Сабақ. «Бағдарламалық қамтамасыздандырылудың тұтынушылық қабаты»



Дата01.04.2020
өлшемі19.5 Kb.
түріСабақ
Оқытушы: Аринов Т.Х.

Пәні: «Компьютерлік техниканың бағдарламалық қамтамсыздандыруы мен



операциялық жүйесі»

Топ: №29

Күні: 01.04.2020 жыл.

І- пара.

21-22 сабақ. «Бағдарламалық қамтамасыздандырылудың тұтынушылық қабаты»


Үй тапсырмасы:

  1. Операционды жүйенің құрылғыдан тәуелсіз қабатының қалыпты қызметтері нелерден турады?

  2. Қандай құрылғылар, логикалық блокқа біріктіру тәсілі қолданылуы

мүмкін?

3. Енгізу - шығару менеджерінің негізгі функциясына нелер кіреді?


Жаңа сабақ: «Бағдарламалық қамтамасыздандырылудың тұтынушылық қабаты».
Енгізу шығару құрылғыларының бағдарламалық қамтамасыздандырылуы ОЖ ішінде орналасса да, оның шамалы бөлігі тұтынушылық бағдарламалармен байланысатын кітапханаларда болады. Енгізу-шығару сұраныстарын қосатын жүйелк сұраныстар көп жағдацда кітапханалық іс-шаралармен орындалады. Енгізу-шыарудың қалыпты кітапханасы енгізу-шығару әрекетін орындайтын шаралардың ауқымды бөлігі мен тұтынушылық бағдарламаның біраз бөлігін орындайды.

Енгізу шығарудың бағдарламалық қамтамасыздандырылуының екіншісанаты – спулинг жүйесі болып табылады (spooling). Спулинг – мультибағдарламалы жүйеде ерекшеленген құрылғылармен жұмыс тәсілі. Спулингті талап ететін қарапайым құрылғы - строчты принтерді қарастыралық. Принтермен байланысты файлды шақыруды әрбір тұтынушылық рұқсат ету жеңіл болғанымен, бұл тәсіл қауіпті келеді. Себебі, тұтынушылық үрдіс принтерді еркін уақытқа монополизирлеуі мүмкін. Мұның орнына арнайы – аталған құрылғыны қолдануға айрықша құқықтарды иемденетін – монитор үрдісі жасалынады. Сондай-ақ спулинг каталогы деп аталатын арнайы каталог қалыптасады. Файлды баспаға шығару үшін тұтынушылық үрдіс шығарылатын ақпаратты аталған файлға көшіріп, оны спулинг каталогына ауыстырады.. Монитор-үрдісі спалинг каталогына орныққан файлдарды реттілікпен басып шығарады.

Аталған тзімнің кей түрлеріне тоқталып өтелік. Бағдарламалық қамтамасыздандырылудың жоғары қабаттарына түрлі көлемдегі блоктармен жұмыс істеу қолайсыз келеді, сондықтан да аталған қабат блоктың бірыңғай көлемін қамтамасыз етеді, мысалға түрлі блоктарды бірыңғай логикалық блокқа біріктіру тәсілі қолданылуы мүмкін. Осыған байланысты жоғары қабаттар физикалық блоктың көлемінетәуелсіз логикалық блоктың бірыңғай көлемін қолданылатын абстракты құрылғылармен жұмыс істейді.

Файлды құрастыру немесе оныжаңа деректермен нығайту барысында қажетті жаңа блоктарды беру қажет. Бұл ретте ОЖ дискінің бос блоктар тізімін енгізеді. Дискіде бос орынның болу-болмауы жөніндегі ақпаратқа негізделе отырып құрылғыларға тәуелсіз және драйверлердің жоғары қабатында орныққан бағдарламалық қабатпен орындалатын бос блокты іздестіру алгоритмі жасалуы тиіс.

Бұған мысал ретінде WINDOWS NT- ғы ОЖ- нің енгізу – шығару менеджері және STREAMS ортасы, ол көптеген UNIX – тің ОЖ- де кездеседі.

Стандартты ішкі модульаралық интерфейстің болуы енгізу - шығару ішкі жүйесіндегі тұрақтылықты жоғарлатады және кеңейтілуін жақсартады, бірақ жұмыс уақытын тежейді.




Пісқтау сұрақтары.

1.Енгізу шығару құрылғыларына нелер жатады?



2. Бағдарламалық қамтамасыздандырылуының екіншісанатына не кіреді?

3. Спулинг деп нені айтамыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет