Сабақ эпиграфы :«Адам баласы көзімен көріп,құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»



Дата21.04.2017
өлшемі320,53 Kb.
#14355
түріСабақ
«Химия» пәнінен ашық сабақ

ЭПП-216 тобы

Оқытушы : Кобелекова М.А

Мерзімі: 22.12.2015ж



Сабақтың тақырыбы: Алкандар,табиғатта кездесуі, гомологтық қатары, қасиеттері, изомерленуі, алынуы, қолданылуы.

Сабақ эпиграфы:«Адам баласы көзімен көріп,құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады». А.Құнанбаев

Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.
2. Тәрбиелік: көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, білім деңгейіне қарамай серігін, көршісін қадірлей білуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Пәнаралық байланыс: Информатика «Презентация мүшелері»,

Экология «Қоршаған ортаның ластануы»,

Материалтану«Газ тәрізді диэлектриктер туралы

негізгі мәліметтер».


Сабақтың жабдықталуы

Сабақтың көрнекілігі: Эпиграф, презентациялық слайдтар, оқулық, тест тапсырмалары, есептер жазылған карточкалар, видео, шарөзекті модельдер, мұнай коллекциясы, плакат- алкандар, плакаттар.

Оқытудың техникалық құрал-жабдығы: компьютерлер, теледидар.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

Н.Н.Нұрахметов, А. Темірболатова «Химия» 11 сынып, Мектеп 2007ж.



Қосымша әдебиеттер:

1.Ә.Темірболатова, А.Қазымова, Н.Сағымбекова «Химия» оқу кітабы, Мектеп 2007ж.

2. «Ұстаз. Білім. Шәкірт» газеті №8 (159), №6 (109), 2008ж.

3. Т.С.Арыстанбекова, «Химия пәнінен тараулар бойынша деңгейлік тапсырмалар мен тест жұмыстары», Алматы 2005ж.

Адам баласы көзімен көріп,құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып,

мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады.

А.Құнанбаев

Сабақ жоспары




Сабақ кезеңдері

Жұмыс түрлері

Уақыты

I.Ұйымдастыру кезеңі:


Сәлемдесу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

Студенттерді 2 топқа бөлу.



3мин

ІІ.Үй жұмысын тексеру:

1.«Даналық ағашы» ойыны.

2.10 сұрақтан тұратын ІІ нұсқалы тест.


Сұрақ-жауап.

Тест орындау.


15мин

IІI.Жаңа сабақты меңгеру:

1.« Мағынаны тану» кезеңі.

2. Шығармашылық жұмыс.

Сабақтың мазмұнын баяндау.Тәжірибелік видеолар көрсету.

Алкандардың табиғатта кездесуі және физикалық қасиетіне постер құру,қорғау.


40мин

IV.Сабақты бекіту:

1.“Тапқыр болсаң, тауып көр” .

2.“Зерек болсаң, шешіп көр”.

3.Оқулықпен жұмыс.


4. «Ой толғаныс»кезеңі.

5.Білімді тиянақтау кезеңі. Венн диаграммасын толтыру:

Қосылыстардың ішінен алкандардың формуласын теріп жазу, атау.

Алкандардың молекулалық формуласын жазу және шарөзекті модельдерін құру.

72 бет №5 жаттығуды орындау. Берілген көмірсутектердің көміртек қаңқаларын сутекпен қанықтырып, толық құрылымдық формулаларын жазып, атау.

Есептер шығару.

І топ. Органикалық қосылыстардың адамзатқа тигізер пайдасы.

ІІ топ. Органикалық қосылыстардың адамзатқа тигізер зияны.


25мин


V.Сабақты қорытындылау «Блоб ағашы» парағы

Кері байланыс ұсыну. Бағалау парағын толтыру.

5мин

VI.Үйге тапсырма.

1.§3,3-§3,4 Н.Нұрахметов Химия 11 сынып. 2.Алкандардың табиғатқа әсері (эссе). 3. Химиялық қасиетіне байланысты реакция түрлеріне бір-бір мысал келтіру.

2мин


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу. (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
-оқушыларды психологиялық дайындау. 
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарымен таныстыру.

Сабақ жоспары:

І кезең. Мағынаны тану.

ІІ кезең. Ой толғаныс.

IІІкезең. Білімді тиянақтау.

а) Студенттерді 2 топқа бөлу.

Оқушылар қолдарына күн макетін ұстап ,бір-біріне беру арқылы бүгінгі күнге тілектерін айтады.

«Бүгінгі студент - ертеңгі жас маман». Электр мамандығында химияның ролі.

Органика - өмір, тұрмыс тірегі

Құрамына көміртегі кіреді.

Ауырсандар дәрі беріп емдеймін

Өнеркәсіп, отын көзі мен деймін.

Жалпы органикалық қосылыстарға жалпы шолу жасаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

б) .«Даналық ағашы» ойыны. Бұл ойында оқушылар жеміс ағашындағы сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріне ұпай жинайды. 

1.Органикалық химия нені зерттейді?

2.Химиялық құрылыс теориясының қағидалары.

3. Органикалық заттардың ерекшелігі.

4.Органикалық қосылыстарды құрамына қарай қандай топтарға бөлеміз.

5.Органикалық қосылыстарды құрылымына қарай нешеге бөлеміз.

6.Көмірсутектер құрамы.

7.Изомерлер дегеніміз не.

8.Гибридтену түрлері.

9.Органикалық қосылыстарға байланыстың қандай түрі тән.

10.Сигма және пи байланыстардың айырмашылығы.

10 Сұрақтан тұратын ІІ нұсқалы тест орындату.

ІІ.Жаңа сабақ.

Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.


І кезең. Мағынаны тану кезеңі. Сабақтың мазмұнын баяндау.

1.Мұғалімнің түсіндіруі:

Сабақ жоспары: 

• Парафиндер,

•Гомологтық қатары,

•Табиғатта кездесуі,

• Қасиеттері,

• Изомерлері,


• Алынуы,
• Қолданылуы.

Алкандар – құрамындағы көміртек атомдары өзара тек дара байланыстар арқылы байланысқан қаныққан көмірсутектер.

Жалпы формуласы: CnH2n+2. Гибридтену түрі: 3.



Гомологтық қатары:

Алкандардың жалпы формуласына сәйкес гомологтық қатарын оқушылар өздері құрады:

Мысалы: n = 2. C2H2*2+2., заттың формуласы: С2Н6

Тапсырма: 3,4,5,6,7,8,9,10 көміртегісі бар заттардың молекулалық формуласын құру. Алдынғы және келесі формуланың айырмасына математикалық есептеу жүргіз. Не байқадыңдар?

C6H14  -  C5H12  =  айырмасы?   C5H12  -  C4H10  = айырмасы?

C4H10  -  C3H =  айырмасы?

Бұдан шығатын қорытынды, СН2 гомологтық айырым деп аталады.

Гомологтық қатар дегеніміз- құрамдары СН2 тобына өзгеріп отыратын, қасиеттері ұқсас, жалпы формулалары бірдей заттар.

Егер ойша әрбір көмірсутек молекуласынан сутек атомдарын алып тастасақ радикалдары түзіледі.

Мысалы, метил – СН3, этил С2Н5. Көміртек атомдары басқа көміртектің әр түрлі сандарымен байланыса алады.
Алкандардың табиғатта кездесуі:

Метанның таралуы:


Метан табиғи (97 – 99%), мұнайға серіктес (31 – 90%) және кен (34 – 40%) газдарының негізгі құраушысы. Ол шектелген ауа жағдайында суарылатын алқаптағы метан түзетін бактериялар әсерінен органикалық заттар шірігенде пайда болады. Бұрын бұл газды «батпақ газы» деп атаған. Шахталардағы қопарылыстың көбі дерлік метанның әсерінен болатындықтан , бұл газды «шахтерлердің қас жауы» деп те атайды. Сатурн және Юпитер атмосферасы метаннан тұрады. Сұйық алкандар мұнайдың құрамында, қатты алкандар мұнай мен озокериттің құрамында болады.

Озокерит- (халық арасында оны "қара балауыз", немесе "жердің қатып қалған көз жасы" деп атайды). Негізінен ол шам мен дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылған. Озокеритті сөзбе-сөз аударғанда «иісі бар балауыз» деген мағына береді. 


Қасиеттері: 

Шығармашылық жұмыс. Физикалық қасиеттері: Оқушылар оқулықтағы мәтінмен жұмыс істей отырып, постер құрады.








Химиялық қасиеттері: Алкандар 1)орынбасу,2)айырылу, 3)жану, 4)изомерлену реакцияларына түседі. Қосылу реакциясына түспейді.

1.Галогендену реакциясы:

С2Н6+CL2С2Н5CL+Н CL

этан хлорэтан

2.Жану реакциясы:

С3Н8+ 5О23СО2+4Н2O

Органикалық заттардың жану қасиеттеріне байланысты видео тәжірибе көрсету.

3. Риформинг реакциялары нәтижесінде алкандар ароматты көмірсутектерге, мысалы, гексан бензолға айналады:


С6Н14С6Н6+4Н2

Изомерленуі:

Алкандарға құрылымдық (көміртек қаңқасының) изомерлену тән. Изомерлер - құрамы бірдей, құрылысы әр түрлі, сондықтан қасиеттері әр түрлі заттар. Ол молекуладағы көміртек атомдарының өзара орналасуынан болады. Тармақталмаған көміртек тізбегі нормалді изомер деп аталады.

Алкандардың изомерленуі бутаннан (С4Н10) басталады. Бутанның молекуласында барлық көміртек атомдары тізбектеліп орналасады (н-бутан).

Номенклатура - органикалық қосылыстарды атау. Алдымен ең ұзын негізгі тізбекті анықтайды, көмір атомын нөмірлеу кіші радикалдан басталады. Мысалы,

СН3-СН2-СН2-СН2-СН2-СН3 н-гексан

СН3-СН-СН2-СН2-СН3 2- метилпентан

СН3 

Алынуы:

1)Қанықпаған көмірсутектерді гидрлеу. Катализатор (Рd, Pt, Ni ,CuO,  Cr2О3) қатысында:

Н2С= СН2 + Н2Н3С-СН3


Этилен Этан

2). Вюрц реакциясы бойынша,алкандардың гологентуындыларына металл натриймен әсер етіп алады:


С2Н5СL+2Na C4H10+2NaCL

Қолданылуы: Шығармашылық жұмыс:

оқулықпен жұмыс. Постер құру.

1.Отын ретінде кеңінен қолданылады,

іштен жанатын двигательдердің отыны:

2. 1-3 – өндірісте күйе, (1 – картридж; 2 – резина; 3 – типографиялық бояу)

4-7 – органикалық заттар , (4 –еріткіштер; 5 – тоңазытқыштарда; 6 – метанол;

7 - ацетилен).

Изооктан  жоғары сапалы іштен жанатын қозғалтқыштардың жанармайының негізгі құрамды бөлігі. Бензиннің сапасы «октан санымен» - изооктанның проценттік үлесімен сипатталады.

Жаңа сабақты бекіту:

1.“Тапқыр болсаң, тауып көр”

1.І топқа - мына қосылыстардың ішінен алкандардың формуласын теріп жаз, ата.

2.ІІтопқа- мына қосылыстардың ішінен көмірсулардың формуласын теріп жаз.

С3Н8, С2Н5ОН,С6Н6, С3Н7CL, С4Н10, С2Н2, СН3 CL, С7Н16, С6Н13CL , С8Н8, С4Н8, С10Н22, СН3ОН, С5Н11CL .

2.Зерек болсаң, шешіп көр”

1. І топқа- көміртек атомының саны n=4 болғанда және 12 сутек атомы бар,алканның молекулалық формуласын жазу және шарөзекті модельдерін құру.

2.ІІ топқа- көміртек атомының саны n=5 болғанда және 16 сутек атомы бар, алкандардың молекулалық формуласын жазу және шарөзекті модельдерін құру.

3.Оқулықпен жұмыс: 72 бет №5 жаттығуды орындау. Берілген көмірсутектердің көміртек қаңқаларын сутекпен қанықтырып, толық құрылымдық формулаларын жазып, атау.

4. «Ой толғаныс»

Біреуінің жүрегінің түгі бар Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар Біреуінің күмбірлеген күйі бар Біреуінің қатты істейтін миы бар. 1. 22г. пропан газы жанғанда қанша грамм су түзіледі?

2.15г. этан хлормен әрекеттескенде түзілетін хлорэтанның массасын есепте.

3. 2моль пентан газы жанғанда түзілген көмірқышқыл газының зат мөлшерін есепте.

Мына алкандардың құрылымдық формулаларын жазу:    

а) 2,3 – диметилбутан, б) 2,4 – диметилпентан

в) 3,4,4– триметилгексан.

5. Білімді тиянақтау. Венн диаграммасы.

Оқушылардың шығармашылық жұмысы: І топқа алкандардың адамзатқа тигізетін пайдасы, ІІ топқа алкандардың зияны атты тапсырма беріледі, постер құру жұмысы.



Бағалау Кері байланыс ұсыну. парағын және бағалау парағын толтыруын айтады. «Блоб ағашы» бойынша өзін бағалайды.

1) «Блоб ағашы» парағында әр оқушы тақырыпты қаншаға меңгергенін талқылап, өзін ағаш бойында орналастырады. Топ жетекшісі талдайды.



2)Бағалау парағын толтырып, кім қалай жұмыс істегені туралы мәлімет береді.
Қорытындылау: Елбасымыз Н.Назарбаев айтқан «Тәуелсіздіктің туы білімді ұрпақтың қолында. Дені сау, рухы биік, ой-өрісі кең, болашағы айқын 21 ғасыр ұрпақтары сендерсіңдер».

Үй тапсырмасы: 1.§3,3-§3,4 Н.Нұрахметов Химия 11 сынып. 2.Алкандардың табиғатқа әсері (эссе). 3. Химиялық қасиетіне байланысты реакция түрлеріне бір-бір мысал келтіру.








   

Каталог: uploads -> doc -> 0cf0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cf0 -> Сабақ өтілетін уақыт: Орны: 17 кабинет Барлық оқушы саны: Қатысқаны: Сілтеме
0cf0 -> Сабақтың тақырыбы: Мемлекет және экономика Мақсаты: а оқушыларға мемлекет және оның экономикадағы рөлі туралы мағлұмат беру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет