Сабақ жоспары №7 «Тексерілді»



Дата26.08.2017
өлшемі36,45 Kb.
#28514
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ №7 «Тексерілді»

Оқу ісі-жөніндегі орынбасары

«___________» ________2016 ж Қоштаева М.С.____________
Пән аты: Информатика

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді сәйкестендіріп тану технологиясы
Сабақтын мақсаты:

  • Жаңа такырыпты түсіндіру, мәтінді сәйкестендіріп тану технологиясы.

  • Логикалык ойлау кабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту.

  • Пәнге деген кызығушылыктарын арттыру. Әдемілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: желіге косылған компьютер, мәтіналғы (сканер), принтер, Finе Reader бағдарламасы.

Сабақтьң әдістері: түсіндіру, сөйлеу, сұрақ-жауап, көрнекілік колдану, тәжірибелік әдіс. Сабақтын типі: тәжірибелік элементі бар жаңа такырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Оқушылар білуі тиіс: Finе Reader бағдарламасында жұмыс істеуді, мәтіналғымен жұмыс істеуді, принтермен жұмыс істеуді.

Оқушылар меңгеруі тиіс: ОСR (Оptical Сһаrасtеr Recognition) жүйесімен жұмыс істеуді, мәтінді суреттен бөлуді.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

  2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезені


Теория

Сканерленген кұжатты сурет күйінде сактап коюға немесе мәтінді өңдеп, мәтіндік редакторға сактап коюға болатын арнайы программалар жүйесі – ОСR (Оptical Сһаrасtеr Recognition) жүйесі кажет. Бұл үдеріс кескінді компьютерге сканерлеу арқылы немесе басқа да жолдар арқылы енгізгеннен кейін орындалады.

Жалпы сканерлеу жұмысы сурет көбейткіш күрылғылардың кызмет етуіне негізделеді:


  • Сканерленген кескін электронды түрде сакталады;

  • Мәтіналғы мәтінді суреттен бөлек ажырата алмайды, оларды ақ және кара түсті графикалык кескін ретінде ұсынады.

  • Егер сканерленген кескін мәтін мен суреттен тұратын болса, онда ОСR көмегімен:

  • Мәтінді суреттен бөлуге;

Мәтінді мәтіндік процессордың форматында жазуға болады.

ОСR жүйесінің тарихына көз салатын болсақ, автоматты сәйкестендіру XX ғасырдың 30-жылдарынан басталады, бірақ алғашқы ОСR құрылғыны 1952 жылы америкалык Intelligent Machines Research Corporation компаниясы жасады және ол кездегі ОСR құрылғысының компьютерге еш қатысы жок еді. 1970 жылы Kurzweil Computer Products компаниясы ОСR-дің сапалы дамуына алғашқы кадам жасап, әріпті танып сәйкестендіре алатындай етіп шығарды. 1986 жылы Calera Recognition Systems компаниясы белгісіз әріптермен жұмыс істей алатын жүйені жасады. Бұл жасанды интеллектпен камтылған бірінші ОСR жүйе болды. Жасаушылар бағдарламаға әр әріптің он мыңдаған үлгісін енгізді.

Сәйкестендіру жүйесімен жұмыстың маңызды аспектілеріне мыналар жатады:


  • Сәйкестендіріп танудың дәлдігі - 95%.

  • Құжатты мәтіндік процессорға сақтаудың дәлдігі (MS Word, MS Excel, Word Pro, Word Perfect ) - 89%.

  • Электронды жариялаудың дәлдігі (PDF, HTML) - 87%.

  • Кестелермен және бірнеше бағанды мәтінмен жұмыс - 87%.

  • Қолданудың карапайымдылығы - 85%.

  • Жұмыстың сенімділігі - 82%.

  • Түпнұсқамен тексерудегі катені тез табу колайлылығы - 80%.

  • Түстермен жұмыс - 63%.

  • Баска косымшаға экспорттау - 61 %.

  • Жылдамдығы - 55%.

  • Көптілді сәйкестендіріп тануы - 25%.

ОСR пакеті 2 типке бөлінеді: оқытылатын және зияткерлік (интеллектуалдық). Окытылатын пакетпен жұмыс өте көп уакыт алады, ол ОСR жүйесінің алғашқы сатысындағыдай. Ал зияткерлік пакетте, суретті мәтіналғыдан өткіземіз, сосын ОСR жүйесінің бағдарламасы арқылы автоматты сәйкестендіреміз. Осы пакет арқылы минутына 1200 символды сканерлеп, сәйкестендіріп үлгеруге болады. ОСR пакетімен жұмыс нәтижесі оның типіне тәуелсіз және реттілігінде өңделген құжат мәтіндік процессорға арналған болса да, АSСII немесе ANSI форматындағы кұжатты ұсынады.

Тағы бір кең зерттелетін мәселе, ол колжазба мәтінді сәйкестендіріп тану. Қазіргі кезде жеткен дәлдік колжазба мәтін үшін төмен. Оған карағанда грамматикалык және контекстік акпараты бар мәтінді танып-білудегі дәлдік жоғарырақ. Мысалы, сәйкестендіріп танып-білу үдерісінде мәтіннен жеке символды талдағаннан гөрі сөздіктен жеке бүтін сөзді табу оңайырақ.



IV. Бекіту кезеңі

Тапсырма:

Кез келген информатикаға қатысты құжатты сканерлеңдер. Құжатты компьютерде өз бумаларыңа сақтаңдар. Мәтінді бағдарламаның көмегімен сәйкестендіріп танытыңдар.

V. Қорытынды кезең


  • Бүгін сабақта не білдік?

  • Не үйрендік?

VI. Бағалау кезеңі

Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.



VII. Үйге тапсырма

  1. Тақырыпты оқу.

  2. Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет