Сабақ жоспары №9 Күні: 29. 10. 2014 жыл Пән: Бейнелеу өнері Сынып: 2



Дата30.01.2017
өлшемі64,91 Kb.
#8374
түріСабақ
Тақырыбы: ««Астана – Еуразия жүрегі» атты тақырыптарға сурет салу».
Подготовила: учитель технологии Смаханова М.М.

Сабақ жоспары №9

Күні: 29.10.2014 жыл

Пән: Бейнелеу өнері

Сынып: 2 «А» сынып

Тақырыбы: ««Астана – Еуразия жүрегі» атты тақырыптарға сурет салу»».

Мақсаты: Оқушылардың сурет сала алу қабілеттерін дамыту.

Міндеттері: Оқушыларға Астана қаласының әсем де көркем жерлері жайында білімдерін тереңдете түсу;

Ой – қиялдарын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, бейнефильм

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу;

  • Сабақа қатынастарын анықтау;

  • Назарларын сабаққа аудару;

  • Өткен сабақты еске түсіру:

  • Балалар, өткен сабақта қандай тақырыпқа жұмыс орындадық?

  • Жақсы, яғни дос жайында айтқан болатынбыз.

  • Достықтың қандай түрі болады? (Амал достық, адал достық).

  • Жақсы, енді балалар, бүгінгі тақырыпты дәптерімізге жазып қояйық.

ІІ. Жаңа сабақ

  • Балалар, біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

  • Біз тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзіміздің шекарамыз, Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Елбасымыз, мемлекетіміздің астанасы да бар.

  • Біздің астанамыз қалай аталады?

  • Жақсы, балалар, қараңдаршы біздің елімізде барлығы бар, тіпті басқа мемлекетпен біз достық қарым – қатынастамыз. Әрдайым көмек қолын бір – бірімзге созамыз.

Адамзат  тарихында   қалалар  адам , халық  және  өркениет  тарихының  ең шиеленісті  немесе  шаттықты  және  опықты  оқиғалары  өткен  жерлерде  пайда  болды. Алайда өткеннің, бүгіннің  және  болашақтың  «түйін»  жерлерінде  айрықша  оқшауланып  ел  астаналары  тұрды. Оларға  әр  халықтың  кеңістік  пен  уақыт  арқылы  өзінің  даму  жолында  жасаған  ең  басты  жетістіктерін  әйгілеп  керсету  абыройы  бұйырды.

Эйфель  мұнарасы ,Вестминстер, Кремль ...  Бұл  астаналық  нышандар- әлем  картасының  ең  үздік  жолбасшылары. Алайда  бұл  нышандар  белгілі бір  адамдардың  дарыны  мен  еңбегімен  жасалған .

Астананы  құру – ұлттық  тарихтың  жаңа  мәтінін  жазу. Мұндай  мәртебе  әр  ұрпақтың  маңдайына  бұйыра  бермеген. Екі мыңжылдық  тоғысында  біз  шешім  қабылдап ,Еуразия  жүрегінде  жаңа  астана  құрдық,- деп  жазады  Н.Ә. Назарбаев  өзінің  «Еуразия  жүрегінде» атты  кітабында.

1998 жылғы 6 мамырдағы  ҚР Президентінің  Жарлығымен  Ақмола  қаласының  атауы  Астана  болып  өзгертілді.

Астана  символы  Бәйтеректің  биіктігі   97м. Бұл  Елорданы  Астанаға  көшірген 1997 жылды  еске  салады . Астана  Еуразияның  нағыз  кіндігінде  орналасқан. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.

Президент  Ақордасының  төбесінде  ұлттық  жалауымыз  желбіреген  киіз  үй  сипатты  зор  күмбез  баршаны  әрдайым  бейбітшілік, сүйіспеншілік  пен  дәстүрлі  ауызбіршілікпен  айнымауға  шақырып, қызбалықтың  , түсінбестіктің  дауылдарынан  сақтандырып  тұр.

Өзен  үстіндегі  қос  өткелді  кең көпір  оң  жағалау  мен  сол  жағалаудың  арасын  жалғап, біртұтас  кеңістік  әдемілігін  құрып  тұр.



Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы. Ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай.

"Қазақ елі" монументі дәл осылай аталатын жаңа алаңның ортасында бой көтерді, ол Астананың символдық мәнге ие нысандары — Бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Өнер университетімен бірегей ансамбль құрып тұр. “Қазақ Елі” монументінің жалпы аумағы 16 гектар. Ал негізгі ескерткіштің биіктігі тәуелсіздік алған жылдың символы ретінде 91 метрді құрайды. Тәуелсіздік сарайы.Үш этаждан тұратын Сарайдың өзіндік архитектуралық ойынан шығады. Бірінші этажда бір мезгілде 3100 адамды орналастыратын жиналыс залы бар. Тәуелсіздік сарайының ерекше мақтанышы болып үшінші қабатта орналасқан Астананың тарихына арналған мұражай «Астана кеше, бүгін, ертең…» табылады. Мұражай Қазақстанның жаңа астанасының бүкіл қалыптасу тарихын көрсетеді.

Президент саябағы Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорданың жанында орналасқан. Паркте "Самұрық құс", "Төменгі алаң", "Үлкен каскад", "Грот", "Көл — қайнар көз" атты бес су бұрқақтары кешені, сегіз жасанды тоған мен каналдар бар. Саябақтың орталық бөлігі көп адамның қатысуымен өтетін салтанатты шараларды өткізуге арналып салынған, 1 мың автокөлікке арналған тұрағы бар.



"Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры — 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.

Міне, осы «Думан» ойын-сауық орталығында балалар, тіпті үлкен ересектер де көңіл көтереді. Көрген адам көз тоярлықтай нәрсенің барлығы осы жерде. Олар қызықты ойын ойнап, әр түрлі балықтар, жан-жануарларды қызықтап қарап, өлең айтып, түрлі билер де осы жерде биленеді.

«Триумф Астана» ғимараты
Сәулетті ғимарат жинақы монументалды 480 бөлмеден тұратын тұрғын үй кешенінен құралған. Ғимараттың жалпы ауданы – 112 мың шаршы метр, ал биіктігі – 142, 5 метр. Инфрақұрылым жабық мұз айдыны, үй кинотеатры, мейрамханалар, тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық жәрдем көрсету және балалар ойын - сауық орталығы, әмбебап дүкендермен қамтамасыздандырған. «Триумф Астананың» мақтанышы кешеннің толық бір бөлігін алып жатқан 25 метрлік қауыз болып табылады.

«Нұр Астана мешіті»

Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі – 43 метр, дан өзге 25 кіші күмбездері бар, биіктігі – 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.


«Халықаралық – Астана» әуежайы

Кішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін 1931 жылы негізі қаланған шағын әуежай бүгінде Еуразия құрылығындағы заман талабына сай келетін ең ірі әуежайлардың бірі болып отыр. әуежайда тәулік бойы алыс және жақын шетел аймақтарына ұшатын 40 шақты ұшаққа және 14 авиакомпанияның тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет көрсетеді.

«Хан Шатыр» 20 метр цемент іргетасқа орнатылған қаладағы ең биік және әлемдегі киіз үй пішіндес ең үлкен ғимарат болып отыр. (Астана қаласы жайында бейнефильм көрсету).

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздiжазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.


ІІІ. Сарамандық жұмыс

  • «Бәйтеректің» суретін орындау;

  • Суретті альбомға дұрыс орналастыру;

  • Сурет салу реттілігін түсіндіру;

  • Оқушыларды бағдарлау;

  • Қадағалау;

  • Көмек көрсету;

  • Түстерді дұрыс таңдау. (Сурет салу кезінде әуен тыңдау)

IV. Қорытынды

«Астана» сөзіне балама айту (Ажарлы, Сымбатты, Таңғажайып, Ару қала, Нағыз Астана)

  • Оқушылардың жұмыстарын талдау;

  • Бағалау;

  • Үйге тапсырма: бояуды аяқтау;

  • Жұмыс орнын жинау.

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет