Сабақ жоспары: Пән: Технология. Сынып: 5 «А» Күні: Уақыты



Дата19.02.2017
өлшемі110,16 Kb.
#10960
түріСабақ


Тақырыбы: Төрт бұрышты құрақ құрау.

Пән: Технология

Сынып: 5«А»

Сабақ жоспары:

Пән: Технология.

Сынып: 5 «А»

Күні:

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмысы.

Төрт бұрышты құрақ құрау.



Сабақтың мақсаты: Құрақ құрау жолын үйрету.

а) Білімділік: құрақ құрау өнерінің шеберлігімен, ұлттық өнермен таныстыру.

ә) Дамытушылық: құрақ өнерін жетілдіруді, дамытуды үйрету.

б) Тәрбиелік: құрақ құрау өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, кез-келген затты қиюластыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас білім мен іскерлікті игеру және дамыта оқыту.

Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс, сұрақ - жауап, жүйелеу, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Сызу, геометрия, сурет.

Көрнекіліктер: Технологиялық карта, Матадан тігілген құрақтар, үлгілер және т.б.

Керекті құрал-жабдықтар: Маталар,түрлі-түсті қағаздар, ине, жіп, қайшы, сызғыш, бор, дәптер, қалам т.б.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардың сөзжұмбақтарын және ребустарын тексеру.


Өткенді қайталау:

1.Құрақ дегеніміз не? Олардың мағынасын түсіндіру. Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағнасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десе, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді немесе мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдардың бірі.


2. Құрақтың қандай түрлерін білеміз? Мүйіз құрақ, қиғаш құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, мада құрақ, жұлдызша құрағы, төртбұрыш және т.б.
3. Өнерлі болып , шеберлікке жету үшін не қажет? Үлкен ізденіс, тынымсыз еңбек, таудай талап қажет. Зергерлік, дарындылық, білімділік, іскерлік, табандылық осы қасиеттер ұштасқанда, өнер атаулының шыңына шығуға болады.
4. Құрақ жасау үшін керекті құралдар? Құрақтың үлгілері, ине, жіп, қайшы, әр түрлі маталар, бор, сызғыш, және т.б.
5. Құрақтан қандай бұйымдар жасалады? Әртүрлі бұйымдар жасауға болады.

ІІІ. Сабақты түсіндіру:

Қазақ халықының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріліп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисын», «Шебердің қолы ортақ» деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскелік пен шыдамдылық керек.

Қолөнерінің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнері.

Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз. Ал жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады. Құрақтың түрлерін көрсету.



ІҮ. Сарамандық жұмысы:
Жұмыс бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерді еске түсіреміз.

Инемен, қайшымен, тігін машинасымен жұмыс кезінде: «Талаппен бастап, талғамен аяқтап» -дей келе десек, теориялық негізінде алған білімдерімен сарамандық жұмыс жасауға кіріседі.

Құрақтың келесі түрі -шаршы құрағы деп аталады. Бұл түрі шаршы квадрат етіп құралады. Геометриялық фигуралардан төртбұрыш, етіп қиып қарастырамыз. Бүгінгі үйренетініміз- төртбұрышты құрақ құрау.
1. Алдымен 5 қызыл түсті төртбұрыш 5рет қиямыз.

2. Көк түстен 4 шаршы қиып, құрастырамыз.



Алдымен үлгіні ақ қағаз бетіне түрлі –түсті қазаз бен қиып жапсырып дайындап аламыз. Дайындаған соң ортағ шығып қорғаймыз.

Ү. Сабақты бекіту:





















































1

Қ


 

 

 

 
















2

 

Ұ


 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

Р


 

 

 



















4

 

А


 

 

 

 



















5

Қ


 

 

 

 

 

 










































































Сұрақтар:

1. Мата қалдықтарынан жасалатын үй бүйымдарының бір түрі? (Құрақ).

2. Құрақтың бір түрі? (Жұлдызша).

3. Қас шеберлікке жету үшін не қажет? (Іскерлік).

4. Ел ішіне Таралған құрақтың бір түрі? (Шахмат).

5.Бұйымды жасау үшін геометриялық пішіндерді қандай қағазға орналастырамыз? (қатырма).









































 

 

 

 

 

 Қ































 

 Ұ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Р

 

 

 

























 А

 

 

 

 













 

 

 

 у























































Сұрақтар:

1. Тұрмастық бұйымдарының бірі? (Жастық).

2. Шеберлер құрақты қайда көрік беретін бұйым деп санаған? (Тұрмысқа).

3. Қазақ халықының қолөнері қандай әдіспен дараланып тұрады?(Дәстұрлі).

4. Құрақтың бір түрін қалай атайды? (Майда).

5. Құрақтың екі жүз түрі бар, соның бір түрі? ( Аққу).



ҮІ. Үйге тапсырма.

1. Реферат. Тақырыбы: Құрақ туралы түсінік.



2. Нұсқау картасын жасап келу.

ҮІІ. Рефлексия.

Не үйрендім? Не білдім? Не білгім келеді?
Каталог: uploads -> doc -> 05e5
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05e5 -> Тәрбиеші: Білім беру саласы:Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту Тақырыбы
05e5 -> Сабақтың тақырыбы: Отбасы. Сенің отбасың Сабақтың мақсаттары : Білімділік
05e5 -> Сабақ мақсаты: Жа ң а талап қ а сай, жа ң а а қ паратты қ


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет