Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы



Дата18.02.2017
өлшемі63,19 Kb.
#10404
түріСабақ
14 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Жарықтың электромагниттік табиғаты және кванттық теориясы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы, жарықтың түзу сызықпен таралуы туралы түсінік беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу, оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу;
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі:

Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-20 минут:

1. Есеп . А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» 980, 981 есептер.
3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

1) Жарық.

2) Жарықтың корпускулалық теориясы.

3) Жарықтың толқындық теориясы.

4) Жарық жылдамдығы.
5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.

Жарық нені білдіреді?

Жарық –заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны.

Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды.

Вакуумде: с=300 000 км/с, Ауада: с= 299 711 км/с, Суда: с=225 000 км/с, Шыныда: с= 200 000 км/с

Вакуумдегі жарық жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық.

Жарық көздері – жарық шығаратын денелер.


6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Бекіту сұрақтары:

  1. Жарық дегеніміз не?

  2. Жарықтың корпускулалық теориясының негізін салған кім?

  3. Жарықтың толқындық теориясының негізін салған кім?

  4. Жарық жылдамдығын ең алған өлшеген қай ғалым?

  5. Ваккумдегі жарық жылдамдығы қаншаға тең?


7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:
Эссе «Жасанды және табиғи жарық көздері»
10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________


Жарықтың электромагниттік табиғаты және кванттық теориясы
Жарық көзінен, мысалы, шамнан жарық барлық жаққа тарайды да, айналадағы нәрселерге түседі, атап айтқанда оларды қыздырады. Жарық көзге түскенде көру әсерін тудырады – біз көреміз. Жарық таралғанда бір денеден екінші денеге әсер беріледі.

Жалпы бір дене екінші денеге әр түрлі тәсілмен әсер етеді: не жарық көзінен жарық қабылдағышқа зат тасымалы арқылы, немесе зат тасымалынсыз, денелер арасындағы ортаның күйі өзгеруі арқылы.


Жарық табиғатына деген адамдардың көзқарасы ерте заманнан ақ қалыптаса бастаған. Осыдан екi жарым мың жыл бұрын Пифагор «әрбiр зат өзiнен аса ұсақ бөлшектер шығарады, ол бөлшектер адам көзiне жетiп, адам заттарды көредi» деп түсiндiрген. Көптеген ғасырлар бойы үстемдiк құрған осы пiкiрдi И.Ньютон одан әрi дамытты. Ол жарық бөлшектерiн корпускулалар деп атап, бұл бөлшектер инерция заңын қанағаттандырады деп есептедi. Бұлай деу тәжiрибеден байқалатын жарықтың түзу сызық бойымен таралу, шағылу заңдарын түсiндiруге мүмкiндiк беретiн. Одан әрi жарық жөнiнде жаңа тәжiрибелiк деректердiң жинақталу барысында интерференция және дифракция тәрiздi құбылыстар ашылды. Бұл құбылыстарды жарықтың корпускулалық қасиетi арқылы түсiндiру мүмкiн емес едi. Осымен байланысты ХIХ ғасырдың басында Х.Гюйгенс, Ю.Юнг және О.Френель тәрiздi ғалымдардың еңбектерiнде жарықтың толқындық теориясы ұсынылып, қалыптасты.


Гюйгенстің ойлауынша жарық дегеніміз – бүкіл кеңістікті толтырып, барлық денелердің ішіне өтетін, ерекше гипотетикалық ортада – эфирде таралатын толқындар.

Бұл екі теория да қатарынан ұзақ өмір сүрді және ол ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін жарықтың беттерді орап өтуі және жарық шоқтары бір –бірімен беттескенде жарықталудың күшеюі не бәсеңдеуі ашылғанға дейін созылды. Бұл құбылыстар тек толқындық қозғалысқа ғана тән. Оларды корпускулалық теориямен түсіндіруге болмайды. Сондықтан толқындық теория толық жеңіп шыққандай болды. Мұндай сенім, әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысында, Максвелл жарық дегеніміз – электромагниттік толқындардың дербес жағдайы екенін көрсетіп берген соң, күшейе түсті.

Максвелл еңбектерімен жарықтың электромагниттік теориясының негізі салынды.



Алайда ХХ ғасырдың бас кезінде жарық табиғаты жөніндегі түсінік мүлде өзгере бастады. Жоққа шығарылған корпускулалық теорияның, ойда жоқта, шындыққа қатысы бар екендігі анықталыды. Жарық шығарылғанда және жұтылғанда бөлшектер ағыны сияқты сипатқа ие болады екен. Жарықтың кванттық деп аталатын қасиеттері байқалып анықталды.

Жарықтың табиғатын түсiнуде оның жылдамдығының шектi екендiгiн анықтаудың маңызы зор болды. Жарық жылдамдығын алғаш рет ХVII ғасырдың аяғында О.Ремер өлшеді. Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет