Сабақ жоспары Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы: Жавай Айбат



Дата22.06.2017
өлшемі170,38 Kb.
#19667
Қырық құдық аулы орта мектебі



Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

(қалалық семинарға арналған ашық сабақ жоспары)

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы: Жавай Айбат

Сынып : 5 «Б»

Сабақтың тақырбы: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Эпиграф:

Бірінші байлық — денсаулық,


Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін кеңейту. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.




  1. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру;

3.Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдер: баяндау,әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой шақыру,

топтастыру,венн диаграмма



Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, оқулық, нақыл сөздер, плакат

Техникалық құралдар: интерактивті тақта, компьютер, ТСО
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Оқушыларды түгендеу, балалардың назарын сабаққа аудару

  3. Психологиялық дайындық

  4. Үй тапсырмасын сұрау.

  5. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  6. Түрлі тапсырмаларды орындау.

  7. Сергіту сәті.

  8. Сабақты бекіту.

  9. Үй тапсырмасын беру.

  10. Бағалау.

Сәлеметсіздер ме қымбатты оқушылар!

Сендер зерек, дарынды білуге құмар ,арманшыл ұрпақтың өкілісіңдер. Сендермен мұндай тақырыпта ашық сабақ беру мен үшін үлкен бақыт. Мен сендерге сенемін.

Ал, қанекей сабағымызды бастамас бұрын көңіл-күйімізді қаншалықты жоғарғы деңгейде екенін байқап алайық.


Психологиялық дайындық «Жүрек жылуы» тренингі

Қазір шеңбер құрып ортаға шығамыз.


-Балалар , қараңдаршы , мына сиқырлы түрлі-түсті гүлдер арқылы мен сендерге жүрегімнің жылуын беріп тұрмын. Қане, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегімізді дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші.
-Жүректерінің соғысын сезесіңдер ме?
-Менің жүрегім сендерге деген мейірімділіке толы

Раулан –Менің жүрегім жылы

Юлия -Менің жүрегім қуанышты

Анна -Менің жүрегім адал

Мадина -Менің жүрегім бақытты

Палина – Менің жүрегім жұмсақ

Темур –Менің жүрегім мейірімді


  • Олай болса, осы жылы да жұмсақ, батыл да адал, қайырымды да мейірімді, нәзік де сыпай, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық.

/ Алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу/

бағалау

Үй тапсырмасын сұрау

«Денсаулық» тақырыбында эссе, мақал, өлең, нақыл, тиымдар сөздер жазып келу.

(авторлық үстел)


  • Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін қанеки, барлығымыз тақтаға көңіл бөлейік. Қандай сурет көріп отырсыңдар?

  • интерактивті тақтада бір өте семіз адамның және өте жүдеу адамның суреті бейнеленген.

  • Неге бұл адамдар осындай сырт көрініске тап болды деп ойлайсыңдар? (оқушылар ойларын айтады)

  • Жалпы балалар, сендердің айтып жатқан ойларың дұрыс. Бұл адамдар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан, денсаулықтарын жоғалтқан.

  • Олай болса, балалар бүгін сабақта «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» туралы мәлімет аламыз.


Жаңа сабақ:

Кіріспе әңгіме: Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі.

Тағам өнімдері өсімдік және жануартекті болады. Өсімдіктекті тағамдарға: жемістер мен көкеністер, нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануартекті тағамдарға: ет, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, балық, құс еті, сары май жатады

Тамақты жеткіліксіз немесе артық мөлшерде ішу- ағза үшін зиянды.

Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер, витаминдер көп болуы тиіс.

А витамині сәбізде, алмада көп болады, ол көздің көруін жақсартады. Орамжапырақта С витамині көп, оның көмегімен тістерің мықты және әдемі қалпында сақталады. Салат жапырағында болатын В витамині ұйқыны жақсартып, көңіл-күйді көтереді. Адам белгілі бір мөлшерде күніне 4 рет уақытылы тамақтану қажет.



Грамматикалық тақырып «Сын есім», «Барыс септігі»
Сурет бойынша

  • Балалар, сендер тақтадан қандай суреттерді көріп отырсыңдар?

  • Алма , бала

  • Осы сөздерге сұрақ қойыңдаршы?

  • Не? Кім ? кімдер? Нелер? деген сұрақтар сөз табының қандай қызметін атқарады?

  • Зат есім. (дұрыс)

  • Зат есім дегеніміз не ?

  • Ал , балалар алма қандай?

  • Алма жасыл

  • Алма қандай?

  • Үлкен ,дөңгелек

  • Алма қандай?

  • Дәмді , тәтті

  • Алма қандай?

  • Жұмсақ

  • Кім?

  • Бала

  • Қандай бала?

  • Кішкентай бала , ер бала.

  • Бала қандай ?

  • Ақылды, мейірімді, озат, тәртіпті .

  • Қандай? Қай деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы қалай аталады?




  • Ендеше біздің грамматикалық тақырымыз «Сын есім» деп аталады.

Сын есім дегеніміз не? (оқушылар жауап береді)
Интерактивті тақтада ережелер беріледі.

Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік)

Кімге? Неге ? деген сұрақтарға жауап беретін септік қалай аталады?

Барыс септігінің жалғаулары қандай ?

Мына сөздерге барыс септігінің жалғауларын жалғап көрейін.

Кітап-қа


Адам-ға

Балалар-ға

Сурет-ке

Алма-ға


Ана-ға


  1. «Мынау не?» дидактикалық ойыны ойналады.

Мазмұны: Мен оқушыларға көздерін жұмып отыруды тапсырамын. Оқушылар көздерін ашқанда лимонның суреті тұрады. Мысалы: оқушылар лимонның көлен, түсін, дәмін, иісін, оның адамға қандай пайдасы бар екенін айту. Оны басқа оқушылар толықтырады.


Сөздікпен жұмыс

Оқулықтағы сөздерді тақтадан бірнеше рет қайталап оқу.

Осы сөздерге сөз тіркесін құрастыру.

Енді тапсырмаға көңіл бөлейік.


Тапсырма.

1.Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру.

3.1-тапсырмада берілген мақалдардан сын есімі бар сөз тіркестерін теріп жазып, сөйлем құрастыру.

5.Диалогті жалғастырып, өзара сөйлесіңдер. Сын есімдерді анықтау.

Сергіту сәті: «Әлқисса»

Венн диаграмма

Топпен жұмыс.

Бірінші топ пайдалы тағамдарды тауып жапсырады.

Екінші топ зиянды тағамдарды тауып топ бойынша жапсырады.


Оқушылар бүгінгі сабақта өткен сөздіктен жұп бойыншы бір-бір сөз алып фонетикалық талдау жасау.

Сабақты бекіту.

Сұрақтар:

        1. Күнінде неше рет тамақтану керек? (4рет)

        2. Сын есім дегеніміз не?

        3. Қазақ тілінде неше септік бар?

        4. Барыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын атаңдар.

        5. Қазақ тілінде неше дыбыстары бар? (37 дыбыс)

        6. Сын есімге қатысты сөздер айту.

        7. Денсаулық туралы кім қандай өлең жолдарын білесіңдер?

        8. Біз неге дұрыс тамақтануымыз керек?

        9. Неліктен жемістер мен көкеністерді жуып жеу керек?

        10. Тісті күнінде неше рет тазалау керек?

Рефлексия:

  • Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?


Бағалау:
Оқушылар бағалау парағы арқылы бағаланады

Үйге тапсырма: Әр оқушы дұрыс тамақтанудың сызбасын сызып келу.

Денсаулық — байлықтан қымбат

Джон Рей

адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, л егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек



Әл-Фараби

Бас аман болса, бөрік табылады

Қорқыт

Жігіттің дені сау болса — сол дәулет

Құтып

Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді

Сайф Сараи

Тәннің ләззаты — саулығында,

Жанның ләззаты — білімінде

Фалес

Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі

Томас Карлейль

Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты

Артур Шопенгауэр

Дертке шалдыққанша, денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді

Томас Фуллер

Көп жасау — деннің саулығы, бақытты болу — адамның өз қолындағы ісі

А.М.Кирхенштейн

Денсаулық - зор байлық.

 

Жарлының байлығы - денінің саулығы.



 

Ауру атанды да шөктірер.

 

Ауру кірді - әлек кірді.



 

Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақиядан жұғады.

 

Батыр бір оқтық,



Бай бір жұттық.

 

Ағын судың арамдығы жоқ.



 

Бас ауырса жан қорқады.

 

Жұғын бар жерде - шыбын бар,



Шыбын бар жерде - шығын бар.

 

Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.



 

Жан ауырса - тән азады,

Қайғы басса - жан азады.

 

Өліспеген көріседі.



 

Сәтін салған ауруға,

Не болса, сол ем болады.

 

Өлімнен басқаның бәріне асық.



 

Қасқырдың ойлағаны арамдық,

Қойдың ойлағаны - амандық.

 

Мысықтың өлімі - тышқанға той.



 

Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.

 

Мың ұжмақтан - бір күн тірлік.



 

Ластың досы - шыбын.

 

Қасапшыға мал қайғы,



Қара ешкіге жан қайғы.

 

Бас аманда мал тәтті,



Бас ауырса мал тәтті.

 

Емнің алды - еңбек.



 

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

 

Тазалық - саулық негізі,



Саулық - байлық негізі.

 

Ауру желмен келіп, термен шығады.



 

Сырқат - тән жарасы,

Қайғы - жан жарасы.

 

Аман болса бұл басым,



Тағы шығар бұл шашым.

 

Азған денеге ауру үйір.



 

Қайғы қартайтады,

Қуаныш марқайтады.

 

Ұйқы - тынықтырады,



Жұмыс шынықтырады.

 

Басы аманның малы түгел.



 

Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.

 

Аурудың жақсысы жоқ,



Дәрінің тәттісі жоқ.

 

Арымақ, семірмек көңілден.



 

Демі бардың емі бар.

 

Тұмау аяғы құрт,



Тұман аяғы жұт.

 

Ауру аздырады,



Суық тоңдырады.

 

Ауру кісі күлкі сүймес,



Ауыр жүкті жылқы сүймес.

 

Ауру батпаңдап кіріп,



Мысқылдап шығады.

 

Ауру астан,



Дау қарындастан.

 

Дауды елемеген төлейді,



Ауруды елемеген өледі.

 

Айналдырған ауру алмай қоймас,



Бұлттанған күн жаумай қоймас.

 

Жасыңда салақ болсаң,



Бара-бара былық боласың.

 

Аурудың алдын ал.



 

Ауру қалса да, әдет қалмайды.

 

Ауру патшадан сау шаруа артық.



 

Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

 

Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.



 

Жаман ауруға – жақсы ас.

 

Ауру өле-өлгенше жаннан дәмелі,



Жалқау жан қинамай малдан дәмелі.

 

Ауруда - шаншу жаман,



Сөзде - қаңқу  жаман.


қ/с

Оқушының

аты-жөні

Үй тапсырманы орындауы

Жаңа сабақ


Қорытынды























































































































































Каталог: uploads -> doc -> 0f04
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f04 -> Сабақ жоспары №19 Жалпы орта білім беретін мектеп Тақырыбы: Көкеністерден тағамдар даярлау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет