Сабақ жоспары № Топ атауы



Дата20.04.2020
өлшемі20,22 Kb.
#63093
түріСабақ
Байланысты:
000f3104-c1da6c99
26-топ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, 26-топ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, пікірталас мәдениеті, баяндама

 Күнтізбелік-тақырыптың жоспардың

сабақ жоспары

______




Топ атауы













Өткізілген күні














Сабақтың тақырыбы: Пікірталас мәдениетін меңгеру-заман талабы.
Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: оқушылардың пікірталас туралы дүниетанымын кеңейту, пікірталасқа қатысты тірек сөздерді меңгерту.



Тәрбиелік: оқушыларды пікірталас мәдениетіне баулу, жаңа білім алуға мотивация туғызу.

Дамытушылық: оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, олардың өз көзқарастарын дәйектеп, тұжырымдап айта алу біліктіліктерін жетілдіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі .

- Оқушылармен амандасу

-Кезекшінің мәлімдемесі

-Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту

Мұғаліммен амандасады, кезекші өзінің мәлімдемесін айтады.

Негізгі бөлім

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

34-жаттығу. Шынайы шешен-жарқын тұлға.

(шағын шығарма – ойтолғау жазу).

Жаңа сабақ.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Пікірталас мәдениеті

Кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты әр тұлғаның жеке пікірі болады. Ал ол ойды жеткізе алатындар бар, жеткізе алмайтындар бар. Ол үшін пікірталас мәдениетін меңгеру маңызды рөл атқарады. Жаңа заманның талабы да. Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады. Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады: түсіндірме сұрақтар; қосымша сұрақтар; Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады. Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу. Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады: Пікіралмасу Ойталасы Пікірсайыс Ойбөліс Айтыс Пікір – көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой. Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы да. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» - деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық. Бірақ, жаңа заман талабы мұны талап етеді. Пікірталаста шеберлігіңді шыңдаудың да жолдары бар. Ол үшін түрлі пікірталас клубтарының сайыстарын көріп, тәжірибе жинаудың маңызы зор. Ал ең бастысы – білім екенін ұмытпаған абзал. Бұл орайда бірнеше тіл білу де жетістікке жетелейді. Тілді үйрену – ешқашан кеш емес.



2-тапсырма. Екі кейіпкердің қарым-қатынасы қалай жүзеге асты? Тақырып ортақтығы болды ма? Екі түрлі көзқарас неліктен пайда болды? Тақырыбын ой қорытындысынан шығарып, өздеріңіз қойыңыздар. 120-бет ( Қосымова Г.)

3-тапсырма. Қожанасыр неліктен екі түрлі сөйледі? Теориялық түсініктемеде айтылған ережелерге сүйеніп анықтаңыздар. Тақырыбына көңіл бөліңіздер.
Олай болса, жөн басқа

Қожанасыр қазылық міндетін атқарып жүрген кезде бір адам келіп:

  • Сіздің үйдің сиыры біздің сиырды мүйіздеп, қарнын жарып өлтірді. Заң бойынша оған не жаза болар екен, қараңызшы? – депті.

  • Сиыр деген хайуан емес пе? Хайуанды адам заңымен жазалаушы ма едің? –дейді Қожанасыр.

Ана адам:

  • Ғафу етіңіз, Қожеке, мен жаңылыс сөйлеппін. Өлген сиыр біздікі емес, сіздікі екен ғой, - дейді.

  • Е, олай болса, жөн басқа! Әпер ана сөредегі қара кітапты!


4-тапсырма. Айтысқа түскендердің арасындағы қарым-қатынасты анықтаңыздар. Айтыста қолданылған бейнелі тіркестер мен көп мағыналы сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер. 122-бет ( Қосымова Г.)
5-тапсырма. Мәтінде шешен тіл, стиль, тақырып, идея туралы нелер айтылған? Көркем мәтін құрау үшін бұл бөліктердің қандай мәні бар? Мәтіндегі әлеуметтік мәселелерге көңіл аударыңыздар. 124-бет ( Қосымова Г.)
6-тапсырма. Елбасының мына пікірін пайдаланып пікірталасқа түсіңіздер.

Мұнай мен газдың барланған ресурстары бойынша біздің еліміз мемлекеттердің таңдаулы тобына кіреді.Теңіз мұнай мен газ кен орны және Қарашығанақ газ конденсаты кен орны өздерінің қоры жағы әлемдегі кен орындарының алғашқы ондығына кіреді. Оларды игеруден мемлекет қазынасына түсетін жиынтықты қаражат 100 миллиард доллардан аспақ. Басқа минералдық ресурстар жөнінен де еліміздің экспорттық әуелеті аса зор.
7-тапсырма. Пікірсайыста қандай тақырыптар сөз болған? Сайысшылар пікіріндегі жағымды-жағымсыз көзқарастарды анықтап, кім жеңіске жеткенін айқындаңыздар. Екі топ құрып жұмыс істеңіздер. 125-бет ( Қосымова Г.)
Үйге тапсырма.

7-тапсырма. Пікірталас немен аяқталады? Ортақ пікір неден туындады? Қорытынды түйін жасаңыдар. 126-бет ( Қосымова Г.)

Қорытынды.

VІІ.Бағалау

Үй тапсырмасына жауап берген,



Жаңа сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет