Сабақ жоспары Ашық сабақ тақырыбы: Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлаға сипаттама



бет1/5
Дата06.07.2018
өлшемі1,78 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ашық сабақ тақырыбы:

Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлаға сипаттама

Сыныбы: 6 «Б»

Шахтинск-2015



Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы

мектеп-лицей

биология пәнінің мұғалімі:

К.А.Нурпеисова

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Нурпеисова К.А

6 «А», «Б», «Г» сыныптары







22.11.2015

24 кабинет

Сабақтың тақырыбы

Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлаға сипаттама

Сілтеме

Биология 6 сынып оқулығы. Алматы. «Атамұра»2011. К.Жүнісқызы, Р.Әлімқұлова

Жалпы мақсаты

Оқушыларға төменгі сатыдағы өсімдіктердің ерекшеліктері, өкілдері адам өміріндегі және қоршаған ортадағы маңыздары туралы өзбеттерінше білім алуларына жағдай жасау.

Міндеттер:


- Балдырлар өсімдік тіршілігіндегі, табиғаттағы маңызы балдыр түрлерін зерттеп талдау арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа еңбек сүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

- Өсімдік шаруашылығы үшін балдырлардың түрлерін дамыту туралы білімнің маңызын ашу , зертханалық жұмысты сауатты орындау дағдыларын қалыптастыру.




Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

4. Балдырлар жайлы түсініктердің пайда болуы.



Сабақта туындаған негізгі идеялар

1. Балдырлардың құрылысын, жүйесін мүшелерін анықтау.

2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.



Тақырыбы: Балдырлар. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлаға сипаттама.

Балдырлардың түрлерімен, құрылысымен танысу




Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу /1-2 мин/

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?


Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды 4-топқа бөлу:

1-топ термин сөздер: таллом, хроматофор, шоғырлы, гамета, жасыл, қызыл, қоңыр

2-топ біржасушалы жасыл балдырлар: хламидомонада, хлорелла, хлорококк, волвокс, талшықты, талшықсыз, шоғырлы

3-топ көпжасушалы жасыл балдырлар:спирогира, улотрикс, таспа пішінді, 13 мың түрі бар, білезік тәрізді, жасыл түс.

4-топ жүйелеу: дүние, бөлім, класс, қатар, тұқымдас, туыс, түр осы қағаздар арқылы оқушылар топқа бөлінеді. /2 мин/



Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?


І. Қызығушылығын ояту Слайд1,2

Мұғалім: ІІ. Өткен сабақтарды қайталау «Бинго ойыны»

Әрбір топтан бір оқушы шығып бір ұяшықты тандап ұпай сандарын жинап сұрақтарға жауап береді.

(5 минут)

Қызығушылығын ояту мақсатында жылдам сұрақтар:

1. Ағзаның белгілі бір қызмет атқаратың бөлігі

2. Өсімдіктің жер асты мүшесі

3. Тамырдың түктері орналасқан бөлімі

4. Сабақ түрлері

5. Сабақтың ішкі құрылысында қабықтан кейінгі қабат

6. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс

7. Телу түрлері

8. Құрғақ жемістер

9. Тозаңдану түрлері

10. Гүлшоғыр дегеңіміз не?

ІІІ. Интерактивті тақтада оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:

Биологиялық диктант.


  1. Қазір жер бетінде , Қазақстанда өсімдік түрі бар.

  2. Жүйелеудің ең кіші өлшем бірлігі – .

  3. Өсімдіктердің ұқсас түрлері , ұқсас туыстар – _______ , ұқсас тұқымдастар – , ұқсас қатарлар – _________,

кластар - біріктіріледі.


Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу



-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

- оқушыларды белсенділігін арттыру

ІІ. Мағынаны тану

Мағынаны тану мақсатында. Оқулықты оқыту 5-6 минут ББҮ кестесін толтыру.

1-топ Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып, венн диаграмасын сызу.

2-топ Жаңа сөздермен жұмыс
1. Таллом төменгі сатыдағы өсімдіктердің (балдырлар,саңырауқұлақтар,
қыналар) денесі.
2. Хроматофор (гр. «хромос» бояу,бояулы) жасушасында балдырға түс беріп тұратын хлоропластар.
3. Гамета (гр. «гамете») аталық және аналық жыныс жасушалары.
4. Зооспора жыныссыз көбейту үшін пайдаланылатын балдыр және кейбір саңырауқұлақтардың жасушалары
5. Фитопланктон — судағы гетероторфты жануарлар мен бактериялар қоректенетін негізгі продуцентті органикалық зат. 
6. Фитобентос (гр. phyton - өсімдік, bentos — тередік) — өзендер мен су қоймалардың түбінде өсетін түтік өсімдіктер, өсімдіктекті организмдер жиынтығы.
3-топ Суретпен жұмыс хломидомонада, хлорелла, хлорококк, спирогира.

4-топ Тікелей сұрақтар беріліп, жауап алынады.

1.Балдырлар қайда тіршілік етеді?

2.Таллом деп нені айтады?

3.Хроматофор дегеніміз не?

4.Балдырлар қалай көбейеді?

5.Хлорелла балдырын ғалымдар не себептен жан-жақты зерттеуде?

6.Суда тіршілік ететін жасыл балдырлардың қандай маңызы бар?
ІІІ. Деңгейлік тапсырмалар

А 1.Балдырлар қайда тіршілік етеді?

2.Таллом деп нені айтады?

3.Хроматофор дегеніміз не?

В. 1.Балдырлар қалай көбейеді?

2.Хлорелла балдырының хламидоманада балдырының айырмашылығы қандай?

3.Хлорелла балдырын ғалымдар неліктен жан-жақты зерттеуде?

С. 1.Хламидомонада балдырларының хлорококк балдырынан айырмашылығы қандай?

2.Хлорококк балдырлары қалай көбейеді?

3.Суда тіршілік ететін біржасушалы жасыл балдырлардың маңызы қандай?

Д. 1.Улотрикстің хроматофоры

2. Қызыл көзшенің маңызы ол кімге тән?
Кім жылдам? Сергіту сәті: Биологиялық эстафета (2 минут).

Есеп №1

1л. Суда 55 г. Хламидомонада болады. 7 л. суда қанша грамм балдыр болады?

Есеп №2

500 г. Хлорелла алу үшін неше литр су жұмсалады? 1 литр-55грамм.

Есеп №3

1 тонна қоңыр балдырлардан 4 кг. таза йод шығады. 100 т йод алу үшін неше тонна балдыр жұмсалады?

Топтар дайын болғанда өздерінің қорғаған тақырыптарымен ортаға шығып өз ойларын қорғайды.9 минут

VI.Жаңа сабақты бекіту: Сәйкестендіру кестесі

1.Таллом

Жыныс жасушалары

2.Хроматофор

Жыныс жасушаларының қосылуынан пайда болады

3.Гаметалар

Қозғалғыш,талшық

4. Зигота

Ұлпалары болмайтын,мүшелерге бөлінбейтін өсімдіктер бөлімі

5.Зооспоралар

Балдырларға тән органоид


Зертханалық  жұмыс.


Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру



ІІІ. Ой қорытынды

Бүгінгі сабаққа сараптама

  1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа заттарды үйрендіңдер?

  2. Қай жерінде қандай қиындықтарға тап болдыңдар?

  3. Сіз қиындықтарды қалай жеңе білдіңдер?

  4. Топпенен жұмыс жасағанда қандай заттарды толықтыруға болады немесе алып тастауға болады?

Бүгін біз не білдік

Сөйлемді аяқта ойыны

               



Бір жасушалы жасыл балдырлар Сөйлемді аяқта!

1-топ

1. Балдырлардың тіршілік етуі: Теңіз, көл, өзендерде және тоқтау суларда, топырақта.

2. Балдырлардың түрлері: Біржасушалы, шоғырлы, көпжасушалы.

3. Көпжасушалы өкілдерінің денесі қалай аталады? Таллом (қатпаршақ).

4. Таллом дегеніміз не? Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі.

5. Таллом қандай мағына білдіреді? Грекше «таллос»- өсінді, қатпаршақ.

6. Балдыр жасушасындағы хроматофор саны - 1, 2 кейде одан да көп.

7. Хроматофор дегеніміз не? Балдыр жасушасындағы хлоропласт.

8. Хроматофордың түстері қандай? Жасыл, қызыл, қоңыр.

9. Балдыр жасушасы қабықшасының сыртын не қаптайды? Сілемейлі қабық.

10. Сілемейлі қабықтың маңызы неде? Балдырдың суда жеңіл қозғалуына, төсемікке жеңіл бекінуіне көмектеседі.

2-топ

11. Балдырлар қалай көбейеді? Өсімді, жыныссыз, жынысты.

12. Балдырлардың өсімді көбеюі - кезінде біржасушалы балдырлардың жасушалары екіге бөлінеді.

13. Балдырлардың жыныссыз көбеюі: Талломындағы арнайы қалтадан біржасушалы талшығы бар зооспоралар түзіледі. Зооспоралар төсемікке бекініп өніп, балдырға айналады.

14. Балдырлардың жынысты көбеюі: Аталық жыныстық жасушасы мен аналық жыныс жасушасы өзара қосылуы арқылы жүзеге асады.

15. Гамета дегеніміз не? Жыныс жасушалары.

16. Теңіздің, мұхиттың түбінде тіршілік ететіндеріне қарағанда суда қалқып тіршілік ететіндер саны жүздеген есе артық.

17. Балдыр хроматофорында фотосинтез нәтижесінде түзілетін зат: Крахмал.

18. Хроматофорларының пішіні - тақта, білезік, жұлдыз, астауша, дән, таспа тәрізді.

19. Біржасушалы жасыл балдырлардың пайда болуы - 1, 5 млрд жыл бұрын пайда болған.

20. Біржасушалы жасыл балдырлардың өкілдері: Хламидомонада, хлорелла, хлорококк.

3-топ

21. Тоқтау суларда тіршілік ететін жасыл балдыр: Хламидомонада.

22. Хламидомонаданың жасуша қабықшасы неден тұрады? Жасунықтан (целлюлоза).

23. Хламидомонада хроматофорының пішіні: Терең астау тәрізді.

24. Хламидомонаданың хлорелладан айырмашылығы. Тез қозғалатын екі талшығы және қызыл көзшесі болады.

25. Хлорелла хроматофорының пішіні: Жазық астау тәрізді.

26. Хлорелла қалай көбейеді? Тек қана жыныссыз жолмен. (талшықсыз споралар түзу арқылы).

27. Неліктен хлорелланы соңғы кезде ірі қара мен құстың жеміне қосып береді? Тез көбейетін болғандықтан.

28. Өсіру жағынан өндірістік жолға қойылған балдыр: Хлорелла.

29. Жапонияда хлорелладан алынатын заттар: Нәруыз, витаминдер.

4-топ

30. Нанның түрлерін пісіруге пайдаланылатын балдыр: Хлорелла.

31. Балдырдың қай түрінен энергия алу көзделіп отыр? Хлорелла.

32. Топырақта, ағаш діңінде тіршілік ететін бір жасушалы балдыр: Хлорококк.

33. Хлорококтың көбеюі: Жыныссыз, жынысты жолмен.

34. Балдырларды зерттейтін ғылым саласы: Альгология.

35. Алгология ғылымы қай ғасырда пайда болды? 19 - ғасырдың ортасында.

36. Ғарышқа ұшырылған алғашқы өсімдік: Хлорелла.

37. Н. Н. Горожанкиннің еңбегі: 1875 жылы хламидомонада мысалымен жыныстық үдерісті ең алғаш дәлелдеді.

Бағалау түрлері

  • оқушының өзін-өзі бағалауы;

  • топтық өзін-өзі бағалауы;

  • мұғалімнің бағалауы;

  • жалпы бағалау;

  • критерийлер арқылы бағалау

VIII.Оқушылардың білімдерін бағалау.

Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні____________________________________



Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1










2










3










4













-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...




Үй тапсырмасы: Үйге тапсырма:пар. 12 оқу, сұрақтарға жуап беру. Эссе жазу «Балдырлардың маңызы»

/1,5 мин/

45 мин. Сабақтың соңы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?



оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы дәлелдей аламын. Мысалы: топтардың суреттерді талқылап, салыстыра алуы, жұмбақтар шешу, мәтіндегі анықтамаларды түсініп нәтижесін флипчартта салу, жазу арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұнда оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.


-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.



3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет қарымын аша түсуге күш салдым.


Оқушының аты-жөні____________________________________



Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

Үй жұмысы

Деңгейлік тапсырмар

Тест

1
















2
















3
















4
















5
















6
















7
















8
















Қызығушылығын ояту мақсатында жылдам сұрақтар:

1. Ағзаның белгілі бір қызмет атқаратың бөлігі

2. Өсімдіктің жер асты мүшесі

3. Тамырдың түктері орналасқан бөлімі

4. Сабақ түрлері

5. Сабақтың ішкі құрылысында қабықтан кейінгі қабат

6. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс

7. Телу түрлері

8. Құрғақ жемістер

9. Тозаңдану түрлері



10. Гүлшоғыр дегеңіміз не?

ІІІ. Интерактивті тақтада оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру:

Биологиялық диктант.

  1. Қазір жер бетінде , Қазақстанда өсімдік түрі бар.

  2. Жүйелеудің ең кіші өлшем бірлігі – .

  3. Өсімдіктердің ұқсас түрлері , ұқсас туыстар – ұқсас тұқымдастар – , ұқсас қатарлар

кластар - біріктіріледі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет