Сабақ «Балықтардың көбеюі мен дамуы. Мінез құлық ерекшеліктері. Өрістенуі. Маңызы»



Дата08.09.2017
өлшемі153,31 Kb.
#31144
түріСабақ


Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп - гимназиясы


Технология «БжС»

Ауызша сабақ – 1 картасы

Ашық сабақ
«Балықтардың көбеюі мен дамуы.

Мінез – құлық ерекшеліктері. Өрістенуі. Маңызы»

Биология пәнінің мұғалімі:

Сансызбай Нургуль
7 «А» сынып
Астана – 2017 ж

Күнделікті жоспарлау.

Мерзімі: 16.02.2017

Сынып: 7 «А»

Пән: Биология

Мұғалім: Сансызбай Нургуль

Тақырып: «Балықтардың көбеюі мен дамуы. Мінез – құлық ерекшеліктері. Өрістеуі. Маңызы»

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылығы: өз ойын қорытындылауға дағдысын қалыптастыру.

Білімділігі: оқушыларға «балықтардың көбеюі және дамуы. Мінез құлығының ерекшеліктері» жайлы жалпы мағлұмат беру.

Тәрбиелігі: жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: Ауызша сабақ-1

Технология «БжС»

Ауызша – 1 сабақ картасы

1- кезең

Ұйымдастыру.



  • Мақсатты айту

  • Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі

1. Өткен тақырып бойынша қарама - қарсы сұрақтар

2. Тірек сөздер

3. Мәтінмен жұмыс қарама – қарсы сұрақтар

4. Сын тұрғысынан сұрақтар

5. Тақырыптық сөздік қор


Биология – түпсіз терең зор ғылым

Қамтитұғын тіршіліктің барлығын

Адам менен өсімдік, жануар дүниесін

Зерттейтұғын тарауымен әрбірін



  1. Жылдамдық жаттықтыруы

Клоака, Ихтиология, Скаттар, Бүйірсызығы, Эпидермис, Плакоидты, Желбезектер, Нағызтері, Шоғал, Манта, Латимария, Уылдырық, Торсылдақ, Желбезек қақпағы.

I. Оқушылардың субъектті іс - тәжірибесін өзектендіру

1) Үй тапсырмасын қайталау. «Сүйекті балықтардың негізгі отрядтары» бойынша қарама - қарсы сұрақтарға жауап беру.

Матрицамен жұмыс.

Қарама-қарсы сұрақтар:

Сыныптағы бала саны – 20=14

  1. Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады? (бас, тұлға, құйрық)

  2. Бас бөлімінде қандай мүшелері орналасқан? (танау тесігі, екі көзі)

  3. Балықтардың терісі неше қабаттан тұрады? (екі)

  4. Жұтқыншағының екі бүйіріндегі неше жұп желбезек саңылаулары бар? (5 – 7 жұп)

  5. Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі? (желбезектер)

  6. Желбезек шашақтарын ұсақ нелер торлап жатады? (қылтамырлар)

  7. Тақтажелбезектілерге қандай өкілдері жатады? (акулалар мен скаттар)

  8. Шеміршекті балықтар неше класс тармағына бөлінеді? (тақтажелбезектілер және тұтасбастылар)

  9. Балықтардың жүрегі неше куысты? (бір құлақша және бір қарыншадан тұрады)

  10. Қанайналым шеңбері нешеу? (біреу)

  11. Акулалардың ішінде адамға қауіптісі? (сұр акула)

  12. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін ғылым саласы? (ихтиология)

  13. Қазіргі кезде дүние жүзінің су айдындарында балықтардың неше мындай түрі мекендейді?(20)

  14. Акулалардың денесі қандай болып келеді? (созылыңқы, жұмыр, ұршық тәрізді)

  15. Тұлға бөлімі мен құйрық бөлімінің арасы немен бөлінген? (клоака)

  16. Шеміршекті балықтар қандай қабыршақпен қапталған?(плакоидты)

  17. Балықтардың денесінің екі бүйірінен ұсақ нүкте тәрізді тізбек айқын көрінеді. Бұл – балықтардың қандай мүшесі? (бүйір сызығы)

  18. Шеміршекті балықтардың қаңқасы тек неден түзіледі? (шеміршектен)

  19. Акуланың тыныс алуы қай қуысының қозғалуына сәйкес келеді? (ауыз)

  20. Шеміршекті балықтардың қандай мүшесі нашар дамыған? ( тілі)

2) Тексеру. Матрицаны толтыру. Пайызды анықтау.

2- кезең

Жаңа сабақ:

Тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру (2 - 3 мин)



II. Қабылдауды ұйымдастыру

Тірек сөздерімен жұмыс. Тірек сөздерге түсінік беру. Тақтаға тақырыпқа

байланысты тірек сөздер берілген.

Клоака, Ихтиология, Скаттар, Бүйірсызығы, Эпидермис, Плакоидты, Желбезектер, Нағызтері, Шоғал, Манта, Латимария, Уылдырық, Торсылдақ, Желбезек қақпағы.

1) Оқу, есте сақтау, - 1 минут 15 сек.

2) Блок жабылды, балалар естерінде қалған сөздерді жазады – 1 минут 15 сек

3) Тексеру.(13 - 14 сөз) Матрицаны толтыру. Пайызды анықтау

4) Толықтырып жазып алу

5) Көзді жұмып 3 сөзді өшіру, оны тапқызу, сөйлем құру



III. Ұғынуды ұйымдастыру

Мәтінмен жұмыс

1) Мәтінді оқу (1бетке - 4 мин)

2) Тірек сөздердің мазмұнын ашу.

4’ минут беріледі

Түсінудің біріншілік тексеруі



Қарама - қарсы сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады. Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.

Қарама - қарсы сұрақтар:

  1. Сүйекті балықтарда Бүйрек пен несепағардын саны нешеу (2еу)

  2. Сүйекті балықтарда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі не пайда болды (қуық)

  3. Сүйекті балықтарда ерекше мүше не болады (торсылдақ)

  4. Сүйекті балықтардың қазіргі кезде қанша мың түрі бар (20 000 – нан астам)

  5. Сүйекті балықтардың денесінің пішіні қандай болып келеді (жалпақ)

  6. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы қай бөлімінде орналасқан (бас бөлімінің алдынғы тұсінда)

  7. Ауыз қуысында көлемді қандай мүшесі жалғасады (жұтқыншақ)

  8. Қысқа өңеші немен жалқасқан (қарынмен)

  9. Қарыннан қандай ішек басталады (аш ішек)

  10. Тік ішек немен аяқталады (аналь тесігімен)

  11. Аталық безден бөлінген сұйықтық қалай аталады (шоғал)

  12. Аузында өткір тістері бар жыртқыш балық қалай аталады (латимерия)

  13. Сүйекті балықтардың неше класс тармағы бар (2)

  14. Қостынысты балықтардың торсылдағы қандай мүшеге айналған (өкпеге)

  15. Албырттектестер отрядына жататын қандай балықтарда бір – ақ рет уылдырық шашып, өледі. (кета, нерка, құнысбалық)

  16. Бахтах балығының еті өте дәмді болғандықтан оны басқаша қалай атаған (патша балығы)

  17. Ғалымдардың пікірі бойынша, құрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердіңарғы ата тегі қандай балықтар ( саусаққанатты балықтар)

  18. Саусаққанаттылардың Қазақстанның су айдындарында қаншаға жуық балық түрлері кездеседі (180 – ге жуық)

  19. Қалаққанатты балықтар класс тармағына қандай балықтар жатады (қостынысты және саусаққанатты)

  20. Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездесетін балықтар қалай аталады. (қостынысты балықтар)

«Құтқару шеңбері»

  1. Дене тұрқы орташа, ірі балықтар қандай отрядқа жатады (албырттектестер отряды)

  2. Албырттектестер отряды құйрық бөліміне жақын орналасқан қандай жүзбеқанаты арқылы басқа балықтардан бірден ажыратылады ( майлы жүзбеқанаты арқылы)

  3. Сүйекті балықтар желбезегінің сыртында қандай қақпақ болады? (сүйекті желбезек қақпағы болады)

IV. Біріншілік бекітуді ұйымдастыру

Сын тұрғысынан сұрақтар: Матрица бойынша барлық оқушылар сұралады.

Пайызды анықтау. « -» алған оқушыларға көңіл бөлу.

Сын тұрғысынан сұрақтар:

1. Сүйекті балықтарда ерекше мүше – торсылдақ болады + (Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды.)

2. Майшабақтектестердің көпшілігі теңіздерде жеке жеке тіршілік етеді? - (топтанып)

3. Қазақстанның су айдындарында 165 – ге жуық балық түрлері кездеседі? - (180)

4. Қалаққанатты балықтар класс тармағына қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады. +

5. Аузында өткір тістері бар жыртқыш балық қостыныстылар? - (латимерия)

6. Аталық безден бөлінген сұйықтық уылдырық деп аталады? - (шоғал)

7. Бекірелердің қара уылдырығы қымбат бағаланады? + (кәсіптік мәні зор)

8. Су түбінде өмір сүретіндерінде толарсақ болады? - (толарсақ болмайды)

9. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді? + (бекірелер, албырттар, теңізден өзенге өрістеп, уылдырық шашады)

10. Дене тұрқы орташа, ірі балықтар майшабақтектестер? - (албырттектестер)

11. Сетінектер отрядының еті, бауыр майы қымбат бағаланады? + (бауырынан балық майы алынады. Оның құрамында Д витамині мол).

12. Балықтар теңіз жағалауының 150 метрге дейінгі қабаттарында кбірек таралған? - (200)

13. Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар? + (сәулеқанатты және қалаққанатты)

14. Тіршілігінде бір – ақ рет уылдырық шашып, өледі. Оған кета, нерка, құнысбалық, т.б балықтар жатад? + (албырттектестер отряды)

15. Көзауықтар отрядының тұлғасы сүйір болып келеді? - (жалпақ)

16. Қостыныстылардың жұп жүзбеқанаттары жақсы дамыған? - (нашар дамыған)

17. Қостынысты балықтар өкпемен тыныс алады? + ( себебі торсылдағы өкпеге айналған)

18. Қостынысты балықтардың дене тұрқы 25 сантиметрден 5 метрге дейін жетеді? - (30 сантиметрден 2 метрге дейін)

19. Саусаққанаттты балықтар ауға өте сирек түседі? + (себебі саны аз болғандықтан)

20. Латимерияның денесінде желі өмір бойы сақталады? + (себебі желі төменгі сатыдағы жануарларда өмір бойы сақталып ішкі қаңқаның қызметін атқарады)



«Құтқару шеңбері»

1. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір қысқа? - (ұзын)

2. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі кішкентай? - (үлкендеу)

3. Бекірелердің кәсіптік мәні зор? +



V. Талдау

Тақырыптық сөздік қор.

Мәтіннен сөздер немесе мәтіннің мазмұнын жазу. Сөздер қысқартылмай, толық жазылады. Шығарма түрінде жазуға рұқсат етіледі. Жалғаулықтар сөзге жатпайды.



63 сөз. (5 минут)

1) Матрицаны толтыру

2) Ең көп сөз жазған оқушы сөздерін оқып береді.

3) ТСҚ - ның пайызы есептеледі.

Түйсіну: 4 - 5 белгі - 5 ұпай

3 белгі - 4 ұпай

2 белгі - 3 ұпай

1 белгі - 2 ұпай



3 – кезең

Қорытынды сапа нормативі оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс


4 – кезең

Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады. Тақырыпты оқып, тақырып сонындағы А,Ә,Б сұрағына жауап беріп келуге.





Каталог: uploads -> doc -> 0851
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0851 -> І. Негізгі бөлім
0851 -> Үй тапсырмасы
0851 -> 1. Бірлесіп жұмыс жасау. Топтардың бір бірін сыйлауы. Біреудің сөзін бөлмеу


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет