Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы



бет1/2
Дата18.03.2017
өлшемі255 Kb.
#11724
түріСабақ
  1   2
22 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Салыстырмалылық теориясының элементтері, принциптері, постулаттары.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларды салыстырмалылық теориясының элементтері, принциптері, постулаттарымен таныстыру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі:

Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

  1. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1070, 1071-есептер.



3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Салыстырмалылық теориясының постулаттары.

  • Ұзындықтың релятивистік қысқаруы.

  • Уақыттың баяулауының релятивистік эффектісі.

  • Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы.


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Арнайы салыстырмалылық теориясының негізін осы заманғы физиканы жасаушылардың бірі – А.Эйнштейн қалады. Бұл кеңістік пен уақыт жөніндегі осы заманғы физикалық теория. Ньютон механикасы сияқты бұл да уақытты біртекті деп қарастырады. Арнайы салыстырмалылық теориясын релятивистік теория деп атайды.

Арнайы салыстырмалылық теориясының негізін 1905 ж. Эйнштейн тұжырымдаған екі постулат құрайды.

Бірінші постулат - салыстырмалылық принципі: барлық физикалық құбылыстар (механикалық, электромагниттік және т.б.) бірдей жағдайларда кез келген инерциялық санақ жүйелерінде бірдей өтеді.

Екінші постулат - жарын жылдамдығының тұрақтылық принципі: жарықтың ваккумдегі жылдамдығы барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей және жарық көзінің қозғалыс жылдамдығына тәуелсіз болады.

Салыстырмалылық теориясы классикалық түсініктің орнына кез келген кеңістік пен уақыт туралы жаңа ілім болып табылады. Салыстырмалылық теориясына сәйкес оқиғалардың бір мезгілділігі, ара қашықтықтар мен уакыт аралықтары абсолютті емес, салыстырмалы болып табылады. Олар санақ жүйесіне тәуелді болады.

6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Бекіту сұрақтары:


  1. Кеңістіктің әр түрлі нүктесінде өтетін оқиғаларының бір мезеттілігінің салыстырмалылығының себебі неде?

  2. Ұзындықтың қысқаруының мәні неде?

  3. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы қандай?

  4. Арнайы салыстырмалылық теориясының постулаттарын тұжырымда.

  5. Ваккумдегі жарық жылдамдығының мәні неге тең?


2. Есептер шығарту: Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1076, 1077, 1075 есептер.
7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

  1. Интерференция құбылысын бақылап, дәптерге жазу.

  2. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1079,1078-есептер.


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Салыстырмалылық теориясының элементтері, принциптері және постулаттары.
Арнайы салыстырмалылық теориясының негізін осы заманғы физиканы жасаушылардың бірі – А.Эйнштейн қалады. Бұл кеңістік пен уақыт жөніндегі осы заманғы физикалық теория. Ньютон механикасы сияқты бұл да уақытты біртекті деп қарастырады. Арнайы салыстырмалылық теориясын релятивистік теория деп атайды.

Арнайы салыстырмалылық теориясының негізін 1905 ж. Эйнштейн тұжырымдаған екі постулат құрайды.



Бірінші постулат - салыстырмалылық принципі: барлық физикалық құбылыстар (механикалық, электромагниттік және т.б.) бірдей жағдайларда кез келген инерциялық санақ жүйелерінде бірдей өтеді.

Екінші постулат - жарық жылдамдығының тұрақтылық принципі: жарықтың ваккумдегі жылдамдығы барлық инерциялық санақ жүйелерінде бірдей және жарық көзінің қозғалыс жылдамдығына тәуелсіз болады.

Эйнштейннің ерекшелігі сол, ол қарапайым және сенімді физикалық талдау пікірлер арқылы кеңістік пен уақыттың қасиетінің өзгермелілігін, ол қасиеттердің материалдық объектілердің қозғалалысына байланыстылығы жөнінде қорытынды жасады.



Арнаулы салыстырмалылық теориясы классикалық түсініктің орнына кез келген кеңістік пен уақыт туралы жаңа ілім болып табылады. Салыстырмалылық теориясына сәйкес оқиғалардың бір мезгілділігі, ара қашықтықтар мен уакыт аралықтары абсолютті емес, салыстырмалы болып табылады. Олар санақ жүйесіне тәуелді болады. Мысалы, К санақ жүйесіндегі дененің ұзындығы 10 болсын, дене сол жүйеге қатысты тыныштықта тұр. Сонда K` санақ жүйесіне қатысты дене υ жылдамдықпен қозғалған кездегі дененің 1 ұзындығы былайша анықталады:

Осы формуладан 1<10 екенін көреміз. Бұл жерден бiлеуше ұзындығының қозғалыс жылдамдығынан тәуелдi екенi көрiнiп тұр. Дененiң өзiндiк ұзындығы оның ең үлкен ұзындығы. Дене қозғалған кезде оның ұзындығы кемидi. Қозғалыстағы санақ жүйелеріндегі денелердің релятивистік қысқаруы осы.






Инерциялық К жүйесінің бір ғана нүктесінде өтетін екі оқиғаның арасындағы уақыт интервалы τ0 болсын. К жүйесіне қатысты жылдамдықпен қозғалатын К санақ жүйесіндегі осы оқиғалар арасындағы уақыт аралығы τ былай өрнектеледі.

Бұдан τ > τ0 екендігін көреміз. Бұл жерден көрiнiп тұрғанындай инерциалды санақ жүйесiне қатысты қозғалып бара жатқан сағаттың жүрiсi, яғни уақыттың өтуi баяулайды. Бұл қозғалушы санақ жүйесіндегі уақыттың баяулауының релятивистік эффектісі болып табылады.



Дене К санақ жүйесіндегі (х1 осі бойымен) қозғалады. Ал К болса К санақ жүйесімен салыстырғанда υ жылдамдықпен қозғалады. Дененің К -мен салыстырғандағы жылдамдығын υ1, ал сол дененің К-пен салыстырғандағы жылдамдығын υ2, деп белгілейік. Сонда, кеңістік пен уақыт туралы жаңа релятивистік ұғым, жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы бойынша: болады.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет