Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: кезекші есебі, оқу құралдарын дайындау



Дата08.09.2017
өлшемі28,21 Kb.
#30949
түріСабақ
Тақырып:Шәй түрлері.Шәй демдеу

Мақсаттары

Білімділік: Оқушыларды шәй түрлерімен, әр халықтың шай ішу дәстүрімен таныстыра отырып, шәй дайындау, шай дастарханын әзірлеу, шай құя білу дағдыларын қалыптастыру.Ас үйде санитарлық және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету

Түзету: Суреттермен, мәтінмен жұмыс істеу барысында ажырата білу, ауызша сөйдеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту және түзету

Тәрбиелік:қазақ және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, эстетикалық талғам қалыптастыру

Көрнекілік: шай түрлері, шай жабдықтары

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:кезекші есебі, оқу құралдарын дайындау

2.Өткен тақырыпты қайталау: -Бутербродтың қандай түрлерін білесіңдер?

- Ас үйде қандай қауіпсіздік ережелерін есте сақтау керек? Пышақпен жұмыс істеу ережесі

- Өткен сабақта қандай бутерброд жасадық? Ол неге қарапайым деп аталады?

-Үйде жасаған бутербродтарың туралы әңгімелеңдер


- «Ас – адамның арқауы» дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Жаңа тақырып түсіндіру,ынталандыру.Жұмбақ жасыру

Отқа қойсаң елпiлдеп,Быж-быж етiп тұншығар.

Тақиясы селкiлдеп,Танауынан бу шығар.(Шәйнек)

Кесе, шыны, пиала... Оларсыз шай құя ма?


Қасықсыз тамақ жемейміз-
Бәрінің атын не дейміз? (Ыдыс)

4.Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

- Шай ішсең көңілің жай...

- Шай түрлері, сақтау ережелері

- Шай демдеуге және ішуге арналған ыдыстар

- Шай демдеу және үстел жасау

Шайды тоңса, бойды жылытатын, шөлдегенде, шөлді қандыратын, ұйқы басса, сергітетін қасиеттері үшін көптеген халықтар жақсы көреді. Шынында да, шайдың құрамында толып жатқан пайдалы заттар бар. Шайдың отаны Кытай.Ағылшындар мен қазақтар шайды өте көп ішетін халық деп саналады. Шайда әдемі ыдыспен ішсең, оның дәмі де тәтті болады.

Шай түрлері: қара шай, көк немесе жасыл шәй, жапырақ шай,түйіршік шай, престелген шай, жеміс-жидек және шөп шай. Қазақтар көбінесе қара шайды пайдаланады. Шай сорттарын көрсету (көру,иіскеу,үстау)

Шай дымқылды және әр түрлі иісті өзіне оңай тартатындықтан, құрғақ әрі жабық ыдыста сақталғаны жақсы. Сондықтан шайды беті жабық шыны не фарфор ыдыста ұстаған жөн.Көрсету

5.Сергіту сәті «Кел балалар тұрайық».....Көз шаршағанда жасалынатын жаттығулар
6.Дәптермен жұмыс: шай сорттарын жазу

Шайды металл шәйнекке демдегенде, дәмі бұзылады, оған тек шыны не фарфор  шәйнек қолайлы. Шәйнекті алдымен ыстық сумен шайқап, мөлшерлеп шай салған соң, 4-5 минут тындырып қойып, үстінен қайнаған суды еселеп құю керек. Отқа қойып қайнатса, дәмі бұзылады.(Шайнек,кесе,шыны аяқ түрлерін көрсету)


Сарамандық жұмысқа дайындық: жұмыс киімін киіп, қол жуу. Мұғалімнің көмегімен техн. карта нұсқауларын орындау
Технологиялық карта Шай демдеу реті:


№ реті

Жұмыс барысы

1

Шәйнекке суық су құйып, қайнат

2

Аққұманның ішін ыстық сумен шай

3

Қораптың сыртындағы нұсқау бойынша 1-2 қасық шай сал




Шайнектің бетін жауып,орамалмен 5 минут орап қой




Дайындалған шайды кесеге құй




Шайды сүт, лимон қосып кәмпитпен, тосаппен, печеньемен тағы басқа тәттілермен ішуге болады


7. Жаңа сабақты қортындылау, талдау, баға қою
Каталог: uploads -> doc -> 0253
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0253 -> Сабақ тақырыбы: Сын есімді қайталау топқа бөлу 1 топ: Зат есім 2 топ: Етістік 3 топ: Сын есім Психологиялық дайындық
0253 -> Сабақ (физика) Мектеп: «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті жбб№17орта мектебі»кмм күні: 14. 06. 2017ж


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет