Сабақ жоспары күні: Тақырыбы Менің жазғы демалысым Сөз таптары



Дата06.07.2018
өлшемі29,71 Kb.
#47506
7-сынып Сабақ жоспары күні:

Тақырыбы Менің жазғы демалысым Сөз таптары

Сілтемелер: Оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, оқулық

Мақсаттары: Білімділік: оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаңа мәтінді меңгеру, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу;  сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін-өзі бағалай білуге, басқалардың көзқарасын тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ойларын дамыту, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;

Күтілетін нәтижелер Өз беттерімен мәтінді оқып, сөздік қорларын молайтады, грамматикалық тақырыпты игеруде ережені шығарып, бекітеді

Сабақтың мазмұны

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сабақтың мақсатын жеткізіп, жоспарымен таныстырады.

Бағалау парақшалары үлестіріледі.

Тест тапсырмалары таратылады

1. Жаз  деген  не?

а) көктемнің жалғасы

ә) күздің басы

б)қыстың ортасы

2.  Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Біз жазда  саяхатқа ...

а)түсеміз

ә)көреміз

б)шығамыз

3. Жазғы демалысты қайда өткіземіз?

а) мектепте

ә) сыныпта

б)атам мен әжемде

4.  Жазда болатын табиғат өзгерістерін табыңдар.

а)қар жауып боран болады

ә)қар еріп, күн жылиды

б) айнала гүлдеп күн ысиды

5. Жаз мезгіліне  қатысы жоқ сөздерді табыңдар

а)жайлау

ә)боран


б)ыстық

Қолайлы психологиялық жағдай туғызу мақсатында «Мен жаздан Қандай әсер алдым?»тренингі өткізіледі. (шеңбер бойымен тұрып айтады)

Топта жұмыс жасау ережелерімен танысады

1.  Бірігіп жұмыс жасау.

Дауыс көтеріп, айқайласпау.

Мұғалімді тыңдау.

Уақытты үнемдеп, тақырыптан ауытқымау. Өз ойыңды жеткізіп, жауап беру. 2 мин уақытта тесттерін белгілеп, өзара алмасып,  кілт арқылы тексеріп, бағалау парақшаларын толтырады. слайдтар Үй тапсырмаларын тексеру «Менің жазғы демалысым» тақырыбына 3 топ слайдтар көрсетіп, қорғайды

Мәтінмен жұмыс.

Оқулық бойынша 59 б-гі мәтінмен жұмыс

Жаз мезгілін бала атаулының бәрі де ерекше күтеді. Нағыз демалыс жазда болады.Сондықтан балалар бұл уақытты ерекше өткізгісі келеді. Балалар жазда түрліше демалады. Бірі жазғы лагерьлерде демалса, енді бірі ауылдағы ата- әжелерінің сағынышын басып қайтады. Кейбірі ата- аналарымен қалаларды аралап, шет елдергеде қыдырады. Мезгілдің бұл маусымы бой жазып, еркін тынығуға әбден қолайлы.

Сондықтан жаз мезгілі балалар үшін ерекше мезгіл болып табылады. 3 топ өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындайды.

I-сұрақтар құрайды

Кім жаз мезгілін ерекше күтеді?

Олар қалай демелады?

Неге мезгілдің бұл маусымы демалуға қолайлы?



II- негізгі ойын анықтайды

Мезгілдің бұл маусымы тынығып,демалуға қолайлы. Сондықтан жаз мезгілі балалар үшін ерекше мезгіл болып табылады.

III- кластер құрады тынығуға  Қолайлы Жазғы демалыс Ерекше                           

Демалады ауыл, шетелдерге қыдырады Дәптерлеріне жазып отырады. Кеңесшілер бағалау парақшаларын толтырады 5мин слайд Тақтада  жазылған екі сөзге назар аударады.



Мұғалім:Балалар,ерте, ерте,ертеде біз білмейтін шексіз үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті.Ол-ел-МОРФОЛОГИЯ елі деп аталыпты. Дүниедегі сөз біткеннің бәрі сол елде,кең сарайда тату-тәтті өмір  сүріпті.Бір күні  сөздер бір нәрсеге келісе алмай «сен ұзынсың,мен қысқамын,сен көпшілсің,көп мағна бересің,анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір ғана мағына беремін,оқшау жүргенді ұнатамын-деп кең сарайға бастары симай айтысып жатады.Мұны естіген хан оларды жинап алып:Сендер,өз мағыналарыңа қарай,жауап беретін сұрақтарың қарай, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер,сосын әрқайсыңды жеке отау етіп, бөлек-бөлек үй қылып қоямын-дейді.  Сөйтіп сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай топқа бөлініп,оларға ат беріледі.

Осылайша морфология елі-СӨЗ ТАПТАРЫ еліне айналады.Олар былай аталыпты.                                                 Сөз таптары:

1.ЗАТ ЕСІМ.

2.САН ЕСІМ.

3.СЫН ЕСІМ.

4.ЕТІСТІК.

5.ЕСІМДІК.

ҮСТЕУ.


7.ШЫЛАУ.

8.ОДАҒАЙ.

9.ЕЛІКТЕУІШ СӨЗДЕР.

Енді балалар,осылардың ішінен біз қандай сөз таптарымен таныспыз?Осы сөз таптары бойынша топқа бөлініп әртүрлі жұмыстар жасаймыз.Зат есім тобы зат есім туралы ережелерді,Етістік тобы етістік туралы білгендерін,Сан есім тобы сан есім туралы.                                                                          Сөз таптары туралы білімдерін айтқызу  (кесте бойынша)



Оқушыларды бес топқа бөлу:                                                                                                                                         1-топ:Сөз таптары                                                                                                                                                            2-топ:Зат есім                                                                                                                                                                                          3-топ: Етістік                                                                                                                                                                       4-топ: Сын есім                                                                                                                                                               5-топ: Сан есім

2 ) Оқулықпен жұмыс:  1-жаттығудағы сөздерді оқытып,тұсындағы сұрақтарға жауап бер.Семантикалық кестемен жұмыс.:                                                                                                                                                   3).2-жаттығу. а) Жаңылпашты жатқа жазу

Үш үшік тыстадым

Үш үшкі ұштадым

Ә) Сөздік жұмыс: Ішік деген не? Оны қай кезде киеді? Қазір қай жыл мезгілі?  (Сурет көрсету) үскі деген не?   (Сурет көрсету)

Б) Бір-бірінін дәптерін тексеру

4) 3-жаттығу Мәтінді оқы, бастапқы бөлігін көшіріп жаз, сөз таптарына талда (сурет слайд)

«Борсық – Қазақстанда кең таралатын аң. Дене тұрқы 75 см-ден асады. Орманды, таулы, далалы, сулы жерлерде кездеседі»

Ой толғау Тақтадан

Күн және сәулелерін алып, топтарға үлестіреді. 

Сонымен біз бүгін не туралы айттық?

Жазғы демалыс

Жазғы демалысымыз пайдалы да қызықты болу үшін оны қалай өткізуге болатыны туралы біз келесі сабақта айтамыз.



 

Үйге тапсырма ,63 беттегі мәтінді оқып келесіңдер. Мен нені білдім?

 
Каталог: uploads -> konspekt -> literatyra
konspekt -> Сабақтың атауы Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау. Тесттік тапсырмалар. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
literatyra -> А. С. Есалина Тақырыбы: М. Шаханов "Отырар" дастаны. Мақсаты: Жазушының шығармашылығына қысқаша тоқталу;Отырар қаласы туралы түсінігін молайту;поэма
literatyra -> Сабақтың атауы Қасқыр қысты қалай өткізеді? Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
literatyra -> Мақсаты: білімділік-оқушылардың мәтін мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып,әңгімедегі кейіпкерлер,олардың іс-әрекеттері туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру,ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен
literatyra -> Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау 302 306 жаттығулар Сабақтың мақсаты
literatyra -> Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбаев «Ескендір» поэмасы Жалпы мақсаттары
literatyra -> Бас қаламыз Астана туралы білу. Өлеңді түсініп оқуға төселу. Өз желісінде мазмұндауға машықтану


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет