Сабақ жоспары. Пән аты: Жануарлар анатомиясы және физиологиясы



бет2/2
Дата21.07.2017
өлшемі375,49 Kb.
#21385
1   2
Дәм сезу мүшесі

Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілекейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40-50-дей жіңішке түтікшелер орналаскан. Тамақ заттары дәм сезу жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылысопақша миға, одан ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді

Дәм сезу рецепторы орналасады
→ тілдің ұшында
→ артқы бөлігінде
→ жиегінде
→ жұмсақ таңдайда
жұтқыншақтың артқы жағында



  1. Сипап сезу мүшесі

Сипап сезу – бұл тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды. Олар: саусақ, тері ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралаған жүйке ұштары болып табылады.

Еңбек іс-әрекетінің дағдысы саусақ ұштарының сезімталдығымен байланысты. Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы жұлын мен мидағы бұлшықет сезімі аймағына бағытталады.


Сипап сезу – тері анықтайды
қаттылығын
→ жұмсақтығын
→ тегістігін
жылылығын
→ суықтығын




ІҮ. Жаңа материалды бекіту (15мин)



  1. Куббизм” ойыны (жеке жұмыс ). Кубиктің алты жағында бес түрлі сезім мүшелерінің суреті бейнеленген, оқушы кубикті тастау арқылы түскен беттегі сурет жайлы өз түсінігін айту керек.

  2. Тест сұрақтары.


Ү. Сабақты қорытындылау және бағалау:(5 мин) Оқушыларды үй тапсырмасының қорытындысы бойынша және жаңа сабаққа қатысу белсенділігін бағалау.Түсінбеген сұрақтарына жауап беру.
YI.Үй тапсырмасы: (2-3 мин) Сезім мүшелері тақырыбына (сөзжұмбақ құрастыру).
Қолданатын әдебиеттер: 1. К.Жаңабеков, Г.К.Жаңабекова «Жануарлар анатомиясы және физиологиясы». Алматы: «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005ж. 570-586 б.

Бөлім меңгерушісі:____________ Алиханов Ж.
Оқытушы:_____________Байтханова А.


Каталог: uploadfiles
uploadfiles -> Жумагалиева Бану Алмасбековна Информатика пәні бойынша 8 класқа арналған «Циклдік алгоритмді программалау» тақырыбына сабақ
uploadfiles -> Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг жоспары: Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы». Мақсаты
uploadfiles -> Сабақтың тақырыбы: Демократия
uploadfiles -> Сабақтың тақырыбы : "Орыс жері монғол-татар шапқыншылығы қарсаңында"
uploadfiles -> Сценарий внекласного мероприятия «Әдебиет қолбасшысы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет