Сабақ барысы: Ұйымдастыру Балалар дөңгелене тұрады



Дата15.09.2017
өлшемі28,74 Kb.
#33164
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Менің отаным Қазақстан

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: 1. Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.


2. Қазақша рәміз, ту, елтаңба, ән ұран, сөздерін үйретіп, тіл байлықтарын дамыту.
3. Балалардың патриоттық сезімдерін оятып, отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: Қазақстан картасы, рәміздер суреттері, ел басшысының суреті, бейне таспа, үн таспа, киіз үй жабдықтары. киіз үйдің макеті

ТОПТЫ КӨРКЕМДЕУ: Топ екі кеңістікке бөлінеді. Бірінші кеңістікте тақтаға карта және ел басшысының суреті ілініп, бейне таспа мен үн таспа қойылады. Екінші кеңестікте киіз үйдің бейнесі жасалып, жерге көрпеше төселіп ортаға дөңгелек үстел қойылады. Топтың ішіндегі шкафтарға бағыттау белгісімен сандар жазылады. 1 саны бар бағыттау белгісі бар шкаф ішінде ту тығылады. 2 саны бар бағыттау белгісі бар шкаф ішінде елтаңба қойылады. 3 саны бар бағыттау белгісі бар шкаф ішінде ән ұраны жазылған диск тығылады.

САБАҚ БАРЫСЫ:


Ұйымдастыру Балалар дөңгелене тұрады
кезеңі:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Мұғалім : Жарқылдайды күніміз,
Жарқылдайды даламыз.
Қайырлы таң балалар!

Балалар: Армысыз аспан ата


Армысыз жер ана
Армысыз алтын күн
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Амансыздар ма? Сәлеметсіздер ме?

Кіріспе: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің елім Қазақстан»


Бүгінгі сабақта Қазақстан республикасының рәміздерімен танысамыз.
Өткенді қайталау:
1. Біз қандай республикада тұрамыз? (картадан көрсету)
2. Біз тұратын қала қалай аталады? (картадан көрсету)
3. Республиканың астанасы қай қала? (картадан көрсету)
4. Еліміздің ел басшысы кім?(суретін көрсету)

Балалар бөлмеге қараңдаршы бөлме екі кеңістікке бөлінген. Шкафтың үстіне бағыттау белгісі ілінген кәне бәріміз 1 саны бар бағыттау белгісі бар шкафқа барып ішін ашып қарайық. (туды алып шығады)


Балалар мынау не? Ол ту.
Енді осы туды алып бәріміз көрпеге қазақша малдас құрып отырайық.
Қазақстан Республикасының өзін ерекшелендіретін рәміздері бар. Сол рәміздің бірі ту. Қайталайық ту, рәміз.
Тудың түсі қандай?( көгілдір)
Ол ашық аспан түсі.
Тудың ортасында ненің суреті? Күн
Күн - бейбітшіліктің белгісі. Ал күн астында қыран құс - еркіндіктің, болашаққа самғайтын құс. Тудың шетінде ою
Ол - қазақ халқының өнері мәдениеті.
- Балалар қараңдаршы туда күн, қыран құс, ою алтын түспен салынған ол бақытпен байлықтың белгісі.
Қайталайық күн, қыран, аспан, ою. Ал енді бейне таспаға қараңдаршы осы туды салған суретші Шәкен Ниазбеков.

Сергіту сәті: Көк аспандай көкпен-көк


Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы
Ал енді балалар бәріміз тұрып 2саны бар бағыттау белгісі бар шкафты табайық
- Ашыңдаршы ішінде не бар?
Бұл балалар Қазақстан Республикасының рәмізінің бірі - елтаңба
Көрпеге отырып, сабағымызды жалғастырайық

Әр Республиканың өз ел таңбасы болады. Біздің республиканың өз ел таңбасы бар Қазақстан елтаңбасының көгілдір аясында шаңырақ бейнеленген, (киіз үйдің макетін қарастырады) ол киіз үйдің ең жоғарғысында орналасқан. Ол от басының бақытын сақтайды Ал мынау шаңырақты ұстап тұратын уықтар. Ол күн шуағы ретінде төгіліп тұр. Бұл шаңырақты ел таңбаның жүрегі деп атауға болады. Жоғарыда жұлдыз бейнеленген, ол достықты бейнелейді. Екі жағында ертегідегі қанаты бар тұлпардың суреті

Бейне таспадан осы ел елтаңбаны салған суретшілер Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов. Суретін көрсету. Қанатты тұлпар өмірлік өмірдің арман белгісі, болашаққа самғау деген мағынаны білдіреді.
- Балалар ал сендерде арман бар ма? (балалар жауаптары)
- Өскенде кім болғыларың келеді? (Балалардың жауаптарын тыңдау)
Жаңа сөздерді қайталау Елтаңба, шаңырақ, жұлдыз, тұлпар.

Сергіту сәті: Дөңгелене тұрамыз


Керегені құрамыз
Уық болып керіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрамыз

Балалар енді 3 саны бар бағыттау белгісі бар шкафты тауып ішін қарайықшы Мынау не ? Ол диск. Бұл дискіде не жазылған екен тыңдайық.


- Бұл дискіде Қазақстан республикасының ән ұраны (бұл әнді ұранды балалар жатқа айтып береді). Бұл ән жиналыс – жиындарда қойылады. Бұл әнді тұрып, оң қолымызды жүрекке қойып тыңдайды.
Бұл өлеңде Қазақстан Республикасының тарихы айтылған. Кең байтақ жері табиғаты айтылған. Ән ұранның авторларын бейне таспадан қарау Шәмші Қалдаяқов, Жұмакен Нәжімеденов, ел басшымыз
Нұрсұлтан Назарбаев.

Қорытынды:


Балалар бүгін біз республиканың рәміздерімен таныстық. Ал сабақты қорытындылау үшін «Дұрыс ата» ойынын ойнайық.
Мен қазақшасын айтамын ал сендер маған үстелдегі суретті дұрыс тауып тақтаға ілесіңдер. Мынау суретте Қазақстан жері табиғаты тамаша.
Балалар сендер елімізге қанадай тілек тілейсіңдер
Елімізде тыныштық болсын!
Еліміз бай болсын!
Бейбітшілік болсын!
Аспан ашық болсын!
Мадақтау:
Сабағымыз аяқталды сау болыңыздар?
Каталог: uploads -> doc -> 0ffe
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ffe -> Сабақтың тақырыбы Мен және менің досым «Көптік жалғау»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет