Сабақ жоспары 3 сынып Тақырыптық күнтізбелік жоспар. Аптасына 1 сағат



Дата30.01.2017
өлшемі67 Kb.
#8407

3 сынып бойынша информатикадан сабақ жоспары

  • 3 сынып
  • Тақырыптық
  • -күнтізбелік жоспар. Аптасына 1 сағат (жылына 34 сағат)
  • Тақырыбы
  • Сағаты
  • 1
  • Информация
  • 2
  • Информацияны қабылдыу тәсілдері.
  • 3
  • Информация көздері.
  • 4
  • Информация тасуыштар (тасушылар).
  • 5
  • Информация беру тәсілдері.
  • 6
  • Информацияны кодтау.
  • 7
  • Сан және информацияны кодтау.
  • 8
  • Дербес компьютердің құрылғылары.
  • 9
  • Жад құрлымы.Ол-компьютердің негізгі құрылғысы.
  • 10
  • Мәтінді теру және редакциялау.
  • 11
  • Меню жолы.
  • 12
  • Мәтіннің үзінділерін көшіру және кірістіру.
  • 13
  • Компьютерде есептеу.
  • 14
  • Компьютерлік графика.
  • 15
  • Компьютерлік сурет салу.
  • Тақырыбы
  • 16
  • Алгоритмдердің блок-схемасы.
  • 17
  • Алгоритмдердің блок-схемасын құру.
  • 18
  • Компьютерлік орта жіне алгоритмдер.
  • 19
  • Циклдік алгоритмдер.
  • 20
  • ЦА-дердің блок-схемасын құру.
  • 21
  • Алмасу буфері дегеніміз не?
  • 22
  • Сызықтық алгоритмдер.
  • 23
  • Орындаушы Кряның ортасындағы процедуралар.
  • 24
  • Орындаушы Кряның циклдік алгоритмі.
  • 25
  • Объектілердің аттары.
  • 26
  • Объектілердің жалпы белгілері.
  • 27
  • Жеке объектілер жіне жалпы атаулары.
  • 28
  • Объектілердің құрамын жіне олармен орындалатын әрекеттер.
  • 29
  • Әр түрлі жеке объектілердің айырмашылық белгілерінің мәні.
  • 30
  • Айтылымдар.
  • 31
  • Айтылымдарды теріске шығару.
  • 32
  • Жиын.Жиындардың қиылысуы.
  • 33
  • Графтар.
  • 34
  • Графтардың көмегімен есептер шығару. Графтарды сипаттау.
  • 1- тарау. Информацияның түрі, көлемі жіне оны қабылдау тәсілі бойынша сипаттамалары.
  • 2- тарау. Дербес компьютер.
  • 3- тарау. Алгоритмдеу.
  • 4- тарау. Объектілер мен жүйелер.
  • 5- тарау. Логика элементтері.
  • 1- тарау. Информацияның түрі, көлемі және оны қабылдау тәсілі бойынша сипаттамалары.
  • §1. Информация.
  • §2. Информацияны қабылдау тәсілдері.
  • §3. Информация көздері.
  • §4. Информация тасушылар.
  • §5. Информация беру тәсілдері.
  • §6. Информацияны кодтау.
  • §7. Сан және информацияны кодтау.

§1.Информация.

  • §1.Информация.
  • Мақсаты:Адам қоршаған ортаданалатын мәліметтер мен командалар жиынтығы ретінде информация табиғаты туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
  • Информация (ақпарат)- бұл адам қоршаған ортадан алатын мәліметтер мен командалар.
  • Информация мазмұны- бұл командалар мен мәліметтер.Мәліметтерді еске сақтап орындайды.Мысалы:“ертең қар аралас жауын жауады” деген хабар еске сақтап,жылы киіну үшін пайдаланатын мәлімет.
  • Информацияның қасиеттері:
  • 1- қасиет.Информация берілетін адамға түсінікті болу керек.
  • 2- қасиет.Информация жаңа және пайдалы болу керек.
  • 3- қасиет.Информация толық болуы керек.
  • 4- қасиет.Информация анық болуы керек.
  • Информацияның көлемін өлшеуге болады.Ол үшін берілген хабардағы символдардың немесе белгілердің санын санау керек.

  • 1. Информация дегеніміз не? Мысал келтір.
  • 2. Информацияның қасиеттерін ата?
  • 3. Информация көлемін қалай өлшеуге болады?
  • 4.Өзіңнің төңірегіңдегі бірнеше нысандарды ата. Олардың бірін ата. Оны бақылап қарау қандай мәліметтер береді, айтып бер?

  • 1. Түсініксіз информациясы бар сөйлем:
  • Логика-адам ойлауының заңдары туралы ғылым.
  • Жел соғады мүмкін ертең.
  • 2. Информация толық берілген сөйлемдерді көрсет:
  • Азайғышты табу үшін айырманың мәніне азайтқышты қосу керек.
  • Апта дегеніміз- күн.
  • 3. Мектепте оқу үшін маңызды информацияларды көрсет:
  • Сумкаға оқулықтар мен дәптерлер салып жүру керек.
  • Бүгін кино көремін.
  • Бүгін жалақы беретін күн.
  • 4. Қалдырып кеткен сөздерді орнына қой:
  • Информация- бұл ........ және .........! Информацмяның 4 ..........бар.

  • §2. Информацияны қабылдыу тәсілдері.
  • Мақсаты:Информацияны қоршаған ортадан сезім мүшелерінің көмегімен алу мехенизмі туралы түсінік қалыптастыру.
  • Біздің көзіміз көру информациясын,құлағымыз дыбыс,ал теріміз сезу информациясын жеткізеді.
  • Бізге заттың дәмі мен иісң туралы информация алуға мұрынымыз бен тіліміз көмектеседі.Мұндай информация дәм сезу және иіс сезу информациясы деп аталады.

  • 1. Адам информацияны қалай алады?
  • 2. Біз мұрынымызбен қабылдайтын информация қалай аталады?
  • 3. Көзімізбен қабылдайтын информация қалай аталады?
  • 4. Құлағымызбен қабылдайтын информация ше?
  • 5. Біздің теріміз қандай информацияны жеткізеді?

  • Берілген информацияны адам қандай сезім мүшелерінің көмегімен алады? Оларды сәйкес жолдарға жаз:
  • Қызыл шам жанса, жол жоқ. Есту
  • Кәмпит тәтті, ал лимон қышқыл. Көру
  • Алмагүлдің қолына тікенек шаншылды. Дәм сезу
  • Газ иісі қауіп барын ескертеді. Иіс сезу
  • Тоғайда бұлбұл сайрайды.Сезіну
  • 2. Информация түрін атап көрсет:
  • Жиырмадан алтыны алса, он төрт қалады. Сандық.
  • 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,22,14,33,44. Мәтіндік.
  • Аулада ит үрді. Дыбыстық.

§3. Информация көздері.

  • §3. Информация көздері.
  • Мақсаты: Қазіргі қоғам үшін ең маңызды информация көздері туралы түсінік қалыптастыру.
  • Кез келген дыбыс шығаратын, дәмі, иісі бар, жарық, жылу шығаратын зат өзі туралы информация көзі бола алады.Табиғат- өзі информация көзі. Информация көзі информация береді, ал оны информация қабылдауыш қабылдайды.
  • Информацияның жазбаша көздеріне: кітаптар, хат, жеделхат, ашықхат, күнделіктер жатады.
  • Бұқаралық ақпарат құралдарына: газет, журнал, радио, теледидарлар жатады.

  • Информация көздері бола алатын нелер?
  • Табиғат кім туралы информация көзі?
  • Информацияны кім қабылдайды?
  • Информацияның жазбаша көздеріне нелер жатады?
  • Бұқаралық ақпарат құралдарына нелер жатады?
  • Қоғамдық информация көздеріне ше?

  • Дыбыс шығаратын информация көздерінің суреттерін дәптерлерімізге салайық:
  • Информацияның жазбаша түріне біз хаттарды жатқыздық.Олай болатын болса жолдастарымызға шағын хат жазайық:

§4. Информация тасушылар.

  • §4. Информация тасушылар.
  • Мақсаты:Деректердің табиғаты туралы, оларды жазу кезінде жасау механизмі, тасуыштардың көмегімен олардың сақтау жіне алып жүру тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру.
  • Адамдар информацияны бір- бірімен сөйлесу кезінде береді.
  • Информация тасуыш дегеніміз оған деректер жазылған зат.
  • Қағаз- информация сақтайтын ең кең тараған материал.
  • Информация тасуыштарға: магниттік дисктер, компакт дискілер жатады.
  • Магниттік дискілер мен компакт дискілер- электрондық информация тасуыштар.Информацияны беру арналарына- телефон, радио, телеарна, басылымдар, компьютер жатады.

  • Информация берушілер мен тасушылар

☻ 

  • ☻ 
  • Не информация көзі бола алады?Мысал келтір.
  • Адам сөйлегенде, ол информация көзі ме, әлде қабылдаушы ма?
  • Қандай информация тасуыштарды білесің?
  • Информация тасуыш дегеніміз не?
  • Информацияны беру арналарына нелер жатады?
  • §5. Информация беру тәсілдері.
  • Мақсаты:Информация беру тәсілдері туралы түсінік беру.
  • Белгілер мен символдардың көмегімен әр түрлі информацияны: мәтін, сурет, фотосурет, дыбыстық, электр сигналдары, магниттік жазбаларды жіне тағы басқа беруге болады.Телефон арқылы адамдар информациямен алмасады.

  • Белгілердің көмегімен информацияларды беруге бола ма? Мысалдар келтір.
  • Символдардың көмегімен ше?
  • Не арқылы адамдар информациямен алмасады?

  • Сенің алдыңда нүкте және сызықшамен жазылған хабарлар.Нүкте мен сызықшалар – деректер.Олар информация болу үшін сен оны телеграфтық әліппенің көмегімен оқып, жазуың қажет. Келесі хабарларды оқып,оларды орыс алфавитінің әріптерімен жаз.
  • 1) . - . - .. .. . - . - . - -- . - . -- .. -- . - . ---- . - .. - ..- . –
  • Алия мектепте оқиды.
  • 2) -- . - . .. -- ---- . . - . - .. -- . --- … -
  • Марат он алтыда.
  • 3) -- . - . - … . -- . ----- . -- … - . - . - .. -- . - … - .. - .. - .. - . ----
  • Мен бақшада алма жинадым.

§6. Информацияны кодтау.

  • §6. Информацияны кодтау.
  • Мақсаты: Информацияны кодтау және оны ұсыну түрлері туралы түсінік қалыптастыру.
  • Күнделікті өмірде біз кодталған, яғни арнайы белгілермен белгіленетін информацияны жиі кездестіреміз. Бұған ноталар, сөйлеу дыбыстары- фонетикалық белгілер де, ауа райы күнтізбесіндегі өздеріңе жақсы таныс таңбашалар да жатады.Бағдаршамның сигналы да- кодталған информация.Дыбыстар- бұл информацияны дыбысты кодтау.
  • Информацияны әріппен кодтау алфавиттік жазу деп аталады.
  • Информацияны жазбаша кодтаудың тамаша қасиеті- бұл информацияны алыс қашақтарға беруге және ұзақ сақтауға болатындығы.

☻ 

  • ☻ 
  • Алфавиттік жазу дегеніміз не?
  • Информацияны жазбаша кодтаудың қандай қасиеті бар?
  • Информацияны кодтаудың қандай тәсілін білесің?
  • Информацияны дыбыспен кодтау деген не?

§7. Сан және информацияны кодтау.

  • §7. Сан және информацияны кодтау.
  • Мақсаты: Информацияны ретпен нөмірленген алфавиттің көмегімен кодтауға үйрену. Логикалық ойлауды дамыту.
  • Информацияны сандармен де кодтауға болады. Информацияны декодтау (кері кодтау)- бұл шартты белгілер түрінде кодталған информацияны біз үшін үйреншікті информацияның түріне қайта құру. Әрбір әріпке оның сандық коды сәйкес келетін кесте кодтық кесте деп аталады.

  • Қандай кестені кодтық сәкестік кестесі деп атайды?
  • Информацияны сандармен кодтауға бола ма?
  • Егер информация цифрлармен немесе сандармен кодталған болса, онда бұл қандай кодтау?

  • Кодтық сәйкестік кестенің көмегімен мына сөзддерді шешіп көр:
  • 24 02 16 08 17
  • 15 1 18 25
  • 2. Үстелде жатқан зат туралы информацияны қандай әр түрлі тәсілдермен кодтауға болады? Өз ойыңды өз сөзіңмен дәптеріңе түсір:

2- тарау. Дербес компьютер.

  • 2- тарау. Дербес компьютер.
  • §8. Дербес компьютердің құрылғылары.
  • §9. Жад құрылғысы.
  • §10. Мәтінді теру және редакциялау.
  • §11. Меню жолы.
  • §12. Мәтіннің үзінділерін көшіру.
  • §13. Компьютерде есептеу.
  • §14. Компьютерлік графика.
  • §15. Компьютерлік сурет салу және редакциялау.

§8. Дербес компьютердің құрылғылары.

  • §8. Дербес компьютердің құрылғылары.
  • Мақсаты: Компьютердің арналуы туралы және үстелге қоятын компьютерлік жүйенің құрлымы туралы түсінік қалыптастыру.
  • Біз жұмыс орнына тағайындалған шағын компьютер дербес компьютер деп аталады. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларына: жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан, дыбыстық бағандар жатады.

  • Дербес компьютер дегеніміз не?
  • Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
  • Компьютердің негізгі неше құрылғысы бар?
  • Тышқанды компьютердің негізгі құрылғысына жатқызамыз ба?
  • Үй тапсырмасы: Оқулықтың мәтінін оқып келу. Компьютердің құрамына кіретін құрылғылардың тізімін құру. Оларды екіге бөліп жазу (негізгі және қосымша). Әрбір құрылғының арналуын қысқаша жазып келу.

§9. Жад құрылғысы.

  • §9. Жад құрылғысы.
  • Мақсаты: Дербес компьютер жадының құрылымы туралы түсінік беру.
  • Жад- информация сақтауға арналған құрылғы. Жад табиғи және жасанды болады. Жад ішкі жад, сыртқы жад деп екіге бөлінеді.Ішкі жадқа қатқыл магниттік дискіні, сыртқы жадқа магниттік, лазерлік дискілер жатады.
  • Жад дегеніміз не?
  • Жад қандай болады?
  • Жадтың неше түрін білесің?
  • Сыртқы жадқа нелер жатады?
  • Ішкі жадқа ше?
  • Үйге тапсырма:
  • Сабақтың материалын қайталау.

§10. Мәтінді теру және редакциялау.

  • §10. Мәтінді теру және редакциялау.
  • Мақсаты:Мәтіндік деректерді қолмен енгізу және редакциялау әдістері мен құралдары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Редакциялау- мәтінді өзгерту. Меңзер- мәтінді редакциялауға арналған арнайы басқару элементі.Меңзерді перне тақтада жылжытуға арналған төрт арнайы перне бар. Олар, осылай, меңзерді басқару пернелері деп аталады.

  • Мәтінді редакциялау дегеніміз не?
  • Меңзер дегеніміз не?
  • Меңзерді басқару пернелері дегеніміз не?

  • Мына пернелер қандай қызмет атқарады?
  • ENTER SHIFT DELETE
  • 2. “Айыпты болсаң айыбыңды мойында” сөйлемін тер. Сөйлемге үтір қой.

  • §11. Меню жолы.
  • Мақсаты: Меню жолы туралы программаның жұмысын басқаруды негізгі элементі ретінде түсінік беру;тышқанның негізгі және арнайы батырмаларын шерту арқылы басқару әдісін бекіту;байқағыштық пен ұқыптылықты дамыту.
  • Меню жолы- бұл терезенің ең маңызды элементтерінің бірі. Бұл жолда меню орналасқандықтан ол осылай аталады. Менюдің суырмалы меню, негізгі меню деп аталатын түрлері бар.
  • Меню жолы дегеніміз не?
  • Меню жолы нелікткн олай аталады?
  • Менюдің қандай түрлерін білесің?

  • Төменде келтірілген өлең жолын тер:
  • Пеш үстінде бес мысық,
  • Пеш ішінде бес мысық,
  • Бес күзетші- бес пысық.
  • 2. Мәтіннің екінші жолын қызыл түске боя.
  • 3. Мәтінді сақта.

§12. Мәтіннің үзінділерін көшіру және кірістіру.

  • §12. Мәтіннің үзінділерін көшіру және кірістіру.
  • Мақсаты: Мәтіннің қайталанатын үзінділерін негізгі және контексті менюлердің көмегімен көшіру және кірістіруге үйрету.
  • ☻ 
  • 1. Мәтіннің үзіндісін негізгі менюдің көмегімен қалай көшіреді және кірістіреді?
  • 2. Мәтіннің үзіндісін контексті менюдің көмегімен қалай көшіру және кірістіру болады?
  • 3. Мәтіннің көшірілген үзіндісі компьютердің ішкі жадының қай аймағында сақталады?

  • §13. Компьютерде есептеу.
  • Мақсаты:Сандық деректерді компьютерге қолмен енгізу тәсілдері мен құралдары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Комьютерде қарапайым есептеулерді орындауға арналған программа калькулятор деп аталады.Пернетақтада пернелердің сандарды енгізуге арналған екі тобы орналасқан. Бірінші тобы- цифрлық қатар, екіншісі қосымша панель деп аталады.
  • 1. Ерте кезде есептеу үшін қандай құралдар қолданды?
  • 2. Калькулятор дегеніміз не?
  • 3. Арифмометр не үшін қолданылды және кім оны ойлап тапты?

  • 1. Калькуляторда келесі есептеулерді орында:
  • 120+120= 147+589=
  • 685-125= 459+985=
  • 1258+56= 1258-89=

§14. Компьютерлік графика.

  • §14. Компьютерлік графика.
  • Мақсаты: Графикалық информацияны сандық деректер арқылы ұсыну тәсілдеріне жалпыланған көзқарас қалыптастыру.
  • Сурет және сызу құрал- саймандардың көмегімен салынған кесінділердің барлық түрлері графика деп аталады.
  • Компьютердің көмегімен салынған кесінділерді компьютерлік графика деп атайды.
  • Адам сурет салуға көмектесетін программа графикалық редактор деп аталады.
  • Компьютерде сурет салу үшін PAINT редакторын қолданады.
  • 1. Графика дегеніміз не?
  • 2. Компьютерлік графика дегеніміз ше?
  • 3. Графикалық редактор деген не?
  • 4. Сурет салу үшін қандай редактор қолданамыз?
  • Арнайы суреттерді пайдаланып, суреттерді бояп үйрен?
  • Өзіңе ұнайтын суретті салып көр?

§15. Компьютерлік сурет салу және редакциялау.

  • §15. Компьютерлік сурет салу және редакциялау.
  • Мақсаты:Компьютерлік суретті редакциялауға үйрету.
  • Сурет салу, оны түзету және толықтыру бойынша орындалатын әрекеттер редакциялау деп аталады. Сондықтан программа да графикалық редактор деп аталады.Инструмент инструменттің суретінде тышқанның сол жақ батырмасымен шертіп таңдалады. Түс тышқанның сол немесе оң жақ батырмасымен “Түстер” палитрасындағы қажет түсте шертіп, таңдалады.

  • 1. Редакциялау дегеніміз не?
  • 2. Графикалық редактор деген ше?
  • 3. Графикалық редакторда инструментті қалай таңдайды?
  • 4. Графикалық редакторда түсті қалай таңдайды?
  • Қарапайым пейзаж сал: көгілдір аспанда шуақты күн, бұлттар, ирелеңдеген жол, жағасында қалың құрағы бар шағын көл.

3- тарау. Алгоритмдеу.

  • 3- тарау. Алгоритмдеу.
  • §16. Алгоритмнің блок- схемасы.
  • §17. Алгоритмнің блок- схемасын құру.
  • §18. Компьютерлік орта және алгоритмдер.
  • §19. Циклдық алгоритмдер.
  • §20. Циклдық алгоритмдердің блок- схемасын құру.
  • §21. Алмасу буфері дегеніміз не?
  • §22. Орындаушы Кішкене Кряның компьютерлік ортасындағы сызықтық алгоритмдер.
  • §23. Орындаушы Кішкене Кряның ортасындағы процедуралар.
  • §24. Орындаушы Кішкене Кряның ортасындағы циклдық алгоритмдер.

§16. Алгоритмдердің блок- схемасы.

  • §16. Алгоритмдердің блок- схемасы.
  • Мақсаты: Алгоитмдердің графикалық тәсілмен жазуға, блок-схемалардан шығарып оқуға үйрету.
  • “Алгоритм” термині ұлы араб математигі Мұхаммед Әл-Хорезмидің есімінен шыққан.Алгоритм дегеніміз- белгілі әрекеттер тізбегі, оларды ретімен орындау қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Алгоритмді жазудың бір тәсілі- блок- схема деп аталады.
  • Алгоритм дегеніміз не?
  • Алгоритмді жазудың қандай тәсілін білесің?
  • “Алгоритм” термині кімнің есімімен байланысты?
  • (15-5):2+18-7
  • (14-14)+(12-10) мысалдары үшін алгоритм құр да, блок- схема түрінде жаз.

§17. Алгоритмдердің блок- схемасын құру.

  • §17. Алгоритмдердің блок- схемасын құру.
  • Мақсаты:Алгоритмдерде блок-схемалар құру және нұсқау бойынша есеп шығару дағдысын бекіту.
  • 1. “Портфеліңді мектепке жина” алгоритмін құр.
  • 2. Жаяу адамның жолдан өту алгоритмін сөзбен реттеп жазыңдар.
  • 3. “Шәй қайнату алгоритмін” құр.

§18. Компьютерлік орта және алгоритмдеу.

  • §18. Компьютерлік орта және алгоритмдеу.
  • Мақсаты: Компьютерлік орта және алгоритмдер туралы түсінік беру.
  • Компьютерлер үшін жазылған алгоритмдер программалар деп аталады.
  • ☻ 1. Программа дегеніміз не?
  • 2. Сен қандай программаларды білесің?
  •  1. Көбелектің қанаттарының негізін салу алгоритмін кітап бойынша компьютерде орындау.

  • §19. Циклдық алгоритм.
  • Мақсаты: Циклдық алгоритм туралы түсінік беру. Циклдік алгоритмді пайдаланып, сынып бөлмесіндегі жұмыс орындарының орналасу планын салуға үйрету.
  • Алгоритм дегеніміз әрекеттер тізбегі.
  • Егер барлық әрекеттер бір қайтара, бірінен кейін бірі орындалса, онда мұндай жұмыс алгоритмі тізбектік немесе сызықтық деп аталады.
  • Егер алгоритмде бірнеше рет қатар орындалатын әрекеттер тізбегін белгілеуге болса, онда мұндай алгоритмдерді циклдық деп атайды.
  • 1. Алгоритм дегеніміз не?
  • 2. Циклдық алгоритм дегеніміз не?
  • 3. Сызықтық алгоритм дегеніміз ше?
  • 1. Сынып бөлмесіндегі жұмыс орындарының орналасу планын сызыңдар:

  • §20. Циклдық алгоритмдердің блок-схемаларын құру.
  • Мақсаты:Алгоритмдер туралы түсінікті бекіту.
  • ☻ 
  • “Жедел жәрдемге телефон соқ” алгоритмін құр.
  • “Алма жинау” алгоритмін құр.

  • §21. Алмасу буфері дегеніміз не?
  • Мақсаты: Алмасу буфері туралы үзіндінің көшірмесін сақтауға арналған жедел жадтың арнайы аймағы ретінде түсінік қалаптастыру.
  • Үзіндінің көшірмесін сақтау үшін жедел жадтың арнайы аймағы- алмасу буфері қолданылады.
  • Үзіндімен әрекеттер орындау үшін Правка менюінің: ВЫРЕЗАТЬ, КОПИРОВАТЬ, ВСТАВИТЬ, ОЧИСТИТЬ, ВЫДЕЛЕНИЕ командалары қолданылады.
  • Үзінділердің көшірмесін сақтау үшін не қолданылады.
  • Үзіндімен әрекеттер орындау үшін қандай командалар қолданылады?
  • 1. Көлденеңінен және тігінен торкөздер салып үйрену:

  • §22.Орындаушы Кішкене Кряның компьютерлік ортасындағы сызықтық алгоритмдер.
  • Мақсаты:Сызықтық алгоритмдер туралы түсінік беру.
  • Орындаушының командалар жүйесін біле тұра, О және Н әріптерін салыңдар.
  • Екі (2) цифрын салу алгоритмін құрыңдар.

  • §23. Орындаушы Кішкене Кряның ортасындағы процедуралар.
  • Мақсаты: Орындаушы Кішкене Кряның ортасындағы процедураларды пайдалануға үйрету.
  • 33 санын салу алгоритмін “Баяу” режимде орында.
  • Кря өріс ортасында, шығысқа бағытталып тұрғанда 55 санын салу алгоритмін құр.
  • БАЛА,ПАПА сөздеріне алгоритм жазып,содан кейін оны компьютерлік ортада тер.

  • §24. Орындаушы Кішкене Кряның Ортасындағы циклдық алгоритмдер.
  • Мақсаты: Кішкене Кряға цикл командасы бар алгоритмдер тапсыруға үйрету.
  • Егер Кішкене Кря шеттен үш қадам жерде тұрса, онда п.2 алгоритмі қалай орындалады?
  • Цикл операторының қызметтік сөзін атаңдар?

4- тарау. Объектілер мен жүйелер.

  • 4- тарау. Объектілер мен жүйелер.
  • §25. Объектілердің аттары.
  • §26. Объектілердің жалпы белгілері.
  • §27. Жеке объектілер мен жалпы атаулар.
  • §28. Объектілердің құрамы және олармен орындалатын әрекеттер.
  • §29. Әр түрлі жеке объектілердің айырмашылық белгілерінің мәні.

§25. Объектілердің аттары.

  • §25. Объектілердің аттары.
  • Мақсаты:Қоршаған әлемнің объектілері туралы түсінік беру.
  • Объект- бұл зат немесе бізді қоршаған ортаның біртұтас қарастыруға болатын құбылысы.Объектілкрді айыру үшін және оларды шатастырмау үшін әрбір объектіге атау береді. Объектінің атауы оны бірден басқа объектілерден айыруға, сонымен қатар оның не істей алатынын немесе онымен не істеуге болатынын түсінуге көмектеседі.Әрбір объектінің өз белгілері болады, ол бойынша оны басқа объектілерден айыру оңай.
  • 1. Объект дегеніміз не?
  • 2. Объектіге не үшін ат беріледі?
  • 3. Объектіге мысал келтір.
  • 1.Кестені толтыр,объектіні ата да, оның атын жаз:
  • Шәйнек
  • Құрамы Әрекеттер
  • (ол неден тұрады) (онымен не істейді)

  • §26. Объектілердің жалпы белгілері.
  • Мақсаты:Объектілердің ортақ белгілері туралы түсінік беру.
  • Әр түрлі объектілердің ортақ белгілері болуы мүмкін. Мысалы: алма, доп, шар- бұл әр түрлі объектілер, бірақ олардың ортақ белгілері бар- олар дөңгелек. Қарындаш, дәптер,оқулық бір- біріне ұқсамайды, бірақ бұлардың да ортақ белгісі бар- олар мектеп жабдықтары.Адамдар әрқашан объектілердің ортақ белгілерін табуға тырысады. Бұл оларға жаңа информацияны есте сақтауға көмектеседі.
  • 1.Әр түрлі объектілердің қандай ортақ белгілері болуы мүмкін?
  • 2. Әр түрлі объектілердің қандай пішіндері болуы мүмкін?
  • 3. Әр түрлі объектілердің түстері қандай болуы мүмкін?
  • Ағаштан жасалған заттарды бөлек және метелден жасалған заттарды бөлек топта: қайшы,үстел,шеге,орындық,қарындаш,бұрғы,шкаф,ара.
  • Мына объектілерді екі топқа бөл.Топтардың әрқайсысына ат қой: мысық,ешкі,үкі,бүркіт,ит,жылқы,аққу.

  • §27. Жеке объектілер мен жалпы атаулар.
  • Мақсаты: Жалпы аттары бар жеке объектілер туралы түсінік беру.
  • Объектілердің ортақ белгілері болғанда адамдар оларды топтарға біріктіреді. Топтау информация алуды жеңілдетеді.
  • 1. Адамдар жеке объектілерді қандай жағдайда топқа біріктіреді?
  • 2. Объектілер тобының жалпы атауы деген не?
  • 3. Жеке объектілерге өз мысалдарыңды келтір де, оларға жалпы ат бер:
  • 1. Келесі объектілердің жалпы белгісін ата: жаңбыр, найзағай, қар жауу, дауыл.
  • 2. Объектіні белгілері бойынша анықта: шығыршықты коньки, велосипед, мотоцикл, автомобиль.
  • 3. Келесі объектілердің жалпы белгісін ата: емен, қайың, терек, көктерек, үйеңкі.

§28. Объектілердің құрамы және олармен орындалатын әрекеттер.

  • §28. Объектілердің құрамы және олармен орындалатын әрекеттер.
  • Мақсаты: Объектілердің құрамы және объектілермен орындауға болатын әрекеттерді айқындап табуға үйрену.
  • Объектінің белгілері 2 үлгіде болады. Топтау нәтижесінде алынған жаңа қасиеттері бар жаңа объектіні құрама деп атайды.Сөйлем- информациялық объект.Информациялық объектілерді де топтауға болады.Объектілерді тек олардың қасиеттері ғана бойынша емес, олардың әрекеттері бойынша да топтауға болады.
  • Объектінің белгілері неше үлгіде болады?
  • Құрама объектілер дегеніміз не?
  • Сөйлем қандай объект?
  • Информациялық объектілерді топтауға бола ма?
  • 1. Берілген әріптер тобынан сөз құра: Б,Ф,О,Л,У,Т.
  • 2. Әрекет белгісі бойынша бір топқа біріктіруге болатын жеке объектілерді ата: қалам, қарындаш, фломастер, қылқалам.

  • §29. Әр түрлі жеке объектілердің айырмашылық белгілерінің мәні.
  • Мақсаты: Жеке объектілердің айырмашылық белгілерін айқындауға үйрету.
  • Жеке объектілердің бәрінің айырмашылық белгілері бар. Адамдар жеке объектілерді бір- бірімен айыру үшін, объектілердің айырмашылық қасиеттерін ерекшелейді.
  • 1. Объектілердің қандай белгілері айырмашылық деп аталады?
  • 2. Бір топқа жататын объектілерге мысалдар келтір де, олардың айырмашылық белгілерін ата.
  • 3. Объектілердің айырмашылық белгілерін не үшін ерекшелейді?

  • 5- тарау. Логика элементтері.
  • §30. Айтылымдар.
  • §31. Айтылымдарды теріске шығару.
  • §32. Жиын. Жиындардың қиылысуы.
  • §33. Графтар.
  • §34. Графтардың көмегімен есептер шығару.

§30. Айтылымдар.

  • §30. Айтылымдар.
  • Мақсаты:Логикалық айтылымдар туралы түсінік беру.
  • Логикалық айтылым- бұл ол жөнінде ақиқат немесе жалған деп бір мағыналы айтуға болатын кез келген хабарлы сөйлем.Кез келген сөйлем логикалық айтылым бола бермейді.Егер айтылымда БАРЛЫҒЫ,КЕЙБІРІ,ЕШБІР,КЕЙДЕ,ӘРҚАШАН,ТАҒЫ,ӘЛДЕҚАШАН деген сөздер болса, онда ол квантор- сөздері бар айтылым деп аталады.
  • Логикалық айтылым дегеніміз не?
  • Квантор- сөздері бар айтылым дегеніміз ше?
  • Кез- келген сөйлем логикалық айтылым бола ма?
  • 1. Фигуралар туралы қандай айтылымдар жалған немесе ақиқат екенін айт:

  • §31. Айтылымдарды теріске шығару.
  • Мақсаты:Айтылымдарды терістеу түсінігімен таныстыру.Айтылымдарды терістеуге үйрету.
  • Кез келген айтылымды теріске шығаруға, яғни оны мүлдем керісінше айтуға болады. Айтылымды теріске шығару немесе терістеу дегеніміз, бұл айтылымның толық қарама- қарсылығы.Айтылымды терістеуді құру үшін КЕЙДЕ,ЕМЕС,ЕШҚАШАН,ӘРҚАШАН,КЕЙБІР,БАРЛЫҒЫ деген квантор- сөздері қолданылады.
  • 1. Айтылымды терістеу деген не?
  • 2. Айтылымды терістеу үшін қандай квантор- сөздері қолданылады?
  • 3. Айтылымды дұрыс терістеу үшін қандай шартты орындау керек?
  • Сөйлемдерді “емес” немесе қарама- қарсы мәнді сөздерді пайдаланып толықтырыңдар:
  • Өсіп тұрған гүл емес, тікен.
  • Көп ойлан,аз сөйле.
  • Досы көп адам кедей емес.

  • §32. Жиын. Жиындардың қиылысуы.
  • Мақсаты: “Жиын”, “Жиын элементі”, “Жиындар қиылысуы” деген түсініктермен таныстыру.
  • Егер жиында бірде-бір зат болмаса, оны бос жиын деп атайды.Жиынды құрайтын заттар жиын элементтері деп аталады. Кейбір жиындар қиылысуы, яғни бұл жиындардағы элементтер бірден бірнеше жиындарға жатуы мүмкін.
  • 1. Жиын дегеніміз не?
  • 2. Жиындарда қанша элементтер болуы мүмкін?
  • 3. Бірде- бір элементі жоқ жиын қалай аталады?
  • 4. Бос жиынға мысал келтір:

  • Үшбұрышқа 5 әріп, ал шеңберге 4 цифр жаз. Әріптер мен цифрлар бірге 7 болуы керек.

  • §33. Графтар.
  • Мақсаты:Графтар туралы алғашқы түсінік беру.
  • Математикада логикалық есептерді шығару үшін графтарды қолдану қолайлы. Графтар- бұл нүктелерден және оларды қосатын сызықтардан тұратын суреттер.Нүктелер- графтың төбелері, ал сызықтар- қабырғалары деп аталады. Қабырғаның бағдаршамен көрсетілген бағыты болады.
  • 1. Графтар дегеніміз не?
  • 2. Графтар математикада не үшін қолданылады?
  • 3. Бос графтар дегеніміз не?
  • Әлия ертеңгі асын мектептің асханасында ішуді ұйғарды.Әлияның қанша жолмен ас іше алатынын айт.
  • Дорбада 2 қызыл және 2 жасыл шарлар бар. Қанша түрлі нәтиже алуға болады?

  • §34. Графтардың көмегімен есептер шығару.
  • Мақсаты: Графтар әдісімен логикалық есептер шығаруға үйрету.
  • ☻
  • 1. Бүгін Әсем,Арман,Меруерт,Сауле бір-бірімен сәлемдесті. Барлығы неше сәлем болды? Есепті графтың көмегімен шеш:

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет