Сабақ: дүниетану Тақырыбы «Алтын адам туралы аңыз»



Дата24.05.2017
өлшемі72,45 Kb.
#16987
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспары

САБАҚ:дүниетану

Тақырыбы « Алтын адам туралы аңыз»

Мектеп:16ЖОББМ

Күні:06.03.17 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Барекенова Ж.А

СЫНЫП:1 Б

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.3.1.2 ежелгі заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Сабақ

мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Алтын адам туралы аңызбен танысy;

бұрынғы заман мен болашақ арасындағы айырмашылықты түсінy;



Оқушылардың көпшілігі орындай алады: сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.

Кейбір оқушылар орындай алады: сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.

Тілдік

мақсат


Оқушылар орындай алады:

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: аңыз – легенда – legend;

батыр – батыр – batyr.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: айтылым, жазылым

Талқылауға арналған сұрақтар: Теңгелер туралы ғылым қалай аталады?
–– Алтын Айдар қандай болып өсті?

–– Алтын Айдардың сауыт-саймандарын сипаттаңдар


–– Археологтар Алтын адамды қай жерден тапты?

Не себепті .... деп ойлайсыз? Жуға шыққан баланың атын неге Алтын Айдар деп қойды

Алдыңғы оқу

3мин

Көне жазбалар жайлы білетіндерін сұраймын, әңгімелетімен

Жоспар

Жоспарланған

уақыт есебі

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы


Нумизматика

Нумизматика – тиын, құйма ақша коллекциясы арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін қосалқы тарихи ғылым саласы Аңыз деген не? «Аңыз» сөзі бізге латын тілінен енген. Бұл халық ауыз шығармасы түрлерінің бірі. Бірақ ертегілерден ерекшелігі шынайы өмірді суреттейді. Жазу әлі болмаған кезде аңыз ауыздан ауызға беріліп отырған. Тиындардағы барлық жазбалар да аңыздар деп аталады.

Сурет




Ортасы

Алтын адам туралы аңыз.

Ерте заманда қазақтың ұлан байтақ даласында бір тайпа мекендепті. Бұл тайпаның балалары бір-біріне ұқсас болған және бір тілде сөйлеген екен. Халқы күшті әрі бай болған. Қасқалдақ батырдың отбасында 9 ұл болыпты. Күндердің күнінде оныншы ұл дүниеге келіпті. Оның ұзын алтын бұрымы болған дейді. Сондықтан оны Алтын Айдар деп атаған екен. Оны барлығы еркелеткеніне қарамастан Алтын Айдар қыңыр болмапты. Кішкентай кезінен бастап ол атпен шабуға құмар болып, бәйгеде әрқашан бірінші келеді екен.

Күндердің күнінде тайпаға шығыстан қаһарлы жау келе жатқаны туралы жаман хабар келеді. Халық жиналып, жауға қарсы шығуға шешім қабылдайды. Батыр Қасқалдақ бас қолбасшы болады. Атты әскерлер темір сауыт киіп, болаттан жасалған өткір семсер мен қылыш тағынады. Бәрінен де Алтын Айдар жақсы жасақталады. Жас батыр алтын сауыт-сайман тағынады, басына дулыға киіп, кеудесі мен арқасын алтын кіреукемен жапты, беліне алтын белдік

тағынды. Аяғына ұшы үшкір, алтын өрнекпен өрнектелген қонышы биік етік киді. Ол өз әскерімен жауға қарсы шапқанда, алтын киімі ұшқын шашады екен. Оның пайда болғанының өзі жауға үрей туғызады. Жау Қасқалдақ әскерін жеңе алмады. Үш күндей айқасқан соң екі жақ та бітімге келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты науқастанып, қайтыс болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен. Қабірінің жанына «Сен бізден болашаққа ерте кетіп қалдың.....» деген жазуы бар күміс ыдыс қойылған.


1969 жылы Алматыға жақын Есік қорғанында археологтар «Алтын адамды» тапты. Ол жерде көмілген адамның шамамен алғандағы жасы 18 жас. Қабірінде киімдерге, аяқ киімге және бас киімге тігілген, алтыннан жасалған төрт мыңнан астам әшекей бұйымдар, сонымен қатар алтын балдақ сақиналар, мүсіншелер, қалайы және алтын қару-жарақ, әртүрлі ыдыстар табылды. Жазуы бар күміс ыдыс тар біздің ата-бабамызда жазу өте ертеде пайда болғанын дәлелдейді.

Оқулық

таныстырылым




Соңы


  1. Дәптермен жұмыс

  2. Сұрақтар қою

–– Теңгелер туралы ғылым қалай аталады? (Нумизматика).
–– Алтын Айдар қандай болып өсті? (Оны барлығы еркелетті, бірақ ол қиқар болған жоқ).

–– Алтын Айдардың сауыт-саймандарын сипаттаңдар (Жас батыр алтын сауыт киді, басына дулыға киді, кеудесі мен арқасын алтын кіреуке жауып тұрды, беліне алтын белбеу тағынды, аяғына алтынмен безендірілген үшкір биік етік киді).


–– Археологтар Алтын адамды қай жерден тапты? (Алматы маңындағы Есік қорғанынан).

Жұмыс дәптері

Қосымша мәліметтер

Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау - оқушы білімін

тексеруді қалай жоспарлайсыз?




Пәнаралық байланыс – математика

. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Денсаулық және қауіпсіздік,


Жұпта бірін-бірі тыңдайды, ой бөліседі

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Сауат ашу,матемика




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет