Сабақ барысы Қазанның 1-і Халықаралық қарттар күні! Дүниеге келер бір кісің Дария кеуде, тау мүсін



Дата08.11.2019
өлшемі28,13 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: Қарттарым аман-саумысың!»
Мақсаты:

1.Жас жеткеншектер үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт дәстүрінен нәр алуға үйрету.

2.Иннабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелей отырып, 1-қазан қарттар күнінің маңыздылығын меңгерту.

3.Қарияларымыздың ақыл – өсиеттері арқылы оқушыларды жігерлі, қайратты болуға, еңбекқорлыққа баулу.


Сабақ барысы

Қазанның 1-і - Халықаралық қарттар күні!

Дүниеге келер бір кісің

Дария кеуде, тау мүсін.

Құрыштай құйған құдірет

Қарттарым аман – саумысың.


Бас ассамблея 1990 жылдың 14- желтоқсанында 1- қазанды Халықаралық қарттар күні деп есептеу туралы қаулы шығарды. ХХ ғасырда пайда болған бұл мереке алдымен Еуропада, кейіннен Америкада, ал 80 –жылдардың аяғында бүкіл әлем бойынша атап өтіле бастады.
Оқушылар назарына видео ұсынылады: «Қарттар үйінен үзінді»

Ой бөлісу:

1) Видео туралы ойларыныз?
2) Кінә кімнен?
3) Немересінің іс-әрекеті қандай болды?
4) Өзіңнің өмірлік тәжірибенде осындай жағдайлардың куәсі болдың ба?
5) Баланың орнында болғанда сен не істер едің?


Атасы





Баласы

Немересі

Диаграмма бойынша «Атасы-Баласы-Немересі» қарым-қатынасына сипаттама берініз. Бейнероликтегі әр кейіпкер өзінің тиісті міндеттерін атқара алды ма? Олардың қателікті қай тұмта жіберді?

Пікірталас:


  1. Қазақтың үлгілі ата-әжелерінен кімдерді білесің?

  2. Ата мен Әже туралы мақал мәтелдер

  3. Ата әженің қазіргі қоғамдаңғы алар орны қандай?

О, қарттарым…

Мен білмеймін,

Басыңа әлде орнап бақ,

Шәһа рсалып, жасадың ба жаннат бақ.

Әлде қалай тасқа түскен таңбаға

Табынамын тарихымдай ардақтап.

О, қарттарым…

Сыр ашпайды сенің құла түздерің,

Сыр ашпайды тау – тастағы іздерің.

Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын

Домбыраңның пернесінен іздедім.


Ұлы ойшылдардың нақыл сөздері:

1.«Өткен менен кеткенді, көп жасаған қарт білер» деген нақыл сөздің мазмұнына үңілер болсақ, қариялардың болашақ үшін төккен тері мен еткен еңбектерінің зор екендігі баршамызға мәлім.



«Адам алдына қарап өседі, артына қарап ойланады»,- деп Ғ. Мүсірепов айтқандай, ата – дәстүрімізге зер салсаң, ежелден – ақ халқымыз балаларын үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеген.
2.«Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер» Сухамлинский.
3.Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл» Сухамлинский.
4.Қартайған шағында өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіңде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл» Фарид – ад-дин Аттар.
5.Өткен менен кеткенді, Көпжасаған қарт білер. Шал ақын

Осы ұлы ойшылдардың нақыл сөздерін жадымызда ұстап, қазыналы қарттармызды құрметтеуіміз керек. Олардың айтқан әрбір нақыл сөзіне құлақ асып, тек ақ батасын алуға шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет