Сабақ жоспары №20 Пәні: Дәнекерлеуші сантехниктің арнайы технологиясы Сабақ тақырыбы: Пісіру жабдықтары



Дата17.04.2017
өлшемі56,07 Kb.
#14081
түріСабақ
«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК



Келісемін

колледж әдіскері

____________ С.М. Кунапиянова

« ____» ___________2016 ж



Бекітемін

директордың ОІЖ орынбасары

____________ М.Ә.Каримов

« ____» ___________2016 ж






Күні

Топ

12.10.16ж

260

САБАҚ ЖОСПАРЫ №20

Пәні: Дәнекерлеуші сантехниктің арнайы технологиясы

Сабақ тақырыбы: Пісіру жабдықтары

Сабақ түрі: Тәжірибелік жұмыс №7

Сабақтың типі: аралас сабақ


Сабақтың

мақсаты

Білімділік:

Студенттерге пісіру жабдықтарын көрсетіп үйрету ой өрісін артыру

Дамытушылық:

Студенттердің есте сақтау қабілетін дамыту



Тәрбиелік:

Студенттерді еңбек қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жұмыс орындарындарындарында санитарлық нормаларды сақтай білуге тәрбиелеу






САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

А. Көрнекті құралдар: Тақырыпқа байланысты бейне фильм

Б. Негізгі әдебиет: Т.Шакирова,А.Маметсупиев «Газ және электрмен пісіруші » оқулық. «Фолиант» баспасы 2011

Қосымша әдебиеттер: А.Талапов «Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту «Фолиант» баспасы 2011 27-28 бет
Сабақты жүргізу кезеңдері

I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

  • Студенттермен сәлемдесу;

  • Студенттерді түгендеу;

  • Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;

  • Студенттердің назарын сабаққа аудару;


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

Пісіру жабдықтары



ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру(30мин)

Пісіру трансформаторлары бәсеңдетуші болып табылады және жеткізуші электр желілерінің бір кернеуінің айнымалы тоғын сол жиеліктегі басқа кернеудегі айнымалы тоққа түрленеді және пісіру доғасын қоректендіруге жұмсалады.Бұдан басқа,олар пісіру режимінің талаптарына байланысты тоқтың күшін реттуеді жүзеге асырады.Пісіру трансформаторы қалыңдығы 0,5мм электртехникалық болат тілімдерінің жиналған,тұйықталған магнит өткізгіш бекітілген корпустан тұрады, магнит өткізгіштің өзегінде бастапқы және туынды орамдар орналасқан. Олардың қосылысы жүйелі немесе бағыттас болуы мүмкін.Бастапқы және туынды орамдардың арасында индуктивті байланыс болады.Орамдарының саны көп бастапқы орамдар бойынша 220 немесе 330В кернеумен желілерден айнымалы тоқты өткізу үшін, трансформатордың өзегінде айнымалы магниттік ағын жасалады,Ол орамдарының саны аз туынды орамдарымен әсерелесе отырып,онда сол жиіліктегі,бірақ аз кернеулі және көп күшті айнымалы токты индукциялайды.Доғаларды дұрыс жағу үшін пісіру трансформаторларының туынды кернеуі әдетте 60В-тан аз емес және 80В-тан көп емес болады.Бастапқы орамдардың шарғылары жылжымайтындай бекітіледі және айнымалы токтық желілеріне қосылады.Туынды орамдардың шарғылары өзек бойымен жылжиды да,олардан пісіру ток доғаға бастапқы және туынды орамдар арасындағы қашықтық өзгеруімен жүргізіледі.Реттелу екінші орамның шарғыларымен қатаң байланысқан бұрамамен, гайка және бұрандамен жүзеге асырылады.Тұтқаны айналдыру мен бұраманың айналу бағытына байланысты туынды орамдарды жоғары немесе төмен жылжытуға болады.Туынды орамдардың бастапқы орамдарға жақындауы кезінде пісіру тогы артады, орамдарды алып тастау кезінде-азаяды.Бастапқы және туынды орамдардың шарғыларының жүйелі немесе бағыттас қосылысы токтың күшін реттеудің екі диапазонын алуға мүмкіндік береді, ток күштерінің диапазондарын корпустың қақпағына шығарылған арнаулы тұтқаның көмегімен ауыстырып қосады.

Пісіру түзеткіштері пісіру доғасын қоректендіруге арналған, олар айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіру үшін қызмет етеді.Осы мақсатпен түзеткіштерде жартылай өткізгішті түзетуші элементтер пайдаланылады.Пісіру түзеткіші түзеткіш блоктан,жалпы корпусқа орналасқан реттеуші және қорғаныс аппараттарынан тұрады. Бәсеңдетуші үш фазалы тронсформатор желімдердің кернеуін қажетті жұмыс кернеуіне дейін төмендетеді,сондай-ақ бастапқы орамдардың арасындағы арақашықтық өзгеру мен пісіру тогын реттейді.Түзеткіште пісіру тогын реттеудің екі диапазоны болады.

Түзетілген тоқпен пісіру түзу және кері қарама – қарсылықта жүргізілуі мүмкінүһ. Түзу қарама – қарсылық жағдайында бөлшек көздің «+» қысқашына,ал электрод көздің «-» қысқашына қосылады, кері қарама – қарсылық жағдайында керісіншн қосылады.



Пісіру түрлендіргіші. Тұрақты пісіру түрлендіргіші немесе агрегаттық түйінде шығарылатын,коллекторлы машмналық генераторлардың көмегімен алады. Пісіру түрлендіргішті әдетте жалпы корпус пен жалпы білікте орналасқан,тұрақты тоқ генераторы мен айнымалы тоқтың электрқозғалтқыштығынан тұрады.электрқозғалтқыш айнымалы тоқтың энергиясын механикалық энергияға,ал пісіру генраторы механикалық энергияны пісіру доғасын қоректендіруші электірлі тұрақты тоққа түрлендіреді. Агрегаттарда іштен жану қозғалтқыштарын пайдаланады.Пісіру генераторы магнит плюсті статордан және орамды ротордан өтеді,коллектор арқылы тұрақты тоққа түрленеді де пісіру тізбегіне бағытталады. Пісіру тоғының күші статорды қоздырушы орамға қосылған реостатпен реттеледі. Пісіру түрлендіргіштері мен агрегаттық әр түрлі сызбалармен құралады.

Доғаның қоректендіру көзіне қызмет ету бойынша пісірушінің негізгі міндеттері.



  1. Доғаны қоректендіру көзін қосар алдында оны шаң тозаң мен кірден сақтау керек,пісіру сымдарының оқшаулау тиістілігін,олардың қосылу дәлдігін және қысқыштардағы сымдардың таратылуын тексеру керек, сондай – ақ пісіру орнын қалқанмен,пердемен немесе кенеппен қалқалау кажет. Қоректендіру көзі мен пісіру сымында ақаулар табылған жағдайда бұл жөнінде өндіріс шеберіне,пісіру жабдықтарын жөндеушіге немесе электромонтерге хабарлау керек.

  2. Қоректердіру көзінің жерге қосылғандығының сымда бар екеніне және оның сенімділігіне көз жеткізу керек,

  3. Ашық алаңда жұмыс істеген жағдайда құрал – жабдықтардың жауын – шашыннан қорғанысын қамтамасыз ету керек.

  4. Доғаны қоректендіру көзін магнитті қосқышпен немесе ажыратқышпен қосу керек.

  5. Пісіру кезінде арнаулы киім және арнаулы қоғаппен жұмыс істеу керек. Ылғалды ауа райы күндері мен ылғалды жерде жұмыс істегенде резеңке кілемшелерді пайдалану керек.

ІІІ Тәжирбелік жұмыс: (37мин)

1. Балқыту жалынының негізгі бөліктерін атаңыз

2. Газбен пісіру режимінің құрлысын таныстырыңыз

ІV.Сабақты қорытындылау (8 мин)

- Доғаның қоректендіру көзіне қызмет ету бойынша пісірушінің негізгі міндеттері?

- Пісіру түрлендіргіші дегенді қалай түсінесіздер?

- Пісіру трансформаторларын түсіндіріңіз?

- Пісіру түзеткіші неден тұрады?

- Агрегаттарданені пайдаланады?



V. Бағалау (2 мин)

Студенттер орындаған жұмыстарына байланысты бағаланды. Бағалағанда жұмысты орындау дұрыстығы, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау ескеріледі.


VІ. Үйге тапсырма (1 мин)

Пісіру жабдықтары




Пән оқытушысы: __________ С.А.Нұрмұханбетов
Каталог: uploads -> doc -> 1350
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1350 -> Қазақ тілі 2 «А» сынып 2 сынып
1350 -> Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады
1350 -> Сабақтың тақырыбы: Отбасылық бюджет және қажеттіліктер
1350 -> Сабақтың тақырыбы: Еуразияның зерттелу тарихы. Сабақтың мақсаты: Білімділік
1350 -> Сабақтың тақырыбы Негізгі мақсаттары Күтілетін нәтиже Оқытуда қолданатын белсенді әдіс-тәсілдері
1350 -> Павлодар облысы Екібастұз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет