Сабақ барысы. 1 Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар,бүгін қай күн? Бүгін ауа райы қандай? Жылдың қай мезгілі?



Дата28.06.2017
өлшемі419,84 Kb.
#20183
түріСабақ
«Мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты:


-Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

-Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

-Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.

-Балалардың мамандықтар туралы білімдерін ойын ойнату арқылы бекіту.

-Ата-анаға, отбасына деген ізгі ниеттерді қалыптастыру, мамандықтардың пайдасы туралы түрлі әңгімелер жүргізу.

Сабақ барысы.

1)Тәрбиеші:Сәлеметсіңдер ме балалар,бүгін қай күн?

-Бүгін ауа райы қандай?

-Жылдың қай мезгілі?

Бір,екі,үш . . . . .

Топ бөлмесі тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз. .

Есейемін, толамын,

Қияға ұшып қонамын,

Ойлау мұрат бүгіннен

Өскенде кім боламын?



Әзір ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тігілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры – біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім оқытады?
Көйлекті кім тігеді?

Балаларды кім оқытады?


Үйлерді кім салады?
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы –

МАМАНДЫҚ.



Тәрбиеші:Балалар тағы қандай маман иелерін білеміз?

2) /слайд арқылы мамандықтар туралы әңгімелеу./

3) Тәрбиеші:Ал енді балалар «Дұрыс па,бұрыс па?ойынын ойнайық.

Жауабы дұрыс болса қол көтереді,бұрыс болса көтермейді.



Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.

Тәрбиеші: Осындай әр түрлі мамандықты тану үшін алдымен әдепті, тәрбиелі оқыған үлкен азамат болып өсуіміз керек. Ол үшін бәріне еңбек қажет.

4) Балалар біз еңбек туралы қандай мақал – мәтел білеміз?

1.Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

2.Сен істі сүйесің, іс саған бас иеді.

Жақсы жұмыс - жаңға тыныс.

3.Бақыт кілті – еңбекте.

4.Еңбек етсең ерінбей,тояды қарнын тіленбей.

5. Мал жисаң қонысын тап,


Ас жисаң — ыдысын тап.
6.Кәсіп, кәсіп түбі — нәсіп.
7.Еңбегі аздың өнбегі аз..
8.Ерді еңбек жеткізер.
9.Ердің атың еңбек шығарады.
10.Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.

5)Балалар мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.Бүгінгі мамандықтар туралы білімдерімізді ойын ойнау арқылы бекітейік.Бүгін сіздерді жаңа «Банк», «Тігінхана» ойындарымен таныстырамын.

/Слайд арқылы ойын туралы мағлұмат беру./

/Балаларды рөлге бөлу./



Тәрбиеші:Барлығымыз бірдей дәрігер, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең дәрігер, екіншің мұғалім, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.


Талаптанып,
Қанаттанып,
Өмір сырын ұғамыз,
Білім алып, тұлғаланып,
Азамат боп шығамыз.

Қорытынды.



Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №59
С.Н.Шапағатов атындағы балабақша.

Десант сабақ

« Мамандықтың бәрі жақсы.»

Тәрбиеші:Шонаева.Қ.Р

Ақтау-2014ж
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет