Сабақ жоспары Мектеп №52 Пәні: Биология Күні



Дата05.06.2017
өлшемі58,7 Kb.
#17854
түріСабақ
Бейімділік. Бейімділіктің салыстырмалы сипаты
Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы

№52 Б Аралбаев атындағы орта мектебінің

биология пәні мұғалімі: Ашимова Мая

Бекітемін

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Б .Оразгелдиева

Сабақ жоспары

1.Мектеп

№ 52

2.Пәні:

Биология

3.Күні:

22.02.2017

4.Сынып:

9. А Б

5.Мұғалімнің аты жөні:

Жұпарбаев Т

6.Сабаққа қатысқандар саны:




7.Сабаққа қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы:

§44. Бейімділік. Бейімділіктің салыстырсалы сипаты


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

(Оқу бағдарламасына сілтеме)



Оқушыларға бейімделушілік туралы ой қалыптастыру.

.


Сабақ мақсаттары:

1.Барлық оқушылар:

Барлық оқушылар бейімделушілік туралы толық білімдерін ажырата алады;



2.Көптеген оқушылар:

1. Оқушылар бейімделушілік туралы түсінеді




3.Кейбір оқушылар:

1. Қызықты материалдарды тауып, салыстырады.

2. Оқушылардың өз бетімен алған білімдерін бейнетаспа және қосымша ақпараттар арқылы түсіндіре отырып толықтырады, шыңдайды.

3. Бір-бірлерінің жауабын тыңдайды,қателерін түзетеді.



Бағалау критериийлері:

Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

Құндылықтарды дамыту:

— белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыру.

— индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің артуы.

— өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрету және оны дамыту.

— шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау.




Пән аралық байланыстар

Биология, Георафия ,Экология ,Химия

АКТ-ны қолдану дағдылары

Видео роликтер көрсетілім

Бастапқы білім

Миға шабул 1. Популяциялық толқындар дегеніміз не? Популяциялық толқындардың авторы кім?
2. Оқшаулау дегеніміз не және оның неше түрі бар?
3. Гендердің ығуы дегеніміз не?
4. Биологиялық оқшаулану дегеніміз не?

5. Географиялық оқшаулану дегеніміз не?

6. Экологиялық оқшаулану дегеніміз не?


Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Тыңдалым

2.Айтылым


1 топ : Бейімделгіштік. Қорек талғауға бейімделу. Климаттық бейімделу.

2 топ: Қорғаныш реңдер.

3 топ: Гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдануға бейімделуі. Бейімделгіштіктің салыстырмалылығы.


Таратпа

Қағаздар

Интерактивті тақта


Сабақтың ортасы

3.Жазылым



Бүркеніш рең дегеніміз ашық жерлерде тіршілік ететін ағзалардың жауынан қорғану белгісі. Жерге ұя салып балапан басатын (шіл, құр, бөдене, сайрауық, т. б.) құстардың реңі мекен ететін орта жағдайына ұқсас. Сондықтан олар жұмыртқа басып ұясында козғалмай жатқан кезде жауына байқалмайды. Тіпті жүмыртқаларының қабығындағы (сыртындағы) секпілді дақтары да, жұмыртқаны жарып шыққан балапандарының түсі де тіршілік ететін орта жағдайына ұқсас болып келеді. Ұяларына ешкім бара алмайтын өте биік құз жартастарға ұя салатын ірі жыртқыш құстар мен жұмыртқаларын жерге көметін құстардың жұмыртқа қабығында теңбіл дақтар болмайды. Жыл маусымының өзгеруіне байланысты жануарлардың түгінің түсі де өзгереді. Мысалы, ақ түлкі, ақкіс, аққоян, ақ шіл — қыста ақ түсті (қардың түсіндей) болады.

Жасырушы рең – жануарлардың дене пішіні мен реңі тұрғысынан айналадағы заттарға сәйкес келуі. Мысалы, каллима туысына жататын ересек көбелектің қанаттарының пішіні мен жүйкеленуі жапыраққа ұқсас болуы, дернәсілдері бұтаққа жабысып оқтай түзу болып қозғалмай тұрғанда бұтақтан аумайды. Бүркеніш рең, әсіресе организмнің жеке дамуының алғашкы (бастапқы) сатысында (жұмыртқа, дернәсіл, балапан) және өте баяу козғалатын немесе колайсыз жағдайда тыныштық қалыпқа көшкен жануарлар үшін өте қажет.
Басқа орта жағдайына бейімделу үшін жануарлардың тез арада реңдерін өзгерте қою құбылысы тұқым куалайды. Мысалы, құбылғы, камбала, ешкіемер, т. б.

Сақтандырушы рең улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән. Олардың реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы болып келеді. Мысалы, ханқыз қоңызы (қызыл, сары, коңыр, күрең қызыл, айкын жолақты, т. б.) улы, ащы, сары түсті күйдіргіш сұйықтық бөлетіндіктен оған құстар еш уақытта жоламайды.
Қызықтырушы рең Бұл рең, әсіресе жануарларға көбейер кезде пайдалы болады. Мысалы, қызыл орденді көбелектер, көгілдір қанатты шегірткелер, қосаяқтар, құстардың қораздарының өте әдемі реңдері өз дараларына көбею кезінде айқын көрінеді.

Қауіп төндіруші рең. Кейбір жануарлар қауіп төнген кезде жауынан қорғану үшін айбар шегіп денесін әр түрлі пішінге келтіре алады. Мысалы: кең алқымды жылан кауіп төнсе басын тік ұстап, алкымын жалпайтып, кеңейтіп айбар шегеді. Ал түкті бүйі алдыңғы аяқтарын көтеріп құрсағымен жер тірейді. Қарақоңыз тиіп кетсең басын жерге тіреп құрсағын көтеріп дереу жағымсыз иіс шығарады.
Еліктеуші рең (мимикрия грекше "mimikos" — еліктегіш). Бұл рең өсімдіктер мен жануарларда табиғаттың белгілі бір өлі және тірі заттарына еліктеуінен байқалады. Өздігінен қорғана алмайтын организмдердің бүркеніш реңдері бір немесе бірнеше түрлерге ұқсас болып келеді. Мысалы: тарақанның дене пішіні, мөлшері, ашық реңі ханқызы коңызынан аумайды; теңіз атбас балығы мен ине балықтың дене пішіндерінің балдырға ұқсауы; гүл шыбынының жабайы араға ұқсауы; усыз жыландардың улы жыландарға ұқсауы, т. б. еліктеуіш реңдер жауынан сақтанып, тірі қалуына мүмкіндік береді.

Таратпа қағаздар

Постер Кесте



Сабақтың соңы

Оқылым



Бос орынды толтыр:

1. _______________ дегеніміз – тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақтылы жағдайларында құбылысында, мінез-құлқы мен физиологиясында тірі қалуды жоғарылататын ерекшеліктерді иемдену қасиеті. (Бейімделгіштік)

2. _______________ – қоршаған ая түсіне ену. (Бүркеніш реңі)

3. _______________ – бұл қарсыласын үркіту немесе абдырату жолы. (Көрнекілеу реңі)

4. Бейімделгіштік тірі қалушылықты арттырып, ________________________ жол ашады. (биологиялық алға басуға)

 5. _______________ - денедегі рең тұтастығы жойылады. (бөлшектену реңі)

6. _______________ - жарық пен көлеңкенің құбыла көрінуі. (көлегейлену реңі)

7. _______________ - қорғанышсыз жануарлар немесе өсімдіктердің біреуі екінші бір едәуір қорғанышы бар немесе жеуге жарамсыз түрге ұқсас болу нәтижесі. (еліктеу реңі)




Сұрақтармен жұмыс?


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет