Сабақ Биология 7-сынып Тақырыбы: «Жорғалаушылар әлемі»



бет1/3
Дата21.07.2017
өлшемі371,43 Kb.
#21384
  1   2   3
«№ 34 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

Ашық сабақ
Биология

7-сынып
Тақырыбы:

«Жорғалаушылар әлемі»




Биология пәні мұғалімі: Кубеева Алия Маккамбаевна

Күні :10.03.2014ж Сыныбы: 7 Пәні : Биология

Сабақтың тақырыбы :Жорғалаушылар класын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі : Жорғалаушылардың класына жататын отряд өкілдерінің ерекшеліктерін,түрлерін таралуын қорытындылау арқылы оқушылардың білім қорларын толықтыру.

Сабақтың дамытушылығы: Сұрақтарға нақты жауап беруге,шығармашылық ізденісін,іскерліктерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелігі: Жорғалаушылардың ем ретінде қолданылуы,табиғаттағы пайдасы жөнінде айта отырып,табиғатты қорғауға,айналадағы ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға үйрету,өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Типі: Қайталау

Түрі: Саяхат сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап,ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: Жорғалаушылардың суреттері,дидактикалық тапсырмалар

Пәнаралық байланыстар: Экологиямен,географиямен,әдебиетпен

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткенді қайталау

ІІІ. Қорытынды

Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін біз сахатқа шығамыз. Ол үшін сендер білімді болуларың керек. Мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін жұмбақ қойғым келіп тұр?Егер жұмбаққа жауап берсеңдер саяхатқа шығамыз.

Тіршілігі құрлықтағы жануар,

Кесіртке мен жылантектес түрі бар

Пайдасы көп табиғатқа,адамға,

Өнеркәсіпте бұйымдары табылар.

Қаңқалары бес бөлімнен тұрады.

Жүрегі оның үш қуысты болады.

Алғаш өкпесімен тыныс алған, Бұл қандай жануарлар класы?

Жауабы: Жорғалаушылар класы

Олай болса «Жорғалаушылар » ханшасының сарайына жетіп білім қоймасының көзін ашу.



Бұл сапар «Эйр –Қазақстан » компаниясының ұшағы арқылы ойша жүзеге асырылады.Эйр-Қазақстан бағыты 4 қала арқылы Жорғалаушылар сарайына жетіп барамыз.Ал енді « Жорғалаушылар » сарайына тек білімділер ғана жете алады. Дайынбыз ба ?

Әр қалада бізге тапсырма бар. Сол тапсырмаларға жауап беру арқылы қалаларға өте аламыз.

1 . «Тұмсықбастылар » қаласы

Мұнда екі тапсырма бар.

  1. Тапсырма. Жорғалаушылар туралы мәліметтер



  1. Класс неліктен жорғалаушылар деп аталады?

  2. Қазақстанда жорғалаушылардың қанша түрі бар?

  3. Жорғалаушылардың тері жабынының ерекшеліктерін атаңдар?

  4. Жорғалаушылардың сезім мүшелері?

  5. Жорғалаушылардың қанша отряды бар?

2-Тапсырма. Берілген белгілердің қай жануарға тән екендігін «Венн диаграммасы » арқылы салыстырыңыз.

Қосмекенділер Ұқсастығы Жорғалаушылар

  1. Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар

  2. Терісі құрғақ,мүйізді қабыршақтармен қапталған.

  3. Өкпесі арқылы тыныс алады

  4. Өкпесімен де терісімен де тыныс алады

  5. Жамбасқа орналасқан 2 бүйрегі бар

  6. Ми қыртысының нышаны бар

  7. Клоакасы бар

  8. Іштей ұрықтанады

  9. Түрленіп дамиды

  10. Кеңірдек ауатамыр мүшелері бар

  11. Омыртқа жотасы,мойы,тұлға,сегізкөз,құйрық бөлімдеріне бөлінген

  12. Алғаш кеуде қуысы пайда болған

  13. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары болмайды

  14. Саусақтарында мүйізді тырнақтары болады

  15. Сырттай ұрықтанады. Қосмекенділер,Жорғалаушылар

Өте жақсы балалар біз келесі қалаға баратын болдық. Сендердің сұрақтарға өте дұрыс жауап берулеріңнің арқасында

ІІ. « Қабыршақтылар « қаласы

Сұрақтарға жауап бере отырып,жорғалаушыларға тән белгілерді сызбаға түсір.


1.

6.



2.

3.

4.

5.

10.

7.

8.

9.



  1. Жорғалаушылар туралы ғылым қалай аталады ? ( Герпетология)

  2. Жорғалаушылар қандай мүшесі арқылы тыныс алады? (Өкпесімен )

  3. Жорғалаушылардың күрделі қозғалыс әрекеттер жасайтын қай ми жақсы дамыған ? (Мишық )

  4. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жорғалаушылардың саны (3)

  5. Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты ? ( үш )

  6. Құбылғылар,кесіртке,жыландар жорғалаушылардың қай отрядына жатады? ( Қабыршақтылар отряды)

  7. Жорғалаушылардың зәрі қайда түзіледі? (бүйректе)

  8. Жорғалаушылар қалай ұрықтанады? ( іштей ұрықтанады)

  9. Жорғалаушылардың есту мүшесі? ( ішкі және ортаңғы құлақтан)

  10. Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш қандай өзгеріс бар?

ІІІ. «Тасбақалар » қаласы .

  1. Тапсырма.

Қазақстанда кездестін жыландар туралы хабарлама.

2. Тапсырма.

Сөзжұмбақ – «Тасбақа »





























 

 

 



















 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
















 

 

 

 

 

 

 
















 

 

 

 

 

 



















 

 

 

 

 

 

 
















 

 

 

 

 

 

 


Бұл сөзжұмбақты дұрыс шешкенде өз аулымызда жорғалаушылар класына жататын жануардың атын оқисыз.



  1. Жыланның сипап сезу мүшесі ( Тіл)

  2. Қазақта басына ақ құйып шығарып салатын қай жануар? (жылан)

  3. Республикамызда мекендейтін улы жылан (Қалқантұмсық)

  4. Зәр шығару мүшесі ( Бүйрек)

  5. Аяқсыз кесіртке (Сарлан)

  6. Терісінің түсін де өзгерте алатын кесіртке (құбылғы)

  7. Тұмсықбастылар отрядының өкілі ( Гаттерия)

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет