Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Кезекшінің мәліметі



Дата27.05.2018
өлшемі33,4 Kb.
#40779
түріСабақ
Септік жалғауларын қайталау.
Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың септік жалғаулары жалғану заңдылықтары туралы білімін практикалық жолдармен тексеру, білімін анықтау, сұрақтар қойғызып, септету.

  2. Сөйлем тілін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

  3. Оқушыларды табиғатты қорғауға баулу, аялы көзқарасын қалыптастыру, азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау әдісі, жеке оқушылармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, тірек-сызбалар, плакатта мақалдар, т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Кезекшінің мәліметі.

Фонетикалық зарядка ретінде оқушылар телефонмен бір-біріне сұрақ қойып сөйлеседі. Сұрақтары:



  1. Сен кеше қайда боласын?

  2. Сен кеше не істедің?

  3. Қандай кітап оқыдың?

  4. Теледидардан не қарадың?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бүгін сабағымызда септік жалғаулары туралы білімдеріңізді қаншалықты деңгейде игергендеріңізді байқау және табиғатты қорғауға баулу. Осы мақсатымызды іске асыру үшін «теориялық», «практикалық», «тапқыр», «әдеби» бекеттеріне саяхат жасаймыз. Оқушылар 2 топқа бөлініп, білімімен жарысады.



1-ші аттанатын бекетіміз «Теориялық»:

Сұрақтары:

Тақтада схема берілген, жанында сұрақтар.

Е
Септіктер

І.с.

Б.с.

Ш.с.

Ж.с.

К.с.

Т.с.
кі топтан 3 оқушыдан шығып, септіктер ережесін айтып, мысал келтіреді.

Септіктер туралы не білесің?


2-ші «Практикалық» бекеті».

Сұрақтары.

  1. Тақтада 4 оқушы карточка бойынша жұмыс істейді. Карточкада мынадай тапсырма. Қағаз, ұшқыш, әке, шам сөздерін септеу.

Қосымша осы оқушыларға сұрақ беріледі. Осы сөздерге морфологиялық, фонетикалық талдау жасау.

  1. Екі топқа сурет үлестіріледі. Сурет бойынша сөйлем құрастырып, сөздердің септігін атау.

3-ші «Тапқыр бекеті».

  1. Сөзжұмбақ шешу. Тапсырма.

Сөзжұмбақтың кестесіндегі сөздерді қазақшаға аударып, толтырады.

Қай топ жұмысты тез орындайтыны ескеріледі. Сөзжұмбақтағы сөздер.

1-ші топ. Космос, тень от березы, деду, книгу, в классе, из железа, с журналом.

2-ші топ. Учитель, лицо ученика, к карте, стихотворение, в театре, из города, с поэтом.



  1. Ойын – «Бәйге». 2 топ бір-бірімен жарысады. Кім жалғауын табады?

1-ші топ.

орман ...

тау...

атасы...


Өрік...

кезекші...

клуб...

2-ші топ.



көше...

үйінде...

жұрт...

Орал...


кітабы...

халық...


4-ші «Әдеби» бекеті. Хабар жүргізушілер сайысы өткізіледі.

Тапсырма. Хайуанаттар әлемінде атты телехабар жүргізу. Екі топтан бір-бір оқушы жылан, питон туралы қысқаша мәлімет береді.

ІV. Оқулықпен жұмыс. Тапсырма.

  1. Оқулықтағы мәтінді оқып, ішінен септік жалғаулы сөздерді теріп жазу.

  2. Мақалдағы септік жалғаулы сөздерді табыңыз.

А. Көп сөз – күміс,

Аз сөз – алтын.

Ә. Тіл қылыштан өткір.

Б. Жатқан жыланның құйрығын баспа.

В. Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді.

V. Үйге тапсырма беру. Сабақты қорытындылау.



VІ. 2 топтың ұпайын санау. Оқушылардың білімін бағалау.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет