Сабақ жоспары Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы



Дата08.07.2017
өлшемі36,83 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 9 «Ә»

Тақырыбы: Жыраулар поэзиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сабақ барысында өткен тақырыптар бойынша оқыған шығармалары мен мәліметтерін бекіту, жаңа сабақты өткізіп, оқушыларды ақылгөй жыраулардың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, олардың шығармаларын оқытып, талдау.

Дамытушылық: оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып, олардың ойларын ұштау, пікірталасқа тартып, олардың ой еркіндігін дамыту,жеке сұрақтар қою арқылы білімдерін бекіту және кеңейту.

Тәрбиелік: сабақ барысында берілген тақырып бойынша балалардың дүниетанымын кеңейту, жаңа көзқарас қалыптастыру, жыраулардың шығармаларын жетекшілікке ала отырып, әрбір баланың патриоттық сезімін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: Жыраулардың портреттері.

Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу, оқушылардың қал-жағдайын сұрау;

ә) оқушыларды түгендеп шығу;

б) кабинет тазалығын тексеру.



Үй тапсырмасын сұрау:

Қорқыт ата кітабы.



Қосымша сұрақтар:

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті дәуіріне қатысты мұраларды зерттеген ғалымдарды ата. (М.Жолдасбеков, Х.Сүйіншәлиев, А.Қыраубаева, Н.Келімбетов).

  2. «Жүсіп-Зылиха» дастанының авторы кім? (Хорезми).

  3. Ғалымдардың ойынша, «Қорқыт» атының мағынасы қандай? ( Ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шығуы ықтимал, ол «құт әкелуші кісі» деген).

Хронологиялық кесте:

Шығарманың атауы

Қай ғасырға жатады

Сақталып жатқан жері

Күлтегін жыры

XVIII-IX ғғ.

Астана қаласы, ЕҰУ

Қорқыт ата кітабы

VIII ғ.

Дрезден, Германия, Италия (Ватикан)

Оғызнама

ІХ ғ.

Париж кітапханасы

Диуани хикмет

ХІІ ғ.

Түркістан

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жыраулар поэзиясы – қазақ мәдениетіне ғана тән бірегей тарихи-мәдени құбылыс. Бірегей құбылыс болатын себебі – дүние жұртының арғы-бергі тарихында қазақ жыраулары мен олардың жыр-толғауларына дәлме-дәл сәйкес келетін әдеби шығармашылық иелері де, шығармалар да кезікпейді. Ал жыраулар поэзиясының өзімен дәуірлес өзге елдер әдебиетіндегі үлгілерден бөлек арна түзе, өзіне ғана тән мазмұнмен және өзіне ғана тән пішінмен тарих сахнасына шығуының сыры оның қазақ топырағында тарихи оқиғ алармен, тарихи жағдайлармен орайласа тууында жатыр. Жыраулар поэзиясының ХV-ХVIII ғасырларда қанат жая дамуының ең негізгі себебі – жыраулардың дербес елде өмір сүріп, өз елінің тағдырына, болашағына қатысты ойларын ашық айтуға мүмкіндік алуында жатыр. Осы тұрғыдан келгенде, жырауларды өз елінің арман-аңсарын, мақсат-мұратын жырлаған, халқының өмір салтын, тірлік-тынысын боямасыз бейнелеген еркін ойлы шығармашылық иелері ретінде тану абзал.Әлбетте, қазақ жыраулары тарихи-мәдени құбылыс ретінде бір ғана жыл аясында пайда бола қалмағаны анық. Жыраулар поэзиясының кемелдене өркендеу дәуірі ХV-ХVIII ғасырларға тән болғанымен, оның алғашқы бастаулары ХV ғ асырға дейінгі жылдарда жатқаны және жаңа тұрпатты поэзияның ізашар өкілдері есімдері бүгінгі ұрпаққа аңыз болып жеткен шешендер мен алғашқы жыраулар болғаны шүбәсіз. Аңызбен астасып кеткен тұлғ алар арасынан өмірде болғандығы күмән келтірмейтін жырау – Сыпыра Сұрғалтайұлы. Себебі халыққа кеңінен таралған эпостық жырларда, сондай-ақ кейінгі жыраулардың жыр-толғауларында Сыпыра жыраудың есімі аталып қана қоймай, оның өзі өмірде болған адам ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, оның бүгінге дейін жеткен жыр-толғ аулары да Сыпыра жыраудың тарихи тұлға екенін дәйектей түседі.

Осы жағдайларға қарасақ, жыраулар поэзиясының өзіндік үрдіс-үлгісі ХV ғ асырдан бұрын, яғни Сыпыра Сұрғалтайұлымен қатар жасаған жыраулардың шығармаларында қалыптаса бастағанына ден қоюға болады. Егер жыраулар поэзиясының Қазақ хандығы тарих сахнасына шықпай тұрып пайда бола бастағанына ден қойсақ, онда қазақ халқының ұлт ретінде ұйыса бастауын да ХV ғ асырға дейінгі кезеңнен іздеу орайлы болмақ. өйткені қандай да бір ұлттың жеке ұлт екендігін айғақтайтын факторлардың бірі сол ұлттың өзіне ғана тән тілі, мәдениеті екендігі белгілі. Ал жыраулар поэзиясының Қазақ хандығына дейін де көрініс беруі Әбілқайыр ханның билігі аясында тірлік етіп жатқан сан түрлі жұрт арасынан белгілі бір рулар мен тайпалардың өмір салты, мақсат-мұраты тұрғысынан бір арнада тоғыса бастағанын танытады.



Үйге тапсырма беру:

Жыраулар поэзиясының өкілдері жайлы оқып, танысып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 119c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
119c -> Сабақтың тақырыбы: «Асыл-анашым!»
119c -> Мектеп: «М. Төлебаев атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
119c -> Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілі үйірмесінде»


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет