Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика



бет1/2
Дата23.05.2018
өлшемі210,88 Kb.
түріСабақ
  1   2
29 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Ýëåêòðîìàãíèòòiê èíäóêöèÿ. Ëåíö åðåæåñi. Өздік индукция. Индуктивтілік. Магнит өрісінің энергиясы.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға электромагниттік индукция құбылысы туралы түсінік беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық кітапша, оқулық.

Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:

Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы: медбиофизика, физиотерапия

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

1. А.П.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы», 843, 845 – есептер.

2. «Магниттік сфера және оның күн желімен байланысы» Конспект жазу.

// «Астрофизика» М.Дагаев, В.Чаругин. 70-71 беттер //


3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Ýëåêòðîìàãíèòòiê èíäóêöèÿ.

  • Фарадей тәжірибелері.

  • Электромагниттік индукция заңы.

  • Ëåíö åðåæåñi.

  • Өздік индукция.

  • Индуктивтілік.

  • Өздік индукцияның электр қозғаушы күші.

  • Магнит өрісінің энергиясы.

  • Магнит өрісінің материялығы.

  • Жартылай өткізгіш құралдардың қолданылуы.


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Эрстед ашқан өткізгіштегі токтың магниттік қасиеттерінен кейін 12 жыл өткен соң М.Фарадей арманына жетіп, ғылыми әлемді дүрліктіріп қана қойма, адамзат қоғамының бұдан әрі дамуының өзегіне айналған электромагниттік индукция құбылысын ашты. К.Максвелл Фарадейдің ашқан жаңалығын математикалық теңдеулерге айналдырып, электромагниттік өріс теориясын жасады, ал оған іле-шала дерлік неміс ғалымы Г.Герц Максвеллдің электромагниттік толқындар жөніндегі гипотезасын тәжірибе жүзінде дәлелдеп, электромагниттік толқындарды алды.

Магнит контурға қатысты қозғалғанда өткізгіште индукция тогының пайда болатынын тұңғыш рет Фарадей байқады. Бұл 1831 жылы еді. Фрардей осы жылы индукциялық токтың өзін тудыратын себепке тәуелділігн тағайындады.


6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 912, 913, 914, 915, 916, 917, 918, 919 -åñåïòåð.




Фронтальды сұрау :

1.Электромагниттік индукция заңы ток күші емес, тек ЭҚК-і үшін тұжырымдалатыны неліктен?

2. Ток тудыруы үшін ток көзі неліктен энергия жұмсауы тиіс?

3. Айнымалы электр және магнит өрістерінің тұрақты электр және магнит өрістерінен айырмашылығы неде?

3. Тест (тест сұрақтары қоса тіркелді)


7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3












2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

1. А.П.Рымкевия «Физика есептерінің жинағы», 921, 922, 923, 924, 927, 928, 929 – есептер.

2. «Күн активтілігі» Конспект жазу. // «Астрофизика» М.Дагаев, В.Чаругин 44-бет //
10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г

11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Электромагниттік индукция. Ленц ережесі.
Эрстед ашқан өткізгіштегі токтың магниттік қасиеттерінен кейін 12 жыл өткен соң М.Фарадей арманына жетіп, ғылыми әлемді дүрліктіріп қана қойма, адамзат қоғамының бұдан әрі дамуының өзегіне айналған электромагниттік индукция құбылысын ашты. К.Максвелл Фарадейдің ашқан жаңалығын математикалық теңдеулерге айналдырып, электромагниттік өріс теориясын жасады, ал оған іле-шала дерлік неміс ғалымы Г.Герц Максвеллдің электромагниттік толқындар жөніндегі гипотезасын тәжірибе жүзінде дәлелдеп, электромагниттік толқындарды алды.

Магнит контурға қатысты қозғалғанда өткізгіште индукция тогының пайда болатынын тұңғыш рет Фарадей байқады. Бұл 1831 жылы еді. Фрардей осы жылы индукциялық токтың өзін тудыратын себепке тәуелділігн тағайындады.



  1. Контурда оны тесіп өтетін магнит өрісі индукция векторының ағыны уақыт бойынша өзгеретін кезде ғана индукцияның ЭҚК-і пайда болады, яғни Ф0.

  2. Индукциялық токтың шамасы контурды тесіп өтетін магнит ағынының өзгеріс жылдамдығына, яғни шамасына тәуелді.

  3. Өткізгіш магнит өрісінің күш сызықтарын қиып өткенде контурда индукциялық ток пайда болады.

Өз тәжірибелерін жалпылай отырып, Фарадей мынадай қорытындыға келді: Контурда пайда болатын индукцияның ЭҚК-і контурды тесіп өтетін магнит ағынының өзгерісіне тура пропорционал, яғни

Формуладағы минус таңбасы Ленц ережесіне сәйкес анықталады. Ол ереже бойынша тұйық контурдағы индукциялық ток әрқашан осы токты туғызатын өрістің өзгерісін азайтуға бағытталады.

Магнит өрісінде қозғалып жүрген өткізгіште пайда болатын индукцияның ЭҚК-і

формуласымен анықталады.


Тәжірибелер ЭҚК-і физикалық табиғаты әр түрлі сыртқы күштердің ықпалынан пайда болатынын көрсетеді. Қозғалыссыз контурдағы ЭҚК-ін осы контурмен шектелген бет арқылы өтетін магнит ағынының өзгерісі кезінде пайда болатын құйынды электр өрісі туғызады. Магнит ағынының өзгерісін өрісті туғызатын магниттің қозғалысы арқылы да, сол сияқты магнит өрісін өзгерту жолымен де алуға болады. Бірінші мүмкіндік, өндірістік генераторларда жүзеге асырылады. Генераторлардың айналмалы электромагниті қозғалыссыз статор орамдарында ток туғызады. Екінші мүмкіндік, трансформаторларда жүзеге асырылады. Трансформаторлардың бірінші орамындағы токтың өзгерісі магнит ағынының өзгерісін туғызады, яғни құйынды электр өрісі пайда болады.

Индукцияның ЭҚК-і туғызатын айналмалы магнит ағыны контурдың өзіндегі токтың ықпалымен пайда болса, онда бұл құбылысты өздік индукция деп атайды. Ленц ережесіне сәйкес өздік индукция құбылысы контурдағы токтың өзгеруіне кедергі жасайды. Сондықтан құрамында тұрақты ток көзі бар тізбекті қосқанда ток өзінің қалыптасқан мәніне бірден жете алмайды, ал тізбекті айырғанда ток бірден жойылмайды.

Өздік индукцияның ЭҚК-інің қандай шамаларға байланысты екендігін қарастырайық. Контурда ток туғызатын магнит өрісі І ток күшіне пропорционал. Сондықтан осы контур арқылы өтетін Ф магнит ағыны да токқа пропорционал болады: Ф=LI.

L пропорционалдық коэффициентін контурдың индуктивтілігі деп атайды. Халықаралық бірліктер жүйесінде индуктивтіліктің өлшем бірлігіне Генри (Гн) алынады. Жоғарыда алынған магнит ағынының өрнегін қолдана отырып, өздік индукцияның ЭҚК-і үшін мына қатынасты аламыз:

Контурдың өлшемдері мен пішіндері өзгермесе, өздік индукцияның ЭҚК-і контурдағы токтың өзгеру жылдамдығына пропорционал болады.



Магнит өрісінің энергиясы төмендегі формула арқылы анықталады:


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет