Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі 20



бет3/7
Дата07.05.2017
өлшемі3,22 Mb.
#16089
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

I. Сабақтың тақырыбы:Мәтінді тану технологиясы.

Сабақтың мақсаты:



  • Жаңа тақырыпты түсіндіру, сканерлеу эдістерін үйрету.

  • Логикалық ойлау қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту.

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Әдемілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: желіге қосылған компьютер, мәтіналғы (сканер), принтер, Fine Reader программасы, флипчарт, тапсырма карточкалары.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Оқушылар білуі тиіс: компьютердің қүрылысын.

Оқушылар меңгеруі тиіс: компьютердің қосымша қүрылғыларын баптауды жэне орнатуды.

Сабақтың барысы



  1. ¥йымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

  1. Жаңа такырыпқа кіріспе кезеңі

Адамзат баласы қоғамның даму барысында материя құпиясына кіру кезеңдерінен өтіп, әртүрлі қуат көзін басқаруды үйренді жэне ақпараттандыру дәуіріне кірді.

Ақпараттандыру - дамыған елдердің қоғамдық карым-қатынастары жүйесінде елеулі орын алады. Ол адамдардың барлык жүмыс салаларын қамтиды. Ақпарат - қазіргі қоғамда экономикалық өсудің ең маңызды факторы.

Ақпараттық үдеріс - (жиын, алмасу, сақтау, өңдеу жэне ақпарат беру) ақпараттандыру қү- ралдары техникалық базасында жүзеге асырьшады. XIX ғасырдың ортасына дейін ақпаратты жинау, сақтау үдерісі қағаз, қалам, сия көмегімен жүзеге асырылған. XIX ғасырдың аяғында ақпараттық техникалар: жазу машинкасы, телефон, телеграф, қүралдары ақпаратты өндеуге тың өзгерістер әкелді. Тек көптеген жылдардан кейін ғана ақпаратты сақтау жэне жіберу, өңцеу үдерісімен толықты. Бүл XX ғасырдың екінші жартысында ақпараттық технологиялардьщ ба­сы болған электронды есептеуіш машиналардың пайда болуымен іске асты.

Технологиялық прогресс үлттың эл-ауқатын қамтамасыз етудің факторы ғана емес, сонымен қатар оның бірқалыпты даму үдерісінің негізгі шарты. Катализатордың ерекше қасиетінің арқасында елдің технологиялық ортасымен қатар, басқа да багыттарына эсер ететін осы ақпараттық технология екеніне басты назар аудару керек.

Ақпараттық технология төмендегі техникалық жетістіктерге негізделеді:

  • Электронды тасыгыштарда (магнитті таспа, кинофильмдер, магнитті жэне лазерлі

дисктер жэне т.б.) жиналатын жаңа ақпараттық қорлар;

  • Қашықтықтан ақпарат жеткізу жүйесі (жергілікті желі, телефон желісі, радио байла-

нысы, жерсеріктік байланыс);

Компьютерде алгоритм бойынша автоматты ақпарат өңдеу жүйесі.

Әрине, ақпараттық технология ақпараттық қүрылғылар мен программалардың қамтамасыз етілуінен тұрады. Мамандар компьютерлік техника қүрылгыларын Hardware (қатты темір тауар), ал программалық қамтамасыз етуді Software (жүмсақ тауар) деп атайды. «Hardware & Software» термині, аударганда «қатты жэне жүмсақ», кэсіби тер­мин болып саналады. Программа атауын кейде кэсіби сленгте «софтвер», ал компьютер мен оның қүрылгыларын «темір» деп те атауга болады. Ақпараттық технологияда про- граммалар мен қүрылгылардың рөлі талқылауға жатпайды, ойткені, компьютер қандай мықты болса да, программасыз ештеңе жасай алмайды.

Компьютерлер мен оргтехника үйымдардагы жүмыс стилін түбегейлі озгертті. Қазір күнделікті өмірді өндірістік дамуды, жобалауды көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндік беретін ақпараттық технологиясыз елестету қиын. Нарықтағы үсынылатын компью­тер кешендері қүрылгыларының алуан түрлілігі дүрыс қолдану жэне интегралдауда біраз мэселе тудыруы мүмкін. Кеңсе жабдығы кешені заманауи техникалық жабдықпен қамтамасыз етіліп қана қоймай, өндірістік тапсырманы шеше алатындай, оңтайлы, қуатты сервиспен ныгайтылған болуы керек.

Қазіргі кезде ақпаратты тез дайындаудың бір тэсілі ол - сканерлеу.

Сканерлеу (сканирование; scanning) - мәтіналғының көмегімен ДК-дің жадына бей- нелерді енгізу үдерісі; материалды сканерлеп жэне оны дискіде файл түрінде, одан кейін мэтіндік проңессордың немесе электрондык беттеудің арнайы баспалық программасы арқылы қүжаттың кез келген жеріне қоюға, графикалық редактормен өңдеп, элемнің кез келген жеріне электронды пошта не телефаксқа факс-модем арқылы жіберуге болатын үдеріс.

Сканерлеу үшін компьютерге қосылған сканерлеу қүрылғысы мәтіналғы қажет. Мэтіналғы дегеніміз (агылшынша «scanner», scan «анықтап қарау, көру» мағынасын береді) - сызбалық ақпаратты қағаздан, фотографиядан оқып, дербес компьютерге сандық пішімде енгізуге арналган құрылғы.

Мәтіналғылар роликті (Sheet-feed), планшет тэрізді (Flatbed), барабанды (Drum) жэне проекциялық (Overhead/Camera) болып бөлінеді. Мэтіналғы кескінді компьютерге көптеген нүктелер жиынтығы ретінде, эр нүктеге өзіндік координата жэне түс нөмірін бере отырып енгізеді. Осы мәліметтер бойынша кескіннің көшірмесі мониторға шығарылады. Сканерлеу әдістері

Samsung сканерлеу диспетчері: Бастапқы нұсқаларды басқару тақтасынан

сканерлеңдер. Одан, сканерленген деректер қосылған компьютерлердің Менің құжаттарым бумасына сақталады. Берілген ықшам дискідегі барлық программалык кұралдарды орнатканда, Samsung сканерлеу диспетчері программасы да автоматты түрде компьютерге орнатылады. Бұл мүмкіндікті жергілікті байланыс немесе желі байланысы арқылы қолдануға болады (Samsung сканерлеу диспетчері программасын пайдалануды қараңдар).

  • TWAIN - суретті алдын ала орнату программаларының бірі. Суретті сканерлеу таңдалған программаны іске қосып, сканерлеу үдерісін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті жергілікті байланыс не желі байланысы арқылы қолдануға болады (TWAIN қосылған программалық қүралмен сканерлеуді қараңдар).

  • SmarThru: бұл программада құрылгыға арналған программалық құрал бар. Бұл про­грамманы суреттерді немесе кұжаттарды сканерлеу үшін пайдалануға болады. Бұл мүмкіндікті жергілікті байланыс немесе желі байланысы арқылы қолдануға болады (SmarThru-ды қараңдар).

  • WIA қысқартуы «Windows кескін алу қызметі» дегенді білдіреді. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін компьютер құрылғымен тікелей USB кабелі арқылы косылуы қажет (WIA драйверін пайдалану арқылы сканерлеуді қараңдар).

Сканерлеудің USB қосылған құрылғы үшін алгоритмі (USB қосылған құрылғыға арналған негізгі сканерлеу эдісі):

  • Құрылғының дербес компьютерге жалғанғанын жэне қосулы екенін тексеріңдер.

  • Түпнұсқаның бетін жоғары қаратып, кұжат бергішке немесе бір түпнұсқаның бетін томен қаратып, сканерлеу эйнегіне салыңдар.

  • Басқару тақтасындағы Сканерлеу түймесін басыңдар.

  • Сол/оң жақ көрсеткіні ДК-де сканерлеу параметрі пайда болғанша басып, ОК түймесін басыңдар.

  • Сол/оң жақ көрсеткіні локалді ДК параметрі пайда болғанша басып, ОК түймесін басыңдар.

Байланыстан тыс хабарын көрсеңдер, порт қосылымын тексеріңдер.

  • Көрсеткінің сол/оң жағын кажетті программа пайда болғанша басып, ОК түймесін басыңдар.

  • Әдепкі параметр Менің құжаттарым бумасы.

  • Сканерленген файл сақталған қалтаны қосу немесе жою үшін, Samsung сканерлеу диспетчері => Қасиет => Сканерлеуді баптау тармағының амалдық жүйе програм­масын қосыңдар немесе жойыңдар.

  • Керекті параметр пайда болғанша сол/оң жақ көрсеткіні басып тұрып, ОК түймесін басыңдар.

Рұксат: Сурет ажыратымдылығын орнатады.

  • Сканерлеу түсі.: Түс күйін орнатады.

  • Сканерлеу пішімі: Сурет сақталатын файлдың пішімін орнатады.

  • Сканерлеу өлшемі: Сурет өлшемін орнатады.

  • Сканерлеу пішімі параметрі мәтіналғыны тағайындауды Менің қүжаттарым бумасына таңдағанда ғана пайда болады.

  • Егер әдепкі параметрден сканерлеу қажет болса, Старт түймесін басыңдар.

  • Сканерлеу басталады.

  • Сканерленген сурет Менің қүжаттарым => Менің суреттерім => Samsung қалтасына сакталады.

  1. Бекіту кезеңі

Тапсырма:

Өз суреттеріңді сканерлеңдер. Қүжатты компьютердегі өз бумаларыңа сақтаңдар. Суреттеріңді пайдаланып, күнтізбе жасаңдар.

  1. Қорытынды кезең

  1. Бүгін сабақта не білдік?

  2. Не үйрендік?

  1. Бағалау кезеңі

Сабақта тапсырманы орындағанына, меңгерген деңгейіне байланысты бағалаймыз.

  1. Үйге тапсырма

  1. Тақырыпты оқу.

  2. Тақырып бойынша 4 сұрақ ойластырып келу.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________2014 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «Б»

Қоғамдық - гуманитарлық бағыт

I. Сабақтың тақырыбы:Мәтінді cәйкестендіріп тану технологиясы.

Сабақтың мақсаты:

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру, мәтінді сәйкестендіріп тану технологиясы.

  • Логикалық ойлау қабілеттерін, іскерлік дагдыларын дамыту.

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Әдемілікке баулу.

Сабақтың көрнекілігі: желіге қосылған компьютер, мәтіналғы (сканер), принтер, Fine Reader программасы, флипчарт, тапсырма карточкалары.

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сөйлеу, сүрак-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс. Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Оқушылар білуі тиіс: Fine Reader программасында жүмыс істеуді, мәтіналғымен жүмыс істеуді, принтермен жүмыс істеуді.

Оқушылар меңгеруі тиіс: OCR (Optical Character Recognition) жүйесімен жүмыс істеуді, мәтінді суреттен бөлуді.

Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ұйымдастырып, түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі

Теория

Сканерленген қүжатты сурет күйінде сақтап қоюға немесе мэтінді өңдеп, мэтінді-

редакторға сақтап қоюға болатын арнайы программалар жүйесі - OCR (Optical Characte-

Recognition) жүйесі қажет. Бұл үдеріс кескінді компьютерге сканерлеу арқылы немесе басқа да жолдар арқылы енгізгеннен кейін орындалады.

Жалпы сканерлеу жұмысы сурет көбейткіш қүрылғылардың қызмет етуіне негізделеді:

  • Сканерленген кескін электронды түрде сақталады;

  • Мәтіналғы мәтінді суреттен бөлек ажырата алмайды, оларды ақ және қара түс: графикалық кескін ретінде ұсынады.

Егер сканерленген кескін мэтін мен суреттен тұратын болса, онда OCR көмегімен:

  • Мэтінді суреттен белуге;

  • Мэтінді мэтіндік процессордың форматында жазуга болады.

OCR жүйесінің тарихына көз салатын болсақ, автоматты сэйкестендіру XX ғасырдың 30-жылдарынан басталады, бірақ алгашқы OCR кұрылғыны 1952 жылы америкалық Intelligent Machines Research Corporation компаниясы жасады жэне ол кездегі ОС: құрылғысының компьютерге еш қатысы жоқ еді. 1970 жылы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет