Сабақ беру мәселелері мәдібекова Ғ. М. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты



Дата01.04.2017
өлшемі64 Kb.
ӘОЖ 378.02:371.125

ХИМИЯДАН ҮШТІЛДЕ САБАҚ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мәдібекова Ғ.М.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты



Резюме

В данной статье рассмотрены особенности преподавания химии на английском языке.

Summary

This article describes the features of chemistry teaching in English.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты жолдауының әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басым бағыттары белгіленді. Бұл басым бағыттар бойынша өзекті мәселелердің бірі білім мәселесі болып саналады. Ал,«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беруді дамытуды қоғам бірлігінің және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кепілі ретінде нақтылап берді [1]. 

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негізінде балабақшадан жоғары оқу орнына дейін қамтылыған үрдісте үштілділік маңызды орын алып отыр. Осыған байланысты жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бакалавриат бағдарламасындағы 129 кредиттік пәндердің қазақ тілінде елу, орыс тілінде жиырма, ағылшын тілінде отыз пайызын өткізу былтырғы оқу жылынан бастап жұмыс оқу жоспарына енгізіліп отыр:

бакалавр білім беру бағдарламасы

қазақ тілі орыс тілі ағылшын тілі

50 20 30 пайыз

Химия мамандығында білім алушы студенттерді мектепте ағылшын тілінде сабақ беруге дайындық бірінші курсқа қабылданған күннен басталады. Ол үшін арнайы пәндердің біреуі бірінші семестрге, екіншісі екінші семестрге қойылды. Ағылшын тілінде өтетін сабақ тақырыбын алдымен өз тілінде түсініп, меңгеру қажет болғандықтан, алдымен сабақтың мазмұнын түсіндіру барысында кездесетін сөздерге, терминдерге анықтамалар дайындалып отырады. Осы дайындалған сөздер мен терминдер орысша және ағылшын тіліне аударылып, оқытушы мен студент күнделікті сабақ барысында қолданып, транскрипциясы мен айтылуына мән береді. Мысалы, әр сабақтың мазмұнына сәйкес құрастырылады:



қазақша

орысша

ағылшынша

транскрипция

абсолютті температура

абсолютная температура

absolute temperature

[ˈæbsəlu:t ˈtemprɪtʃə]

адсорбент

адсорбент

adsorbent

[ædˈsɔːbənt]

адсорбция

адсорбция

adsorption

[ædˈsɔːpʃ(ə)n]

белсендіру

активация

activation

[ˌæktɪˈveɪʃ(ə)n]

белсенділік

активность

activity

[ækˈtɪvɪti]

бөлінген газдардың талдауы

анализ выделенных газов

evolved gas analysis

[ɪˈvɒlvd gæs əˈnæləsɪs]

изотопты сұйылту әдісімен талдау

анализ методом изотопного разбавления

isotope dilution analysis

[ˈaɪsəʊtəʊp daɪˈluːʃən

 əˈnæləsɪs]



аналитикалық калибрлеу

аналитическая градуировка

analytical calibration

[ˌænəˈlɪtɪkəl ˌkælɪˈbreɪʃən]

аналитикалық калибрлеу функциясы

аналитическая градуировочная функция

analytical calibration function

[ˌænəˈlɪtɪkəl ˌkælɪˈbreɪʃən  ˈfʌnŋkʃən]

аналитикалық қисық

аналитическая кривая

analytical curve

[ˌænəˈlɪtɪkəl kɜːv]

аналитикалық таразы

аналитические весы

analytical balance

[ˌænəˈlɪtɪkəl ˈbæləns]

аналитикалық бағалаулар қисықтары

аналитические оценочные кривые

analytical evaluation curves

[ˌænəˈlɪtɪkəl ɪˌvæljʊˈeɪʃən kɜːvz]

аналитикалық үлгілер

аналитические пробы

analytical samples

[ˌænəˈlɪtɪkəl ˈsɑːmplz]

аналитикалық жүйелер

аналитические системы

analytical systems

[ˌænəˈlɪtɪkəl ˈsɪstɪmz]

массаның атом бірлігі (м.а.б.)

атомная единица массы (а. е. м.)

atomic mass units

[əˈtɒmɪk mæsˈjuːnɪts]

атомдық масса

атомная масса

atomic mass

[əˈtɒmɪk mæs]

атомдық салмақ

атомный вес

atomic weight

[əˈtɒmɪk weɪt]

атомдық нөмірі

атомный номер

atomic number

[əˈtɒmɪk ˈnʌmbə]

атомдық спектр

атомный спектр

atomic spectra

[əˈtɒmɪkˈspɛktrə]

Семестр соңында бір пәннің өтілетін тақырыптарына сәйкес толық сөздік дайын болып шығады.

Мектепте әртүрлі деңгейде тілді меңгеріп келген бірінші курсқа қабылданған студенттер үшін алдымен осы үш тілді сөздік пәнді меңгеруде көмек бере алады. Оқу орны жанынан ашылған курстарға қатысу нәтижесінде отыз пайыздың құрамына кіретін келесі пәнді игеруде студенттер сабақтың мазмұнына сәйкес баяндау текстін дайындап, ауызша айтып отырады, сұрақ қоюға және жауап беруге дайындалады. Егер тіл үйрену жүйелі жүргізіліп, орыс және ағылшын тілдерін сабақ өту барысында толық меңгеруге болады. Ал орыс және ағылшын тілдерін меңгерген білім алушылардың ертеңгі күні шетелде білімін жалғастыру мүмкіндігі болатынын, инвестиция тартылып ашылып жатқан өндіріс орындарында қызмет ету және аудармашылық та мүмкіндігі болатынын айтып қызықтырып отыруға болады.

Интербелсенді тақталар мен тілдік бағдарламалар енгізілген компьютерлермен жабдықталған кабинеттерде студенттердің машықтануына толық жағдай жасалған [2]. Ағылшын, орыс тіліндегі оқулықтар жеткілікті болғандықтан ғылым, білім жетістіктері мен теориялық негіздемелерді түпнұсқадан оқи алатын мүмкіндіктер де бар. Педагогикалық тәжірибеге үш тілде оқытатын Назарбаев Зияткерлік мектебі мен №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатқа жіберіліп, онда ағылшын тілінде сабақ жүргізуге дағдыланып келеді. Студенттер арасында үш тілде дебаттар, ашық тәрбие сағаттары өткізіліп отырады. Әр айда тіл меңгеру деңгейі анықталып, стимул ретінде жоғары көрсеткіш көрсеткен студенттер мен оқытушылары марапатталады. Студенттердің диплом жұмыстарын ағылшын тілінде қорғауы, магистратураға түскенде шет тілінен жоғары көрсеткіш көрсетулері ағылшын тілін меңгерудегі жетістіктері.

2016-2017, 2017- 2018 оқу жылдары мектепте 2019 жылы химия пәнін ағылшын тілінде өтуге дайындық жасау мақсатында тілді меңгерген жоғары курс студенттерінің пассивті тәжірибе барысында 5 және 6 сыныптармен жұмыс жасауы қарастырылуда. Ол үшін мектеп басшылығының рұқсатымен әр сыныпқа екі студент бекітіліп, ағылшын тілін үйрену үшін екі сағаттық қосымша сабақ өткізіледі. Сабақтың жоспарының негізіне ағылшын тілінің beginner оқыту деңгейі алынып, өзін таныстырудан бастап химиялық элементтердің аты мен терминдер сөздігін үйрену кіреді. Бір сабақтың материалдары оқушыларға қайталауға беріліп, жаңа сабақ алдында бақылау жүргізіліп бағаланады. Үйренген сөздерді қолдана отырып, сөйлем құрастырады, тақырыпқа сәйкес пікір білдіреді. Осылай 8 сыныпқа жеткенде химия пәнін ағылшын тілінде оқып кету мүмкіндігі қалыптасады.



Химия мамандығының студенттері үш тілді меңгере отырып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жоо талаптарына сәйкес білім алып, болашақта мектеп бағдарламасына сәйкес химия пәнінен ағылшын тілінде білім беруге атсалысады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы.



2.  Химия пәнін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар. Мәдібекова Ғ.М., Шитыбаев С.А., Мамраимов О.М. «Байтанаев оқулары – 4: Қазақстанда заманауи  білім  беру болашағы: реформалар және даму» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Шымкент, 2016.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет