Сабақ. «Біз осындай баламыз»



бет1/6
Дата12.09.2020
өлшемі20,14 Kb.
#63829
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: «Көкпекті орта мектебі»К.М.М Мұғалiм Аяганова А.О.

Сынып 2 Оқушылар саны 15 Тақырып : 1 – сабақ. «Біз осындай баламыз»

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жақсылық жасау, мейірімділік, достық

Сабақ мақсаты:Балалардың сүйіспеншілік құндылығы-ның жақсылық жасау арқылы көрініс табатыны туралы түсінік беру
Міндеттері:

Білімділік:.Жақсылық пен сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру

Дамытушылық;Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік:Кайырымдылыққа ,ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: кітап, үнтаспа, ағаштын макеті. «тамшы» үлгісінде қиылған қағаздар

маркерлер,плакат



Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бір - біріне тілектер айту.

Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»

Балалар, енді орнымызға жайғасып, ыңғайланып отырып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір құрметке, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Біз сіздермен ерекше бір ғалам “Әлем ғаламшарына” сапар шегеміз. Егер кімде – кім көзін жұмғысы келсе, жұмуға болады. Біздің әуе кемеміз “Әлем ғаламшарына” келіп қонды. Біз асықпай, бірімізден кейін біріміз басқышпен түсіп келе жатырмыз. Бұл ғаламшар ертегідегі сияқты ғажайып жақсылыққа, шаттыққа, бақытқа толы болғандықтан таң қаларлық әдемі болып көрініп тұр. Осы ғаламшарда күн жарқырайды, ерекше, шуақты, жылы және әдеттегіден өзгеше. Күн Әлемдегі әрбір тұрғынға өз нұрының бейбітшілік, жақсылық және достық шуағын шашып тұр. Осы ғаламшарға тап болатын адамның барлығы жақсылыққа және шаттыққа бөленеді. Біздің осы ғаламшарда ерекше жақсы жағдайға ие болуымыздың себебі біз осы ғаламшар тұрғындарының шақыруымен келіп тұрмыз. Таң қаларлық жағдай осы ғаламшар тұрғындары жақынымен де, туысымен де, танысымен де және таныс емеспен де бәрімен нағыз дос. Сол себепті де олар жер ғаламшарына әуе кемесін жіберіп бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақтайтын, ойында да, жүрегінде де сый мен құрметке ие, тату балаларды өзіне қонаққа шақырады. Әлем ғаламшары біздің балалардың олардың көңілінен шығатындығына шын қуанады. Оларға күлімсіреп қараңыздар. Өз достарыңызға қол ұшын созыңыздар. Қолдарыңыздың жылылық пен мейірімділік қуатына бөленгенін сезініңіздер. Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстаймыз және бізді, біздің жүрегімізді мызғымас достық баурап алғанын сеземіз. Осы сезімдерді жадымызда сақтаймыз. Ал енді мен сыйқырлы сөз айтамын. Біздің Жер Ана өзінің қымбатты балаларын, 2 - сынып оқушыларын, асыға күтеді. – дегенде сіздер көздеріңізді ашасыздар. Қолдарыңызды жан-жаққа созыныз. Терең дем алыңыздар. Жарайсыздар.

Каталог: uploads -> doc -> 05a2
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05a2 -> Әдебиеттік оқу 3 «А» Тақырыбы: 12. 15. Астана – арман қала. Мақсаты
05a2 -> Сабақ: №2 Тақырыбы: Заттардың қандай айырмашылығы бар? №2 Күні: 10. 10
05a2 -> Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word -та к естемен жұмыс, формула енгізу
05a2 -> Сабақ § 48. Электр тогының химиялық әрекеті. § 49. Электролиз заңы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет