Сабақ: География Атмосфера және оның құрамдас бөліктері Мектеп:№263 орта мектеп



Дата27.03.2018
өлшемі125,77 Kb.
#39698
түріСабақ
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш елді мекені

263 орта мектебі



Төлемісов Самат Әбілтайұлы

География пәнінің мұғалімі



Сабақ: География
Атмосфера және оның құрамдас бөліктері

Мектеп:№263 орта мектеп


Күні:09.11.2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Төлемісов Самат Әбілтайұлы


Сынып:7

Қатысқандар саны:9


Қатыспағандар саны:



Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

7.3.2.1-атмосфераныңқұрамынсипаттайды

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Атмосфераның құрамы мен құрылысыны сипаттай алады және сипаттайды;



Көпшілік оқушылар:

Атмосфераның қабаттары бойынша құрамының өзгеріп отыратындығы жайлы айта алады және бағалайды;



Кейбір оқушылар:

-Атмосфераның ластану көздерін атап, қышқыл жаңбырлардың пайда болуын айта алады;

- өнекәсіптердің негізгі ластаушылар екендігі туралы қосымша ақпараттар пайдаланады, жинақтап, өңдеп, бағалайды. Баяндама немесе таныстырылым жасап түсіндіре алады.


Бағалау критерийі

- атмосфера ауасын құрайтын газдардың пайыздық үлестерін диаграммада көрсетеді;



- атмосфера қабаттарын қалыңдықтарын көрсете отырып, сызба түрінде бейнелейді.




Тілдік мақсат

Оқушылар:

Газ, азот, көмірқышқыл газы, оттегі, аэрозол, озон,атмосфера сөздерін үш тілде айтады



Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, жауапкершілік, академиялық шынайылықты қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Математика, биология, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Литосфера тарауын қайталау

7.3.1.1 -литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды

7.3.1.2 -Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды

7.3.1.3 -Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарынталдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг

7.3.1.4 -литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді

7.3.1.5 - жергілікті компонент негізінде литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіреді



Жоспар


Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар


Сабақтың басы

(10 минут)


І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың зейінін сабаққа аударту.



1."Сиқырлы конструкция" әдісі

Кез келген географиялық нысанның атын атаймын

Егер аталған нысан тау атауы болса, қолдарын жоғары көтереді.

Егер өзен атауы болса,бір түзуге тұрады

Егер көл атауы аталса дөңгелене тұра қалуы керек

Топтарға бөлу.
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 2 топқа бөлініп отырады.

Топ басшысын сайлап, бағалау парақшалары таратылады

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

 

ІІ.Үй тапсырмасы. «Телефон» әдісі.

Оқушылар өздері қалаған оқушыға телефон соғып, үй тапсырмасы бойынша сұрақ қояды. Барлық оқушылар қамтылуы тиіс.

1.Жер сілкінісі дегеніміз не?

2.Цунами мағынасы, одан сақтану шаралары?

3.Сейсмикалық белдеулер нешеге бөлінеді?Оларды ата

4.Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер анықтамасын бер

5.Катаклизм дегеніміз не?

6.Геосинклиналь дегеніміз не ?

7.Жер бетіндегі литосфералық плиталар нешеу, оларды ата?

8.Литосфера қабаты туралы қысқаша сипаттама бер

9.Мантия және ядро дегеніміз не?

Оқушылар өз-өздерін бағалайды. Смайлик арқылы (әрбір дұрыс жауап үшін 1 смайликтен беріледі.)




Психологиялық көңіл-күйлерінің жақсы болуына ықпал ету.

Кәмпиттер, кәмпит салатын себет. Бағалау парақшалары. Презентация

Үй жайында қолданатын 2 телефон, бағалауға арналған смайликтер



Сабақтың ортасы

(20 инут)



«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

«Бесбармақ» арқылы бағалау
Жұптық жұмыс

«Екі жақты күнделік» әдісі.

Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптонксеноннеонгелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.

Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарыныңқұрамынаенеді, ал оныңқосылыстарыөсімдіктердіМинepaлдықорекпенқамтамасызетеді. Оттексізтіріорганизмдердіңтынысалуымүмкінемес, сондай-ақжану мен тотығупроцестері де жүрмейді. Жасылөсімдіктеркөмірқышқылгазынпайдаланып, органикалықзаттартүзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарыныңхимиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабатыКүнненкелетін ультра-күлгінсәулелердіұстапқалуарқылытіріорганизмдердібұлсәулелердіңзияндыәсеріненқорғайды. Ауақұрамындағыжайкөзгекөрінбейтін су буларыбелгіліжағдайда су тамшыларытүріндебөлініпшығып (конденсациялану), олардыңтұтасуынанбұлттарқалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктегенсайынауаныңфизикалыққасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымыжәнет.б.) өзгереді, сондықтанатмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера депаталатынқабаттарғабөледі.

Атмосферадакүнсәулелерін озон, көмірқышқыл газы мен бұлттар, су тамшылары мен шаң-тозаңжұтады. Жалпыалғанда, атмосферадаКүнненкелетінрадиацияның 15—20%-ы жұтылады. Осылайшакүнніңсәулелікэнергиясыныңбіразыатмосферадажылуғаайналса, басымбөлігіжербетін жылытуға жұмсалады. Кезкелгенқызғанденелержылубөлетінісияқты, жербетіненкөтерілгенжылуатмосфераныңтөменгіқабатынжылытады. Жиынтықрадиацияныңкерішағылу мен жербетініңжылулықсәулеленуінежұмсалғаннанқапғанбөлігінрадизциялық баланс немесеқапдық радиация депатайды. Радиациялық баланс мөлшеріэкваторданполюстергеқарайкемиді. Қоңыржайендіктердеқыскезіндерадиациялық баланс терісмәнгеие, ал экватордан, шамамен, 40' ендіктераралығындабұлкөрсеткішжылбойыоңболады.

Ауатемпературасыныңатмосферадатаралуы мен онъщүздіксізөзгерістеріатмосфераныңжылурежімідепаталады, ол атмосфера мен қоршаған орта арасындағыжылуалмасуынәтижесіндежүзегеасады. Тропосферадажұтылған радиация тәулігінеауатемпературасын 0,5°С-ка ғанажоғарылатаалады.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)


Жеке жұмыс

Атмосфералық ауаны құрайтын газдардың пайыздық үлесін берілген диаграммада көрсетіңіз


Дескриптор Білім алушы

− атмосфера ауасын құрайтын газдардың пайыздық үлесін диаграммада көрсетеді.

Дәптермен жүмыс

Термин сөздерді үш тілде жазады.



Қазақша

Орысша

Ағылшынша

атмосфера







аэрозолдар







ионосфера







озон







ауа










Мәтінді екіге бөліп жазу парақшалары, қалыптастырушы бағалауға арналған парақшалар



Сабақтың аяқталуы

(10 минут)


Рефлексия.



Топтық жұмыс. «Синквейн» әдісі

Зат есім (кім? не?) – Атмосфера


Сын (есім қандай?) - Жеңіл, түссіз
Сан есім (қанша?неше?) –5 қабааттан тұрады
Етістік ( не істейді? Қайтеді? ) – Демалдырады, қорғайды, өмір сүреміз,онсыз тіршілік жоқ
Сөйлем.Атмосфера –жердегі негізгі тіршілік қабығы.
Синоним. Ол-ауа.

Зат есім 1 сөз

Сын есім-2 сөз

Етістік-3 сөз

Сөйлем-4 сөз

Синоним

  Әр топ спикері бағалау парағын толтырып, нәтижесін айтады.


Рефлексия: «Сыныптағы ауа – райы»
Мен үшін бәрі

түсінікті.
Жартылай түсіндім.

Бірақ әлі де ізденемін.

Мен үшін түсініксіз.

Мұғалімнің көмегі қажет.

Мұғалім сабақты қорытындылайды.

Бүкіл әлем тыныс алар ауамын

Менсіз ешкім шыдай алмас, дауамын.

«Ауадай қажет» деген сөз осы емес пе?

Пайдасы көп адамзатқа ауаның.

Тропосфера, стротосфера қабаттар,

Ауасыз еш өтпейді әр бір сағаттар.

Болмаса ауа минутта шыдамай

Сондықтан да ластануда ағат бар.

Қорғаңыздар ауа атты қабатын,

Боласың сен осыдан пайда табатын.

Жануар да, өсімдік те, адам да

Тыныс алар ауа деген затымен.

Сабақтан алған білімдерін жинақтап, жүйелейді.





Қосымша ақпарат

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылықтардағы байланыс










Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болдды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Менің өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшықтарға сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтардағы Сіздің сабағыңызға сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.







Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1: Сынып оқушыларының қызығушылығын тудыратын атмосфераның орнауы;
2: Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?



1: Оқушылардың мотивациясын дамытатын көрнекі құралдардың болуы.
2: сабақ мақсатына жету үшін жеке және топтық жұмыстардың ұйымдастырылуы.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылармен келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

-оқушылардың табысқа жетуіне мадақтаудың тиімді әдіс-тәсілдерін жоспарлау;

-жұптық тапсырмалар бере отырып, бірін-бірі бағалауына ықпал ету.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет