Сабақ жоспары №51 9сынып Өтетін күні: Тақырыбы: Бейметалдар және металдар туралы білімді қорытындылау



Дата05.06.2017
өлшемі99,25 Kb.
#17849
түріСабақ
Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп гимназиясы ММ

Күнделікті сабақ жоспары №51

9сынып Өтетін күні:



Тақырыбы:

Бейметалдар және металдар туралы білімді қорытындылау



Оқып үйренудің негізгі мақсаты:

Тарау бойынша және алдыңғы алған білімдерін пайдаланып, дербес ойланып есептер шығару,қорытынды жасау.



Оқып үйренудің нәтижелері:

Химиялық есептер шығара алады,сыни тұрғыда ойлауға дағдыланады,сұрақтарға жауап жазады, бейметалдар және металдар туралы қорытынды пікірге келеді.



Оқытуда қолданы-латын әдіс-тәсілдер:

«Ең...ең...ең...» Бәйге.Есептер шығару Қызықты тәжірибе Сергіту сәті -ойлан, тап. Семантикалық карта. Менің пікірім дұрыс! бағалау.






Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Дерек көздері

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру

Сәлемдеседі.

1мин
Оқулық.



Топқа бөлу:

Рет сандарын санату әдісімен топтарға бөлу.

Оқушылар рет сандарын санау бойынша төрт топқа топтасады.

1мин
Бағалау критерийлерінің параметрі:



  1. «Ең...ең...ең...»

  2. Бәйге.

  3. Қызықты тәжірибе

  4. Сергіту сәті, ойлан, тап.

  5. Семантикалық карта

  6. Менің пікірім дұрыс!

Оқушылар берілген параметрлерге назар аударады.

Топтық ережені орындайды.

Бағалау парақшасы



1. Таныстыру кезеңі

Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстырады.



Металдар

Мадақта да жырла, металл, тірлікті,

Адам саған жан сап қойды, тіл бітті.

Жер –Ананың құрсағынан шықсақ та,

Өңдеп бізді, кескен адам кіндікті!

Сілтілер

Сілтіміз- жаратылған металдардан

Көрінеміз белсенді қатарлардан

Күйдіргіш натр,калий атымыз бар

Сабын менен шыныны бізден алған.

Сәлем сізге, қарсыласым- Бейметалдар

Қасиетің бар металдарды тотықтырар,

Шама келсе бұл сайыста тотықпаймыз!

Біліммен жол табамыз шыңға шығар!

Бейметалдар

Бейметалмыз -тіршіліктің тірегі

Барлық ағза бізбен өмір сүреді!

Дүниенің төрттен үші су болса ,

Ол да біздің тобымызға кіреді.

Қышқылдар

Бейметалдың атасы –ол қышқылдар,

Қышқылдарға қарсы тұрар қайсысың бар?

Сілтілер әсер етсе жуасимыз

Бейтараптап өзгеріп,тұзға айналар.
Қарсы топ - Металдарым аманбысың,

Металдан пластик озған заманбысың!

Сайыста біліміңмен жарқырай түс,



Қаттысың, майысқақсың,табандысың!

3мин


Химия мектепте журналы.

Оқулық.Түрлі дерек

көздері.


2.  «Ең... ең... ең...»  жарыс кезеңі

Бұл кезеңде берілген 10 сұраққа екі топ та алдарында тұрған геометрялық фигураларға жазылған жауаптарды жоғары көтеріп жауап береді: (1 сұраққа бір баладан қойылады)








  1. «Металдар» тобына: Электртерістілігі ең күшті бейметалл (фтор)

  2. Металдар үшін ең қауіпті тотықтырғыш  (оттек)

  3. Ең жеңіл газ (сутек)

  4. Фотосинтез үрдісіне қатысатын газ (СО2)

«Сілтілер» тобына:

Ауа құрамындағы ең көп таралған газ (азот)



  1. Сұйық бейметалл (бром)

  2. Қараңғыда жарық шығаратын бейметалл (фосфор)

  3. Ең ауыр инертті газ (радон)



«Бейметалдар»  тобына:

  1. Жерде ең көп таралған металл (алюминий)

  2. Ең қатты металл  (хром)

  3. Ең жеңіл металл (литий)

  4. Сұйық металл  (сынап)

      «Қышқылдар»  тобына:

  1. Ең ауыр металл (осмий)

  2. Ең жұмсақ металл (натрий)

  3. Ең қиын балқитын металл (вольфрам)

  4. “Қара” металл (темір)

5мин


ХЭПЖ

Металдардың электрохимиялық кернеу қатары кестесі,



3. Бәйге кезеңі.

Жүйрік болсаң, жетіп көр,

Зерек болсаң – шешіп көр.

 «Бәйге» кезеңінде екі топ бір-бірімен есептерді шығарып сайысқа түседі.

Әр есепке 2 ден  5 аралығында балл беріледі.


  • Металдар мен сілтілер

8,9 г мырыш пен магний қоспасына тұз қышқылымен әсер еткенде 4,48 л газ түзілген.Қоспадағы әр металдың массасын табыңдар.

Fe→ Fe2O3 →Fe2(SO4)3 →Fe(OH)3→ Fe2O3



  • Бейметалдар мен қышқылдар

Көлемі 250 мл массалық үлесі 20 % , тығыздығы 1,2 мл NaOH ерітіндісіне мыс (II) сульфаты ерітіндісінің жеткілікті мөлшерімен әсер еткенде қанша мыс (II) гидроксиді тұнбаға түседі. 

Р→ РН3→P2O5 → Н3PO4 → Ag3PO4

7мин


ХЭПЖ

Металдардың электрохимиялық кернеу қатары кестесі



4. «Шығармашылық ізденіс» кезеңі

«Айтып  берсең - ұмытып қалармын,

Өзім жасасам – ұғып алармын» .  

Әр топ ізденген тәжірибе жұмыстарын жасап реакция теңдеулерін қорғайды (1-5 аралығында балл беріледі).


Металдар тобы: К+Н2О→КОН+Н2

Cілтілер тобы

Қан тұзы: ҒеСl3+3KCNS→Fe(CNS)3+3KCl
Бейметалдар тобы:

Тұз қышқылы мен ас содасы

НСl+ NaHCO3→NaCl+CO2+H2O

Қышқылдар тобы

Cu+HNO3(kon)→Cu(NO3)2+NO2+H2O

Әр топ ізденген тәжірибе жұмыстарын жасап реакция теңдеулерін қорғайды (1-5 аралығында балл беріледі).

10 мин

Эксперименттік жұмыстар



5. Сергіту сәті:  «Ойлан, тап!»

Жұмбақ айтып халайық, біраз сергіп алайық.

Ойнап,әрі ойланып, шешімдерін табайық.

Бұл кезеңде жұмбақтар шешіледі. Бір дұрыс жауапқа бір балдан қояды. Екі топқада ортақ алты жұмбақ оқылады.

Жарыста топтан озғанда,

Тағады менің төсіме,

Күміс пенен қоладан,

Биік тұрам  әр кезде  (алтын)



Су бетінде безектеп,

Металл натрий жүзеді.

Ең соңында жоқ болып,

Қандай қосылыс түзеді?  (натрий гидроксиді)

Фосфор жанса будақтап,

Ақ түтінін тузеді,

Ол түтінді су сорып,

Қандай қосылыс түзеді?  (фосфор оксиді,фосфор қышқылы)

Түссіз ауыр сұйықтық,

Су құйылса қызып тұр.

Ылғал тартып ауадан,

Күштілігі артып тұр.

Ал, қанекей,айтыңдар,

Қай қышқылды айтып тұр?  (күкірт қышқылы)

Түрім қара бақсаңыз,

Қызарамын жақсаңыз.  (көмір)

Оқушылар жұмбақтың шешімін табады

5мин

ХЭПЖ



ЗАТТТАР

СУТЕК

ОТТЕК

ҚЫШҚЫЛ

СІЛТІ

АЗОТ













НАТРИЙ













МЫРЫШ













КӨМІРТЕК












6.кезең Жұптық жұмыс Семантикалық карта толтыру

4мин
7-кезең Қорытынды Менің пікірім дұрыс!

Металдар –тотықсыздандырғыштар (емес)........себебі,

Бейметалдарға иондық байланыс тән (емес)........ , себебі...........

Алюминий, мырыш, берилий - екідайлы элементтер (емес)........—себебі........

Мыс, күміс, сынап сұйылтылған қышқылдар құрамынан сутекті ығыстыра алады (алмайды), себебі........


6мин

ХЭПЖ


Металдардың электрохимиялық кернеу қатары кестесі

Кері байланыс:

Нысана


Оқушылар не үйренгенін және нені үйренгісі келетіні жайлы стикерге жазады.
2 мин
Стикерлер.

Бағалау:

Бағалау дескрипторы бойынша бағалау.

Бағалау критерийлері параметрлері бойынша бір-бірін бағалап, бағалау парақшасына бағалау шкаласы бойынша ұпай көрсетеді.Әр топ бір-бірін түрлі-түсті бағдар шамдардың көмегімен формативті бағалайды.
1 мин

Бағалау парақшасы.

Бағалау шкаласы:

4-11 ұпай «3»

12-19 ұпай «4»

20-25 ұпай «5»



Келесі сабақта қарастыратын тақырып: Бақылау жұмысы №3

Химияны оқиық біз көңілмен,


Кездесер ол күнделікті өмірден.дей отырып,  сайыс сабағы аяқталады.

 

 
Каталог: uploads -> doc -> 113b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
113b -> Сабақтың тақырыбы: "Өсімдік сабағының құрылысы"


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет