Сабақ жоспары Күні: 07. 03. 14ж Сынып: 4-сынып Тақырыбы: Сан есім Сілтеме: Оқулық, әдістемелік құралдар



Дата26.08.2017
өлшемі41,43 Kb.
#29636
түріСабақ
Бекітемін: _________

Мектеп директоры:


К.К.Султангазин
« » __________ 2014 ж.
Сабақ жоспары
Күні: 07.03.14ж

Сынып: 4-сынып

Тақырыбы: Сан есім

Сілтеме: Оқулық, әдістемелік құралдар

Мақсаты: Топта жұмыс істеу арқылы сан есім сөздер туралы бұрынғы алған білімдерін қайталайды, еске түсіреді;сан есімнің есептік, реттік түрлерін ажырата біледі; сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя біледі, қолдана алады. Ой- өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамытады.

Күтілетін нәтиже: Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыра біледі, реттік сан есімнің жалғауларын ажырата білу дағдыларын дамытады.

Топта белсенді жұмыс істейді ,ой – пікірін жеткізеді, мәдениетті сөйлейді.

Сабақтың түрі: Қайталау, практикалық сабағы

Қолданылатын әдістер: топтық, жеке, «Сұрақты сұрап ал », «Венн диаграммасы» әдісі, деңгейлік тапсырма, « Крестиктер-нөлдіктер »әдісі,

« Сигналды карточкамен жұмыс» рефлексиясі.


Керекті құрал-жабдықтар: түрлі суреттер, фасоль салынған қапшық, ИКТ, постерге арналған қағаздар,маркерлер стикерлер,бағалау парақтары, сигналды карточкалар

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Амандасу. Оқушыларды шеңберге жинайды,бір-біріне тілек айтуды ұсынады. Түрлі суреттер арқылы топтарға бөледі.Өткен материалды еске түсіру үшін «Сұрақты сұрап ал »әдісін қолданады.(Мадақтау)




Оқушы әрекеті

Оқушылар шеңберге жиналып, бір-бірінежақсы тілек айтады. Оқушылар суретке қарап топтарға болінед і және топпен «Сұрақты сұрап ал » әдісі бойынша жауап береді.(шапалақтау)




Уақыт

5 мин

Модуль

ОмОЖТ

А кезеңі Білу

Түсіну



Мұғалім ИБТ-да өлең жолдарын көрсетеді, ондағы сан есім сөздерге назар аударып,ерекшеліктерін атап беруді сұрайды.Оқушылардың жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа шығады, сабақтың мақсатын айтқызады.


Оқушылар жауап береді ,тақырыпқа шығып,мақсат қояды. (топтық жұмыс)

Формативті бағалау(шапалақтау)



2мин

АКТ

СТО

Мұғалім оқушыларға «Венн диаграммасы» әдісі бойынша сан есімді сын есіммен салыстырып,ерекшеліктерін көрсетуге тапсырма береді, жұмысты ұйымдастырады.

Ортаға шығып, ақпаратты постер арқылы қорғауды ұсынады.



Оқушылар үш адамнан тұратын топтарда

бірлесіп жұмыс істейді.

Постерге ақпаратты салады.

(топтық жұмыс)

Формативті бағалау


8мин

ОЖЕСОжО

ОБжК

В кезеңі Қолдану

Талдау


Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 2,5-жаттығуды топта орындауын сұрайды. Сағат тілімен бір-бірін тексертеді.


Мұғалім «Сәлем,телевидение» сергіту сәтін өткізеді.




Оқушылардан бір спикер шығып,постерді қорғайды. Екі топ та «2 жұлдыз,1 тілек » әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.
Оқушылар тапсырманы топта жеке орындайды және сағат тілімен бір-бірін тексереді.

Формативті бағалау(бірін-бірі бағалайды)


Оқушылар сергіту сәтін орындайды.


3мин

8 мин

2 мин

ОҮБжОБ

Мұғалім ИБТ арқылы деңгейлік тапсырма береді.

1.Берілген мәтін ішінен сан есімдерді тауып, түріне ажырату.

2.Сурет бойынша сан есмдерді катыстырып, сөйлемдер құрастырып жазу,оларға сұрақ қою.

3. « Ерте, ерте, ертеде Сан есім деген хан болыпты...» деген тақырыпта ертегі құрастырып жазу.




Оқушылар ИБТ арқылы деңгейлік тапсырманы орындайды. Берілген уақыт бойынша барлық тапсырмаларды жазған оқушы топтағы балалардың жұмыстарын тексереді.

Формативті бағалау




12 мин

АКТ,ТжДБО

С кезеңі Жинақтау

Бағалау



« Крестиктер-нөлдіктер » әдісі бойынша ИБТ-да сұрақтар қойып, сабақты қорытындылайды.

Балалармен « Сигналды карточкамен жұмыс» рефлексия өткізеді.




Оқушылар топтан бір-бірлеп шығып,сұрақтарға дұрыс жауап берсе, тор көздерге крестик не нөликті жазады.
Балалар карточкалар арқылы сабақты қаншалықты меңгергенін және өздерін қалай сезінетіні туралы көрсетеді.

Формативті және жиынтық бағалау.




5 мин

АКТ

ОмОЖТ













Үй тапсырмасы


Көркем әдебиеттен сан есім сөзі бар 10 сөйлем жазып келу. Қалауы бойынша бесеун қатыстырып, мәтін құру. Ереже жаттау.










Каталог: uploads -> doc -> 0b94
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b94 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Әр түрлі ортадағы электр тогы» тарауы бойынша жаңа сабақты «Презентация» тақырыбын қолдана отырып бекіту. Сабақтың мақсаты
0b94 -> Тақырыбы: ҚРҚк жарғылары әскери қызметтің, ішкі тәртіптің, қызмет атқаруды


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет