Сабақ жоспары Пән аты: Қазақ әдебиеті. Тақырыбы: өткізген: Алпысхан Айнур 2015-2016 оқу жылы



Дата02.07.2018
өлшемі2,06 Mb.
түріСабақ
№9 орта мектебі

Максимовка ауылы



Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ әдебиеті.

Тақырыбы:

өткізген: Алпысхан Айнур

2015-2016 оқу жылы


Ақмола облысы Целиноград ауданы Максимовка ауылы №9 орта мектебі.

Алпысхан А.А: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі (орыс сыныбында)

Сынып. 6 «Б»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Ақынның өмірі туралы мағлұмат беру, әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан айырмашылығы мен ұқсастығын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Ертегіні талдай отырып, оқушылардың шығармашылық әдеби тілін дамыту, оқушының өз ойын жүйелі айта білуіне, шапшаңдыққа, сөздік қорының сапалылығы мен молдығына назар аудару.

3. Тәрбиелік: Толағайдай батыр, елі үшін еңбектенуге баулу.

Сабақтың түрі: Талдау сабағы.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Кубик әдісі, Әңгімелесу, іздену, пікірлесу, салыстыру, топтық жұмыс.

Көрнекілік: Оқулық, тақта, жазушы портреті, суреттер, кубик.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру. Түгендеу. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Ж аңа сабақ. Әбділда Тәжібаев

«Толағай» ертегісі

Әдеби ертегінің авторы Әбділда Тәжібаев.

Әбділда Тәжібаев – туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Атақты ақын нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. «Сыр елі – жыр елі» атанған Сырда туып өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.

Әбділда Тәжібаев «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер» аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.

1) Мұғалім:



-балалар, ертегі дегеніміз не? Ертегінің неше түрі бар? (Сызбамен көрсету). (Оқушылардың назарын тақтаға аудару).


ІІІ. «Толағай» ертегісін оқушының өздеріне жекелеп оқыттырамын.(Оқушылардың түсініктерін сұраймын).

ІV. «Кубизм» стратегиясы бойынша, оқушыларды топқа бөліп, бүгінгі сабақты қорытындылау.



  1. Толағайдың әке – шешесінің аты кім?



  1. Ертегі дастанға қандай оқиға арқау болған?

  2. Толағайды бұрын оқыған ертегілердегі кейіпкерлармен салыстырыңдар?

  3. Өлдім балам Толағайжан!

Деген дауыс шықты жаман.

Атып сонда тұрды бала,

Тырнақтарын арандатқан.

Ажданадай аузын ашқан,

Жолбарысты көрді бала.

Бұл өлеңнің мазмұнын ашып бер?



  1. Егер сенің жұртың немесе елің бір күйзеліске ұшыраса, сендер не істер едіңдер?

  2. «Толағай» батыр туралы өз ойларыңды жазыңдар.



ІҮ. Оқушыларды бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.

1. Ертегіні оқып, түсінгенін өз сөзімен айту.



2. Жоспар құру, бөлімге бөліп ат қою.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет