Сабақ жоспары: I.Ұйымдастыру бөлімі II.Үй тапсырмасын тексеру.



Дата04.07.2018
өлшемі1,59 Mb.
түріСабақ
  • Белдемше түрлері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды белдемше түрлерімен таныстыру.Белдемшеге мата таңдау,сызба сызу жолдарын үйрету. Дамытушылық : Эстетикалық талғамын, ойлау қабілетін арттыру,практикалық іс-әрекетін қалыптастыру. Тәрбиелік: Оқушыларды киім таңдай білуге,әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: графикалық диктант,әңгімелесу,сарамандық жұмыс. Көрнекілігі: белдемше суреттері,үлестірмелі карточка,мата жинақтамасы, дайын бұйым. Пәнаралық байланыс: бейнелеу,тарих.

Сабақ жоспары: I.Ұйымдастыру бөлімі II.Үй тапсырмасын тексеру.(графикалық диктант арқылы) Оқушыларға сұрақ қойылады. 1.Киім деген не? 2 Пайдалануына қарай киім қандай болып бөлінеді? 3. Жейде қандай киім түріне жатады? 4. Қолданылуына қарай киімдер қалай топталады? 5. Арнайы киім деген қандай киімдер? 6. Белдемше қандай киім түріне жатады? 7.Киімге қандай талаптар қойылады?

III.Жаңа сабақ

  • III.Жаңа сабақ
  • Жаңа тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.
  • 1.Әңгімелесу (белдемше туралы)
  • 2.Күнделікті киіп жүрген белдемшенің суретін қағаз бетіне сызу.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Әйелдердің белдікті киімдерінің ішіндегі ең көп тарағандарының бірі-белдемше.
  • Белдемшенің шығу тарихы. Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Оған қару мен жорықта қалталар ілінген. Белдікке тартылған терілер,жапырақтар,маталар алғашқы белдемшенің түп нұсқалары еді.Белдемше еркін,қолайлы,күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды. Белдемшеге әдемілік,қарапайымдылық және ыңғайлылық талаптары қойылады.

Белдемшенің қолданылуы.

  • Белдемшені (жемпір, блузкамен, топикпен, жилетпен, костюммен т.б киімдермен киюге болады. )

Белдемше силуэті бойынша тік,етек жағынан кеңейтілген, етек жағынан тартылған болып бөлінеді.

Белдемше пішіліп,тігілуіне қарай тік, кең, қиықты болып бөлінеді.

  • Кең етекті белдемшелер
  • Қиықты белдемшелер

Белдемшеге мата таңдау

Сарамандық жұмыс

  • Үлестірмелі карточка. Карточкада белдемше суреттері берілген,соның тұсына соған лайықты мата қиындысын жапсыру.
  • Шағын шығармашылық жоба.
  • “Егер мен сәңгер болсам....”
  • Мұнда оқушылар өз ойларымен белдемше сән үлгісін сызып, оны сипаттап айтып береді.

Жаңа сабақты бекіту. 1. Белдемше киімнің қай түріне жатады? 2. Белдемшені немен киюге болады. 3. Силуэті бойынша белдемше қалай бөлінеді? 4. Тігуіне қарай белдемше қалай бөлінеді? 5. Тік белдемшені қандай матамен тігуге болады? 6. Белдемшеге қандай талаптар қойылады?

Қорытынды:

  • Оқушылар салған эскизін жинап алу, салыстыру, талдау.
  • Бағалау.
  • Үйге тапсырма: Өзіне ұнаған белдемше моделін салу. Құрал-жабдықтар әкелу.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет