Сабақ жоспары Ашық психологиялық сабақ тақырыбы: «Өз жолыңды дұрыс таңда!» Аудандық семинар атауы: Психологическая подготовка к ент, пгк. Помощь психолога в выборе профессии



Дата25.12.2016
өлшемі27,79 Kb.
#5186
түріСабақ
Ашық сабақ жоспары

Ашық психологиялық сабақ тақырыбы:

«Өз жолыңды дұрыс таңда!»
Аудандық семинар атауы: Психологическая подготовка к ЕНТ, ПГК. Помощь психолога в выборе профессии

Өту орны: Ақсай қаласының жалпы білім беретін №5 мектебі КММ

Өту күні: 25.02.2016

Сынып: 11 а

Оқушы саны: 9

Сабақ өтуге жауапты: Ақсай қаласының жалпы білім беретін №2 мектебі педагог-психолог Усербаева М.Т

Ашық психологиялық сабақ тақырыбы: « Өз жолыңды дұрыс таңда!»

Ашық сабақ мақсаты: Мектеп бітіруші түлектердің, 11-сынып оқушыларының мамандықты дұрыс таңдауына кеңес беру. Өмірдің жағымды жақтарын насихаттау мен мамандық түрлерін ажырата білуге, өмірдің қиын жағдайларынан шыға білуге тәрбиелеу.

Жұмыс барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу. Түгендеу. Психологиялық дайындық.

1-слайд. Кіріспе. Танысу мен амандасу тренингі. «Менің есімім және мамандық» Тренинг барысында оқушы есімін және балалық шақтан армандаған асыл арманын, мамандығын тіркестіре атауы тиіс.

Негізгі бөлім. 2-слайд. Тренингтен соң педагог-психолог сабақтың тақырыбын жариялайды.

Мамандық таңдау- адам өміріндегі аса жауапкершілікті қажет ететін кезең. Мектептің табалдырығын аттағандағы бүлдіршін 15-18 жас аралығында өмірлік жолын айқындауға тырысады. Өз өмірінде ойып орын алатын мамандық әлеміне сапар шегіп, қиялымен ақылына ерік бере отыра мамандық таңдайды. Кейде достарының таңдауына, кейбірі ата-ана ақылына сүйенеді. Тек ілуде бірі ғана жүрек үнін тыңдайды. Яғни мамандық таңдауда алдымен жүрекпен қалап, одан соң денсаулықпен қабілетіне, одан соң қоғамға тиімділігін де саралаған жөн.

3-слайд. Олай болса, назарларыңызға «Болашақ мамандықтар» туралы бейнежазбаны тамашалауды ұсынамын. (4 минуттық бейнежазбада Анна атты қыз қазіргі заманға сай мамандықтардың іріктелуін, технологиялардың даму үрдісін әңгімелеп берді.) Бейнежазбаны талқылайды.(сұрақ-жауап әдісімен)

4- слайд. - Мен сіздерге шын жүрегімнен мына жүрекшеге «Мамандықтар тізбегін» ала келдім. Яғни мұнда әртүрлі мамандыққа сәйкес тапсырмалар берілген. (9 оқушыға тапсырма үлестіремін.) Жауап беруге 1-минут уақыт берілді. Рөлдік ойын – мамандықты ыммен сомдау, көрермен оқушылар табуы тиіс; немесе жұмбақпен шешу, «А», «Т», «М» әріптеріне орай мамандықтарды атау тапсырмалары қамтылды.

5- слайд. «Мамандықтар синонимі» тренинг-жаттығуында мамандық пен кәсіби атауының сәйкестігі болса- шапалақтауға, ал егер үйлеспесе – аяқтарын топырлату ұсынылады. Шапшаңдықпен 10 тіркесті оқып шыққанда, оқушылардың зейіні мен қабылдауы зерделенеді.

6 - слайд. Аңыз-әңгіме «5 –тиындық жұмысшы» (Навигатиум. «Профориентационные занятия для психологов» каналынан) тамашалау мен талқылау. Оқушылар ойы тыңдалады.

7- слайд. «Менің таңдаған мамандығым» тренинг – жаттығуында педагог-психолог оқушылардың «мамандықтардан» жүректері нені қалайтынын, не қолдарынан келетінін, жасай алатынын, содан соң «қоғамға қажеттілігін» жазуды ұсынды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, «гүлдестелерге» өз ойларын жазып, ортаға шығып өз ойын талдап, гүлшоғырын жасайды.

8-слайд. Педагог-психолог сабақты қорытындылайды.Тілегін айта келе, Ұлы Абайдың «Таңдамасаң жастай жолдың дұрысын, жас та болып көрген күнің құрысын» деген өлең жолдарымен түйіндейді. «Сәттілік символы» ретінде оқушыларға смайликті сыйлау.Содан соң сол қолдарына смайликті ұстап, қос қолыңызды көтеріп, оң қолыңызбен «Жарайсың!» деп бастарын сипау.

Сабақ аяқталғандығын жариялау. Қоштасу. Сау болыңыздар!



Мектеп психологы: Усербаева М.Т.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет