Сабақ беру үрдісі (оқытушы-ұйымдастырушының іс-әрекеті) және оқу үрдісінен (оқушының іс-әрекеті) тұратын екі жақты үрдіс



бет1/3
Дата10.04.2017
өлшемі499,24 Kb.
#13573
  1   2   3


Кіріспе
Бастапқы әскери дайындық пәні бойынша оқыту, басқа пәндердегі сабақ беру үрдісі (оқытушы-ұйымдастырушының іс-әрекеті) және оқу үрдісінен (оқушының іс-әрекеті) тұратын екі жақты үрдіс.

Бастапқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы сабақ беру үрдісінде оқушының танымдық және тәжірибелік іс-әрекетін ұйымдастырады. Оқу үрдісіндегі оқушының іс-әрекеті білім, біліктілік және дағдыларды меңгеруден тұрады. Оқыту үрдісі тәрбие үрдісімен тұтас қарастырылады. Бұл дегеніміз, оқушыда тек қана пән бойынша білім, біліктілік және дағды қалыптастырып қоймай, сонымен бірге, адамгершілік өзін-өзі ұстау, танымдық мүмкіндіктері дамып, өздігімен жұмыс істеу мүмкіндігі дамиды деген сөз. Сонымен, білімді меңгеру қабылдаумен басталып, онымен тоқталып қалмайды. Оқушының қабылдаған материалы оның түйсігінде қорытылып, оған мән беріледі. Тек мән берілген білім ғана тәжірибелік іс-әрекетінде қолданылуы мүмкін. Оқыту үрдісі мазмұнының алғашқы және жетекші элементі – білім болып табылады. Білімді меңгеру–бұл пәнді, көріністерді, түсініктерді және заңдылықтарды оқу. Оқушылардың жекелеген фактілерді емес, білімнің белгілі бір жүйелерін меңгеруі өте маңызды. Мысалы, жоғары сынып оқушысы Калашников автоматының бөлімдерін жақсы біліп, бірақ автоматты әскери қару ретінде қолданудағы өзара әрекетін нашар білетін болса, қанағаттандырарлық деп санауға болады. Оқушылардың білімі механикалық түрде жатталған емес, мәнін нақты түсінген, Отанын қорғауда жетістікте болатындай болуы керек. Оқу үрдісінің құрама бөлігі біліктілікті және дағдыны құру болып табылады. Біліктілік оқушының алған білімі негізінде, алға қойылған міндеттер мен жағдайға сай орындалатын әрекеттер кешені. Оқушының бұл әрекеттерді тек нақты жағдайда ғана емес, сонымен бірге кез келген уақытта іске асыра білуі керек. Біліктілікке карта бойынша азимутты анықтау, атыс қаруынан ату дайындығы бойынша сұрақтарды шешу және т.б. кіреді. Дағдылар бір әрекетті көп рет қайталаумен пайда болады. Қалыптасып келе жатқан дағдыға, мысалы Калашников автоматын бұзу және жинау, газ тұтқыштарды кию және т.б. айтуға болады. Біліктілік пен дағды арасында тығыз байланыс бар. Кей жағдайларда біліктілік бойда бар қасиеттер мен дағдылар негізінде құрылады. Үйрету үрдісі танымдық іс-әрекеті кезеңдері немесе оқыту үрдісінің сатылары звенолары бойынша белгілі бір реттілікпен іске асырылады. Мұндай кезең немесе звенолар танымдық сұрақтарды, жаңа материалды қабылдау, ғылыми түсініктерді қалыптастыру, заңдарды меңгеру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, білім, біліктілік және дағдыны қолдану, оқушының білімді меңгеруін тексеру, оқыту нәтижелерін сараптауды оқушылар алдына талап қою болып табылады. Бұл оқыту үрдісінің кезеңдер кестесі шартты болып табылады. Барлық кезеңдер бір-бірімен байланысты және оқыту жүйесінің басқа да мүмкіндіктерін жоққа шығар-майды. Бастапқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы оқыту үрдісінде оқытудың негізгі кезеңдерін логикалық және әдістемелік реттілікпен өткізуді ескергені маңызды. Оқытудың дидактикалық қағидаларын педагогикалық үрдістің заңдылықтарын көрсететін және оқушыларды біліммен, дағды, біліктілікпен қаруландыруды анықтайтын, жетекші педагогикалық қалыптарды бекітеді. Оқыту қағидалары өздігінен құрылмайды. Ол педагогикалық үрдіс заңдылықтарын көрсетеді және сол оқыту үрдісінің мәнінен пайда болады. Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі оқу үрдісі бағынатын дидактика талаптарын жақсы білуі және сол заңдылықтарды оқыту және тәрбие мақсаттарын орынды шешу үшін қолдана білуі керек. Оқыту үрдісінің заңдылықтары оқу үрдісінің барлық жақтарын анықтайтын дидактикалық қағидалар жүйесінде (мазмұны, әдістері, ұйымдастыру түрлері) көрінеді. Білімді түйсікпен меңгеру қағидасы– бұл оқушы оқу үрдісінде оқылатын материалды жақсы түсіну және мән беру керек деген сөз. Ол үшін оқушыларды фактілерді өздігінен сараптауға, салыстырулар жасап және жалпылама тұжырымдар құру өте маңызды. Бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімі оқушыларға оқытудың мақсатын және міндетін түсіндіріп, білімге деген қызығушылығын арттырып, оқытуы керек. Оқушының түйсікпен қабылдаған оқу материалы көп жағдайда алғашқы әскери дайындық пән мұғалімінің түсінікті және тапқырлықпен түсіндіруне байланысты. Оқу кезіндегі оқушының түйсіктілігі, белсенділігі және жеке-даралылығы басқада дидактикалық қағидалармен тығыз байланыста болады. Мысалы: теория мен практика-лық бірегей негізінде білімнің ғылыми маңызы және түсіндірілу жүйелілігі түйсіктілікке қол жеткізеді. Оқытуды өмірмен байланыстыру оқу үрдісінің негізін құрайды және бастауыш сыныптан мектеп түлегі болғанға дейін жүргізіледі. Осы қағидаға орай оқу бөлімдерінің, тәжірибе бөлмелерінде оқушылардың пайдалы өндірістік еңбектерге баулуы ұйымдастырылады. Теория мен практиканы байланыстыратын дидактикалық қағида– өмірмен оқыту, алғашқы әскери дайындығында маңызды орын алады. Оны іске асыруда жоғарғы сынып оқушыларымен дала сабақтарын өткізу, әскери бөлімдерге бару, сарбаздардың өмірімен және әскери сабағымен танысу үлкен рөл ойнайды. Оқытудағы жүйелілікті және реттілікті ұстану қағидасы дегеніміз, бағдарлама материалы логикалық реттілікпен оқытылу, ал оқушылар білімі бір жүйеге келтірілу деген сөз. Өйткені сол ғана бізге, біздің білімімізді басқаруға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған қағида негізінде оқу материалының жылдармен, оқу тоқсандарымен, әр сабақтың тақырып бойынша орналасуын қатаң түрде сақтау талабы жатыр. Жаңа оқылатын материал өтіліп кеткен материалға сүйенуі тиіс. Себебі өтілген сабақ бекітіліп, оқушыны алдағы материалды меңгеруге дайындайды. Реттіліктің білімдегі рөлі туралы орыстың белгілі физиологі И.П.Павлов жастарға былай деген: «Реттілік, реттілік және реттілік. Білім жинақтауды алғашқы бастағаннан, өзіңді қатаң реттілікке үйрет. Ешқашан алдыңдағыны меңгермей жатып келесіге көшпе». Оқытудың реттілік қағидасын сақтауда алғашқы әскери дайындық пәні мұғаліміне оқу материалын оқу жылының тоқсандарына, апталық және тақырыптың жоспарын дұрыс жоспарлау көмектеседі.

Бұл қағида, сабақтарда оқушылардың оқылатын материалды меңгеруін белсендендіретін түрлі көрнекілік құралдарды болжайды.



Алғашқы әскери дайындығы бойынша оқу үрдісінде мынадай құралдар бөлініп көрсетілуі мүмкін: пәндік көрнекілік (қару көшірмесі, Азаматтық Қорғанысы бойынша құрылғылар, әскери техника және т.б.), көркемдік көрнекілік (кестелер, плакаттар, суреттер, макет және модельдер, оқу кинофильмдері) және сөздік-кесіндік көрнекілік (оқиғаларды, батырлар ерлігін, салыстырманы қолдану және т.б. жарқын суреттеу). Көркемдік көрнекілікке қысқаша тоқталып өтсек. Көрнекі құрал затты немесе көріністі тануда мәнділігін, бастысын көрсетіп, түсті қабылдаудағы жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктерін ескеретін көлемі болуы керек. Сабақта көрнекі құралды пайдалану кезінде олардың көрсетілу тәртібін және әдістемесін тиянақты ойластыру керек. Көрнекі құралдарды көп көрсетіп және барлық көрнекілікті, бірден ілуге болмайды. Материалды түсіндіру кезінде көрнекілік қолдану керек болғанда алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі ақпарат мазмұнын оқушы жақсы түсіну үшін орынды түсіндірулер беруі тиіс. Көрнекі құрал көрсетіліп, оқушыларды бақылауынан соң, тақырыпқа сай жалпылама жасау ұсынылады. Сабақ барысында көрнекіліктің түрлі формаларын қолданған жөн. Әсіресе деректі және оқулық арнайы фильмдер көрсету маңызды. Сабаққа дайындалуда оқытушы-ұйымдастырушы оларды көріп, көрсету жоспарын құрып және көрсетілген материалды оқушылармен қысқаша әңгімелегені дұрыс. Бұл қағиданы іске асырудың бірден-бір жолы оқылатын материалды қайталау және бекіту. Бастапқы әскери дайындығы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруда ең бастысы оқушыларды сапалы біліммен қаруландыру екенін ұмытпаған жөн. Тек сапалы білімнің негізінде ғана біліктілік және дағды пайда болады. Сондықтан да теориялық мәліметтер практикалық сабақтардың алдында болуы тиіс. Мысалы, ату сабағы алдында қарудың материалдық бөлімі оқытылады. Оқылған материалды қайталау барысында оқушылардың белсенді және түсінікті меңгеруіне, сол білімді меңгеруіне қол жеткізеді. Бұл қағида оқыту оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, іске асырылуы керек, яғни осы оқу материалы көлемі және мазмұны оқушының ақыл және дене дамуы деңгейіне сай келуі керек дегенді білдіреді. Өте күрделенген және өте жеңілдетілген оқу материалы оқушының сабаққа деген қызығушылығын төмендетеді. Қарастырылып отырған қағиданы іске асыру үшін оқу үрдісін жеңілден қиынға, белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге деген жолмен құрылуы керек. Оқытуда белгілі бір реттілікті сақтап, оқушы алдында алған біліміне сүйенуі керек. Осыған орай, алғашқы әскери дайындығында, осы пән бойынша бағдарламаның бір бөлімін оқытуда соған сай басқа пәндердің пән аралық байланысы үлкен рөл атқарады. Бұл пән бойынша терең, әрі түсінікті білім алуға мүмкіндік береді. Өз кезегімен пән аралық байланыс мектеп курсының басқа пәндерден білім деңгейін кеңейте түседі. Пән аралық байланысты дұрыс қолдану үшін оқытушы-ұйымдастырушы басқа пәндердің бағдарламасына сай бөлімдерімен танысып, белгілі бір тақырыптарды сол пәндердің тақырыптарына сүйенуі тиіс. Мұғалімдермен байланыс ұстап, алғашқы әскери дайындығы бойынша өз білімін тереңдетуі керек. Оқыту – жұмыстың ұжымдық түрі. Оқыту оқушыларды ұжымда, оның ішінде әскери іс-әрекеттік маңызы бар тәжірибелік іс-әрекетке дайындауға есептелген. Оқытушы-ұйымдастырушының міндеті–білімді, біліктілікті және дағдыны сабақта және сабақтан тыс уақытта сыныптың ұжым болып, белсенді түрде меңгеруін қамтамасыз ету. Сонымен бірге оқытушы-ұйымдастырушы әрбір оқушының жеке-дара ерекшеліктерін анық білуі керек (мінезі және темпераменті, ақыл және жігер, денсаулық жағдай және т.б.). Сол ерекшеліктерді білу әр оқушыға жеке жол табуға, олардың оқу іс-әрекетіне белсенді түрде араласуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әсіресе жеке-бір оқушылардың артта қалу себебін анықтап, олардың оқу материалын жақсы меңгеруіне көмектесу өте маңызды. Орта мектептерде бастапқы әскери дайындық пәнін ұйымдастырып өткізуде жетекшілік ететін құжаттар педагогикалық тұжырымдау тұрғысынан тұтастай қарастырылуында; Зерттеліп отырған мәселенің педагогикалық құндылықтары айқындалып, тәрбиеге пайдаланудың жолдары саралануда. Жалпы білім беретін мектептерге жұмысқа орналасқан жас мамандар алғашқы әскери дайындық сабағын өткіу мен ұйымдастырды өз деңгейінде атқарғанымен оларға кездесетін тағы бір мәселе алғашқы әскери дайындық бойынша жетекшілік ететін құжаттармен жұмыс жасау, сол қиыншылықтарды жеңу үшін алғашқы әскери дайындық бойынша жетекшілік ететін құжаттардың үлгілерін келтірдік, осы көрсетілген үлгі жұмыстары жас мамандарға өз көмегін тигізеді деп санаймыз.

Бастапқы әскери дайындық пәні жетекшілік ететін құжаттар тізімі
Бастапқы әскери дайындық бойынша жетекшілік ететін және қызметтік құжаттардың тізімі:

Директорда:

1. Ақпараттық- анықтама (сұрақтар тізімі қосымша тіркелген).

2. 200_ -200_ оқу жылдарында Бастапқы әскери дайындықты оқытуды жетілдірудің басталуы туралы директордың бұйрығы.

3. Взвод және бөлімше командирлерін тағайындау туралы директордың бұйрығы (үлгі ұсынылады).

4. Оқу жылының Бастапқы әскери дайындық бойынша сабақтың апталық жоспары.

5. Сабақ кестесі (Бастапқы әскери дайындық сабақтарын, күндерін көрсету).



Бастапқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысында :

  1. Әр күнге және сабаққа директормен бекітілген жоспар конспектілері.

  2. Сабақ үлгірімінің және қатысуын тіркеу журналы (Бастапқы әскери дайындық және дәрігерлік-санитарлық дайындық үшін жеке беттерімен)

  3. Бағдарламаның орындалуын оқушылардың бағдарламаны меңгеруі, оқытушы-ұйымдастырушының әдістемелік дайындығын тексеруді тіркеуге арналған журнал.

  4. Бастапқы әскери дайындық және әскери - патриоттық тәрбие бойынша көрнекі құралдардың болуы және жағдайы.

  5. 10-11 сынып оқушыларының дене дайындығы деңгейі.

  6. Оқу- материалдық базаның жалпы жағдайы.

  7. Жастарды әскери - патриоттық тәрбие бойынша мектептің жалпы жоспарына бастапқы әскери дайындық оқытушы - ұйымдастырушысының ұсынысы.

  8. Сабақтың тақырыбын айлар бойынша жаңа оқу жылына взвод және бөлімше командирлерімен сабақ жоспары.

  9. «Алау», «Ұлан» әскери-спорттық ойындары бойынша ереженің болуы. Осы ойындар бойынша іс-шаралардың өткізілуін тіркеу.

10. Бастапқы әскери дайындық, азаматтық қорғаныс, дене шынықтыру, дәрігерлік-санитарлық дайындық бойынша әдістемелік комиссияның жұмыс жоспары, айлар бойынша құрастырылуы (комиссия құрамына азаматтық қорғаныс, дене шынықтыру, дәрігерлік-санитарлық дайындық мұғалімдірі және 10-11 сынып жетекшілерінің бірі тағайындалады).

11. Бастапқы әскери дайындық, азаматтық қорғаныс, дене шынықтыру, дәрігерлік-санитарлық дайындық жалпы білім беру пәндерімен пән аралық байланысы бойынша жұмыс жоспары.

12. Бастапқы әскери дайындық бойынша оқытушы - ұйымдастырушының жеке жұмыс жоспары.

13. Қайда оқуға барамын стенд - (әскери оқу орындары)

Жалпы білім беретін мектептерге жұмысқа орналасқан жас мамандар алғашқы әскери дайындық сабағын өткіу мен ұйымдастырды өз деңгейінде атқарғанымен оларға кездесетін тағы бір мәселе алғашқы әскери дайындық бойынша жетекшілік ететін құжаттармен жұмыс жасау, сол қиыншылықтарды жеңу үшін алғашқы әскери дайындық бойынша жетекшілік ететін құжаттардың үлгілерін келтірдік, осы көрсетілген үлгі жұмыстары жас мамандарға өз көмегін тигізеді деп санаймыз.


  1. М.Жұмабаев атындағы № мектеп-гимназиясының 200__- 200__ оқу жылына арналған ақпарат - анықтама





Мазмұны

Мағлұмат

1

Мектеп туралы мәлімет

№ 251 М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп - гимназиясы, қазақ мектебі негізінде 1991 ж құрылған.

2

Мекен-жайы

Семей қаласы, Қазбек би ауданы,Степной- 4,

тел – 75 – 01 - 27



3

Мектеп директоры, туған жылы, білімі

Базыл Ж.С. 1959 жылы туылған, білімі жоғары

4

Бастапқы әскери дайындық пәні оқытушы -ұйымдастырушысы, туған жылы, білімі

Аметов Думан 12.04. 1979ж туылған. Білімі жоғары, СМПИ Жаратылыстық ғылымдар факультетінің «Бастапқы әскери дайындық» мамандығын бітірген.

ҚР ҚК қатарында қызмет атқарған.



5

Мектептің педагогикалық ұжымы

Барлығы - 102 мұалім, оның ішінде ер мұғалім - 25, әйел мұғалімдер 77- , жоғарғы дәрежелі - 30, 1- дәрежелі - 15, 2- дәрежелі 46 - , дәрежесіз - 11 мұғалім.

6

Оқушылар саны

Барлығы - 1264 оқушы, оның ішінде бастауыш буын сыныптарында 500, орта буын сыныптарында 638, жоғарғы буын сыныптарында - 126.

7

Бастапқы әскери дайындық курстарына қатысатын оқушылар саны.

10-11 сынып оқушыларының саны - 126. Олардың ішінде: ұлдар - 50 және қыздар саны- 76

10 сынып. Барлығы – 61, олардың ішінде ұл – 26, қыздар - 35

11 сынып. Барлығы - 65,

олардың ішінде ұл – 24, қыздар – 41



8

Оқшылардың дене шынықтыру дайын-дығының деңгейі.

Қанағаттанарлық, мектептегі спорт үйірмелері: футбол, баскетбол, волейбол, тенис, шахмат, қол сайыс түрлері.

9

Мектеп ішіндегі әскери- патриоттық тәрбие

Әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын мектеп директоры бекіткен жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі

10

Мектеп әкімшілігінің көмек көрсетуі

Мектеп әкімшілігінен өткізілетін әскери спорттық шараларына көмек көрсетілуде.

№ мектеп – гимназиясының

Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушы – ұйымдастырушы:



2. БҰЙРЫҚ №50

29.08. 200_ ж. Семей қаласы

«200_ -200_ оқу жылындағы алғашқы әскери дайындықты жетілдіре оқыту туралы»

24 мамырдағы 200_ жылғы № 449 Қаулысына сәйкес Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке даярлауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы бұйрығы негізінде, оқу департаментінің талабына сай 200_ – 200_ оқу жылында бастапқы әскери дайындық сапалы түрде оқыту жүктеледі.

Бұйырамын:


  1. Бастапқы әскери дайындық сабығына 1 қыркүйек 200_ жылы кірісіп, 25 мамыр 200_ жылы оқуды аяқтау міндетті.

  2. Бастапқы әскери дайындық пәніне 10–11 сыныптардың оқушыларын қамтуы керек, кейбір денсаулығына байланысты босатылғандардан басқа – 136 сағат көлемінде Бастапқы әскери дайындық бағдарламаға сәйкес оқулары қажет.

  3. Бастапқы әскери дайындық сабағын жүргізу оқытушы – ұйымдастырушы мұғаліміне жүктеледі, сабақ алғашқы әскери дайындық бағдарламасына сәйкес апталық жоспарымен жүргізіледі.

  4. Бастапқы әскери дайындығы 68 сағат көлемінде, 10-11 сыныптарда аптасына 2 сағаттан, сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.

  5. 11 сыныптағы қыз балалар алғашқы әскери дайындық кезінде дәрігерлік санитарлық көмек көрсету тақырыбы бойынша жас өспірімдерден бөлек дайындалады.

Сағат саны: 11 сыныпта - 30 сағат

10 сыныпта - 18 сағат,

барлығы 48 сағат.

Ал қалған тақырыптар бойынша ер балалармен қатар жүргізіледі.



  1. Бастапқы әскери дайындыққа байланысты сабақтарды және шараларды жүргізу үшін № 28 дәрісхана, сонымен қатар қару жарақты сақтау үшін, дабылдық қорғау, шаралармен қамтамасыз етілген бөлме бөлінеді.

  2. Бастапқы әскери дайындықты оқытушы - ұйымдастырушы мұғалім 15.09.200_ж алғашқы әскери дайындық туралы апталық жоспарды, оқу материалдық базасын жетілдіру, өзіндік білім көтеру, жастарды әскери -патриоттық тәрбие негізінде тәрбиелеу ұсыныстары жөніндегі жұмыс жоспарын ұсынып бекіту керек.

  3. Оқу жылының аяғында алғашқы әскери дайындық бойынша қорытынды бұйрық шығарылып, аудандық әскери комиссариатына және қалалық оқу бөліміне есеп беру құжаттары ұсынылады.

  4. Бастапқы әскери дайындық ұйымдастырушы мұғалімі бүкіл оқу жылы бойынша оқу материалдық базасын, арнаулы техникалық жабдықтармен, жабдықтау және сақтау жүктеледі.

  5. Әр аптаның сәрсенбісі әдістемелік күн болып есептеледі.

  6. Бұйрықты педагогикалық ұжымға таныстыру.

БӘД пәнінің оқытушы – ұйымдастырушы_____________________

3. БҰЙРЫҚ № 51

мектеп – гимназия 09. 09. 200_ ж.



«Взводтар мен бөлімшелердің командирлерін тағайындау туралы»

Жастардың Бастапқы әскери дайындық туралы Ережеге сәйкес, алғашқы әскери дайындық және дәрігерлік-санитарлық дайындық сабақтарын, дене шынықтыру тәрбиесін және сыныптан тыс жұмыс шараларын ұйымдастырушылық деңгейде жүргізу, сонымен қатар оқушыларда жалпы әскери Жарғылардың талаптарын қалыптастыру мақсатында.

БҰЙЫРАМЫН:

1. Взводтар келесі тәртіп бойынша нөмірленсін:

11 а сынып – I взвод

11 ә сынып – II взвод

10 а сынып – III взвод

10 ә сынып – IV взвод

10 б сынып – V взвод.

2. Взводтардың командирлері болып мына оқушылар тағайындалсын:

I взвод (11 а сынып) – Ибраев.Т.

II взвод (11 ә сынып) – Жуманбаев А.

III взвод (1 0 а сынып) – Дукетаев Б.

IV взвод (10 ә сынып) – Баби А.

V взвод (10 б сын) – Советханұлы Д.

3. Бөлімшелердің командирлері болып мына оқушылар тағайындалсын:

I взвод:

1-бөлімше–Уапов Е., 2-бөлімше–Тлебалдин М., 3-бөлімше- Мауытхан Т.

II взвод:

1-бөлімше–Қалиева А., 2-бөлімше–Серікқызы Д., 3-бөлімше–Амирбаев М.

III взвод:

1-бөлімше–Тұрсынов М.,2-бөлімше–Құлджабаев Д., 3-бөлімше- Бейбіт Д.

IV взвод:

1- бөлімше– Саркучиков Е., 2-бөлімше – Кеңесбеков Е., 3- бөлімше – Нұрбеков Д.

V взвод:

1-бөлімше–Кушербаева Г., 2-бөлімше–Апсалямова Ж., 3- бөлімше–Нұрахметов Қ.

4. Бастапқы әскери дайындық оқытушы - ұйымдастырушы әрбір взводта саптық есептоп жүргізсін және командирлер мен оқушылардың бастапқы әскери дайындық кабинетіндегі орындарын белгілесін, осы тәртіптің бұзылмауын талап етсін, әскери сыпайылық және сәлемдесу тәртібін сақтауды, әскери пәрмендердің дұрыс орындалуын және белгіленген киім нышанын бұзбауын талап етсін.

5. Взвод және бөлімшелердің командирлері дене шынықтыру пәнінің мұғалімдіріне сыныптан тыс сабақтары мен шаралар өткізуіне көмектессін. Тәртіптің қатал сақталуына, сабақ оқуда алдыңғы қатарда болуына себебін тигізсін. Бұйрықтар мен пәрмендердің орындалуын қамтамасыз етсін. Жоғары сынып оқушыларынан командирлер кеңесі құрылсын.

6. Взвод және бөлімшелердің командирлерімен өткізілетін әдістемелік сабақтар күні белгіленсін.

7. Осы бұйрық барлық оқушыларға сабақ үстінде әрбір взвод бойынша жеткізілсін.



Мектеп-гимназия директоры___________________ қолы

4. 200_ – 200_ оқу жылына арналған Бастапқы әскери дайындық пәнінің сабақ кестесі



Уақыты

Дүйсенбі



Сейсенбі



Сәрсенбі

1

800-845



1



1



2

850-935



2




2



3

940-1025



3

11 ә

3



4

1035-1120



4

11а

4



5

1125-1210



5



5



6

1215-1300




6

10 б

6









Бейсенбі



Жұма



Сенбі

1

800-845



1

10 ә

1



2

850-935



2

10 а

2



3

940-1025



3



3



4

1035-1120

10 б

4

11 ә

4



5

1125-1210

10 а

5

11а

5



6

1215-1300




6



6

10 ә

№ мектеп – гимназиясының

Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушы–ұйымдастырушы _______



5. Бекітемін

Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет