Сабақ жоспары №25 Мамандық : 0513000



Дата12.02.2017
өлшемі268,39 Kb.
#9008
түріСабақ
Сабақ жоспары №25

Мамандық: 0513000 «Маркетинг»

Пән аты: Қазақ тілі және әдебиеті

Мерзімі: 15.03.2016ж

Тобы: М-11

Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров өмірі, шығармашылығы. «Құлагер» поэмасындағы Ақан бейнесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ілияс шығармалары арқылы оқушыларды қазақ халқының бастан кешкен сан қилы тағдырына назар аударту, Ақан образын жан - жақты ашу, өнердің құдіреттілігіне көз жеткізу, қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныту.
Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сұрақтар арқылы оқушы белсенділігін арттыру, өздігінен білім алуға баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды поэмадағы кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық жасауға баулу.

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ

Сабақтың типі: Білімді бекіту.

Әдісі: Мәтінмен жұмыс, пікір айту, сұрақ-жауап, сұрақтар арқылы проблемалық жағдай туғызу, топтық, жеке, ұжымдық.

Көрнекілігі: Слайд, таратпа материалдар, интерактивті тақта, Ілияс, Ақан суреттері, газет - журнал материалдары, тест сұрақтары, Құлагердің суреті.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, музыка

Өткізілетін орны: №2 дәрісхана

Күтілетін нәтиже:

  • білім алушылар сабақ барысында Ілияс Жансүгіров шығармаларының өзіндік ерекшелігімен танысады, ой-пікірлерін кеңейтеді;

  • білім алушылар сабақ барысында тарихи хикая жазылу мазмұнымен, поэманың шығу тарихымен танысады, ұғынады;

  • сабақ барысында ауызша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптарды естерінде сақтай біледі;

  • білім алушылар сабақ барысында өлең құрылысына талдау жасап үйренеді;

  • білім алушылар поэманың идеясын тауып, мазмұнын аша алады.

Сабақ өткізу барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (2-3минут)

1. Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру

3. Білім алушыларды топқа бөлу.

Білім алушыларға мынадай сөздер беріледі: Роман, әңгімелер, поэзия.



ІІ.Үй тапсырмасын еске түсіру-(15 минут)

Әдісі: сұрақ-жауап, «Жылдар сөйлейді»

1894 ж, 1905-1911жж, 1916ж, 1920ж, 1925 ж, 1928ж, 1934ж, 1936ж, 1938ж


  1. 1984 ж Талдықорған облысы, Ақсу аулында дүниеге келген

  2. 1905-1911 жылдары алғашқыда әкесінен хат танып, содан соң молдадан оқып, Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алады.

  3. 1916 ж «Әншіге» өлеңін жазады.

  4. 1920 ж Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдік курсын бітіреді.

  5. 1925 ж Мәскеудегі журналистика институтына түседі.

  6. 1928 ж Елге келіп «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет атқарады. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көреді.

  7. 1934-1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады.

  8. 1938 ж Зұлмат қолына ілігіп, ату жазасына кесіледі.

ақын

домбырашы

журналист

драматург

жазушы әнші

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.

Балалар, Ілияс Жансүгіровтің қандай шығармаларын білеміз?

«Бұлбұлға», «Жолдастар», «Ала бие», «Күй», «Күйші», «Әншіге», «Исатай-Махамбет», «Құлагер» т.б

-Иә, дұрыс айтасындар. Ілияс Жансүгіров әдебиет тарихында бірнеше туындыларды жазып қалдырды. Соның ішінде атап айтар болсақ, «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты классикалық поэмалар жазып, ақындық шыңына көтерілді. Қаламын ұштап, өнерін шыңдаған Ілияс «Құлагер» поэмасын атақты Ақан сері әншіге арнаған екен. Қазақтың әнші-ақындарының ішінде өмірімен де, өнерімен де ерекше тұлға Ақан Қорамсаұлы-халық мәдениетінің көрнекті өкілі. Ақан серінің шын аты –Ақжігіт. Ата-анасы Ақан деп еркелетсе, елі сері деп ат берген өнерпаздардың тұлғасы әркез биік. Сегіз қырлы, бір сырлы, әнші, күйші, сазгер Ақан өмірін көптеген ақын- жазушылар шығармаларына арқау еткен. Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Ақан бейнесі.

1. Шығармашылық ізденіс: (10 мин) Әр топ өзіне тақырып таңдайды.

1.топ Ақан-тарихи бейне.

«Туғаны Арқадағы Арғын елі, Өскені Көкшетаудың шалғын жері» деп ақын жырлағандай аты аңызға айналған Көкшетау өңірінің Қоскөл деген жерінде 1843 - 1913 жылдар арасында өмір сүрген тарихи тұлға. Зілқараның баласы Әлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған қараторғай деген бүркітті, Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базарала деген тазыны алады. Осы кезде Ақанның қолына Көбей - қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан, алты алашқа аты шыққан Құлагер түседі. Құлагер арқаның талай астарында аузымен құс тістеген талай жүйріктерден озып жүреді. Ақан мен Құлагер аты елге жайылады. Ақан 1876 жылы Керей руының паң Нұрмағанбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп алып барады. Бәйгеге қосылған жүйріктерден дара шығып жұлдыздай ағып келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш деген бай соққыға жығып өлтіреді. Қанатынан айрылған Ақан зары, Ақан қайғысы «Құлагер әнін туғызды. Өркөкірек, тарпаң байларға қарсы қарапайым халықтың қайраты жетпейтін заман шындығын, күштілер өктемдік жүргізген заманның мұңды сазын шерткен тарихи жыр дүниеге келеді.

2 топ Ақан-композитор

Аққудың әсем үніндей жаныңды жадыратар, жүрегіңді елжіретер, құлақ құрышыңды қандырар майда көмей әннің ырғағына елтіген халық Ақан жанынан кетер емес. Әншіге деген халықтың ықылас - пейілі Ақан дұшпандарының іштерін күйдіреді, ән сазына өздері де елжіреп ынтыға түседі. Оның әндері беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігі мен сұлулықты жырлайды. Ол – адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді. Ақан – нәзік жан, асқан өнер иесі. Бірнеше әннің авторы. «Балқадиша», «Сырымбет», «Үш тоты» т. б. әндері – халық арасында ұмытылмас, мәңгілік мұра. Ақан әнімен мәңгі жасайды. «Құлагер» поэмасында ақынның негізгі айтпақ ойы - өнердің өшпейтіні, өнерліге өлім жоқ деген тұжырым. Ақан мерт болған пырағы Құлагерге арнап әлемде кездеспейтін ән шығарған, өзіне өзі мәңгі тозбас ескерткіш соққан.

3 Топ Ақан – айтыс шебері.


Ақан талай арқалы ақындарды тулақша сіліккен, қара өлеңді орып айтқан айтыс өнерінің дүлдүлі болған. Ол – Жүсіп Төре, Орынбай, Тезекбай сияқты ақындармен айтысқан. Мәшһүр Жүсіп және Есмағұл Қодығабаласымен хат арқылы айтысқан. Ақан жұмбақтар да шығарған. Табан астында тауып айтатын тапқыр, суырып айтар шешен болған. Ақанның тапқырлығы туралы ел ішінде мынадай әңгіме бар екен. Ақан серінің Құлагерден айрылып қайғырып жүрген кезі екен. Қылышбай деген біреу: - Сағынайдың асына жүреріңде менің қара шаңырағымнан дәм татып кеткеніңде дүлдүлің аман қалатын еді - дейді. Сонда Ақан: - Қанды сүргінде жүріп Әзірет Әлінің торға, тұлпарының орға жығылғаны сенің үйіңнен дәм татпағаннан болған екен ғой, - деп тұтқиылдан жауап беріпті. Ақанның жүрген жерлерінде алуан түрлі сөздер қалған екен.

Мұғалім: (Сағынайдың асы үзінді көру 2 мин) Сағынайдың асында атынан айрылып жүрегі қан жылағын ақын естен танады.Құлагер ер қанаты ғана емес, Ақанның рухани медеу тұтқан серігі еді. Құлагердің мерт болуымен бірге Ақанның өзі де рухани қазаға ұшырады. Құлагер өлгенде Ақан «Ел бетін қалай көремін» депті. Елінен, жерінен безіп, жалғыз өзі елден жырақ күй кешеді. Ақан жан жолдасын қолымен өлтіргендей күйінеді. «Мал да болса адамнан есті жануар-ай, шабуға жіберерде салбырап, басын төмен салып, кәдімгідей көзінен жас бұршақтап тұрды-ау. Осы сұмдықтың болатынын білген екен-ау» деп өкінеді, қайғыдан жүрегі қарс айрылады.

Құлагер өлімі Ақан үшін қайғыға айналды. Ақан Құлагер өлімінен кейін мылқау ұлы Ыбанмен Қоскөлде елден жырақ өмір сүреді. Құлагерді жоқтап, «Құлагер» әні дүниеге келеді. Әнде ақынның ішкі жан сыры, күйзелісі, психологиялық толғанысы терең суреттеледі. Құлагерге қатысты тұстың бәрін тізіп жырлайды.

Құлагер құлыныңнан керім едің,

Нағашым сұрағанда беріп едім.

Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,

Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің...

Ақын өлеңінде ішкі күйініш, Құлагерді қимау, өткенді сағыну, Құлагерсіз өмір сүруге көндігу де бар.

«Құлагер» кинофильмінен үзінді көрсету. (2 мин)

«Құлагер» -Абайдан кейінгі ат сынын суреттеген өлең, Ол ат пен өнер жүйрігін әшкерелейтін, ішкі жан күйзелісті көрсететін өлең.

2. Өлеңді мәнерлеп оқыту.(10 мин)

3. Буын, бунақ, ұйқасқа талдау (дәптермен жұмыс) ( 20 мин)

І -топ


.. Менің атым сұрасаң Ақан серің а

Ғазірет Ғали дүлдүлі тұлпар керім, а

Дүниеде оған жетер ат бар ма еді, б

Өлді ғой мен қайтейін, Құлагерім... а


4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды қара өлең ұйқасы.

ІІ-топ


“Шынымен кеткенің бе, Құлагерім,

Қасымда қасынысып тұрар едің. 
  Баспа-бас қызға бермес жануарым,  
  Басылар өлгенімше қайтып жерің ?... 


ІІІ-топ

“Батыраш бала жастан атқа құмар,  
  Айқайшыл ат әперген баққа құмар. 


  Арам ой, атанамыс ұр-шоқпары,  
 Кір көңіл, сарайының батпағы бар”, -


4. Өлеңге талдау жұмыстарын жүргізу.

Әсірелеу:

«Көмбе қайда ?» -десеңіз,

Көзді салып көрсеңіз:

Өркеш-өркеш көрінген,

Орғылап су төгілген,

Балдырғаны білектей,

Балаусасы жібектей

Қайталау:

Кей-кейде жауын болып, жылап ақты,

Кей-кейде дауыл болып, соқты қатты,

Кей-кейде күңіреніп, көлдей толқып.

Кей-кейде қу ағаштай құлап жатты.

Дамыту (градация)

Күйіндей домбыраның құлдырласын,

Суындай Алатаудың сылдырласын

Сөздердің асыл, көркем тасын қала,

Ұйқысы өлеңімнің сыңғырласын.

Ассонанс:

Адуын алып көк бөрі

Арыста талай бәйге алып,

Айқасты талай көп көрді

Айқайда талай түсе қап.

Асқынғанды бөктерді

Теңеу:

Көк орман,көркем тоғай маужыраған,

Сұлудың көзіндей көп жаудыраған

Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас,

Төгіліп көл жиекке саудыраған.
5. «Құлагер» өлеңіне сатылай кешенді түрде өлең құрылысына талдау.

...Құлагер, шешең-сұңқар, әкең-тұлпар,

Соғып ең дөненің сегіз арқар.

Сен өлсең орның басар көк бесті бар,

Болады құдай қосса, о да тұлпар...


Авторы

Тақырыбы

Жанр түрі

Идеясы

Шумақ саны

Бунақ саны

Ұйқас түрі






















Ақанның қыран құсы-Қараторғайы, жүйрік тазысы-Базаралы, ел азында аңыз болған сәйгүлігі-Құлагер болды. Ақан Құлагердің маң-маң басқан жүрісіне көңілі толып, «Маңмаңгер» деген ән шығарады.



6. Сергіту сәті. «Маңмаңгер» әнін тыңдау. (3 мин)

7. Білімді бекіту: Тест тапсырмалары (7 мин)

8. Сабақты қорытындылау: Қазіргі кездегі ат бегілер туралы мәліметтер беру, салыстыру.

Қазақ көшпелі халық. Сондықтан да жылқы түлігін басқа малдан жоғары бағалаған. Дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров қазақ үшін жылқы, «мінсе ат, ішсе қымыз, жесе қазы...» десе, этнограф Жағда Бабалықұлы  «Қазақ тарихы – жылқы тарихы» деген екен

Демек жылқы көшпенділер үшін тек мініс көлігі ғана емес, елі мен жерін қорғау барысында аса маңызды рөл атқарған қуат көзі. Сондықтан да, жылқы малын баптап-бағу, өсіру-өрістету ісіне қазақтар қатты мән берген. Жүйрік аттарын жаратып бәйгеге қосқан, оны баптап-баулитын адамдар болған. Осындай тұлғаларды қазақтар «атбегі» деп атаған. Батыс Қазақстанда  «атсейіс» немесе «сейіс» десе, оңтүстік жақта «бапкер», Шыңжаң қазақтары «сайыскер», «дадагер» т.б. атауларды қолданылады.

Атбегі – жылқының сыртқы тұрпаты, ішкі құрылысы, мінез-құлқынан бастап, көңіл күйін – психологиясын бір қарағанда білетін, қазіргі тілмен айтсақ, интеллектуалды маман. Сондықтан қазақ қоғамында атбегілердің әлеуметтік мәртебесі де жоғары болған.

Мысалы, біз 19 ғасырда өмір сүрген Күреңбай сыншы жайлы  І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы арқылы білеміз. Онда Күреңбай сыншы Ақанның Құлагерін сынайды.

- Атадан балаға мирас болған қасиетті өнерді қастерлеп жүрген азаматтар жетерлік. Атап айтсам Кенелбек Игенбаев, Ерлан Сатыбалдиев, Роллан Тлеулесов, Арман Төлеуов, Жұмаш Ізбасаров, Орынтай Әмірғалиев Нәбидолла Кикебаев, Кеңес Рақышев, Серік Үмбетов, Жұмабек Жапішев, Ертілеу Сатыбалдиев, Бақыт Байдауленов, Аманқос Дербісалин, Өнербек Жанбала, Батырхан Сабуров, Серік Бекқайыров, Тлеген Маткенов, Балабек Есімов, Дархан Қыдырбаев, Ульфат Усманов, Ардақ Әмірқұлов т.б

Расында дүлдүл ақын Ілияс ағамыз айтқандай, «жылқы – қазақтың қанаты».

9. Бағалау: Білімдеріне қарай бағалау

10. Үйге тапсырма: «Ер –қанаты ат» тақырыбында шығарма жазу.

Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі

Келісемін

Колледж әдіскері

..........Альмердинова У.М

«.....»..........2016ж

Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары:

..............А.Б.Рахымжан

Ашық сабақ

Мамандық: 0513000 «Маркетинг»

Пәні: Қазақ тілі және әдебиеті

Тобы: М-11

Тақырыбы: І. Жансүгіров өмірі, шығармашылығы. «Құлагер» поэмасындағы Ақан бейнесі.

Пән оқытушысы: Барпаяқова Р.К

Қаралды:

«Гуманитарлық-арнайы

және жалпы» пәндер

бірлестігінде

Хаттама № «...»..... 2016ж

Бірлестік жетекшісі:

...............Барпаяқова Р.К

Дамыту (градация)- алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұл көркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдердің іріктеліп шығуына, ой-пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең еріс ашады. Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген өлеңіндегі «Сергі, көңілім, сергі енді!», «Ұш, көңілім, кекке, кергі енді!», «Өрбі, сезім, өрбі енді!» деген шумақ аралық жолдар дамытуға құрылған. Сондай-ақ, ақынның Отыз жетінші сөзінде: «Биік мансап - биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады...» немесе Бесінші сөзіндегі «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» деген жолдары да дамыту әдісіне жатады

Ассонанс](французша assonance, латынша assono – үйлесім) – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады

Өлеңде немесе прозада бір тектес дауысты дыбысты қайталау. Бұл әдеби тілдің өркен-кестесіне әдемі ажар, айшық қосады. Сөздің айтылу әуезін, мәнін арттырып, бояу мен әсерлілігін күшейтеді. Мысалы, жазушының «Абай» операсында шырқалатын Айдар мен Ажардың дуэтінде «Жан жарым» өздеріне байланысы «ж» дыбысы бірнеше рет қайталанады:

Бұл -аллитерацияға мысал бола алады. Ал ассонансқа мысал ретінде: "е"дыбысының қайталануын айтуға болады.


Ей, жарым, жаным бірге жаныңменен,
Ей, жарым, құшағыңа-аләніңменен!
Ей, жарым, ұзақ дәурен сөнбес шырақ,
Ей, жарым, тілек етем барымменен!
Жан жарым, кетсін күңдер қаралы өткен,
Жан жарым, жас жанымды жарапы еткен.
Арманды асыл арай айырма деп,
Жан жарым, құшам сені зартілекпен!

Теңеу, эпитет - затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Халық тілінде тұрақты теңеу (алтын көпір, бұйра толқын, сын сағат, берік байлам, ыстықықыласт. б.) мол ұшырасады. Абай поэзиясында теңеудің көптеген түрлері бар болмысымен, қиысымен қолданылған. Әсіресе, «Шокпардай кекілі бар, камық кұлақ» өлеңінде аттың сынына байланысты қолданылған теңеу осының жарқын мысалы болып табылады; «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бакен қабақ»; «Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті»; «Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс»,[1] сол сияқты, терең ой, терең сөз, терең ғылым сияқты теңеулер де Абайдан бастау алған троптар. Мысалы : «Түбі терең сез артық, бір байқарсың», «Терең ой, терең ғылым іздемейді». Ақын шығармаларында көңіл күйіне байланысты, адамдардың өмірі мен қылықтарындағы жағымсыз жайларға өкініш білдіргенде айтқан теңеудің басқа түрлері де кездеседі: «Жалаңқая жат мінез жау алады», «Ит қорлық немене екен сүйткен күні?», «Ыржаң- қылжың ит Мінез»

Құлагер (поэма) І топ

Жел соқса, қамыс басы майда деймін,

Атыңды, ат айдаушы, айда деймін.

Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,

Жығылмаса Құлагер, қайда деймін?!

Түбінен дәйекшенің тұрдым тосып,

Алушы едім бәйгеңді талай қосып.

Отыз ат уәделі өтіп кетті,

Сол жерде тұра алмадым, денем шошып.

Міндім де Саралама, тұра шаптым,

Бәйгі алам деп, бұл ісген залал таптым.

Намазшам, намаздыгер арасында

Баланы жылап жатқан әрең таптым.

Құлагер, айналайын шабысыңнан,

Атағың елге шыққан дабысыңнан.

Біліп ем өлеріңді, Құлагерім,

Шыңғырған түсімдегі дауысыңнан.

Құлагер, шешең сұңқар, әкең тұлпар,

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.

Сен өлсең, орның басар көк бесті бар,

Болады, Құдай қосса, о да тұлпар.

Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым,

Тұсына қызды ауылдың көп байладым.

Өлді деп Құлагерді естігеңде,

Бір тұрып, бір отырып, ой ойладым.

Құлагер, құлыныңнан керім едің,

Нағашым сұрағанда беріп еді.

Жылқымды Жыланшыққа айдағанда,

Бір сыншы, көзің шыққыр, көріп еді.

Құлагер, топтан озған жүйрігім-ай,

Жарасар келте жібек құйрығың-ай.

Түбіне Ерейменнің айдап келіп,

Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай.

Тұлпардың аунағаны туған жерің,

Биеден туа бермес сендей құлын.

Жүз қой мен он төрт құр ат, төрт тайтұяқ,

Бір жолда әперіп ең ердің құнын.

Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім,

Салбырап саптаяқтай төменгі ернің.

Баспа-бас қызға бермес жануарым,

Басылмас бір шырқамай менің шерім.



Құлагер ІІ- топ
Құлагер, нұрың кандай, даңқың қандай,

Тұрушы ең тоғыз шелек суға қанбай.

Бәйгеге жүз шақырым айдағанда,

Жүруші ем ауыздықпен тоқтата алмай.

Құлагер, жерді жарған дабысың-ай,

Өлгенше бұзылмаған шабысың-ай.

Өлімің адамзатпен бірдей болып,

Кетті ғой қалың елге дабысың-ай.

Адамзат даңқыңды естіп қайран қалған,

Атағың Орта жүзге мағлұмданған.

Құлагер, мен қайтейін қайғыланбай,

Шырқатып пластенке әнге салған.

Құлагер, құланыңнан жайлатқаным,

Басыңа ноқта, жүген сайлатқаным.

Тартыншақ жаман әдет қыла ма деп,

Артыңнан бір балаға айдатқанмын.

Құлагер, айналайын тұлпарым-ай,

Бір көрмей тұра алмаймын, сұңқарым-ай.

Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып,

Бір көрсек деп тұратын іңкәрім-ай.

Қапыда өліп кеттің, жануарым,

Жібектей күлтеленген құйрық, жалың.

Өлді деп, жануарым, есіткенде,

Шықпады уақыт жетпей шыбын жаным.



Құлагер ІІІ-топ

Қарағым, айналайын Үркеккерім,

Шықпаған қанша шапсаң ащы терің,

Бір сенің жолыңда боп жұрттың көзі,

Тілегіңді тілеуші ед жұртың сенің.

Құлагер, саған келген бұл бір керім,

Үш жүзді сайран қылған Ақан серің.

Сібірден сегіз дуан қоймай озған,

Қой мойын, қоян жақты, сандал керім.

Күйдірдім отқа салып ашудасты,

Не көрмек әлі де болса басым жас-ты.

Тұсында ешбір жүйрік ілесе алмаған,

Күйігі Құлагердің басылмас-ты.

Құлагер, сені өлгенше міне алмадым,

Өлгенше сайран етіп жүре алмадым.

Өлді деп Құлагерім естігенде,

Ой ойлап орынымнан тұра алмадым.

Бағаңа ділдә беріп алдым сатып,

Ойнатып қызығыңа жүрдім батып.

Бәйгеден жалғыз дара алда келіп,

Жүріп ем бар халықты таңырқатып.

Аузыңа қос ауыздық салып едім,

Сені алып ел шетіне барып едім.

Бір жолы бәйгесіне Құлагердің

Он жылқы, екі жамбы алып едім.

Қолымда ақ қағаз бен қалам, сия,

Кетуші ем сен барыңда елден қия.

Артыңнан тағы шығар бір аягөз,

Көзімнің шүкір қылдым жасын тыя.

Менің атым, сұрасаң, Ақан серің,

Хазірет Ғали дүлдүлі тұлпар керім,

Дүниеде оған жетер ат бар ма еді,

Өлді ғой, мен қайтейін, Құлагерім?!

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.

Атығай, Қарауылға олжа салған

Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім.

Құлагерді өлтіргендей алдым несін,

Әркімнің Тәңірім берген несібесін.

Қас қылған жануарым Құлагерге

Жауызға бар тілегім - өлім берсін!


«Құлагер» өлеңін сатылай кешенді түрде өлең құрылысына талдау.


...Құлагер, шешең – сұңқар, әкең – тұлпар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.
Сен өлсең орның басар көк бесті бар,
Болады құдай қосса, о да тұлпар...
Авторы-
Тақырыбы –
Жанр түрі-
Идеясы-
шумақ саны-
Бунақ саны- буын-
Ұйқас түрі-
Әдеби теориялық ұғымдар-
Тәрбиелік мәні-
Ақан өмірі мен Құлагер өлеңінде қандай қасиеттерді байқай алдық?
Достық, мейірімділік, қимастық,
Жауыздық,әділетсіздік, қызғаныш.
Өлеңге мазмұндық талдау. «Үш жақты күнделік» әдісі. 
Өлең Өз ойың Қазіргі заманмен байланыс
Құлагер,нұрың қандай, даңқың қандай?
Тұрушы ең тоғыз шелек суға қанбай,
Бәйгеге жүз шақырым айдағанда,
Жүруші ем ауыздықпен тоқтата алмай... Құлагердің бойындағы ерекше қасиеттер жайлы Қазіргі заманда Құлагерлер бар ма?
Ат баптау,бәйге өнерлерінің бүгінгі даму жағдайы қандай?
Кей –кейде жауын болып жылап ақты,
Кей –кейде дауыл болып соқты қатты.
Кей –кейде күңіреніп, көлдей толқып,
Кей –кейде қу ағаштай құлап жатты. Ақанның жан күйзелісі жайлы Қазіргі заманда ақындардың жағдайы қандай ?

Ән тәтті Ақан салған Арқадағы:


«Үш тоты», «Ақ саусақ», «Ақмарқалары».
Салғанда «Сырымбеттей» сүйікті әнін
Қасына жиылған жұрт тарқамады. Ақан бойындағы өнер жайлы Ақан өнері бүгінде жалғасты ма?
Бекіту. 
1. Ақынның сұм заманнан соққы жеп, жан серігі-Құлагерден айырылу себебі неде?
2. Батыраш, Қотыраштарға ауыл ақсақалдары өз үкімдерін берді. 
Ал, сіздер қандай үкім шығарар едіңдер?
3.Ойтолғау. «Құлагер – омыртқамның ішіндегі жұлыным- ай!»
Сабақты қорытындылау. Интервью әдісі:
№ Ғалым пікірі Оқушының пікірі
1 «Ақан сері заманның озып туған, талай тамаша тарлан тұлғалардан асып биік тұрған ,бірде күлісіп, бірде бүрісіп ғұмыр кешкен сал-серілердің падишасы» Серік Негимов.

2 «Ақан өзіне-өзі мәңгі жоғалмас ескерткіш соққан ұлы ақын,әнші, халқымның сал-серілік салтының озығын өзінің бөлек болмысымен биікке көтерген асқақ тұлға» Сәкен Жүнісов.

3 «Тәңірдің берген бағына кім таласады?Ақан-ел сүйген, елмен туысқан ақын» Мұхтар Әуезов

Мұғалімнің қортынды сөзі:


Ақанның өмір жолы қызықты әрі ерекше. Өмірінің соңғы кезінде жалғыздықпен мұңдасты.
Оның бұл қылығы өзінің қатыгез заманына мойынсұнбай өткен тәкаппар ақынның бейнесін танытады. Тіршіліктің ұсақ-түйегіне алданбай, бойын тік ұстап кетті. Сондықтан да Ілияс:
«Тұсында сері болсын, пері болсын,
Ұнайды өмірімен Ақан маған», - деп кейіпкеріне деген ілтипатын жасырмай, ашық айтқан.
Ақан өмірі - өнер адамының, жалпы адамның рухани тазалығының үлгісі, өнердің тіршілік тартысынан жоғары тұрғанының белгісі. Қанды қол жеткенде таңба басқан, қазақ қиялының ғажайып аты өрен тұлпарға ескерткіш орнатқан «Құлагердей» ән шығарып, халқына таратқан Ақан - өз кезіндегі әнші - ақындар тобының аса көрнекті өкілі. Әлеуметтік өмірдің өзекті мәселелерін өлеңіне арқау еткен Ақан өнерімен де, ерлік өмірімен де кейінгі ұрпаққа, туған халқына үлгі болды.
«Халық жадында Ақан мен Құлагер есімі егіз ұғым болып мәңгі қалмақ!»

Үйге тапсырма.


1. «Құлагер» өлеңін жаттау.
2. Абай-Ақан-Ілияс шығармаларындағы аттың сынына талдау.
3. «Халықының ардақтысы – Ақан сері» тақырыбында ойтолғау жазу.
Бағалау.
Бағалау парағы: Топ Білім ізденуі Қолдану Сөйлеу мәнері Бағалау Мұғалім
бағасы
І
ІІ
ІІІ
Сабақтың толық нұсқасы: Сіз біздің серверден файлдарды жүктей алмайсыз

Ұқсас сабақтар:

Сабақтың тақырыбы: Құлагер поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Ілияс шығармалары арқылы оқушыларды қазақ халқының бастан кешкен сан қилы тағдырына назар аударту; Ақан образын жан - жақты ашу; өнердің құдіреттілігіне көз жеткізу; қазақ өнерінің құдіреті мен киесін таныту.
Тәрбиелік - өнер адамына, еліне, тарихына, табиғатына, туған тіліне деген ыстық сүйіспеншілігін ояту, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық рухын ояту.
Дамытушылық – Оқушыларды ой еркіндігіне баулу; тіл байлықтарын тереңдету; мәнерлеп оқу мәдениетін жетілдіру; өз ойларын айта білуге дағдыландыру.

ПЕРЕЙТИ НА САЙТ

На правах рекламы

Сабақтың түрі: аралас, жаңа технология.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, музыка.
Сабақтың көрнекілігі: Ілияс, Ақан суреттері, газет - журнал материалдары, тест сұрақтары, Құлагердің суреті.

Сабақтың барысы.


І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
1. «Дала» поэмасы қашан жазылды?
а) 1929ж.
ә) 1930ж.
б) 1928ж.
2. «Дала» поэмасы кімнің атынан әңгімеленеді?
а) дана қарт
ә) тарихшы қарт
б) әңгімеші қарт
3. «Бозінген» тарихы қай поэмасында айтылады?
а) «Күй»
ә) «Күйші»
б) «Дала»
4. «Дала» поэмасындағы бәйгеге тігілетін қыз, кемпір, шал, бала санын көрсет.
а) 3 қыз, 1 кемпір, 2 шал, 4 бала
ә) 2 қыз, 2 кемпір, 4 шал, 2 бала
б) 1 қыз, 4 кемпір, 1 шал, 2 бала
5. «Сандал» тарауында не туралы айтылған?
а) жерін тартып алу
ә) елді шабу
б) елге көмектесу
6. «Құрбандық» тарауында қандай оқиға айтылады?
а) әйел теңсіздігі
ә) азат қыз
б) өзін өлімге қиған қыз
7. «Азат» күйін шығарған кім?
а) күйші жігіт
ә) Құрманғазы
б) Дәулеткерей

ІІІ. Жаңа сабақ.


Ақан бейнесін жан - жақты ашудағы шығармашылық ізденіс.
1. Ақан – тарихи бейне.
«Туғаны Арқадағы Арғын елі, Өскені Көкшетаудың шалғын жері» деп ақын жырлағандай аты аңызға айналған Көкшетау өңірінің Қоскөл деген жерінде 1843 - 1913 жылдар арасында өмір сүрген тарихи тұлға. Зілқараның баласы Әлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған қараторғай деген бүркітті, Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базарала деген тазыны алады. Осы кезде Ақанның қолына Көбей - қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан, алты алашқа аты шыққан Құлагер түседі. Құлагер арқаның талай астарында аузымен құс тістеген талай жүйріктерден озып жүреді. Ақан мен Құлагер аты елге жайылады. Ақан 1876 жылы Керей руының паң Нұрмағанбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп алып барады. Бәйгеге қосылған жүйріктерден дара шығып жұлдыздай ағып келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш деген бай соққыға жығып өлтіреді. Қанатынан айрылған Ақан зары, Ақан қайғысы «Құлагер әнін туғызды. Өркөкірек, тарпаң байларға қарсы қарапайым халықтың қайраты жетпейтін заман шындығын, күштілер өктемдік жүргізген заманның мұңды сазын шерткен тарихи жыр дүниеге келеді.

1. Ақан – композитор


Аққудың әсем үніндей жаныңды жадыратар, жүрегіңді елжіретер, құлақ құрышыңды қандырар майда көмей әннің ырғағына елтіген халық Ақан жанынан кетер емес. Әншіге деген халықтың ықылас - пейілі Ақан дұшпандарының іштерін күйдіреді, ән сазына өздері де елжіреп ынтыға түседі. Оның әндері беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігі мен сұлулықты жырлайды. Ол – адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді. Ақан – нәзік жан, асқан өнер иесі. Бірнеше әннің авторы. «Балқадиша», «Сырымбет», «Үш тоты» т. б. әндері – халық арасында ұмытылмас, мәңгілік мұра. Ақан әнімен мәңгі жасайды. «Құлагер» поэмасында ақынның негізгі айтпақ ойы - өнердің өшпейтіні, өнерліге өлім жоқ деген тұжырым. Ақан мерт болған пырағы Құлагерге арнап әлемде кездеспейтін ән шығарған, өзіне өзі мәңгі тозбас ескерткіш соққан.

2. Ақан – айтыс шебері.


Ақан талай арқалы ақындарды тулақша сіліккен, қара өлеңді орып айтқан айтыс өнерінің дүлдүлі болған. Ол – Жүсіп Төре, Орынбай, Тезекбай сияқты ақындармен айтысқан. Мәшһүр Жүсіп және Есмағұл Қодығабаласымен хат арқылы айтысқан. Ақан жұмбақтар да шығарған. Табан астында тауып айтатын тапқыр, суырып айтар шешен болған. Ақанның тапқырлығы туралы ел ішінде мынадай әңгіме бар екен. Ақан серінің Құлагерден айрылып қайғырып жүрген кезі екен. Қылышбай деген біреу: - Сағынайдың асына жүреріңде менің қара шаңырағымнан дәм татып кеткеніңде дүлдүлің аман қалатын еді - дейді. Сонда Ақан: - Қанды сүргінде жүріп Әзірет Әлінің торға, тұлпарының орға жығылғаны сенің үйіңнен дәм татпағаннан болған екен ғой, - деп тұтқиылдан жауап беріпті. Ақанның жүрген жерлерінде алун түрлі сөздер қалған екен.

4. Ақан – аңыздық кейіпкер.


Сұлу киім, жүйрік ат, құмай тазы, алғыр бүркіт және 15 - 20 жігітті өзі тәрбиелеп нөкер қылып алады, сол жігіттердің алдында қолбасындай өзі оқшау отырады. біресе боз атқа мініп ақ киген, біресе қара атқа мініп қара киген. Басында – бұлғақтаған үкі, қолында домбыра, аузында - ән.
Міне ғажап! Ертегі өмір емес пе?! Өмір айдынында аққудай жүзіп, үкідей үлпілдеп жүрген Ақанды бірақ күнде мұң шалды. Құлагерінен айрылып, қанаты қайрылып былық тұрмыстан безгенде, халық оны ұға алмай, Ақанның жұмбақ өмірін шеше алмай оны алып барып періге балайды. Дұшпандары неше саққа жүгіртіп, өсек, өтірікке таңуы әділетсіздіктің бір көрінісі еді.
«Тұсында сері болсын, пері болсын Ұнайды өмірімен Ақан маған» деп Ілиястың өзі айтқандай өмірінің сұлулығымен аты аңызға айналған аңыздық кейіпкер дер едім.

5. Ақан – сері.


Ақан билік айтқан, дау қуған, мал жинаған адам емес, астында – жүйрік аты, қолында – қыран, серілік өнер қуған, өмір айдынында қаздай қалқып, қудай жүзген, сұлуды сүйген. Мұны ақын шебер суреттеген. Халықтың сал - серілік салтының озығын ұстанып, оны өзінің ерекше, бөлек болмысымен шырқау биікке көтеріп, заманның көркем бейнесіне айналған асқақ тұлға.

6. Ақан – трагедиялық кейіпкер.


Сағынайдың асында атынан қапыда айрылып жүрегі қан жылаған ақын естен танды. құлагер ер қанаты ғана емес, Ақанның рухани медеу тұтқан серігі еді. Құлагердің мерт болуымен бірге Ақанның өзі де рухани қазаға ұшырады. Құлагер өлгенде Ақан «Ел бетін қалай көремін» депті. Ақанның жан күйзелісін осы бірауыз сөз ұқтырып тұрғандай. Көл еркесі аққу, көк еркесі сұңқар – Ақанның қанаты қайрылды, пырақты шабысынан айрылды. Елінен, жерінен безді. Жалғыз өзі елден жырақ күй кешті. Құлагер өлімі жаралы жанын күйреткен, аяусыз соққы болды. Қиянат пен әділетсіздіктен жапа шеккен Ақанның халін Ілияс «құлазып күздігүні Көкшетаудай, Қызықтың көшіп кеткен саржайлауы» деп бейнелейді. Ақан жан жолдасын қолымен өлтіргендей күйінеді. «Мал да болса адамнан есті жануар - ай, шабуға жіберерде салбырап, басын төмен салып, кәдімгідей көзінен жас бұршақтап тұрды - ау. Осы сұмдықтың болатынын білген екен ғой» деп өкінеді, қайғыдан жүрегі қарс айрылады.
«Мини - дебат» бағдарламасы бойынша Батырашқа бүгінгі күн тұрғысынан баға беру.

Поэмада «Кір көңіл сарайының батпағы бар» деп ақын Батыраштың іші тар, ақылсыз, арам пиғылды жан екенін өте бейнелі жеткізе білген. Жұлдыздай ағып келе жатқан жүйрікті жолда тосып тұрып айбалтамен шауып өлтірткен Батыраш – нағыз қаныпезер жауыз адам. Өр көңіл, жуан кеуде Батыраш арам ойын жүзеге асыруда шімірікпейді. Батыраш – Ақандай сұңғыла өнер иесінің серілігіне, сезіміне, жүйріктігіне, заманнан озып туған тума талантына қол көтерген, қараңғылықта шырмалған пасық, ақылсыз, ашуын ақылға жеңдіре білмейтін үстем тап өкілінің бейнесі. Батыраш – мәңгілік халық қарғысын арқалаған азғын адам. Батыраштың азғындық әрекетін келер ұрпақ кешіре алмайды, оған лағынет айтады. Батыраш сияқтылар өмірге келеді, кетеді, оларда қарғыстан басқа із қалмайды. Ақан өмірі – мәңгілік. Ақан өнері еш уақытта ұмытылмайды, мәңгі жасайды, ұрпақтар жалғастығын табады! Адал пәк адамдар өміріне қара түнек төндіріп зар жылатқан Батыраш сияқты қара ниетті сүйреп өлтіру керек еді. Батыраштар өмірден мәңгі аластатылсын, өмірге келмей - ақ қойсын!



Батыраш тұлпар баптаған, сыншы, атбегі адам. Алтайдың даңқын асырған, алдынан ұшқан құс өтпеген жүйрігі Көктұйғын атты баптап асқа әкеледі. Су орнына сүт беріп сәбидей мәпелеп әкелген жүйрігінің топ жарып, бас бәйге алуын тілейді. Шаршы топтың алдында Ақанның:
Би болсаң, би шығарсың Алтайыңа,
Тілімді терезем тең тартайын ба?!
Көгіңді бөктермесем, атым сенікі,
Шапса да әкең мініп байталына, - деген ащы тілі Батыраштың ызасын келтіріп, намысына тиеді. Құлагердің даңқын естіп, кісі салып Құлагерді қанша сұраса да бермеген Ақанға ренжіп жүр еді, енді ащы тілі сүйегін тіліп өткендей болды, ашу - ызасын қамшылай түсті. Әрі алдынан жүйрік озбаған Көктұйғынын ойлағанда, көзіне қан толды. Батыраштың жүрегіне сүңгідей қадалған улы тілдің ызасы мыңнан озған тұлпарға қол көтертті, мерт қылды. Батыраш Құлагердің өліміне егілді, езілді. Құлагер Батыраштың қолы жетпей жүрген арманы емес пе еді?! Не істегенін өзі де білген жоқ. Өз қатесін түсінді, бірақ кеш еді. «Осы аста сағы сынып бағы тайса, Ол өзін дап - дайын тұр өлдім деуге» деп ақынның өзі айтқандай, өзін - өзі өлімге қиюға дайын Батыраштың бойында намыс, ер қанатына деген сүйіспеншілік оты маздайды. Ол - өлсең де намысты қолдан берме деген мақсатты берік ұстанған жан.
«Венн диаграммасы» бойынша Ақан, Ілияс бейнелеріне салыстырмалы мінездеме.
Күреңбай мен Абайдың өлеңін салыстыру.
Каталог: uploads -> doc -> 0c9e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c9e -> Сабақтың мақсаты: Өрнектегі ритмикалық құрылымының әдісін үйрету және оны тақырыптық композицияда қолдану


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет