Сабақ болып өтті. Тәжірбие жинақтаушы: Ғалымжанова Марита



бет2/7
Дата09.05.2020
өлшемі165,88 Kb.
#66777
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9класс ашық саабақ
СОЧ Русский язык (Я1) 5 класс
Сөз сөйлегендер:

1. Кенебаева Светлана(Оқу-ісі жөніндегі орынбасар) Бүгінгі сабақ өтілу барысы маған ұнады.Мұғалім балалармен жақсы қарым-қатынас жасау арқылы ынтымақтастық пен сенім атмосферасын орната білді. Оқушылар белсенді,өткен сабақтардан білімдерінің жүйелі екендігі байқалып тұр. Бірлесе жұмыс істеуге төселген,жаңа сабақты оқушылар жақсы меңгерді,пәндік көрнекіліктер, оқулықпен жұмыс т.б өз мәнінде жүрді. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында сұрақ-тапсырмалар берілді.Сабақтың өтілу барысын «өте жақсы» деп бағалаймын.

2.Абжалиева Айзада (география пәні мұғалімі) Бүгінгі сабақта оқушылардың ойын жеткізуін, өзара әрекеттесу, білім алмасу дағдыларын мұғалім жақсы ұйымдастыра білді,көрнекі құралдар негізді қолданылды.Оқытудағы жаңа тәсілдер (диалогтық оқыту, топтық жұмыс) талапқа сай ұйымдастырылды.Оқушылар сұрақ-жауап әдісіне жақсы төселген.

Бағасы: «өте жақсы»



3.Ешнязова Ләззат (тәрбие-ісі жөніндегі орынбасар) Сабақта мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра отырып ,жаңа тақырыпты ойдағыдай меңгерте білді.Оқушылармен ортақ атмосфера болды, топпен жұмыс жасау арқылы бүкіл сынып қамтылды Сабақ мақсаты орындалды. Сабақ тиімділігін арттыруда кері байланыс , бағалау түрлері пайдаланылды. Сабақта бірнеше жақсы жұмыстар көрдік. Қосымша материалдарды орынды пайдаланып отырды.Үлгі аларлық сабақ болды. Бағасы: «өте жақсы»

4.Ақбаева Дәрігүл (Ғылыми-әдістемелік орынбасар) Сабақ «өте жақсы» деңгейде өтті деп бағалаймын.Сабақта талап етілетін 4 дағды:оқылым,жазылым, айтылым, тыңдалым толық жүзеге асты. Әңгіменің мазмұны арқылы өмірде судың да сұрауы бар екеніне көз жеткізіп,табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырды.Оқушылардың ой еркіндігіне жағдай жасалып,сабақ барысында жұптық, топтық жұмыстарға қатысуын, қызығушылығы мен белсенділігін арттыра білді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы диалогтік оқыту жүзеге асты. Ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланды. Өз бетімен білімді меңгерді.

Сабақта көптеген әдіс-тәсілдер тиімді пайдаланылды. Тәжірбие жинақтаушы өз мақсатына жетті.

Қаулы етеді :

06.03.2020 ж күні өткізілген тәжірбие жинақтаушы М. Ғалымжанованың

9«а» сыныбындағы Тәрбие сағатынан «Адамзаттың асылы-Ана деген» тақырыбындағы ашық сабағы «өте жақсы»деп бағалансын!

Бірлестік жетекшісі: А.Абжалиева



107 орта мектеп



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет