көптеген оқушылар: презентация бойынша берілген сұрақтарды адам бойындағы қасиеттермен байланыстыра отырып дәлелді түрде жауап береді

Кейбір оқушылар:

Диалогты сауатты құра алады



Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыпқа қатысты ақпарат береді, сыныптастарымен тілдеседі.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы ірі кітапхана- ларды басқаларға таныстырады, сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы Сөйлесімге келеді.


Дескриптор

  • Берілген суреттер мен сөздерді байланыстырады

  • Ойын жүйелі жеткізеді

  • Сұрақтарға дәлелді жауап береді

  • Диалогты сауатты құрады

Тілдік міндеттер

Талап, еңбек, терең ой,қанағат, рахым, ғылым, жетістік

Құндылықтар

«Адам болып туған соң, 
Адам болып өлу лазым». 

«Өз қадірің - өз байлығың».



Осыған дейін меңгерілген білім

Болымды, болымсыз етістіктер




Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
3 минут

Сәлемдесу.
Сыныппен амандасу. Сыныпты төменде берілген суреттер арқылы мозайка әдісімен топқа бөлу
Мына берілген суреттер мен сөздердің арасында қандай байланыс бар?
Суреттер бойынша әңгіме



Мұғалім оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Галереяны шарлау» әдісін қолданып, тақтаға тақырыпқа қатысты суреттер іледі. Суреттердің астында

Мұғалім шәкірттерді оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады

Үлестірме материалдары




Сабақтың ортасы

10 минут


20 минут

Топтық жұмыс. https://prezi.com/paab-wr5s8yf/presentation/

(Презентация мәтіні оқушыларға таратылып беріледі).

Тапсырма. Оқушылар презентациямен танысқаннан кейін берілген сұрақтарға жауап береді?
- Мәтінмен танысу алдында біз сендермен жаңа сөздермен жұмыс жүргіземіз. 
Мұғалім оқиды,оқушылар хормен қайталайды. 
Кілт-ключ 
Кітапхана қоры-библиотечный фонд 
инабатты-вежливый 
өз істерін- свои обязанности 
келіп тұрамын-прихожу 
жүйелі-системный 
анықтама- справка 
дайындалуға-готовиться 
пайдалануға-пользоваться 
керекті- нужные 
«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын» 

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақы- рыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

2. Мәтіналды жұмыс.

А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады.

Ә) Оқылым. Жазылым. Сөйлесім. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Б) Оқылым. Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындата- ды.

3. Тілдік бағдар. Болымсыз етістік тудыратын -атын, -етін,

-йтын, -йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары мен емес көмекші етістігін меңгертеді.

4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.

Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 5, 7-тапсырманы орындатады.

Б) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орындатады.

5. Сергіту сәті. «Әлемдегі ірі кітапханалар»

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Оқылым. Жазылым. Тілдесім. Әр суретке жазбаша сұрақ дайындайды, диалог құрады.

Оқылым. Жазылым. Болымсыз етістік тудыратын -ған, -ген, -қан, -ген жұрнақтары мен «емес» көмекші етіс- тігін пайдаланып, сөздерді болымсыз етістікке айналдырады.

Болымсыз етістік тудыратын -атын,

-етін, -йтын, -йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек,

-пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары мен емес көмекші етістігін меңгереді.

Тыңдалым.

Оқылым. Мәтінді оқиды, дұрыс оқуға машықтанады.

Айтылым. Кестедегі ақпараттың мәтінге сәйкестігін тексереді, бір сөйлемге әртүрлі сұрақ қояды.

Жазылым. Мәтінде айтылған кітапханалар туралы ақпаратты салыстырады.



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Сенімді және еркін жауап береді

Берілген суреттер мен с

здерді байланыстырады

Ойын жүйелі жеткізеді

Сұрақтарға дәлелді жауап береді

Диалогты сауатты құрады



https://prezi.com/paab-wr5s8yf/presentation/

Сабақтың соңы

7 мин




Мәтін соңы жұмыс. А) Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады.

Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады.

Топтық жұмыс. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады. Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі, тақырыпқа қатысты бір сөз бере

Жазылым. Айтылым. Болымсыз етістіктерді табады, жасалу жолдарын түсіндіреді, болымды етістікке айнал- дырады.

Диалог құрады.

Әр оқушы берілген сөзге бір сөз қосып, соңында тақырыпқа қатысты бір мәтін құрастырады

Бағалау критерийлері бойынша оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.
Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.
Оқушының барлығы Оқушылардың көбісі

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.
Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады.

Пәнаралық байланыс – тарих, география.

Отбасы құндылықтары.

Отан – отбасынан басталады.

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады.



Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ/оқу мақсаттары жүзеге асты. Оқушылар белсенділік танытты.

Оқу атмосферасы жағымды болды. Саралау принциптері жүзеге асты.

Келесі сабақта креативтілік принципін қолдануға болады. Оқушылар отбасындағы қандай заманауи дәстүр мен мерекелерді енгізуге/өзгертуге болады деген сұрақ төңірегінде ойланады.



Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: таңдалған ресурс көздері

2:топтық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: жұптық жұмыс формасын қолдану

2: мәтінді бөліп беру

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Төл және төлеу сөзін жазуда қойылатын тыныс белгілері бойынша тәжірибе жұмысына көбірек көңіл бөлу.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет