Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру II. Видеоролик ІІІ. Сен білесің бе? ІV. Мақалды жалғастыр



Дата17.12.2019
өлшемі23,09 Kb.
#53675
түріСабақ
Байланысты:
тарибе саг темеки
драма
Темекі- денсаулық дұшпаны”
Мақсаты: Темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу. Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі - у екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Даналар сөзі, бейнекөрсетілім, суреттер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, пікірталас.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру

II. Видеоролик

ІІІ. Сен білесің бе?

ІV. Мақалды жалғастыр

V. Ситуациялық сауалдар

VI. Нақыл сөздер

VII. Тренинг "Қолшатыр"

VIII. Қорытынды



Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлеметсіздер ме, қадірлі ұстаздар мен білімге құштар жас достар!  Тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып, жүрек жылуын сыйлайық.

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

Денсаулық- бірдің емес мыңның байлығы және баршаға ортақ ең басты байлық. Болашақ ұрпағымыздың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым- біліммен жақсы қаруланған болуы тиіс. Қазіргі кезде адам ағзасын улайтын бірнеше зиянды заттар бар.

Адам ағзасын улайтын қандай заттарды білесіндер?

“Темекі- денсаулық дұшпаны”- атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
«Темекі бүкіл денеге залал әкеледі, ақыл - ойды бұзады, ұлттарды түгелдей надандыққа әкеледі»
О. Бальзак.
Шылым шегу-зиянды әдет. Ол ағзаны қатты улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауа арқылы ауызға жоғарғы тыныс жолдары арқылы өтіп,кілегей қабықша мен өкпе көпіршіктері бетіне қонады. Сілекеймен қоса жұтылып,асқазанға барады. Темекі мен темекі түтінінде 200-дей зат кездеседі. Олар-сірке қышқылы, эфир майы, көмір қышқылы, аммиак, висмут кездеседі. Шылым шегетін адамды шылым шекпейтін адамнан оңай ажыратуға болады. Шылым шегетін адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді ,саусағы сарғыш болады, өз жасына қарағанда үлкен көрінеді. Шылым шеккеннен 2-3 минуттан кейін никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидың белсенділігін төмендетеді. Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректік заттар мен оттегінің келуі азаяды. Жуйке жүйесінің қызметі, адамның естуі, мен көруі нашарлайды. Түсті ажырату қабілеті төмендейді.

Темекі түтіні адм ағзасына зиянды. Оны мынадай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн. адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын әкеледі.Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20 есе көп соғады. Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. Шылым шегетіндер жүрек ауруымен 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80 пайызы өкпе ауруына шалдығады.


ІІ. Темекінің зияны туралы видеоролик.
Видеороликті көріп болғаннан соң оқушыларға:
Сұрақтар:
 1.Темекіден қандай аурулар туындайды? (өкпе,жүрек,бауыр аурулары).

2. Адам ағзасындағы қан айналымының бұзылуы үшін қанша темекі қажет? (1 дана).



3.Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар?(4000 астам)

4. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола жиналады? (1 литр).

5.Темекіде қандай  зат  улы  болып  саналады?
Бұл отырған шылымқор,

Сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаңда алмайды,

«Тартпа» деген тіліңді ол.

Қой, десең де қоймайды,

Көк түтінге тоймайды,

Сора-сора уыты, өн бойыңды жайлайды.

Кірпік әсте қақпайды,

Жөтел қысып, жатпайды,

Бірақ шылым сорғанда,

Аузы тыным таппайды.

Шылымсыз тек жүрмейді,

Жоқ боп қалса тілдейді,
ІІІ. Сендер білесіңдер ме?


• Әрбір темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады.
• Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның 1 жылда өкпесіне 1 литр смола жиналады.
• Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3, 5 млн адам қайтыс болады.
• Шылым шегетіндер қысқа уақыт өмір сүреді, өз өмірін 6 жылға қысқартады.
• Темекі шегушілер инфаркт, рак, асқазан жарасы сияқты аурулардан 10 - 30 есе көп қайтыс болады.
• Балаларға темекінің қаупі, үлкендерге қарағанда 2 есе көп. Кейде балалар 2 - 3 тал темекіні қатар шеккеннен жүрегі тоқтап қалған оқиғалар болған.
ІV. «Мақалды жалғастыр»
Денсаулық – (зор байлық)

Жарлының байлығы – (денінің саулығы)

Жан ауырса тән азады, (Қайғы басса- жан азады)

Дені саудың – (жаны сау)

Ішің ауырса, аузыңды тый, (көзің ауырса, қолыңды тый)
V. «Ситуацияық сауалдар»


  1. Сенің достарыңның бәрі темекі шегеді. Бірақ сен темекі шеккің келмейді. Достарың сені темекі шегуге итермелейді. Сен достарыңды қиғың келмейді. Сен не істер едің?

  2. Темекінің денсаулыққа зиянды екені белгілі, бірақ неге сатылады?

  3. Егер сенің жақсы көретін қызың темекі тартатын болса, онда сен не істер едің? Темекі шегуді тастатар ма едің? Жоқ әлде басқа қызға кетер ме едің?

  4. Темекі шегетін жолдастарыңызға қандай ақыл-ой, кеңес берер едің?

  5. Қыздардың темекі шеккені мәдениеттілік белгісі ме? Шетелдік кинолардан көргеніміздей оларға бұл үйреншікті жағдай. Ал бізде ше? Біздің қазақы салт-дәстүрімізге сай келеді ме?

  6. “Жігітті досына қарап таныдейді, сіз досыңыздың темекі шеккенін ата- анаңызға айта алар ма едіңіз? Досыңыздың темекі шеккеніне қалай қарайсыз?

  7. Темекі шегетін жолдастарыңа қандай ақыл- кеңес берер едің?


VI. Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.


  1. Темекі-тегін келмейді,

Теңгеге келеді.

2. Темекіні шеккенің,

Темір табытқа шеге қаққаның.

3. Шылымқор өзін ғана емес, өзгелерді де улайды.

4. Темекі тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді.
Дүниеде, тіпті дені сау адамның өзіне де темекі мен түтін деген ауада болудың зиянды екенін білмейтін ешкім жоқ..

В.В.Вересаев.

VІI. Тренинг: «Қолшатыр»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?

Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.


VIІI. Қорытынды.
Мұғалім: Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш — жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі - салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет