Сабақ жоспары № Топ Күні



бет1/2
Дата26.03.2020
өлшемі0,62 Mb.
#60726
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
42 2
Англ я3Ауезханов Д, математика 1, математика 1, Атомнан кварктарға дейін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
САБАҚ ЖОСПАРЫ №

Топ

Күні













Пәні: Физикалық қасиеттерді дамыту және жетілдіру

Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойын ережесі

Сабақтың типі: Білімді,іскерлік пен дағдыны жетілдіру

Пәнаралық байланыс: Түсіндіру, талдау, жеке және топпен жұмыс


Сабақтың

мақсаты

Білімділік: білімгерлерге ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.

Дамытушылық: білімгерлерге тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой- өрісін толық дамыту және компьютерлік сауаттылықа, ұқыптылыққа, дайын бағдарламамен өз бетімен жұмыс жасауға

Тәрбиелік: білімгерлерды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу


САБАҚ ЖАБДЫҒЫ


САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ


I. Ұйымдастыру кезеңі

Білімгерлермен сәлемдесу, түгелдеу, бөлме тазалығына көңіл бөлу, сабаққа дайындығын

тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа тақырыпты баяндау

Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.

Тақтаның жалпы құрылысы төмендегідей:



 

Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 - отаулар



Берілген диаграммада  бастаушының отаулары төменгіжағында,  ал қазандағы құмалақтар  саны жоғарғыжағында орналасқан.

Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесеқарсыластардың  келісімімен анықталады.

1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.



 

Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.



 

2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет