Сабақ жоспары № Пәні: Технология



Дата24.05.2017
өлшемі131,84 Kb.
#16986
түріСабақ
Сабақ жоспары №____________

Пәні:Технология


Сынып

9«а»

9«ә»

9«б»

9«в»

Күні














Сабақтың тақырыбы: Кәдесый бұйымдар жасау.

Сабақтың мақсаты:Теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетіп, жұмысты шығармашылықпен жобалап көрсетуге ықпал ету. Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу.

Оқушылардың кәсіптік бейімділігін, шығармашылық шеберлігін, еңбекке икемділігін дамыту. Тұрмысқа қажетті заман талабына сай жаңа бұйым жасау.

Еңбектене білуге , тиянақтылық деңгейін көтеруге баулып, эстетикалық талғамын ұштау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, компьютерлік тақта, презентация, т.б.

Құрал- жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, желім, картон, гипсті ұнтақ, су, т.б.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа сабақ

Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.

Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле.

Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік.

Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі.

Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Соған орай көзді, балдықты, құс тұмсық жүзік деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер де болады. Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналар да соғылады. Күміс сақиналар көбінесе шапқымен шикіліп, бізбен ғана безіледі.

Беті көлемді құдағи жүзіктерде істеледі. Әйелдер құдағи жүзігін көбінесе келіндеріне, не қызының біріне мұра ретінде сыйға тартқан. Шебер ұсталар сақина мен жүзікке есімдерді де өрнектеген. Аса қадірлі жүзікке Мұхамедтің атын жазған.

Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған.

Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі – алқа. Ол бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен өңді әйнектермен безендіріледі.

Кәдесыйлар: Бұл бұйымдар әртүрлі қонақтарға берілетін сыйлық болып келеді. Осы сыйлықтар арқылы шетелдік қонақтар қазақ халқының өнерімен ғана танысып қоймайды. Сонымен бірге салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты, қазақ халқының мәдениеті туралы да ақпараттар алады.

Сыныптық жұмыс.

Гипстен кәдесыйлық жасау. Ол үшін гипсті суға езе отырып арнайы ыдыстарға құямыз. Гипс қатқаннан кейін оның бетін ысқылап, тегістейміз де әшекей суреттер саламыз. Салынған сурет бетін лакпен жылтыратамыз. Кәдесыйға берілетін бұйымды аяқтаймыз.



Сабақты қорытыныдылау: Сабақ соңында оқушылар жұмыстары тексеріледі, талқыланады, бағаланады.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет