Сабақ жоспары Мектеп: «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі»



Дата28.06.2017
өлшемі48,38 Kb.
#20094
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағына сабақ жоспары

Мектеп: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ

Сабақтың: реті № 20

Тақырып: Сенім – менің серігім

Құндылық:Қиянат жасамау

Қасиеттер: Сенімділік,жауапкершілік

Мұғалiм: Кемал Раиса Муктасынқызы



Сынып: 5 «Ж»

Оқушылар саны:30


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым—қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері.

-«Сенім» ұғымының мәнін ашу;



- Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту;

- Өзіне, өзгеге,қоғамға сенім білдіруге үйрету.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті:

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет тыныс алыңыз; денеңізді босатыңыз.Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяэат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяғыңызбен құмды сезініңіз.Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап,жолға шығыныз. Дельфиннің арқасында жайлап отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну,су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем.Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады(.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дацындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз.Ғажап түстерге түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай ыныштық сізге самалдай әсер береді.Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяэатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз.Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызға сақтауға тырысыңыз.


Ресурстар:( оқулық, слайд,дәйексөз)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Сендер Ерланның Сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

  • Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

3. Дәйексөз

«Жақын адамдардың, достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу-әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі»



М.Жұмабав




4.Әңгімелеу (сұхбат).

Сенім дегенді қалай түсінесіңдер?

Сенімге ие болу үшін не істеу керек?

Адамдардың барлығына сене беруге бола ма?



Оқушылардың адамдардың жақсы ниетіне сенуге,сенімнің адал дос табуға көмектесетіндігін түсіндіру керек.

5. Шығармашылық жұмыс

«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар.

С - сенімді, сыпайы,салмақты,сабырлы ...

Е – ерен, ерекше,ерлік,естілі,...

Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер, ...

І - ілтипатты,ізетті, ...

М – мәдениетті, момын,мықты,мамықты




Оқушылардың ойын адамның батылдық, табандылық, адалдық сияқты қасиеттері айналасында шоғырландырады.Бұл қасиеттер адамның өзіне-өзі сенімді болуының басты көрсеткіші болып табылады.

6. Топпен ән айту.

«Жігіттер - Жан досым»


Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағыныштан жүдейтін,

Кім бар екен бала күнгі досыңнан!


Қайырмасы:

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін, жырымыз да бітпесін!
Қос бұтағы секілденіп ағаштың,

Қатар жүріп сырымызды сан аштық.

Жол тапсақ та бірге жүріп жол таптық,

Адассақ та бірге жүріп адастық.


Қайырмасы:

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін, жырымыз да бітпес





7.Үйге тапсырма беру

Оқулықта берілген «Жан жарасы жазылмайды» атты әңгімесін оқып келу.






8.Бағалау

Сабаққа белсене қатысқандарыңа үлкен рахмет!!!







Каталог: uploads -> doc -> 038f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
038f -> Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы
038f -> Сабақ жоспары: алгебра Сыныбы: 9 Сабақтың тақырыбы: екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу. 1-теорема


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет