Сабақ жоспары Сабақ №1 Сабақтың тақырыбы: Бірінші дүние жүзілік соғыс



Дата16.02.2020
өлшемі19,54 Kb.
#58152
түріСабақ
Байланысты:
1 бірінші д.ж соғыс
1 бірінші д.ж соғыс, 1 бірінші д.ж соғыс
«Бекітемін»

директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары

...…………У Изтлеуова.



Тобы: Күні:









































Пән: Дүние жүзі тарихы
Сабақ жоспары

Сабақ № 1


Сабақтың тақырыбы: Бірінші дүние жүзілік соғыс. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы .

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларға соғыстың басталу себептерін,сипатын, әскери соғыс қимылдарының жүргізілу стратегиясы мен тактикасын түсіндіріп кету, соғыстың адамзат үшін аса қауіптілігінің нақты картинасын беру. Соғыста шешуші рөл атқаратын әскери-соғыс техникасы туралы, екі жақ күштің арасалмағы жөніндегі берілген нақты дәлелдер, фактілер, көрсеткіштер арқылы білім негізін қалыптастыру. 
Дамытушылық: Қосымша құжат, деректер және әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту. 
Тәрбиелік: ХХ ғ.бас. дүние жүзінде болған тарихи оқиғаларды түсіне білуге, талдау жасау арқылы өзіндік ойлауға, сын көзбен қарап үйренуге тәрбиелеу. 


Сабақтың түрі: Түсіндіру

Сабақтың көрнекіліктері: Карта, суреттер, слайдттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың санын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ:

Соғыстың басталуына сылтау да табылды. 1914 жылы 28 маусым күні Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево қаласында Австро-Венгрия тағының мұрагері Франц Фердинанд пен оның зайыбы қастандықпен өлтірілді.( қастандық жасаған сербиялық студент Гаврило Принцип ) Бұл оқиға Австро-Венгрия мен Сербияның қарым-қатынасын шиеленістіріп, кезекті Балқан дағдарысына апарды. 
1914жылы 23 шілде күні Автро-Венгрия (Германияның соғысқа итермелеуімен) Сербияға ультиматум жолдап, 28 шілдеде оған соғыс жариялады. Сербия Ресейден көмек сұрады. Ресей дереу жұмылдыру жұмысын бастады. Соған жауап ретінде 1914жылы 1 тамызда Германия Ресейге, 3 тамызда Францияға соғыс жариялады.

4 тамызда Англия үкіметі Германияға қарсы соғыс жариялады. 
Соғыс дүние жүзілік сипат алды. Үштік Одақ жағында 4 мемлекет, ал Антанта жағында 34 ел соғысты. Сонда 38 ел қатысты. 4 жыл 3 ай 10күнге созылды. Соғыста 10 млн адам қаза тауып, 20 млн адам жараланған.
Алғашқы күннен-ақ Европада 2 майдан құрылды: -Батыс майдан – Бельгия мен Францияға қарсы  Шығыс майдан – Ресейге қарсы. Ресейде де 2 майдан құрылды: -солтүстік-батыс майдан – Шығыс Пруссиядан Буг өзеніне дейін 
-оңтүстік-батыс майдан – орыс-австро шекарасынан Прут өзеніне дейін. 

1914- ж соғыс қимылдары. Соғысты бастаған Германия ең алдымен Францияны жаулап, содан кейін Ресейге шабуыл жасауды көздеді. Бұл «Шлиффен жоспары» деп аталады. Оны Басштабтың басшысы генерал фон Шлиффен жасаған. Ол жоспар бойынша Бельгия арқылы Францияға соққы беру көзделді. Яғни Бельгия Францияны жаулап алудағы плацдарм ретінде көрді. (Плацдарм – француз тілінен аударғанда соғыс бастауға қолайлы аудан деген сөз.) Жоспар 3 тамызда іске асырылуға тиіс еді. Бірақ Бельгияның қарсылық көрсетуі ұзаққа созылды. Бұл Францияны басып алуды кештетті. Франция да қатты қарсылық көрсетті. Бір ай шайқастан кейін ғана Парижге енді. Бұл батыс майдандағы соғыс қимылдары еді.
 Осы уақытта Ресей Шығыс Пруссия операциясын бастады.Оны Гумбинян деген адам басқарды. Енді германия Шығыс пруссиядан айырылып қалмас үшін көпшілік әскерді күшті шығыс майданға ауыстырды. Орыс әскерін қуып шықты. 

1914-15жж Германия екі бағытта шабуылдап, әлсіреп қалды. 


1914ж ең ірі шайқас Марна өзеніндегі шайқас. Ол Германия мен Франция арасында қыркүйек айында болды. Нәтижесінде неміс әскері сәтсіздікке ұшырады. Бұдан кейін екі жақ та қорғанысқа көшті. 1914жылғы шайқаста Антанта одағының артықшылығы байқалды. Үштік Одақ жағына Осман империясы тартылып, 1914жылы 29 қазанда Ресей, Англия, Францияға қарсы соғыс ашты. Англия флотының басымдығы арқасында Африка емн Мұхит аралдарындағы Герман отарлары басып алынды. 

1914ж 23 тамызда Жапония Германияға соғыс жариялады. 
IV. Сабақты пысықтау:

1.  І д/ж соғыстың болған уақыты:
2. 1916жылғы ақпан айындағы Германия мен Францияның арасындағы қанды 
шайқас: 
3. Соғысты бастаған Германия ең алдымен қай мемлекетті басып алғысы келді?

4. Нешінші жылы Италия Антанта жағына өтіп кетті?

V. Оқушыларды бағалау.Білімдерін журнал бойынша бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру: Оқулық 5-9 беттер

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет