Сабақ жоспары Күні: 13. 04. 2016ж Тобы: с-14-9 Пәннің аты: Сумен жабдықтау



бет1/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,62 Mb.
түріСабақ
  1   2   3
Қызылорда Облыстық Білім басқармасы

«Жас өркен» колледжі


Келісілді әдіскер «Бекітемін»

_________Жалғасова О.А. Колледж директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары

___________Тоқтамысова Д.К.



«_____»___________ 2016 ж.


Тақырыбы: Су қоймасының мақсаттары және жіктелуі

Оқытушы: Таңқыбаева Б.Р.
«Техникалық» пән

бірлестігінде қаралды

Хаттама № _____

«_____»______ 2016 ж.

Бірлестік жетекшісі:

________Шалқарбаев А.Ө.

Қызылорда, 2016ж

Сабақ жоспары
Күні: 13.04.2016ж

Тобы: С-14-9

Пәннің аты: Сумен жабдықтау

Сабақтың тақырыбы: Су қоймасының мақсаттары және жіктелуі



ІІ. Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:



  • студенттің жаңаша ұғымын белгілі дәрежеде қалыптастыру;

  • алған білімін жүйелеп, қорытындылауға үйрету;

  • алған білімін іске асыруға баулу;

  • студенттерді іске өздері баға беруге, талдауға үйрету;

  • білгеннен дұрыс қорытынды жасауға баулу.

Дамытушылық мақсаты:

  • құбылыстардың қасиеттерін және өзара байланысты айыра білуге, оқылып отырған материалды жоспарлай білуге, заттың құрылысы мен жұмыс істеу принципін ажырата білуге, теориялық білімін практикада пайдалана білуге үйрету;

  • оқу қабілетін дамыту (оқуға, жазуға, есептеуге, сызуға, конспект жасауға үйрету, сабаққа дайындалуда жинақтылықты, оқудың қажетті тәсілдерін қолдана білуге, есте сақтауға дағдыландыру);

  • ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

  • еңбекке тәрбиелеу;

  • білімге құштарлыққа тәрбиелеу

ІІІ. Сабақтың типі: Дәстүрлі

ІV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

V. Сабақтың өткізілу әдістері : түсіндіру, баяндау, конспектілеу.

VІ. Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, карточкалар, сызбалар.

VІІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (3мин.)

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Журналға белгі соғу

Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару



2.Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру(30мин.)

2.1.Оқушылардан үй тапсырмасын ауызша сұрау. (сұрақ қою арқылы білімін толықтыру).

2.2. Слайд бойынша сұрақтарға жауап алу:

  • Су шаруашылығы дегеніміз не?

  • Су шаруашылығының салалары қандай?

  • Диспетчерлік қызметті қалай ұйымдастырады?

  • Водоканалда қандай мамандар қызмет атқарады?

  • Бас механиктің атқаратың қызметі қандай?

  • Су тораптарын қалай топтастырамыз?

  • Су шаруашылығының гидротехникалық саласы дегеніміз қандай сала?

  • Су шаруашылығының гидроэнергетикалық саласы дегеніміз қандай сала?

  • Су шаруашылығының су көлігі саласы дегеніміз қандай сала?

  • Су шаруашылығының сумен қамту және әкету саласы дегеніміз қандай сала?

3.Жаңа сабақ (35 мин.)

Жоспары

  • Су қоймасы

  • Су қоймасының жіктелуі

  • Қазақстандағы ірі су қоймалары

Су қоймасы - суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары. Яғни, су қоймалары -Сағалық өңірінде бірте-бірте кеңи түскен өзен аңғарын теңіз суы басып кетуіне байланысты пайда болатын шығанақтар. Ашық және жабық су қоймалары болып екі түрге бөлінеді. Ашық жабық су қоймалары теңіз суымен басыбайлы байланыста болса, жабың жабық су қоймалары теңіз айдынынан көшпе аралдар мен бел-белестер арқылы дараланған күйде ұшырасады

Су қоймаларының түрлері - кейіннен және қажет кезінде пайдалану үшін су толтырылған біршама ауқымды резервуар болып табылатын су қоймаларын мынадай түрлері кездеседі:



1) темір, бетон, тас және басқада материалдардан жасалған жабық резервуарлар. Олар жер бетінде немесе жер астында орналасады. Күнделікгі реттелетін резервуарлар ретінде сумен қамтамасыз ету немесе тегеурін жасауға пайдаланылады;

2) шұңқыр қазу, тегіс немесе еңістігі аздау жерлерде үйінділермен қоршау арқылы жасалынатын ашық бассейндер. Мұндай су қоймалары кейде дериватты СЭС түрінде жасалып, күнделікті реттелетін бассейндер ретінде, сондай-ақ суару жүйесіңде көктемгі ағындыны уақытша ұстау үшін пайдаланылады;

3) табиғи ағын сулардың анғарларында тегеурін қалыптастырушы ғимараттар салу арқылы пайда болған су қоймалары (бөгет, СЭС имараттары және т.б.).

Су қоймасы дегеніміз суды сақтау және ағынды реттеу үшін жасалған жасанды су айдыны. Суды реттейтін ғимараттардан жоғары учаскелерде судың деңгейі көтеріледі және үлкен көлемде су жиналады. Кейін ол шаруашылық мақсаттарына жұмсалады. Су қоймасының ұзындығы бөгетке тірелген судың таралу қашықтығына тең.

Су қоймасын бірқатар белгілермен жіктейді және бес негізгі типтерге бөледі:


  • Жазықтықтағы су қоймалары;

  • Тау алдындағы су қоймалары;

  • Таудағы су қоймалары;

  • Көлдік су қоймалары;

  • Құймалы су қоймалары;

Жазықтықтағы су қоймалары мынадай белгілермен сипатталады: су бетінің ауданы өте үлкен, максималды тереңдігі 10-25м, орташа тереңдігі 5-9 м, және тастауы аз. Бұл су қоймасы кешендік мақсатта пайдаланылады.

Тау алдыңдағы және жалпақ таулы облыстардағы су қоймалары үлкен тереңдіктерімен 70-100м және оданда жоғары, 10-20м-ге дейін су тастауларымен сипатталады. Жағауларының бұзылу қарқыны аз.Аумақты су басуы елеусіз.

Таулық су қоймаларына үлкен тереңдіктер 100м-ден астам, 100м-ге дейін су тастаулары тән.ауданды судың басуы, жағалаудың мүжілуі және су қоймасының бұзылуы өте аз. Тау өзендерінің аңғарларының көлденең қимасы арнамен сәйкес келеді. Олардың түрі тар шатқалдар тәрізді. Жаға баурайлары тік, кейде баспалдақты. Арнасы болар болмас иректі. Жайылмалары жоқ.су қоймасынан суды тастаған кезде су бетінің ауданы өзгереді.

Көлдік су қоймасын көлден шығатын өзенге бөгет салу арқылы жасайды. Бөгетке тірелген су көлге қарай жайылады. Мұндай су қоймаларының жетістігі су шамасы тірелгенде және суға бастырылған жердің ауданы кішкене болғанда оларда көп су көлемін жинақтауға болады.

Құймалы су қоймаларын көбіне табиғи шұңқырлар мен өзендерге жақын аумақтағы ой жерлерді пайдалану арқылы жасайды. Оларды негізінен егістікті суландыру және су жинақтағыш электростанциялар салу үшін пайдаланады.

Сондай-ақ су қоймалары су бетінің ауданы мен көлемі бойынша төмендегі кестеге байланысты жіктеледі.

Су қоймасының өлшемдері бойынша жіктелуі.

Су қоймасының категориясы

Толық көлем,км3

Су бетінің ауданы, км2

Ең ірі

50-ден астам

5000-нан астам

Өте ірі

50-10

5000-500

Ірі

10-1

500-100

Орташа

1-0,1

100-20

Азғантай

0,1-0,01

20-2

Кіші

0,01-ден аз

2-ден аз

Су бетінің ауданы 1,0 км2 –ден аз кішкентай жасанды су айдының тоған деп атайды.

Су қоймасындағы судың көлемін өлі және пайдалы деп бөледі.

Өлі көлем- бұл су қоймасының толық көлемінің пайдаланудың қалыпты жағдайында су тастамайтын және ағынды реттеуге қатыспайдын тұрақты бөлігі. Осы көлемді шектейтін су бетінің деңгейін – өлі көлем деңгейі деп атайды.

Пайдалы көлем – су қоймасының ағының реттеуге пайдаланылатын негізгі көлем. Ол өлі көлем деңгейінен жоғары орналасқан және жоғарысынан әдеттегі реттелген деңгеймен шектелген.

Су қоймасының толық көлемі әдетте реттелген деңгейге сәйкес келеді және пайдалы және өлі көлемдердің қосындысына тең:

Vтолық = Vәрд=Vөк+Vпайд

Су қоймасының су шаруашылық есептеулерінің басты мақсаты – пайдалы көлемді анықтау және әдетте реттелген деңгейді белгілеу болып табылады.

Су қоймасының мақсатына, реттеу ұзақтығына байланысты – тәуліктік, маусымдық, көпжылдық болып бөлінеді.



Қазақстанның су қоймаларының тізімі

су қоймасы

орны

пайдалануға берілген жылы

ауданы км2

ұзындығы

ені

тереңдігі

Бұқтырма

Ертіс өзені ШҚО

1967

5500

600

40

80

Қапшағай

Іле өзені Алматы обл.

1970

1847

187

23

43

Шардара

Сырдария өзені ОҚО

1966

900

48

20

26

Көксарай

Сырдария өзені ОҚО

2011

460

-

-

-

Сергеев

Есіл өзені СҚО

1969

117

75

7

20

Қаратомар

Тобыл өзені Қостанай обл.

1965

92

72

4

16

Самарқан (Теміртау бөгені, Нұра бөгені)

Нұра өзені Қарағанды обл.

1941

82

25

7

12

Бөген

Бөген өзені ОҚО

1967

65

13

6

15

Астана (Вячеслав)

Есіл өзені Ақмола обл.

1969

61

11

10

25

Киров

Көшім өзені БҚО

1967

39

22

4

7

Топар (Шерубайнұра)

Нұра өзені Қарағанды обл.

1960

39

13

4,2

24

Кеңгір

Кеңгір өзені Қарағанды обл.

1952

37

33

1,6

25

Өскемен

Ертіс өзені ШҚО

1963

37

85

1,2

45

Тасөткел

Шу өзені Жамбыл обл.

1974

77

18

8,5

23


Бұқтырма су қоймасы  -  Ертіс өзенінде,  Шығыс Қазақстан облысы  аумағында, ҚалбаНарынКүршімжоталары аралығында орналасқан.  Қазақстандағы ең ірі бөген. Су айдыны 5940 км², ұзындығы 600 км, ені 40 км, ең терең жері 80 м. Суының көлемі 49,6 км3. Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көліАқ Ертіс өзенінің бір бөлігі (бастауынанСеребрянск қаласына дейін),  Бұқтырма,  Нарын  өзендерінің төменгі ағысы кіреді. Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айында басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң біртұтас су айдынына айналды. Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде үшке бөлуге болады: жоғарғы (көлдік), орта (таулы-аңғарлық) және төменгі (таулық) бөліктер. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биіктігіне жетеді.Қыркүйек айынан сәуірге дейінгі мерзімде су деңгейінің көп жылдық ауытқуы 5,0 м-ге жетсе, маусымдық тербелісі – 1,3 – 3,8 м аралығында болады. Суы тұщы. Минералдылығы 0,05 – 0,14 г/л, жұмсақ, хим. құрамы – гидрокарбонатты кальцийліЖылына орта есеппен 8 – 9 мың т балық ауланады. Бұқтырма бөгеніндегі Өскемен, Бұқтырма СЭС-тері Шығыс Қазақстан облысының аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Көктемде бөгеннен жіберілген су Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жүздеген мың га егісі мен шабындықтарын суландырады.


Каталог: uploads -> doc -> 0c1e
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c1e -> Бастауыш мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың тұлғалық жетістіктеріне қол жеткізу тетіктері
0c1e -> Сабақтың тақырыбы: Ертегілер Сабақтың мақсаты: Білімділік
0c1e -> Сабақ жоспары Пән: қазақ тілі
0c1e -> «Асылай» бөбекжай балабқшасы Құрманғазы аудандық білім беру бөліміне қарасты мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның 2014-2015 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары. Мазмұны
0c1e -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақтың ұлттық киімдерімен таныстыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу